Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Байқожа бекетіндегі №258 негізгі мектептің География пәнінің мұғалімі М. Кеулімжайдың қысқа мерзімді жоспары



Дата25.08.2017
өлшемі98,01 Kb.
#27061
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Байқожа бекетіндегі №258 негізгі мектептің География пәнінің мұғалімі М.Кеулімжайдың қысқа мерзімді жоспары

Пәні: Физикалық география

Мектеп: №258 негізгі мектеп

Сабақ: 4

Тақырыбы: Жердің Күн жүйесіндегі орны, пішіні мен мөлшері. Жердің өз білігінен айналуы және оның географиялық орны.

Күні: 16.09.2016ж

Мұғалімнің аты-жөні: Кеулімжай Марат Кемалұлы

Сынып: 6

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

  1. Жердің Күн жүйесіндегі орнын таба білу.

  2. Жердің пі шіні мен мөлшерін анықтау.

  3. Жердің өз білігінен айналуын және оның географиялық мәнін зерттеу.

Бағалау критерийлері

Барлық оқушылар істей алады:

Күн жүйесіндегі планеталарды ретімен орналастыра алады.



Оқушылардың көпшілігі істей алады:

Экватор мен полюс аралығындағы Жер пішінінің ерекшеліктерін ажыратып таба алады.



Кейбір оқушылар істей алады:

Жердің өз білігінен айналуын зерттеу арқылы деректер келтіре алады.




Тілдік мақсат

Оқушылар: Жердің Күн жүйесіндегі орнын таба біледі. Жердің пішіні мен мөлшерін анықтай алады. Жердің өз білігінен айналуын және оның географиялық мәнін зерттей біледі.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Күн жүйесі, планета, орбита, экватор сызығы, полюс, меториттер.

Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер

Талқылауға арналған сұрақтар:

Жер шары қай жұлдызға ең жақын орналасқан?


Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Жер бетінде күн мен түн неліктен ауысып отырады деп ойлайсыңдар?


Тыңдалым мен оқылым бойынша ұсыныстар:

Күн жүйесіндегі 9 планетаның бірі - тек Жерде тіршілік болатындығын біледі.

Алдыңғы оқу

Жер шары туралы түсінігі бар. Жер бетінде жыл мезгілдерінің ауысып отыратындығын біледі.


Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басы


2 мин

3 мин


2 мин

5 мин


2 мин

12 мин


3 мин

Топқа бөлу.

Оқушылар партаның үстінде жабық жатқан күн мен түн суреттері бейнеленген қима қағаздардың бірін таңдайды.



  • Балалар, қолдарыңдағы қима қағаздардан не байқауға болады?

Таңдаған қима қағаздарындағы бейнелерге қарай 2 топқа бөлінеді.

Қызығушылығын ояту.

ҰЖ. Суретпен жұмыс.

Тақтаға әкесі мен оның 9 баласы бейнелеген сурет ілінеді.



  • Тақтадағы суреттен нені байқауға болады?

(әкесі және оның 9 баласын)

  • Әкесі мен 9 баласы бірігіп нені құрайды?

(отбасын құрайды)

  • Отбасы мүшелері кімге бағынады?

(әкесіне бағынады)

Сол секілді Күн жүйесіндегі 9 планета да күн жұлдызына бағынышты екен. Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Жердің Күн жүйесіндегі орны, пішіні мен мөлшері. Жердің өз білігінен айналуы және оның географиялық орны» - деп аталады.
Қалыптастырушы бағалау: «күн», «ай», «түн» суреттері.
ҰЖ. «Суреттерді топтастыр» ойыны.

Тақтаға Күннің және 9 планетаның суреттерін араластырып ілемін.



  • Осы суреттердегі планеталарды күн жүйесіндегі орнына қарай ретімен қалай орналастыруға болады? Тақтаға шығып кім орналастырып бере алады?

(Күн жүйесі – Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон).

Ақпарат беріледі: Күн жүйесіндегі планеталар орбита бойымен Күн жұлдызын айнала орналасқан. Осы орбита бойымен Күнді үнемі айналып отырады. Жер планетасы Күннен үшінші қатарда орналасқан. Жер пішіні шар тәріздес болып келеді. Жер радиусы 6371км. Экватор ұзындығы 40 000км. Жердің полюстік радиусының экваторлық радиусынан айырмашылығы 21 км – ға қысқа болып келеді. Жер өз осінде 24 сағатта 1 рет айналу арқылы Күн мен Түн ауысып отырады.
Қалыптастырушы бағалау: «күн», «ай», «түн» суреттері.
ТЖ. «Постер» әдісі.

1-топ: «Жер бетіндегі тіршіліктің дамуы» тақырыбында постер арқылы жаңа тақырыптың маңыздылығын ашу. (Күн сәулесінің жер бетіне жылуын үздіксіз беруі арқылы жер беті тіршілігінің үздіксіз дамуы; Жердің орбита бойымен өз осінде көлбеу орналасуы арқылы 365 күн 6 сағатта бір айналып шығуы; Осы мезгілде жер бетіндегі жылдың төрт мезгілінің ауысып отыруы; Жердің өз осінде 24 сағатта бір айналу арқылы күн мен түннің ауысуы).

2-топ: «Күн жүйесіндегі тіршілік жоқ планеталар» тақырыбында постер арқылы жаңа тақырыптың маңыздылығын ашу. (Планеталардың орналасқан орны; Планеталар өз осінде және орбита бойымен айналу уақыты; Планеталардың күнге алыс-жақын орналасуы; Географиялық қабықтардың болмауы).

Қалыптастырушы бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы жазбаша бағалау.


Күн мен түн суреттері

Әкесі мен 9 баласының суреті



«күн», «ай», «түн» суреттері
Күннің және 9 планетаның суреттері

«күн», «ай», «түн» суреттері.

Плакаттар, түрлі-түсті бояулар



«Екі жұлдыз, бір тілек» бағалау парағы

Ортасы


10 мин

3 мин


ҰЖ. Зертханалық жұмыс.

Бақылау:

Жер радиусының экватор мен полюстер арасындағы айырмашылығына қарай отырып, бақылау жүргізеді.


1. Зертханалық жұмыс.

Жердің полюстік радиусының экваторлық радиусынан айырмасын анықтайды.


2. Зертханалық жұмыс.

Жердің полюстік радиусы экваторлық радиустан 21 км қысыңқы болуының жер бетіне түсетін күн сәулесінің тіршілік үшін тиімділігін анықтайды.


Болжам ұсынады. (Оқушылар жеке өз болжамдарын ұсынады).
Деректерді алу:

Жердің экваторлық радиусы полюстік радиусынан сопақша шар тәрізді екенін және экваторлық радиус полюстік радиусынан 21 км артық екенін біледі.


Жер шары өз осінде 66,5 градус еңкіш орналаса отырып, орбита бойымен үздіксіз айналуы негізінде екі жарты шарында жылдың төрт мезгілінің ретімен ауысып отыруы туралы маңызды географиялық ақпараттар алады
Нәтижелерді түсіндіреді. (Оқушылар өздерінің зерттеу нәтижелерін түсіндіреді).
Қосымша ақпарат: Жер бетінде тіршіліктің дамуының басты себебі күн мен жер арасындағы арақашықтық, жер пішінің сопақша шар тәрізді, өз осінде көлбеу орналасуы, орбита бойымен күнді үздіксіз айналуы және жер бетін географиялық қабықтардың қоршап жатуы, сонымен бірге, бұлардың бір – бірімен өте тығыз байланысы тіршіліктің тұрақты дамуының басты себебі.
Қалыптастырушы бағалау: белгілер арқылы бақылау парағымен бағалаймын.


Белгілері = белгілері бар, = талпынады, = жетті. А=жоқ

Оқушылардың есімі

Жердің полюстік радиусының экваторлық радиусынан айырмасын анықтай алады.


Ғылыми сұраққа жауап беруге тырысып, бақылау жүргізіп дәлел келтіреді.

Салыстыра алады.

Ғылыми зерттеу дағыдысы

Бақылау

Дерек жинау және ұсыну

Нәтижелерді түсіндіру

Әлешова Еркемай












Глобус, сызғыш, транспортер, циркуль, карандаш

Бақылау парағы


Соңы


3 мин

ҰЖ. Жазбаша кері байланыс.

Оқушыларға стикерлер беріледі.

Егер оқушы жақсы түсінген болса – пікірін көңілді күнге,

орташа деңгейде түсінген болса – қарапайым күнге,

мүлдем түсінбеген болса – ренжулі күнге стикерге жазып орналастырады.

Стикерлер, көңілді, қарапайым, ренжулі күннің суреттері.



Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыстар, қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері, АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс

  1. Күн жүйесіндегі 9 планетаның географиялық жай-күйін зерттеп келу тапсырылады.



  1. Күн– тапсырмаға толық жауап берген кезде;

  2. Ай – тапсырмаға жартылай жауап берген кезде;

  3. Түн – тапсырмаға дұрыс жауап бермесе;

  1. Астрономия, Физика, Биология.

Рефлексия

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

- Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

- Бүгін оқушылар не білді?

- Сыныптағы ахуал қандай болды?

- Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

- Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

- Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?






Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет