Іс-тәжірибе бағдарламасын дайындаған: PhD.,Сәрсенбі Ә


ТӘЖІРИБЕНІҢ МАЗМҰНЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ



бет6/12
Дата04.01.2022
өлшемі36,52 Kb.
#109045
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Магистратура Физика зертеу багдар 2019
emtihan suraktar , Аналетикалық геом, Аналетикалық геом, тест, Тригонометриялық тепе-теңдіктер мен теңдеулерді шешу, Бағалы Емтихан сурақтары, Бағалы Емтихан сурақтары, seminar ekon teoriya 2016
2. ТӘЖІРИБЕНІҢ МАЗМҰНЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
Зерттеулік тәжірибе оқу жоспарына сәйкес, ағымдағы оқу жылына арналған академиялық күнтізбеде көрсетілген мерзім ішінде өткізіледі. Зерттеулік тәжірибенің басталу және аяқталу уақыты университет бұйрығымен тағайындалады. Зерттеулік тәжірибе нақты зерттеулік жобаның орындалуы түрінде жүзеге асырылады. Ол теориялық бағыттарды (тәсіл, әдістеме, үлгі және т.б.) әзірлеумен қатар, сондай-ақ нақты ғылыми орталықтардағы зерттеумен байланысты болуы мүмкін. Зерттеулік тәжірибе нәтижелері жазбаша түрінде рәсімделу керек. Егер жоба топпен орындалса, онда тәжірибе бойынша есептемеде жобаның әр бір қатысушысының нақтылы үлесі көрсетілу керек. Тәжірибенің жалпы еңбек сыйымдылығы 12 аптаны құрайды. (1 кесте). 1 Кесте – Зерттеулік тәжірибенің жалпы еңбек сыйымдылығы № Тәжірибе (сатылары) бөлімдері Еңбек сыйымдылығы, апта 1 Ұйымдық жиналысты қосатын дайындық сатысы 1 апта 2 Тәжірибенің кәсіпорында өтуі, жинау, алынған ақпаратты өңдеу және талдау 12 апта 3 Тәжірибе бойынша есептемені дайындау 11-12 апталар 4 Кафедрадан тәжірибе жетекшісіне тәжірибені қорғау 13 апта Тәжірибе басталуы алдын ала белгіленген дәрістер өткізу және жеке тапсырмасы бар жолдама-бағыттау мен бағдарламаны тапсырып, кеңес беру өткізіледі. Тәжірибенің бірінші күндері магистрант ұйымның кадр бөліміне оған берілген жолдаманы ұсынып, жұмысқа дублер-маман ретінде кіруге міндетті. Мұнан былай ол бағдарламаны басшылыққа алып, тәжірибені белгіленген кестеге сәйкес жұмыс орнында өткізугу тиісті. Кесте магистранттың өз бетінше және ұйымнан тәжірибе жетекшісімен ақылдасып құрылады. Тәжірибенің соңғы аптасы есептемені рәсімдеуге беріледі. Есептемені қорғау сабақ басталудың бірінші аптасында өндірістік тәжірибе жетекшілерінің қатысуымен кафедраның арнаулы комиссияның алдында жүзеге асырылады. Зертеулік тәжірибе барысында қарастырылады:к кәсіпорын бөлімшелерінің қызметін басқару қағидалармен, шығарушы және өңделген өнім үлгілері, оны өткізуді ұйымдастыру және қызмет көрсету; магистрлік диссератция тақырыбы және оқыту бағыты бойынша әдебиет көздерін (ғылыми монография, мақала, баяндам, әдістемелік әдебиет, ғылыми-зерттеулік жұмыстардың орындалуы жайлы есептеме және т.б.) игеру; ақпаратты құрылымдау және жүйелеу; ғылыми конференцияларға қатысу, баяндамалар мен сөз сөйлеу тезистерін дайындау; магистрлік диссертация тақырыбы бойынша ғылыми мақалалар дайындау; ғылыми жұмыстарды рәсімдеуге машықтану. Егер магистрантта нақты зерттеулік жобаға қатысуға мүмкіндік жоқ болса, онда зерттеулік тәжірибе ұйымдастырушылық бағытта жүзеге асырылады. Ұйымдастырушылық бағыттағы зерттеулік тәжірибе нәтижесі жұмыс жоспарын құрастыру мен магистрлік диссертация тақырыбы бойынша ғылыми зерттеу жүргізу болып табылады. 8 Жұмыс жоспары өз бетімен орындалған және ішкі логикалық байланысқан жұмыс бағыттар тізімінен тұратын ғылыми зерттеудің нобайын көрсетеді. Жұмыс (күнтізбелік) жоспарында келесі міндетті жұмыс сатылары көрсетілу керек: тақырып таңдау және оның өзектілігін негіздеу; жұмыс жоспары мен ғылыми зерттеудің орындалу кестесін құру; ғылыми зерттеудің міндеттерін анықтау және мақсаттарын тұжырымдау; тәсілдерді таңдау және зерттеуді өткізу әдістемелерін құрастыру; ғылыми зерттеудің болжалды нәтижелерін тұжырымдау. Магисранттардың зерттеулік тәжірибесіне оқу-әдістемелік басшылықты "Физика-математика және информатика" кафедрасы жүзеге асырады. Оқу жүктемесіне сәйкес әр бір академиялық топқа кафедрадан және тәжірибе өтетін базадан өндірістік тәжірибе жетекшілері бекітіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет