Іс-әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайлар 32-бап. Қажеттi қорғаныс


-бап. Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату



бет11/40
Дата16.05.2022
өлшемі44,45 Kb.
#143529
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   40
Байланысты:
СРС УП

68-бап. Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату


1. Қылмыстық теріс қылық немесе қазаға ұшыратумен байланысты емес онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтiрiлген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады.
2. Қазаға ұшыратумен немесе адамның денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауыр қылмысты алғаш рет жасаған кәмелетке толмағандар, жүкті әйелдер, жас балалары бар әйелдер, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектер, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдер, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектер, егер олар жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтiрiлген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Қылмыстық жауаптылықтан босату кезінде кәмелетке толмаған адамға тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары қолданылады.
3. Қылмыстық құқық бұзушылықпен қоғамның және мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтірілген жағдайларда, осы баптың бірінші немесе екінші бөлігінде көрсетілген адам, егер ол шынайы өкінсе және қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне келтірілген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.
4. Осы баптың ережелері:
1) азаптаулар;
2) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмысты кәмелетке толмаған адам он төрттен он сегізге дейінгі жастағы кәмелетке толмаған адамға қатысты жасаған жағдайды қоспағанда, мұндай қылмыс;
3) абайсызда жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) өліміне алып келген жол-көлік оқиғасын жасау жағдайын қоспағанда, абайсызда адам өліміне не екі және одан көп адамның өліміне алып келген қылмыс;
4) сыбайлас жемқорлық қылмыс;
5) террористік қылмыс;
6) экстремистік қылмыс;
7) қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыс жасаған адамдарға қолданылмайды;
8) бұрын жасаған қылмысы үшін тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылғаннан кейін осы Кодекстің 71-бабының бірінші бөлігінде белгіленген қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімі ішінде қасақана қылмыс жасаған адамдарға қолданылмайды.
69-бап. Кепiлгерлік белгілей отырып, жазадан босату
1. Сот қылмыстық теріс қылықты не қазаға ұшыратумен немесе адамның денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес, жасалғаны үшін осы Кодекстің Ерекше бөлігінің тиісті бабында немесе бабының бөлігінде негізгі жазалардың өзге де түрлері қатарында айыппұл көзделген онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмысты алғаш рет жасаған адамды кепілгерлік белгілей отырып, жазадан босатуы мүмкін.
2. Кепiлгерлік белгілеу жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделген айыппұлдың ең жоғары мөлшеріне тең мөлшерде кепіл енгізуден тұрады.
3. Кепiлгерлік мерзімі:
1) қылмыстық теріс қылық жасалған кезде – алты айдан бір жылға дейін;
2) онша ауыр емес қылмыс жасалған кезде – бір жылдан екі жылға дейін;
3) ауырлығы орташа қылмыс жасалған кезде – екі жылдан бес жылға дейін белгіленеді.
4. Егер жазадан босатылған адам кепілгерлік кезеңі ішінде жаңа қылмыстық құқық бұзушылық жасамаса, кепілгерлік мерзімі өткеннен кейін кепіл кепілгерге қайтарылады.
5. Егер кепілгерлік кезеңі ішінде адам жаңа қылмыстық құқық бұзушылық жасаса, сот жазадан босату туралы шешімнің күшін жояды және үкімдердің жиынтығымен жаза тағайындау қағидалары бойынша оған жаза тағайындайды. Бұл ретте кепіл мемлекеттің кірісіне айналдырылады.
6. Осы баптың ережелері сыбайлас жемқорлық қылмыстар, террористік қылмыстар, экстремистік қылмыстар, қылмыстық топтың құрамында жасалған қылмыстар, кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар жасаған адамдарға қолданылмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   40




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет