Итальян тілінде бәрімізге «buona fortuna» «Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану» пәні бойынша №1 межелік бақылау сұрақтары



бет47/54
Дата11.04.2022
өлшемі152,67 Kb.
#138763
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   54
Байланысты:
ӘСМ 1 РК

Саяси билік - таптық, топтық, жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Мемлекеттік билік - тікелей мемлекеттің өзі жүргізетін немесе өзінің атынан жүргізуге өкілеттілік беріп, өз жәрдемімен өзге бір ұйым, мекеме арқылы жүргізетін қоғамдық биліктің бір түрі, мемлекеттік басқару органдарының жиынтығы.
Билік бөлінісі - мемлекеттік билікті ұйымдастыру қағидаты, оған сәйкес мемлекеттегі билік бір-бірінен тәуелсіз, бірін-бірі тепе теңдікте үстайтын үш тармаққа бөлінеді – 1. заң шығарушы –парламент, 3. атқарушы-үкімет және 3. сот билігі. Билік бөлінісі теориясының классикалық нұсқасын жасауға ерекше үлес қосқан француз ағартушысы Ш.Монтескье (1659-1753). Ол мемлекеттік биліктің үш бұтаққа: заң шығарушы, атқарушы, сот билігіне бөлді. Бүл бұтақтардың әрқайсысы өз өкілеттігі аясында бір-бірінен тәуелсіз болуы керек. Монтескьенің пікірінше, биліктің бір адамның немесе бір органның қолында шоғырлануы жеке тұлға еркіндігін шектеп, қиянатқа апарады. Биліктің делегациялануы дегеніміз – билікті халықтың өз өкілдеріне беру дегенді білдіреді.
ҚР Конституциясының 3 бабында Биліктің делегациялануы мен бөлінуі туралы былай атап көрсетілген:
1. Мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бастауы - халық.
2. Халық билiктi тiкелей республикалық референдум және еркiн сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билiгiн жүзеге асыруды мемлекеттiк органдарға бередi.
3. Қазақстан Республикасында билiктi ешкiм де иемденiп кете алмайды. Билiктi иемденiп кетушiлiк заң бойынша қудаланады.иХалық пен мемлекет атынан билiк жүргiзуге Республика Президентiнiң, сондай-ақ өзiнiң конституциялық өкiлеттiгi шегiнде Парламенттiң құқығы бар. Республика Үкiметi мен өзге де мемлекеттiк органдар мемлекет атынан оларға берiлген өкiлеттiктерi шегiнде ғана билiк жүргiзедi.
4. Республикада мемлекеттiк билiк бiртұтас, ол Конституция мен заңдар негiзiнде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлiну, олардың тежемелiк әрi тепе-теңдiк жүйесiн пайдалану арқылы, өзара iс-қимыл жасау принципiне сәйкес жүзеге асырылады.
53.Қазақстандағы демократиялық мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы.
Қазақстан — демократиялық мемлекет
ҚРК-да демократияның мәні - «халық билігі» деп атап айтқан. Халық өз билігін тікелей өз өкілдері арқылы жүргізеді. ҚРК-да халық атынан сөйлеу құқы Парламент пен Республика Президентіне берілетіндігі бекітілген. Яғни, ҚР Президентін және Парламентті халықтың өзінің сайлауы немесе мемлекет басшыларының тиісті лауазымдарға тағайындалуы ҚРК белгілеген тәртіп пен республика заңдары бойынша іске асырылады.
Казақстан мемлекетінің демократиялылығы референдумды демократиялық жолмен өткізуден де көрінеді. Референдумды өткізу мынадай:
1) азаматтардың референдумға ез ыктиярымен катысуы және еркін ашық білдіруі;
2) азаматтардың референ-думға жасырын дауыс беру арқылы жалпыға бірдей, тең және төте катысу құкығынын берілуі;
3) жариялылык принциптеріне негізделеді. Конституцияны, конституциялыкзандарды, Респуб-лика зандарын, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері референдумға шығарылады. Референдумға Республика-ның мемлекеттік өміріндегі өзге де шешілуіне катысты өте ма-нызды мәселелер енгізілуі мүмкін. Саяси режим кон-ституциялық нормалар кызметінін накты деңгейін айкын көрсетеді. Қазакстан Республикасынын Конституциясы демо-кратиялық саяси режлмді кездейді.
Біріншіден, ол өкілетті және тікелей демократия институттарының орнықтырылуынан керінеді. ӘңгІме, әрине, бүл институттардың заңмен бекітілуі түрғысында ғана емес, мәселе мынада: олар азаматтардың мемлекеттік органдардын калыптасуына, мемлекеттің саясатын белгілеуге, оны жүзеге асыруға қатысуын камтамасыз ету мақ-сатында қызмет істей алуы тиіс.
Екіншіден, демократиялык сая-си режим азаматтардың күкыктары мен бостандыктарының кең аукымда нығайтылуынан және оны жүзеге асыру кепілдігінщ камтамасыз етілуінен көрінедІ. Конституция кәсіпкерлік бос-тандықты көзден таса кылмайды, сонымен бірге, бір жағынан, кұкықтық негіз жасайды, екінші жағынан кәсіпкерлерді олар-дын ісіне зансыз кол сұғушылыктан корғайды. Баска азаматтар-дын құқыктары мен бостандыктары туралы да осыны айтуға болады.
Сонымен қатар қазіргі таңда Қазақстанда болып жатқан саяси өзгерістер қоғамның демократиялық даму үрдісіне әсер етіп,ерекше реформалық жолмен өркендеуіне мүмкіндік беріліп отыр. Осы демократиялық жаңғыру үрдісінің кейбір өзіне тән ерекшеліктеріне тоқтала кетейік. Бірінші ерекшелік – Қазақстандағы демократиялық дамудың игі бастамасында үкіметтік құрылымдар басты рөл атқаруда. Басқаша айтқанда, ол атқарушы биіктің қызығушылығымен «жоғарыдан» жүргізіліп отыр. Ол алғашқыда күшті әсер қалдырғанымен, біртіндеп бәсеңдей бастады. Ал азаматтық қоғам қазірге дейін бұған самарқау қарап келді. Екінші ерекшелік – еліміздегі бұл демократиялық даму атқарушы билік топтарында айрықша орын алғанымен, сот құрылымы жүйелерінің өкілеттілігі шектеулі болды. Үшінші ерекшелігі – республикамыздағы саяси реформалардың қаржылық қамтылуы экономикалық даму үрдісіне ілесе алмай қалды.
54.Саяси элита және көшбасшылық теориялары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   54




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет