Қызылорда облысы білім басқармасының М


Тараптардың құқықтары мен міндеттері



бет2/5
Дата08.02.2022
өлшемі20,48 Kb.
#118530
1   2   3   4   5
Байланысты:
келісім шарт 101
Білім ресурстары, Паскаль заңы, атмосфералық қысым
Тараптардың құқықтары мен міндеттері

3. Білім беру ұйымы:


1) осы Шартқа, білім беру ұйымының Жарғысына, білім беру ұйымының ішкі тәртіп қағидаларына және білім беру ұйымы қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес білім алушыдан адал және тиісті міндеттерді орындауын талап етуге құқылы.
4. Білім беру ұйымы өзіне мынадай міндеттемелер алады:
1) Күндізгі оқу нысаны бойынша 0105000 – «Бастауыш білім беру» мамандығы 0105083 – «Ағылшынша білімі бар бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігі бойынша оқитын ББ-Б-18 тобының білім алушыларын оқу үдерісінің кестесіне сәйкес 2021-2022 оқу жылында төмендегі кәсіптік практика түрі бойынша практикадан өту үшін кәсіпорынға жіберу:
- «Баланың мектептегі алғашқы күні»– 01.09-07.09.2021 ж.

2) білім алушыларды осы Шартта көрсетілген міндеттер мен жауапкершілікпен таныстыру;


3) кәсіптік практиканың бағдарламасын және кәсіптік практикадан өтудің күнтізбелік кестесін кәсіпорынмен бірге әзірлеу және келісу;
4) кәсіпорынға (ұйымға) кәсіптік практиканың басталуынан екі апта бұрын білім алушылардың санын көрсетіп, кәсіптік практиканың бағдарламасын, практикадан өтудің күнтізбелік кестесін ұсыну;
5) білім беру ұйымының тиісті мамандықтары бойынша оқытушылар және өндірістік оқыту шеберлері арасынан практика жетекшілерін білім беру ұйымының басшысының бұйрығымен бекіту;
6) кәсіпорынның қызметкерлері үшін міндетті болып табылатын еңбек тәртібін және ішкі тәртіп ережелерін білім алушылармен сақталуын қамтамасыз ету;
7) білім беру бағдарламасы мен оқу процесінің кестесіне сәйкес білім алушының кәсіптік практикадан өтуін ұйымдастыру және мерзімді бақылауды жүзеге асыру;
8) кәсіпорынның қызметкерлеріне білім алушылардың кәсіптік практикасын ұйымдастыруға және өткізуге әдістемелік көмек көрсету;
9) қажеттілігіне қарай кәсіпорынға білім алушылардың оқу жетістіктері туралы мәліметтер беру;
10) егер практикадан өту барысында білім алушылардың қатысуымен жазатайым келеңсіз оқиғалар болған жағдайда оларды тергеуге қатысу;
11) білім беру ұйымы таратылған немесе білім беру қызметі тоқтатылған жағдайда кәсіпорынды (ұйымды) хабардар ету және басқа білім беру ұйымында білім алуды жалғастыру үшін білім алушыларды ауыстыру бойынша шаралар қабылдау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет