Құқықтық жағдаяттарды талдап, әкімшілік жауапкершілік түрлерін анықтаңыз



бет1/2
Дата01.01.2022
өлшемі18,89 Kb.
#107676
  1   2
Байланысты:
9 сынып БЖБ құқық

Тапсырма


  1. Құқықтық жағдаяттарды талдап, әкімшілік жауапкершілік түрлерін анықтаңыз.






Жағдаяттар

Талдау

1.

Азамат А. ойын - сауықтан оралған соң пәтеріне кіріп теледидарды қосып, дауысын жоғарлатты. Сол кезде уақыт 00.35 сағат болатын. Мұны естіген көршілер келесі күні полицияға арыз берді. Азамат А. әкімшілік

құқықбұзушылық жасады ма?






2.

Жолаушы В. поезд вагонының ішінде шылым тартып тұрған жерінен көлік полиция қызметшілері ұстап алады да, әкімшілік құқықбұзушылық жөнінде хаттама

толтырады. Ол әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің қай нормасын бұзды деп ойлайсыз?






3.

Азамат С. аңшылықпен айналысатын. Ол үйіне келгенде мылтықты шкафтың ішіне қоя салды, сол қойғаннан бері бір жылдай уақыт өтті. Учаскелік инспектор рұқсат қағаз бен қаруды тексеру кезінде

мылтықты көреді. Азамат С. әкімшілік құқықбұзушылық жасады ма?






4.

15 жастағы Д. Мектепте өзiнiң досын жаман сөздермен қорлап айтты. Мұны байқаған мекептiң күзетшiсi мен сынып жетекшiсi 15 жасар Д.-ны мектеп директорына

алып барады. 15 жасар Д. қандай құқықты бұзды?









  1. ҚР «Неке және отбасы» заңының 70-бабынан берілген үзіндіні оқып, жағдаятты талдап, берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




  1. бап. «Ата-аналардың баланы тәрбиелеу және оған білім беру жөніндегі құқықтары мен міндеттері

    1. Ата-аналар өз баласының денсаулығына қамқорлық жасауға мiндеттi.

    2. Ата-аналардың өз баласын тәрбиелеуге құқығы бар және осыған міндетті.

    3. Ата-аналар баласының міндетті орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті.»

Азаматша Т. қызын секталардың жиналысына баруға мәжбүрлеп, дінге қатыстырады. Онда ол салт-жораларды ұстанып, бірнеше сағат бойы дұға ету талаптарын міндетті түрде орындау керек. Сонымен қатар азаматша Т. «мектеп қызына ештеңе бермейді», - деп санап, қызының сабаққа баруына тыйым салады. Бұл жағдайға алаңдап, Т.-ның күйеуі заңгерден кеңес сұрайды.


Анасы қызының қандай құқықтарын бұзған?


Қай мемлекеттік орган бала құқықтарын қорғайды?




Баланың құқығын қорғайтын құжатты атаңыз.




Заңгер ретінде 2 кеңес беріңіз.

1.

2.




  1. Кәмелетке толмағандардың еңбегіне қатысты құқық нормаларын талдаңыз.

«2017 жылдың 10 маусымында А-ның анасы өзінің көршісімен ауызша келісіп, 2003 жылы туылған баласын көршісінің дүкеніне квас сатушы ретінде жұмысқа алуын сұрайды. Жұмыс беруші жұмысқа ол таңертең тоғызда келіп, кешкі сегізде қайту керектігін айтады. Азамат А. сол күні бірден жұмысқа қабылдайды.
Еңбек құқығы бойынша заң бұзушылық бар ма?


Қандай заң бұзушылықты

байқадыңыз?



Заң бойынша дұрыс жауабы












Кәмелетке толмағандардың қандай еңбек құқығы бар?

1.

2.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет