Қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты


Көрсеткіштерге байланысты ұсыныс



Pdf көрінісі
бет27/70
Дата31.01.2022
өлшемі0,79 Mb.
#116733
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   70
Байланысты:
Инклюзивті-білім
Инклюзивті-білім, tebenova-arnaiy-psih, 8 SQL тілінің компоненттері, annotation169253, Эпилепсияның жалпы клиникалық-психологиялық ерекшеліктері
Көрсеткіштерге байланысты ұсыныс. 

 

1.Жауапты 

мемлекеттік 

органдарға 

мүгедектікті 

түсіну/қабылдаудың 

тұжырымдамалық  айырмашылығы  мәселелерін  шешуді  ұсыну  керек.  Бұл, 

бірінші  кезекпен,    Конвенцияда  көрсетілген  әдістерге  сәйкес  ұлттық  заңнамада 

ұғымды аппаратын жасауды талап етеді. 

2.«Аз  мобильді  топтардың  ғимараттар  мен  мекемелерге  қолжетімділігі» 

жобалаудың ережелер Жинағын қабылдауды қамтамасыз ету (жоба 2011 жылы 

құрылыс  және  тұрғын  үй–  коммуналдық  шаруашылы  істері  жөніндегі  ҚР 

Агенттігімен  ұсынылған),  ол  кемсітушілік  және  қолжеткізушілік  сияқты 

Конвенцияның базалық принциптарын іс жүзінде іске асыруды жүзеге асыруға 

мүмкін етеді. Қосымша ол қауіпті жағдайда және төтенше жағдайда 

мүгедектерді  қорғау  мен  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  бойынша  шараларды 

жасауға негіз болады. 

3.«Мүгедектерді  протезді-ортопедиалық  көмекпен  және  техникалық  қосымша 

(өтемдеушілік)  бұйымдармен  қамтамасыз  ету  ережелеріне»,  техникалық 

қосымша  (өтемдеушілік)  бұйымдар  мен  мүгедектерге  ұсынылатын  арнайы 

қозғалу  бұйымдары  Тізімін  қоса,  және  «1  топтағы  мүгедектерге  жеке  көмекші 

және  естулері  бойынша  мүгедектерге  –  ымдау  тіл  маманын  ұсыну  туралы 

ережелеріне» мүгедектердің өздік өмір сүрулеріне, жергілікті қоғамдастықтарға 

қатыстыруына  және  мүгедектердің  жеке  икемділігіне  қатысты  сұрақтарды 

реттейтін Конвенция ережелеріне сәйкестігіне талдау жүргізу қажет. 

Қажетті  жағдайда  –  мемлекеттік  қолдау  шектеуінде  қолайлы  мүгедектерге 

арналған  техникалық  бұйымдардың  тізімін  кеңейтіп  тәптіштеу,  және  жеке 

көмекшілер  мен  ымдық  тіл  мамандарымен  ұсынылатын  қызмет  көрсету  сағат 

сандарын көбейту қажет. 

4.  Мүгедектігі  бар  адамдардың  құқықтық  қорғауының  механизмін  дамыту 

жұмысын  жалғастыру  қажет.  Сонымен  қатар,  төлем  ақысыз  заңгерлік  көмек 

шектеуінде  мүгедектерге  көрсететін  кеңестер  мен  сағаттар  санына  қатысты 

«Адвокаттық  іс  туралы»  Заңының  ережелерін  қайта  қарап  қосымшалар  жасау 

керек, ол, нәтижесінде сондай көмекке қажеттеніп отырған мүгедектердің шын 

керектіктеріне сәйкес келуі тиіс. 

5.  Жауапты  мемлекеттік  органдарға  қозғалу  мен  тұру  орындарын  таңдау 

еркіндігін  шектеуге  қатысты  мүгедектердің  еркіндігі  мен  құқықтарына  кепіл 

туралы  сұрақтарды  қарастыруға  ұсыну.  Солай-ақ,  ол  2011  жылдың  30 

қыркүйегіндеге №664 денсаулық сақтау Министрлігінің бұйрығымен бекітілген 

аурулар  Тізімімен  орнатылған  шектеулерге  қатысты,  соның  нәтижесінде, 

Қазақстан  Республикасына  шет  елдер  мен  азаматтығы  жоқ  тұлғаларға  келуге 

тиым салған. 

6. ВИЧ -жұқпалы  дертін жұқтырған мүгедектерді кемісітпеушілікті жібермеуге 

қатысты тұрғындарды әлеуметтік қорғау саласындағы арнайы әлеуметтік қызмет 

көрсету Стандарттарын өзгерту. 



39 

 

7.Жеткілікті  өмірлік  деңгейі  мен  әлеуметтік  қорғауды  қамтамасыз  ету  туралы 



Конвенция ережесін іске асыруға байланысты, мүгедектік бойынша мемлекеттік 

жәрдемақы  және  мүгедектер  мен  олардың  отбасыларына  қаржылық  қолдауды 

есептеу  жүйесін  қайта  қарастыру  қажет.  Сонымен  бірге,  қолдауда  бар 

халықаралық тәжірибеге сүйену қажет. 

Конвенция  бойынша  жалпы  міндеттемеге  сәйкес,  заңнаманы  жасау, 

жетілдіру  және  қолдану  кездерінде,  және  мүгедектерге  қатысты  мәселелер 

жөніндегі шешімдерді қабылдау шектеуіндегі стратегиялар кездерінде Қазақстан 

үкіметіне мүгедектермен, мүгедек балаларды қоса, тығыз ақылдасу қажет. 

Бір қарағанға, қауымның басым көпшілігі мүгедек адамдарды қоғамның тең 

және  белсеңді  мүшесі  ретінде  көруге  дайын  көрінеді.  Ал,  мүгедек  жандарды 

қоғамның тең және белсеңді мүшесі ретінде көруге дайын еместердің қатарының 

жастары 35-тен асқан және білім деңгейлері төмен тұрғындар арасында тараған. 

Аталмыш  ұстаным  мүгедек  жандар  әрдайым  біреудің  көмегіне  мұқтаж  болып 

келеді немесе дені сау адамдар бәрібір мүгедектерді тең ретінді қабылдамайтын 

түсінікпен түсіндіріледі. 

Алға қойған мақсатты терең зерттеу нәтижесінде Қазақстан тұрғындарының 

көп  бөлшегі  мүгедек  жандарды  қоғамның  тең  әрі  белсеңді  мүшелері  ретінде 

көруге дайын емес екендіктері анықталды: мүгедектер әлі күнге дейін мемлекет 

пен  қоғам  жағынан  тұрақты  әлеуметтік  көмекке  мұқтаж  болып  саналады.  Ол 

туралы зерттеу жүргізген кездегі реттік бағалардың сараптамасы куәландырады: 

әлеуметтік  арақашықтықты  өлшеу,  мүгедек  жандар  қандай  сезім  тудыратын 

туралы сұрақтар, сүрақ-жауапқа жауап бергендердің мүгедек жандармен қандай 

қатынаста  болуға  дайын  екендіктері  анықталды.  Мұндай  тұрғындардың 

көпшілігі  мүгедек  жандарға  әріптес,  дос  және  жыныстық  серіктестіктен  гөрі 

оларға  көмекші  және  асыраушы  болуға  қол  ұшын  созуға  дайын  екендіктерін 

білдіреді. 

Әлеуметтік арақашықтықты өлшеу сараптамасы нәтижесінде тұрғындардың 

мүгедектермен  неке  және  тәжірбелі  қарым-қатынаста  болуға  келісе 

бермейтіндігін  көрсетті.  Олар  көбінесе  белгілі  бір  ара  қашықтықта  көрші,  бір 

қаланың немесе ауылдың тұрғындары болғысы келеді. 

Тұрғындардың  мүгедек  жандарға  эмоционалді  жеке  қарым-қатынас 

мағыналық  дифференциал  тәсіл  негізінде  жүргізген  сараптамасы  көрсеткендей, 

тұрғындар мүгедек жандарды өздері сезетін сезім күйлері саналатын тәуелділік, 

енжарлық,  мұң,  бақытсыз  т.б.  ретінде  қабылдап,  оларды  жоғары  бағаламайды. 

Бұл тұрғындардың мүгедек жандарды тең және белсеңді қоғам мүшелері сияқты 

қабылдамайтынын дәлелдей түседі. 

Семантикалық дифференциал әдісінің берілген негізінде өткізілген мүгедек 

жандарға  тұрғындардың  эмоциональді  жеке  қарым-қатынасын  сараптау 

тұрғындар мүгедек жандарды тәуелді, енжар, мұңды, бақытсыз т.б. ретінде көре 

тұра,  мүгедек  жандардың  өздерінің  бағасынан  жоғары  бағаламайды.  Сонымен 

қатар,  тұрғындардың  мүгедек  жандарды  тең  ретінде  және  белсеңді  қоғам 

мүшелері сияқты қабылдамайтынын дәлелдей түседі. 




40 

 

Тұрғындар  арасында  жүргізілген  сауалнама  мүгедек  жандардың  әртүрлі 



мекемелерге,  мәдени  және  демалыс  объектілеріне  төмен  қолжетімділіктерін 

дәлелдеді: мүгедек жандар көбінесе медициналық мекемелерде кездеседі; кейде 

-  далада;  сирек-дүкендер  мен  көліктерде  -  кездеседі.  Тұрғындардың  көпшілігі 

мүгедек жандарды кинода, театрда, мұражай,кафе,мейрамхана, жұмыс жасайтын 

және оқитын орындарында кездестірмеген. 

Бұл  мүгедек  жандардың  қоғамның  тең  және  белсеңді  мүшесі  еместігінің 

тағы  бір  дәлелі  болып  келеді.  Теориялық  жағынан  келгенде  мүгедек  жандар 

адамдардың  барлық  құқығына  талаптана  алады,  ал,  тәжірибеде  әлі  күнге  дейін 

мүгедек  емес  жандарға  қолжетімді  әртүрлі  мекемелер  мен  объектілер  мүгедек 

адамдар үшін қол жетімсіз болып келеді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   70




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет