«Қызықты математика» кеші Мадина: Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар және ұстаздар бүгінгі «Қызықты математика»


Аяулым: Ооо сендер нағыз білімді және дарынды оқушылар екенсіңдер! Сендер бір емес үш тілде жұмбақтарға жауап бере алдыңдар, Жарайсыңдар! Мадина



бет7/8
Дата07.02.2022
өлшемі27,17 Kb.
#91312
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
математикалық кеш
математикалық кеш, Инклюзивті. 8 практикалық.
Аяулым: Ооо сендер нағыз білімді және дарынды оқушылар екенсіңдер! Сендер бір емес үш тілде жұмбақтарға жауап бере алдыңдар, Жарайсыңдар!
Мадина: Балалар соңғы тапсырмамыз логикалық есептер деп аталады, яғни берілген есептерге тез әрі жақсы ойланып жауап береміз!
Аяулым: Мхм, тұра тұр логикалық сұрақтарды қоймас бұрын алдымен балаларға қызықты математикалық ертегі айтып берейік. Балалар ертегі тыңдауға дайынсыңдар ма? Олай болса мұқият тыңдаңдар!


Ертеде әжесі мен 2 немересі тұрыпты. Бір күні немерелері мектептен шаршап келіп, математика сабағын жек көріп, екеуі де ашуланыпты. Сонда:
- Сен осы математика сабағын жақсы көресің бе?
- Жоқ, осы математика сабағы, сандар, есептер соның бәрі маған жыныма тиеді.
-Сен ше?
Мен де сол сабақты жек көремін. Осы математика сабағы, сандар, есептер, фигуралар болмаса ғой. Мен осы сабақ үшін басқа сабақтарды оқып үлгермеймін және есептерден басым қатады,- деп екеуі де, үстелдің үстінде ұйықтап қалады.
Бұның бәрін естіп қалған сандар, барлығы жиналып, ақылдасып, басқа амал жоқ екенін біліп, балалардан қашып кетеді.
Кейінірек олардың бөлмесіне кірген әжесі шошып кетеді.
Ойбай- а- а- й! Құдай сақтасын! Мынау сандар қайда қашып кеткен? Бүгін нешінші күн, сағат неше болғанын білмейміз ғой.
- Балаларым, айналайындар, тұрыңдар!
- А? Не болды? Біз ештеңе білмейміз,- деп немерелері таң қалды. Балаларда өздерінің жастарын, туған күні қай кезде екенін , нешінші сыныпта оқитындарын ұмытып қалыпты.
- Сендер, математика сабағын жақсы көрмегендіктен сандардың бәрі қашып кетті., ертең ертемен тұрып сандарды іздеуге шығайық. Енді бұдан басқа амаламыз жоқ,- деп әжесі қайғырады.
Сол кезде есікті біреу қағып, әжесі тұрып қараса бір қария адам келіп тұр екен. Сәлеметсіз бе? – деп қария амандасады.
- Сізде математиканы жек көретін бала бар ма, мен соларды іздеп келе жатыр едім?
- Бізде мұндай бала жоқ. Бізде бәрі жақсы.,- деп әжесі немерелерін қорғаштайды.
- Сағат неше болды?- деп сұрайды.
- Сағат, ээммм-ээээ- деп әжесі айта алмайды.
- А-а-аай! Қап, бәлем! Сендерде екен ғой сандардың бәрінің қашып кеткен. Осы математика әлемінің заңы бойынша мына есептерді шығарсаңдар ғана сандар қайтып келеді?-дейді.
Мадина: Ал енді топтарға сұрақ. Логикалық есептерге жауап беру арқылы барлығымыз әжесі мен немерелеріне көмектесейік.
.Дарындылар тобы:

  1. Сәуленің 2 қуыршағы, 3 алмасы,1 шоколады,2 апельсині,5 шабдалысы және 1 велосипеді бар. Сәуленің қанша жемісі бар? (10)

  2. Бірнеше үйрек ұшып келе жатыр. Біреуі алдында, екеуі артында, біреуі артында, біреуі екіншісінің арасында және үшеуі қатар. Қанша үйрек ұшып келе жатыр? (3 үйрек)

  3. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын? (Жанат – ұзын)


Білімділер тобы:

  1. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? (3 градус)

  2. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? (4 мысық)

  3. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? (3 стакан)

Аяулым: Өте жақсы балалар, сендер барлық сұраққа дұрыс жауап бердіңдер. Қалай ойлайсыңдар сандар қайтып орала ма?
Балалар: Иә(хормен)


Бір дегенім- бесік,
Шықтым содан өсіп.
Екі- дегенім елім,
Далам, тауым, көгім
Үш дегенім- үміт
Үміт артар жігіт.
Төр дегенім- төзім,
Төзе білем өзім.
Бес- дегенім бақыт
Бағалайтын уақыт. Алты деген- ақыл,
Тыңдағаның мақұл
Жеті деген- жалау,
Жүректегі алау.
Сегіз деген- сөзім
Серт беретін кезім
Тоғыз деген тоқтау,
Елдің жоғын жоқтау.
Он- дегенім Отан
Қорға соны ботам.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет