Қызылорда облысының білім басқармасы



бет4/5
Дата02.02.2023
өлшемі207 Kb.
#167203
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
ЖОБ жаңа үлгі ФМ
рп электронды, Бақыт документ (3), 4 lek 8, 595
VІІІ бөлім
Бактериялық ішек инфекция қоздырғыштары-эшерихиоз, іш сүзегі, паратиф А, В, дизентерия сальмонеллез, тырысқақ. Шартты патогенді энтеробактерияларға сипаттама

Бактериалдық ішек инфекциялары –эшерихиоз, іш сүзегі, паратиф А,В, сальмонеллез, дизентерия және аса қауіпті инфекция тырысқақтың биологиялық ерекшеліктерін; бактериалдық ішек инфекциялары – эшерихиоз, іш сүзегі, паратиф А,В, сальмонеллез, дизентерия және аса қауіпті инфекция – тырысқақтың клиникалық көріністерін, эпидемиологиялық ерекшеліктерін; грам теріс ішек бактерияларымен шақырылған аурулардың микробиологиялық нақтамалау принцептерін; грам теріс ішек бактерияларымен шақырылған аурулардың алдын алу, емдеу шараларын; зерттеу материалын жинау әдістерін; шартты патогенді энтеробактериялармен шақырылған аурулардың биологиялық ерекшеліктері, клиникалық көріністері, эпидемиологиясы, алдын алу, емдеу шараларын; кампилобактериоз, хеликобактериоз жағдайларының биологиялық ерекшеліктері, клиникалық көріністері, эпидемиологиясы, алдын алу, емдеу шараларын.

Ішек инфекцияларында тексеру материалын жинау; зерттеу материалынан сүртім дайындап, Грам-Синев әдісімен бояу; қоздырғыштың морфологиялық, тинкториалдық қасиетін анықтау; дифференциалды-диагностикалық құрамдар дайындауды және нәжістен себін жасап, , 370С, 24 сағ.инкубациялау; күдікті колонияларды таңбалап, таза культураны бөліп, бактериологиялық және микроскоптық әдістер арқылы қоздырғышты идентификациялау; нәтижені қорытындылауды және протокол жауап жазу.

1.Экспресс-бақылау;
2.Тест тапсырмалары;
3.Ауызша жауап
4. Ақпарат көздерімен жұмыс жасай алуы
5. Презентацияны қорғауы




ІХ бөлім
Ауа-тамшы және анаэроб инфекцияларының қоздырғыштары

Күнделікті өмірде және төтенше жағдайларда адам патологиясындағы патогенді клостридтердің алатын орны, олардың табиғатта таралуын; анаэробтардың дақылдануы әдістерін; жарақат және ботулизм инфекцияларының қоздырғыштарының биологиялық ерекшеліктерін, патогенділігін, экологиясын, эпидемиологиясын, ауру ерекшеліктерін; газды гангрена, сіреспе қоздырғыштарының микробиологиялық нақтамалануын; ботулиз қоздырғышын, токсинін анықтау әдістерін; патогенді анаэробтармен қоздырылған аурулардың арнайы алдын алу, емдеу препараттарын; спора түзбейтін анаэробтардың сипаттамасын; шартты патогенді бактериялар ретінде бактериодтардың адам патологиясындағы маңызын, клостридтерден айырмашылығын; спора түзбейтін анаэробтармен қоздырылған іріңді ісік ауруларының микробиологиялық нақтамалануын, алдын алу, емдеу шараларын.

Жарақат инфекциясында және тағам токсикоинфекцияларында тексеру материалын жинау; зерттеу материалынан сүртім дайындап, Грам-Синев әдісімен бояуды; қоздырғыштың морфологиялық, тинкториалдық қасиетін анықтауды; дифференциалды-диагностикалық құрамдар дайындауды және егі алдында өңдеуді; топырақ езіндісін дайындап, себін жасау; хирургиялық материалдардан Кита-Тароцция ортасына егу; Кита –Тароцци, Тукаев сүтіндегі өнімнен сүртім дайындап, бояу; газды гангрена, сіреспе, ботулизм қоздырғыштарын дайын сүртімнен анықтап, ажырату; дайын көрнекі өнімнен бактериодфрагисті анықтау.

1.Экспресс-бақылау;
2.Тест тапсырмалары;
3.Ауызша жауап
4. Ақпарат көздерімен жұмыс жасай алуы
5. Презентацияны қорғауы




Х бөлім
Аса қауіпті зоонозды инфекциялар
Аса қауіпті инфекция қоздырғыштары

Аса қауіпті инфекция қоздырғыштарын нақтамалаудағы зертхана жұмыс ерекшелігін; инфекциялық материалмен жұмыс істеудегі қауіпсіздік ережелерін; обаға қарсы қиім кию, шешу, қолдану нұсқауларын; зерттеу материалын жинау, жеткізу ережелерін; аса қауіпті инфекция қоздырғыштарының негізгі қасиеттерін; оба, туляремия, бруцеллез, сібір жарасы ауруларының эпидемиологиялық ерекшеліктері, патогенезі, клиникалық көріністерін; нақтамалау әдістерін; экспрес-нақтамалау әдістерін; карантин шараларын; алдын алу, емдеу препараттары мен шараларын.

Аса қауіпті инфекцияларында тексеру материалын жинау; зерттеу материалынан сүртім дайындап, Грам-Синев әдісімен бояу; қоздырғыштардың морфологиялық, тинкториалдық қасиетін анықтау; дайын сүртімнен аса қауіпті инфекция қоздырғыштарын микроскоптық әдіспен анықтап, ажырату; морфологиялық суреттер салу.

1.Экспресс-бақылау;
2.Тест тапсырмалары;
3.Ауызша жауап
4. Ақпарат көздерімен жұмыс жасай алуы
5. Презентацияны қорғауы






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет