Ж Жоспар Кіріспе Синхронды машиналардың түрлері және олардың құрылысы


Синхронды машиналардың түрлері және олардың құрылысы



бет2/6
Дата08.02.2022
өлшемі220,42 Kb.
#98140
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
синхронды машиналар

Синхронды машиналардың түрлері және олардың құрылысы
Синхронды генераторды айналдыратын бірінші реттік қозғалтқыштың түріне байланысты, синхронды машиналарды турбогенераторлар (механикалық энергия кӛзі – бу турбинасы), гидрогенераторлар (механикалық энергия кӛзі – гидравликалық турбина) және дизельгенераторлар (механикалық энергия кӛзі – іштен жанатын қозғалтқыш - дизель) деп бӛлінеді. Жылу электр станцияларында (ЖЭС) және атом электр станцияларында (АЭС) турбогенераторлар орнатады, ал гидростанцияларда (ГЭС) – гидрогенераторлар қолданылады. Гидрогенераторлар. Егер қозғалтқыш жетек гидравликалық турбина болса, онда синхронды генератор гидрогенератор деп аталады. Әдетте гидравликалық турбинаның айналу жиілігі кӛп болмайды (60 – 500 айн/мин), сондықтан ӛндірістік жиіліктегі (50 Гц) айнымалы ток алу үшін гидрогенераторларда полюстер саны кӛп болатын ротор қолданылады. Гидрогенераторлардың роторларының құрылысы айқын полюсті болады. Әдетте гидрогенераторлардың білігін тік орналасқан қалыпта жасап шығарады.
Турбогенератор. Бу турбинасы үлкен айналу жиілігімен жұмыс істейді, сондықтан турбогенератор деп аталатын, ол айналдыратын генератор тез жүретін синхронды машина болады. Бұл генераторлардың роторларын не екі полюсті (n1=3000 айн/мин), не тӛрт полюсті (n1= 1500 айн/мин) етіп орындайды.
Турбогенератордың жұмыс істеу үрдісінде оның роторына айтарлықтай ортадан тепкіш күштер әсер етеді. Сондықтан механикалық беріктілік шарты бойынша турбогенераторларда айқындалмаған полюсті ротор қолданылады. Турбогенераторлар мен дизел – генераторлардың біліктерін кӛлденең орналастырып шығарады. Дизель – генераторлар 600 – 1500 айн/мин айналу жиілігіне есептеледі және роторы айқындалған полюсті етіп жасалады. Дизель – генераторлар негізінен электр энергиясының резервтік кӛзі ретінде, олардың жұмысы электрмен жабдықтаудағы апаттық шығындардың болуына мүмкіндік бермейтін объектілерде пайдаланылады (банктер, әскери объектілер және т.б.). Синхронды машиналардың үлкен тобын синхронды қозғалтқыштар құрайды, олар әдетте бірнеше мыңдаған киловатт қуатқа дейін жасалады және айналу жиілігін реттеуді қажет етпейтін қуатты желдеткіштердің, диірмендердің, насостардың және басқа құрылғылардың жетегі үшін арналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет