Қызылорда облыстық ОҚу орталығЫ (Әдістемелік кабинет)



Pdf көрінісі
бет5/215
Дата09.03.2022
өлшемі9,12 Mb.
#134815
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   215
Байланысты:
11. Емтихан тапсырмаларынын жинагы. 9-сынып. 1- том

 
Тапсырма
Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікірлеріңізді пайдаланып, 
«Табиғаты таза болашақты 
қалай жасауға болады?» 
деген тақырыпта эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 170-200 сөз 
болуы қажет.
 
 
 
 
Жалпы білім беретін мектептерге. ІІ нұсқа 
 
Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз.
 
А мәтіні: 
газет мақаласынан үзінді 
Сүлеймен Демирел университетінің оқытушысы, PhD доктор Мұхтар Сеңгірбаймен 
тілші сұхбаты. 
Ақпарат кеңістігіндегі бәсекеге шыдас беру үшін газеттер ендігі жерде не істеуі 
керек? 
 
Осыдан 5-6 жыл бұрын қазақ газеттері жойылады деген болжамдар жасалған. Бірақ 
уақыттың өзі көрсетіп отырғандай, жоғала қойған жоқ. Өйткені цифрлы техника, 
алдымен, адам денсаулығына зиян, адамның ойлануына мүмкіндік бермейді, жалқаулыққа 
жетелейді. 
«Цифрлы ғасырда газет атаулы жойылады» деген түсінік қате, менің ойымша, 
«газет» деген сөздің өзі мән-мағынасын өзгертіп, ақпарат құралы ретінде оның формасы 
да, мазмұны да, таралу әдісі де, оқырмандары да түгелімен ауысады және бұл қазір болып 
та жатыр.
Кез келген БАҚ-тың бүкіл әлемге таралуына мүмкіндік бар. Ақпарат құралдары 
оқырман назары үшін әлем деңгейінде бәсекеге түседі. Мәселен, Орталық Азия халқының 
өміріне қызығатын адам оны New York Times-тан емес, «Егемен Қазақстаннан» оқи 
алатындай болуы үшін не істеу керек?
Қағаз түріндегі газет ақпарат таратудың бір формасы ретінде сақталады, ол 
планшеттен жалыққан немесе бір ауық көзін демалтқысы келетін, яки асықпай оқып, ой 
қорытқысы келетін оқырманға қосымша мәлімет береді. ХХІ ғасыр оқырманы жай мәтін 
оқып қоя салатын адам емес, ол басылымның мазмұнын қалыптастырып, оны бағыттап, 
байытып отырады.
Газет – сауаттылық пен эстетиканың жаршысы, тәрбие беруші құрал. Кез келген 
журналистің біліктілігін арттыру газеттен, журналдан бастау алу керек. Тегінде, Қытайда 
мектеп оқушыларына қаламсаппен жазғызбайтын. Жазуларыңды бұзады деп. Оның 
орнына сиялы қаламмен жазуға үгіттейтін. Себебі қаламсап пен сиялы қаламның 
айырмасы бар. Біреуі - дайын өнім, екіншісі - еңбек. Себебі сияға малып мәнерлеп жазу – 
тәрбие. Осы тұрғыдан келгенде, газеттің бәсі басым екенін айту керек.
(229 сөз) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   215




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет