Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика пәнінен В060200-Информатика мамандығында сырттай оқитын курс студенттеріне арналған әдістемелік нұсқаулар



бет2/14
Дата26.12.2023
өлшемі1,99 Mb.
#199481
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
met ukaz i kr zaocn tvims 2009 vti po
СРСП 12, 1 лекция. Каз., СРСП 12, СРСП 12, ашық сабақ, План урока3, жог матем поуроч, Ұлықбек Ернар(-Информационные системы и программная инженерия,05-703-18-05,IISBZ 12332551-3-Lab)-Лаб 1 6, тест, Қоршаған орта мониторингі УМКД 2019-2020, Химия УМКД 2019-2020, ВОУД Ақпартаттық-коммуникациялық технологиялар ИКТ (барлык мамандыққа) каз рус 249т Халикова Г.З.Опабекова А., 1. Бағдарламалау технологиясы 1 силлабус ИС, 4 куңрс расписание, 4 куңрс расписание










Бақылау жұмысын орындауға жалпы нұсқаулар




Математика курсын оқығанда студент екі бақылау жұмысын орындайды. Бақылау жұмысы нұсқасының нөмірі сынақ кітапшасының нөмірін 20-ға бөлгенде қалған қалдыққа тең. Егер қалдық нөлге тең болса, онда студент 20-шы нұсқаны орындайды.
Бақылау жұмысын орындағанда мына ұсыныстарды орындау қажет:
1. Бақылау жұмысы оқушы дәптеріне орындалады.
2. Дәптердің сыртында студент аты-жөнін, мамандығын, оқу нысанын, топ нөмірін, нұсқа нөмірін көрсетуі қажет.
3. Есептер берілген ретпен орналастырылады, есеп шарты толық жазылуы қажет. Әр есепті жаңа бетке жаз.
4. Әр есептің шығарылуы толық түсіндірілуі керек.
Бақылау жұмысын студент сырттай бөлімнің әдістемелік кабинетіне емтихан сессиясы басталғанға дейін 10 күн қалғанша тапсыруға болады.
Егер жұмыс сыналмаған болса, онда кафедра лаборанты жұмысты сырттай бөлімнің әдіскеріне қайтарады. Ол жағдайда студент рецензенттің ұсынысын ескере отырып қатемен жұмыс жасап (сол дәптерде), оны қайтадан тексеруге тапсырады.
Сыналған дәптерлер кафедрада қалады және емтихан алдында студентке қайтарылады. Емтиханға студент сыналған бақылау жұмысымен келуі қажет және оның орындалуын түсіндіруге дайын болуға міндетті.



  1. Пән туралы мәлімет



Пәннің атауы: Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика
Сабақты өткізу орны мен уақыты: Сабақтар бекітілген кесте бойынша №1а ғимаратта өткізіледі
Кеңес сағаты: кафедрадағы СОӨЖ кестесі бойынша
2 Пәннің пререквизиттері
«Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика» пәнiн оқу үшiн студенттерге математикалық талдау, алгебра, геометрия және жиындар теориясынан жақсы бiлiм қажет.
3 Пәннің постреквизиттері
«Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика» пәнiнiң негiздерi сенiмдiлiк теориясында, көпшiлiкке қызмет көрсету теориясында, теориялық физикада, геодезияда, астрономияда, бақылаудың қателiктерi теориясында, автоматты басқару теориясында, байланыстың жалпы теориясында, криптографияда, және ғылымның басқада көптеген теориялық әрi қолданбалы салаларында да қолданылады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет