Іскерлік қарым — қатынас


Іскерлік өзара қарым- қатынастардың этикалық нормалары



бет2/3
Дата07.02.2022
өлшемі24,73 Kb.
#94530
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3
Байланысты:
Кенжебек Ұлбосын Коммуникация 10 апта

Іскерлік өзара қарым- қатынастардың этикалық нормалары.
3.1. Кәсіпорынның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері.
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәмізіне және Кәсіпорынның корпоративтік нышандарына құрметпен қарауға;
2) Жалпы қолданыстағы моральдық- этикалық нормаларды сақтауға, мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, барлық ұлттардың дәстүрлері мен салттарына құрметпен қарауға;
3) Жоғары білікті жұмыс істеу үшін барлық күш- жігерлерін жұмсауға, Кәсіпорынның мүлкіне сақтықпен қарауға, оны өнімді және тиімді пайдалануға;
4) өзінің жұмысқа деген қарым- қатынасымен және мінез- құлқымен жұмыста тұрақты және оң жағдайлар жасауға ықпал етуге;
5) сыпайы және әдепті болуға;
6)немқұрайлылық пен дөрекілікке төзбеуге;
7) әріптестеріне қолдау және көмек көрсетуге;
8) өзгенің пікіріне назар аударуға;
9) іс пен сөздің бірлігін қамтамасыз етуге. Берген сөздерінде тұруға;
10) өз қателігін жасырмауға/ мойындауға;
11) өзін- өзі (немесе өзіне байланысты тұлғалармен) және басқаларға қатысты туындауы мүмкін Мүдделер қақтығысына жол бермейтіндей ұстауға;
12) басқа Қызметкерлерге қатысты өзінің субъективті пікірін білдіруге жол бермеуге және басқа Қызметкерлерге қатысты олардың іс- әрекеттерінің дұрыстығы немесе дұрыс еместігі жеке бағасын бермеуге;
13) құпиялылық нормаларын және Кәсіпорынның ішкі құжаттарының талаптарывн бұзбай бір- біріне дұрыс ақпаратты уақытында ұсынуға,
14) тікелей берілген уәкілеттіктерсіз және Кәсіпорыннң Лауазымды тұлғаларының тікелей тапсырмаларынсыз жариялы түрде сөз сөйлеуге, пікірлерін білдіруге немесе сұхбат беруге жол бермеуге;
15) қоршаған ортаға қатысты құрмет және жанашырлық танытуға;
16) Кодекс талаптарын мұқият зерделеуге, түсінуге және адалдықпен сақтауға және келіскен жағдайда тиісті растаушы нысанды толтыруға (осы Кодекске қосымша);
17) өзіне қабылданған міндеттемелер үшін жауап беруге;
18) лауазымдылық міндеттерді орындаған кезде жеке басының қарым- қатынастары немесе дербес пайдасы үшін емес Кәсіпорынның мүдделерін басшылыққа алуға;
19) іскерлік этикақағидалары мен мінез- құлық ережелерінің бұзылу мәселелері бойынша тергеу жүргізілген кезде жәрдемдесуге;
20) өзінің жұмыс орнында тазалық орында тазалық пен тәртіпті сақтаулары, сондай- ақ барлық жұмыс материалдарын тиісті жағдайда ұстауға міндетті;
. Кәсіпорынның лауазымды тұлғалары міндетті:
1) Кодекстің негіз қалаушы құндылықтары мен қағидаларын ескере отырып, ашықтық пен бейтараптылық қағидаларында басқарушылық шешімдер қабылдауға;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында және Кәсіпорынның ішкі құжаттарында қарастырылған олардың алдына қойылған міндеттерінің іске асырылуына жауап беруге;
3) жеке басының үлгісімен Кодекстің талаптарына адалдықтарын көрсетуге;
4) қарамағындағылардың арасында корпоративтік рух құруға, ұжымның Кәсіпорынның ортақ миссияларымен, құндылықтарымен және қағидалаымен біріктірілген бір командаға бірігуіне уақыт табуға;
5) Қызметкерлерге нақты міндеттер қоюға және қажет болған жағдайда барынша қажетті құралдармен сүйемелдеуге;
6) Қызметкерлердің өз жұмыстарын орындаулары үшін керекті ақпараттардың ашықтығы мен үнемі қолжетімділігін қамтамасыз етуге;
7) Қызметкерлерге кеңестір мен нұсқаулар беруге;
8) қандай жағдай болмасын Кәсіпорын Қызметкерлерінің мәртебесін төмендетуге жол бермеуге міндетті.
19. Кәсіпорынның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері өздерінің функционалдық міндеттерін орындағандары үшін:
1) заңды немесе жеке тұлғалардың ақша, қызмет немес өзгеше түрде сыйақы;
2) жалпы қабылданған ізеттілік нормалары мен қонақжайлылықты немесе хаттамалық және өзге де ресми «с- шараларды өткізу кезіндегі қарапайым ізеттілік белгілерін қоспағанда заңды және жеке тұлғалардан сыйлықтар немес басқа да сыйлықтарды алуға құқығы жоқ.
20. Кәсіпорын басшылығы Кәсіпорында агрессияны, кемсітушілікті, шошытуды немесе қорқытуды болмайтындай жағдайлар жасауға тиісті. Осындай жағдайға тап болған әрбір Қызметкер мұндай қақтығыстарды шешу үшін бұл туралы өзінің тікелей басшысына хабарлауға құқылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет