Қызылжар орта мектебі әлеуметтік педагог: Койшибаева Балкенже Тюлегеновна. Тақырыбы: Әлеуметтік педагогтың ата-анамен жүргізілетін жұмыстары



бет3/3
Дата05.01.2017
өлшемі0,53 Mb.
#6339
1   2   3

Жаттығуды орындап болғаннан кейін,бірден келесі ойынды жүргізу қажет.Өйткені отбасы қандай да бір ұзақ уақыт ішінде «өмір сүрді».

6. «Идеалды отбасы» жаттығуы.

Жеткіншек жастағы балалар идеалды отбасын қалай елестетеді?Онда ата-аналар қандай қызмет атқарады?Жеткіншектердің балаларды «дұрыс» тәрбиелеу, «жақсы» балалар жайлы түсініктері қандай?Ата-аналардың олардан не күтетінін қалай түсінеді? Бұл тақырыптарды тек талқылауға ғана емес,сурет түрінде бейнелеуге болады.

Кіші жеткіншектер идеалды отбасын ата-аналарының балаларына деген махаббатымен түсіндіреді.Олардың пікірінше,махаббат дегеніміз баланың қалағанын сатып әперуде,ештеңеге қарсылық көрсетпеуден тұрады.Ал бала барлық уақытта ата-анасын тыңдайды,айтқан нәрсенің барлығын істейді.Ата-аналары өз балаларын ешқашан жазаламайды.

7. «Идеалды отбасы өмірі» жаттығуы.

Топқа қатысушылар отбасының өміріндегі қуанышты немесе қайғылы оқиғаларды таңдап сахнада ойнайды.Қатысушылардың біреуі басқалардың арасынан рөлдерді орындайтын адамдарды таңдап алады да,идеалды отбасы өмірінен үзіндіні сахнада ойнайды.Қалған қатысушылар -көрермендер.Көрініс біткеннен кейін көрермендер көрген қойылымы туралы өз пікірлерін айтады.Содан соң көріністі басқа адамдар ұйымдастырады,ал бірінші қойылымға қатысқандар көрермен болады.Бұл жаттығу отбасына шын мәнінде не қажет екені туралы,қатынастар ерекшеліктері және отбасы мәселелері,отбасының дамуы туралы өз ойларын айтып талқылауға негіз болады.

8. «Өзіңе қолайлы жағдай жаса» жаттығуы.

Жаттығу қатысушылардың бір-бірімен вербалды емес формада қатынас жасауды қажет етеді,бұл отбасылық өмірдің аналогиясы болып табылады.Қатысушылар жұптарға бөлініп,бір-біріне арқасын қаратып орналасады.Дене босаңситындай етіп өзіне ыңғайлы жағдай тауып алу қажет.Жұптағылар екі жаққа да ыңғайлы болуын ойластырып арқа тіреседі ме,жоқ денесі бос ұстауға емін-еркін тұру қажет пе,оны әр жұп өзі шешеді.Содан соң жұптарға үшінші қатысушы қосылады (ата-аналардың баласы пайда болады).Оны қай жерге және қалай орналастыру керек екенін әр жұп өзі табуы керек.Жаттығу оңай бола салмайды,біреулерге ыңғайлы болады,ал келесілерге қысымы сенумен байланысты болуы да мүмкін.

9. «Нәресте» жаттығуы.

Бұл жаттығу қойылым түрінде жүреді.Үш қатысушыны орындайды.Оның екеуі-әкесі мен анасы,ал үшіншісі-нәресте.Ол әлі сөйлей алмайды,тек төсекте жатыр.Ол тек ымшара және дыбыс арқылы ғана жауап бере алады.Ата-аналар нәрестеге жақындап,онымен ойнайды,тамақтандырады,жаялығын ауыстырады,оның нені қажет ететінін түсінуге тырысады.Бес минуттан соң қатысушылар рөлдерімен ауысады.Ойынның барысында жетекші отбасының өмірінде болатын қандай да бір жағдайда ойластыруы мүмкін,мысалы,телефон соғады немесе қонақ келеді. «Нәресте» бірдеңе қажет еткен уақытты алуға болады.Жаттығу аяқталған соң,әр «отбасы мүшелері» өз пікірлерімен бөліседі.Содан соң қойылымды басқа қатысушылар ойнайды.

10. «Отбасы өмірінен жағдай» жаттығуы.

Қатысушылар екі топқа бөлінеді де кез-келген өмірлік жағдайға қойылым ойнайды.Бұл бұрынғыдан немесе болашақтан алынған жағдай болуы мүмкін.Сөзді қолдануға да,қолданбауға да болады.Ең бірінші ымишара,қимыл-әрекетке көңіл бөлінеді,яғни қатынас пен сезімнің дене қимылдары арқылы берілуіне үлкен мән беріледі.Сөзбен айтылатын бөліктерінде қатысушылар ойланып табатындай етіп жасырын сөздермен айтуына болады.Қойылым ойналып болған соң көрермендер мен жетекші оны талқылайды.Көрермендер орын ауысып,басқа жағдай туралы көрініс қоюды ойластырады.

11. «Отбасылық оқиға» жаттығуы.

«Отбасы» мүшелері топпен құрылған шеңбердің ортасымен жайғасады.Олар отбасындағы рөлдерін анықтап алады да,жетекші оларға қандай да,бір отбасында қуанышты немесе өкінішті жағдайдың болғанын айтады,мысалы, «Сіздің отбасыңыз лотореядан үлкен ақша ұтып алды» немесе «Әкесі аяғын сындырып алды»,оларға пікірталас жүргізу ұсынылады.Жетекші көрермендерге алдын-ала «отбасы» қаншалықты мәселені бірлесе отырып шешетінін бақылауға нұсқау береді.Немесе әр көрерменге нақты «отбасы мүшесінің» мінез-құлқын бақылауды ұсынуға болады.Мысалы,ұтыс жағдайында отбасы мүшелері неге ақшаны жұмсауды қалайды:оқуға,саяхатқа,бір нарсе сатып алуға;басқаларды өз ұсынысымен қызықтыра алды ма; дәлелдерді қаншалықты ұтымды түрде ұсына алады.

Талқылаудан кейін,бірнеше қатысушылар орын ауыстырып ортаға отырады да,басқа тақырыпты талқылайды.

Осылайша әртүрлі жағдайды келтіруге болады.Мысалы,анасының әкесі ауылда тұрады,оның өз үйі және шаруашылығы бар,ол ауырып қалды,бірақ қалаға келгісі келмейді.Отбасы не істейтінін шешуі қажет.Қойылымды ойнағанға дейін әр отбасы мүшесінің қалауларын анықтап алуға болады.Мысалы,анасы ауылға кеткісі келеді,өз шаруашылығымен айналысқысы келеді,әкесі мұны қаламайды,өйткені қалада жақсы жұмысы бар,үлкен ұлының да барғысы келмейді,өйткені оқуға түспек ойы бар,кіші ұлының барғысы келеді,өйткені ол жерде жазда шомылуға,қыста шаңғы тебуге болады.Осы жерде шешім қабылдауға көп ықпал еткен кім ,«ата-аналар» қаншалықты «балаларының» пікірін ескере алды, «отбасы» ортақ пікірге келе алды ма,келісімге келе алды ма,сол сияқты мәселелерге көңіл бөлуі қажет.

11. «Сұраңыз-жауап береміз» жаттығуы.

Бұл жаттығуды орындау барысында әр қатысушы өздеріне қарама-қарсы жыныс өкілінен қыз бен ұл арасындағы қатынас жайлы пікірлері мен көзқарастары қандай екені туралы пікірлерін салыстырып талдайды.Ұл балалар бұл сұрақты қыздар қалай талқылайтыны туралы өз пікірлерін,ал керісінше қыздар ұл балалар пікірін өзінше талдайды.

Әр қатысушы парақ бетіне бір сұрақтан жазады.Сұрақ тақырыптары-ұл балалар мен қыз балалардың қатынасы және кездесу.Мысалы,кездесу кезінде не істеуді ұнатасың? Біреуге ұнайтыныңды қалай білесің? Ұл балалардың (қыз балалардың) киім киісінің қандай стилі ұнайды?» Ер балалар мен қыз балалар топтары екі жаққа тарайды да біріге отырып сұрақтар тізімін жасайды.Әр сұрақ жеке параққа жазылып,парақтар екі қорабшаға немесе кәрзеңкеге салынады.Сұрақтарды талқылауды қыздар бастайды.Біріншіден,қыз балаларда сөйлеу әрекеті жақсы дамыған,сұрақтарды талқылау бірден қызықты пікірталасқа айналады.Екіншіден,жеткіншек қыз балалар ұл балаларға қарағанда «ересектеу» болып саналады.Демек қыз балалар,ұл балаларға үлгі бола алады.

Қыз балалар жерге шеңбер бойымен отырады,ал ұл балалар олардың артына орындықта отырып,пікірталасты бақылап отырады.Қыздар кезекпен сұрақтарды бір-біреуден қорабшадан шығарып,оны дауыстап оқып,талқылайды және оған жауап береді.Егер ұл балалардың біреуі бір нәрсені нақтылағысы келсе,қолын көтеріп,сөз берілгенше күтеді.Сұрақтардың барлығы талқыланғаннан кейін,ұл балалар ортаға отырып қыз балалардың сұрақтарын талқылайды,ал қыздар болса жетекшілер рұқсат бергенше сөйлей алмайды.

Ата-аналарға жүргізілетін тесттер. «Отбасыңыздағы жағдай Сізді қанағаттандырады ма?» әдістемесі.

Мақсаты:отбасындағы қалыптасқан жағдайға қанағаттанып,өзіңізді бақытты адаммын деп есептейтініңізді бағалау.

Орындау ережесі.Төменде берілген тапсырмаларды мұқият оқып шығып әр сұраққа берілген «а», «б» және «в» деп белгіленген жауап варианттарының ішінен дұрыс дегеніңізді белгілеңіз.

Тапсырмалар

1.Өзіңіздің шешуіңізге қиналған мәселе жөнінде жұбайыңыздан пікір алмасқанда қандай сезім басым болады.

А сенім білдіру;

б айтуға қиналасыз;

в түсінеді деген үмітте боласыз.

Жұбайыңызбен ұрсып қалғаңызға кейіннен өкінесіз бе?

А жиі;


б кейде;

в өте сирек.

Отбасындағы өмірдің эмоционалдық көрінісін қандай түр-түспенен белгілер едіңіз ?

А ашық түстермен;

б қара-қоңыр түстермен ;

в ең ашықтан қара-қоңрға дейін барлық түстермен.

4.Отбасы өміріне адамгершілік пен имандылықты орнатуға әрқайсыңыздың қосқан үлестеріңізді қалай бағалайсыз?

А екеуімізде отбасының қамын жейміз;

б жұбайымның қосқан үлесі өте үлкен;

в өзіңізді жетекші рөль атқардым деп есептейсіз.

5.Жұмыстан үйге қайтқанда қандай сезім басым болады ?

А үйге барғыңыз келмейді;

б қуаныш сезімі;

в жағдайға байланысты.

Отбасында құнды мәселелерді талдайсыздар ма және оны қалай жүргізесіздер ?

А өте сирек;

б отбасы кеңесінде талдаймыз;

в бұл мәселе қызу пікірталас тудырады.

7.Жақын адамыңызды басқаларға жөнсіз қызғану сізге қасиет пе?

А сіз оған сенім білдіресіз;

б иә;

в кейде.


8.Сіз өзіңізді қақпанға түскендей сезініп ол аудан құтылтыңыз келгендей сезімге бөленесіз бе ?

А иә, ондай кез болады;

б ондай болғанымен отбасы өміріне оның ешқандай қатысы жоқ;

в жоқ.


Некеге тұрғаныңыз Сіздің қоғамдық жұмыстарыңыз бен мансапқа жетуіңізге қандай әсерін тигізді ?

А кедергі жасап жүр ;

б қосымша күш қуат беріп жүр;

в айтуға қыйаламын.

10.Араларыңыздағы сырластық қатынастық сапасы қандай ?

А әртүрлі болады;

б екеуімізді де қанағаттандырмайды;

в өте жақсы.

Бағалау шкаласы келесі кестеде берілген. Берілген жауаптарыңызды осы кесте бойынша «+», «-» және «0» деп бағалалап шығыңыз. Мысалы, 1тапсырмаға берген жауабыңыз «а» болса оны «+» деп есептейсіз, «б» жауапты белгілесеңіз оны «-» , ал «в» жауапты таңдасаңыз – “0” деп бағалайсыз.

Бағалау шкаласы

Жауап варианты

Нәтижесін талдау

Барлық жинаған «+», «-» және «0» сандарын санап шығыңыз .

Жауаптарыңызды талдағанда «-» белгілер көп болып шықса отбас өмірі үйлесімсіз болғаны.Теріс белгі қанша басым болса отбасы праблемасы сонша тереңдеген. Сіз отбасындағы қалыптасқан жағдай туралы ойлауыңыз керек. Мүмкін оны жұбайыңызбен талдап отбасыдағы келіспеушіліктің себебін тапқаныңыз дұрыс болатын шығар. Немесе психологтан кеңес сұрап,отбасындағы психологиялық жағдайды түзету жолдарын іздеу керек.

Жауаптарыіызды талдағанда «+» берілген басым болса - отбасы өмірі жақсы қалыптасқан, бұл жанұя мүшелері арасында түсінушілік,сүйіспеншілік, тілектестік, ізгі ниеттік қарам-қатынасы жетекші болып отыр. Барлық проблемаларды бірге шешіп бір-біріңізге сүйеніш болуға дайарсыздар.

Жауаптарды талдағнда «0» берілген басым болса сіз өзіңіздін некелескен адаммен қандай қатынаста екеніңізді анықтауға шамаңыз келмегені. Отбасы өмірінде сізге ұнамайтын, қобалжытатын нәрсе бар. Бұл жағдайға өзіңіз кінәлі шығарсыз? Неге көңіліңіз толмай жүргенің жұбайыңызбен бірге талдап, ол жағдайды нықтап алсаңыз отбасы өмірі үйлесімді болып кетуі мүмкін. Ойланып көріңіз.

2.«Отбасылық қобалжуды анықтау» әдістемесі

Авторлары Э.Г. Эйдемиллер және В. Юстицкий.

Мақсаты: жеке тұлғаның жалпы қобалжуын бағалау, оның отбасына деген көзқарасы және отбасының оны қалай қабылдайтының анықтау.

«Отбасылық қобалжу» дегенде отбасының бір үшесі үшін психологиялық жағдайдың ынғайсыз болғаны, оны қалған мүшелері бейсаналы түрде төмен бағалауы және осы жағдайды ол адамныі уайымдап жүргені. Әбірдеген адам өз пкірін оған айтуға немесе жағдайын жақсартуға мүмкіндігі болмаған кезде қобалжу байкалады.

Орындау ережесі. Төмендегі тапсырмаларды мұқият оқып оардың әрқайсысына «иә» немесе «жоқ» деп жауап беріңіз.

Тапсырмалар

Не істесем де бәрібір менің айтқаным болмайтынын сеземін.

Менің болмысыма отбасымдағылардың ризаемес екенін, көңілдері толмайтының білемін.

Мен көп нәрсені уақытында орындай алмай, үлгермей жүрмін.

Отбасында болатын ыңғайсыз жағдайға, неге екенін білмеймін, барлық уақытта мен кінәлі болып шығамын.

Мен өзімнің әлсіз болып жүргенімді жиі сезінемін.

Отбасында мен көп күйгелектенемін.

Үйге келгенде өзімді икемсіз және ыңғайсыз сезінемін.

Отбасының кейбір мүшелері мені ақымақ деп ойлайды.

Үйде болған кезімде мен әйтеуір бір нәрсені уайымдап жүремін.

Отбасы мүшелерінің маған деген теріс көзқарасын жиі сезінемін.

Үйге келе жатқанда: «мен жоқ кезде үйде не болып жатыр екен» - деп қорқамын.

Үйде жүргенде мен үй жұмысының барлығын өзім істеуім керек, деп сезенемін.

Өз үйімде өзімді артық (бөтен) сезінетін кезім жиі болады.

Үйдегі жағдайдың күрделілігі сонша, кейде қимылдауға ешқандай күшім болмай қалады.

Біздің үйде болатын көп жағдайларда мен өзімді мекем ұстап отыруым қажет.

Егер де мен жоқ болып кетсем де мені шкім іздемейтін сияқты.

Үйге келе жатқанда орындайтын жұмысымның барлығы жоспарлап келемін, ал үйге кіргеннен кейін оларды ұмытып, тіпті басқа жұмыстарға кірісіп кетемін.

Отбасындағы жағдайымды ойласам болды, мен қобалжи бастаймын.

Отбасымның мүшелері мен үшін өзелердің алдында ұялатын сияқты.

Көп уақытта барлық тірлікті жаөсы орындағым келеді, ал нәтижесінде бәрі керісінше нашар шығады.

Маған үйде көп нәрсе ұнамайды, бірақ мен оны жасырып жүремін.

Бағалау шкаласы

«иә» деген жауаптар1 баллмен бағаланады.

Нәтижесін талдау

Жауаптар үш шкала бойынша бағаланады:

В-шкала-кінәлау;

Т-шкала-қобалжу;

Н-шкала-қысым көру;

В-кінәлау шкала бойынша (өзінің сәтсіздіктеріне отбасы мүшелерін кінәләуы)келесі тапсырмаларға берілген «иә» жауап санымен бағаланады: толмастан, болып жатқан оқиғаларға өзінің жауапкершілігін сезінбейді және жауапкершілікті өз мойнына алмайтындығын көрсетеді.

Т-қобалжу шкаласы бойынша келесі тапсырмаларға берілген «иә» жауап санымен бағаланады: 2,5,8,11,17,20. Зерттелінушінің өзі қанша күш жұмсаса да отбасындағы жағдайды өзгертуге шамам келмейді деп түсінуі. Нәтижесінде өзіне деген сенімі төмендеп, мазасыздануы жоғарылайды.

Н-қысым көру (отбасындағы қарым -қатынас барысында ішкі кернеуінің жоғарылау) шкаласы бойынша келесі тапсырмаларға берілген «иә» жауап санымен бағаланады: 3,6,9,12,15,18,21. Зерттелінуші отбасындағы өзінің міндеттерін орындауға қиналып, ол міндеттерді орындауды үлкендердің көрсеткен зәбірі деп түсінеді.

Қайсы шкала бойынша бес сұраққа «иә» деп жауап сол шкала бойынша

жағдайы болмай жүргені анықталады. Соңынан барлық шкалалар бойынша жинаған баллдарды бір-бірін салыстырып, отбасында қай шкала бойынша психологиялық теріс әсер ететін фактор басым екенін анықтауға болады.

3.«Отбасылық социограмма» тесті.

Мақсаты:зерттеушінің отбасындағы қарым-қатынасқа түсу ерекшеліктері мен тұлғааралық қатынастағы оның хал-ахуалын тікелей және жанама т.рде «қазір және осы жерде» анықтау.

Орындау ережесі.Бұл әдіс суретті талдау әдістемелерге жатады.Зерттеушілерге жауап жазылатын іс-қағазы беріледі.Ол парақта диаметрі 110 мм шеңбер сызылған.Тестті орындау барысы түсіндіріледі.Таратылған парақта салынған шеңбердің ішіне алдымен өзін кішірек шеібер ретінде түсіріп,оның ішіне «Мен» деп жазу керек.Соннан сон отбасы мүшелерінің әрқайсысы шеіберлермен белгілеп шығып,ол шеңберлердің әрқайсысы кімді білетінін анықтау үшін олардың ішіне отбасы мүшелерінің аттарын немесе аттарының бас әріптерін жазып қойю тапсырылады.Олар тапсырманы орындағанда бір-бірімен кеңеспеген іс-қағазды жеке дара отырып толтыруы керек.

Нәтижесін талдау.

Бірінші белгі бойынша талдау:отбасы мүшелерінің кеңістікте орналасқаны талданады.Адамдардың барлығы бір қатарға қойып салу-шынайы өмірдегі олардың арасындағы қатынастың біркелкі болғанын көрсетеді.Отбасы мүшелерінің бір-бірімен қақтығыста болып,жанұяда ауызбіршілік болмаса онда осы жағдайға кінәлі деп жүрген алам шеңберге кірмей,оның сыртында қалады немесе бір жануалдың аты салынады.

Екінші белгі бойынша талдау:дөңгелектердің көлеміне қарай жүргізіледі.Егер кімде-кім өзін үлкен шеңбер етіп салса ол адамның өзіндік бағалауы жоғары,ал дәл ортасына өзін немесе жақын адамын салса дарашыл тұлға бағытынын көрсетеді.Ал төмен жағына салғаны-өзіндік бағалауы төмен болғанын көрсетеді.

Үшінші белгіде дқңгелектердің орналасу тәртібі талданады.Отбасы мүшелерінің кім-кіммен жақын екендігі,ерекше маңызды орында екені анықталады.Шеңбердің ішінде орналасу басқамен салыстырғанда үлкен шеңберде болса,зерттеуші көзқарасы бойынша ол аса сыйлы,маңызды адам қатарына жатады.

Төртінші белгі,бір-бірінің үстіне орналасқан.Отбасында дұрыс қатынастың болмауы туралы немесе өзара шекара жоқтығын көрсетеді.Ең үстінде орналасқан адамның отбасындағы орны ерекше,ол барлық басқа мүшелерге билігін жүргізіп,өктемдік көрсететінінің белгісі.Немесе суреттің авторының сол адамды барлығы ерекше сыйлайды деп түсінуін білдіреді.Отбасындағы өзара қатынас мұқият назар салып талдауды қажет етеді.

4. «Отбасында эмоционалды қатынасты анықтау» әдістемесі.

Мақсаты:отбасындағы баланың эмоционалды қатынасы мен көзқарасын анықтау.

Орындау ережесі.Е.Бене және Д.Антонии ұсынған бұл тесттің көмегімен отбасы мүшелеріне деген баланың сезімін,қатынаста өзін қалай қабылдауын сандық және сапалық жағынан бағалауға болады.Сонымен қатар баланың неше түрлі жағдайларды өзін-өзі қандай психологиялық қорғану типін қолданып жүргенін анықтауға болады.

Әдістеме 20 фигурадан тұрады.Оның ішіндегі фигуралар барлық жас кезеңіндегі адамдардың түрін,жынысын,бойын,толықтығын және басқажасқа және жынысқа байланысты белгілері бейнеленеді.Мұндай жинақ жасаудың себебі отбасы мүшелерінің барлығының орнын көрсетуге мүмкіндік береді.

Зерттеу барысында әдістемені жүргізуге арналған сұрақтардың әрқайсысы жеке жолақ қағазға жазылған болады.Кіші жастағы балаға сұрақтарды ретімен оқып беріп,сол сөздер кімге арналатындығын байқап,сол адамды белгілейтін фигурамен бірге жәшікке салуды өтінеді.Әдістемені жүргізу міндеті-баланың отбасындағы әр келесі субъектіні көргендегі эмоционалды жағдайын бақылау арқылы жүргізіледі.Баланы ыңғайлы дене күйінде сақтайтындай жағдайда отырғызып,отбасы мүшелерін көрсететін фигураларға жақын жерге орналастырады.Балаға фигураларды таңдау ұсынылады,ал психолог одан отбасы мүшелерінің қайсысы жақсы көрінетінін сұрайды.Мұндай жағдайда баланың фигуралармен жасаған қатынасы отбасы мүшелерімен жасаған қатынастың ретінде қарастырылады.

Әдістеменің екі варианты бар:бірінші варианты -4-6(8) кіші жастағы балаларды зерттеуге арналған;екінші варианты - 6-10 жас аралығындағы балалар және жеткіншектер үшін пайдаланылады.

1.Кішкентай балаларға арналған варианты бала қатынасы келесі мазмұнда талдауға мүмкіндік береді;

- баланың отбасы мүшелерімен қатынастағы жақсы сезімін,өзгелерден алынатын жағымды сезімін бағалау;

- баланың отбасы мүшесімен қатынасы нәтижесінде жағымсыз сезімнің пайда болуын,өзгеден шығатын күйзелісті қайталаудан бағалау;

- баланың өзгелерге тәуелді болуын бағалау.

2.Жасы үлкен балаларға арналған варианты отбасының қалыптасқан қарым-қатынасы ерекшеліетерін зерттеуге арналған.Бқл жас кезеңіндегілерді зерттеуде олар үшін қарым-қатынастың келесі көріністері бағаланады:

- қатынас екі түрлі жағымды сезімдерді туғызады:әлсіз және күшті.Әлсіз сезім достықты мақұлдау және қабылдаумен байланысты,ал күшті сезім жыныстық күйзелістен,ол жекелік жыныстық байланыс және айлаамалдан тұрады,

- жағымсыз қатынастың көрініс беруі екі түрге бөлініп қарастырылады:әлсіз және күшті.Әлсіз қатынас-достықты қабылдамау мен мақұлдамаудан тұрады,ал күштіліе еке сақтау мен қастасу қатынасқа жақындығын көрсетеді.

Отбасындағы ата-ана мен бала қатынасын басқа отбасы мүшелерінің бөлек,өз алдына қарастыру керек.Өйткені ата-анамен баласының арасындағы түсінбеушіліетердің себебі баланың отбасындағы басқа адамдарға қатынасы және оларды бағалаумен байланысты болуы мүмкін.

Отбасында эмоционалды қатынасты анықтауға арналған әдістемені пайдалану барысында келесі сұрақтардың әрқайсысы номерлерімен бірге жеке қағаз жолақтарына жазылады.Сұрақтар келесі төрт топқа жинақталған:

А.Баланың нәзік сезімдері;

Б.Баланың күшті жағымды жыныстық ерекшелікке байланысты сезімдері;

С.Баланың жағымсыз әлсіз сезімдері.

Д.Баланың жағымсыз,күшті кек сақтау сезімі.

А.Баланың нәзік сезімдері:

0.Бұл өте жақсы отбасы мүшесі.

1.Бұл өте көңілді отбасы мүшесі.

2.Бұл басқаға көмек беретін отбасы мүшесі.

3.Бұл үлкен мүмкіндігі бар отбасы мүшесі.

4.Бұл қандай жағдайда да тастап кетпейтін отбасы мүшесі.

5.Бұл өте әзілқой отбасы мүшесі.

6.Бұл жақсы сыйлық алуға лайықты отбасы мүшесі.

7.Бұл жақсы спортпен шұғылданушы отбасы мүшесі.

8.Бұл жақсы ойын көтеретін отбасы мүшесі.\

9.Бұл өте мейірімді отбасы мүшесі.

Сонымен қатар, қорғаншылыққа, қамқоршылыққа алынған балалардың ата-аналарына азқамтылған, көпбалалы жанұя статусына жатқызылған ата-аналарға түрлі профилактикалық, ағарту жұмыстарын өткізуге жоспар құрылды. «Дұрыс тамақтанудың негізгі ережелері» туралы әңгімелесу сағаты өтілді.

Ата-анамен жұмыстың мақсаты қойылғанмен, одан күтілетін нәтиже:

Ата-ананың бала тәрбиесінде жауапкершілігін арттыру;

Ата-ана бала құқығын, өз құқықтарын қорғауды пайдалануда кәсіби сауаттануы;

Ата-ананың психологиялық, педагогикалық тұрғыдан сауаттылық деңгейінің жоғарылауы;



Ата-ананың мектеппен , сыныппен қарым-қатынасының жақсаруы;

Баланың зиянды әдеттерден аулақ болуына жауапкершілігі жоғарылауы, яғни ата-ана баласына салауатты өмір салтын үнемі насихаттауы.
Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет