Ж кегль 14, буквы строчные, кроме первой прописной ұмыс Бағдарламасы



бет15/33
Дата14.10.2022
өлшемі1,2 Mb.
#153058
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33
Байланысты:
Вступление о стиле
Орман және ылғал


Өсімдіктерді сумен қамтамасыз етуге ылғал әсер етеді. Су тірі өсімдіктің құрамына кіріде, ол ағаш және бұта өсімдіктерінің тіршілігінде зор биологиялық роль атқарады. Оның тіршіліктік өсу орнында, жапырақтарда, шырынды жемістерінде 80...95 % дейін су болады.
Заттар ауысу, жасушалар бөлініп өсуі үдірістері, жасушаларда су, көп болса, қарқынды жүреді. Сусыз фотосинтез үрдісі де болмайды. Ұлпаның сусыздануы протоплазманың өлуіне келтіреді. Жасуша көректенуге керек заттардың ерітушісі су. Сумен бірге тамырдан жапырақтар және өсу нүктесіне минералдық заттар жеткізіледі. Ылғалсыз дәндер толмайды және өнбейді, яғни орман өзін-өзі толықтырмайды.
Су – Жер шарында өсімдіктердің өмір сүруімен таралуының зор эколоогиялық факторы, күн сәулесімен атмосфералық айналыммен, жер бетімен және жылу ауысуымен қатар. Жер биосферасында климат қалыптастырушы фактор. Орманда ылғалдың негізгі көзі жер астындағы сулар және атмосфералық жауын-шашын, олар сұйық (жаңбыр, қырау) және қатты (қар, бұршақ, боз қырау) болады. Орман өмірінде көп мағналы - жаңбыр, қар, бұршақ, қырау. Жаңбыр физиологиялық және сирек физикалық әсер етеді, өйткені ол өсіп – даму кезеңінде ылғалдың негізгі қамтушысы. Қырау – су парлары конденсат құрастырып шөп бетінде кішкентай тамшылар қалпында қалады. Қар топырақты көктемде суландырады, өсімдіктерді тоңып және үсуден сақтайды. Бұршақ 0,5 ... 2 см мұз қиыршықтары ретінде ағаштарды механикалық зақымдайды.
Ағаштар мен бұталар жауын-шашынды әртүрлі қабылдайды. Өсімдіктерге су керектігі негізінде ауаның температурасы мен ылғаллдылығына байланысты. Егер температура жоғары болып ылғалдылық төмен болса, онда су көп керек. Ағаш бітіміде, яғни құрамы, жасы және сумен қамтамасыз етілу мен метеорологиялық жағдайлары. Аралас орманнан таза қарағайлар суды аз жұмсайды. Ағаш бітімінің жасы үлкеюімен ылғал жұмсауы көбейеді. Құрғақ ыстық ауа – райында да осындай жағдай байқалады. Ағаш тұқымдастарын суға талап қоюына қарай ксерофиттерге, гигрофиттерге бөледі. Судың тапшылығына шыдайтындар – ксерофиттер, мысалы кәдімгі қарағай, су молшылықты талап ететін өсімдіктер – гигрофиттер, мысалы қара қандағаш.
Орман жауын – шашынның қанша және қандай жерде болатынына әсер етеді, өйткені ол өскен жерін суытуымен байланысты. Ормансыз жерде 10...15 % жауын – шашын аз болады. Құрғақ жердің су балансы Г.Н. Высоцкий усынған формуламен анықталады: N = A + F + V + T, бұл жерде N – түскен жауын-шашын мөлшері; А – жер бетінен ағатын (15 .... 35 %); V- ағаштар, шөптер, жер беттерінен буланатын (15 ... 50 %); F - өсімдіктер астынан ағатын (15 ... 35 %), T – транспирация (20... 40 %).
Аталған көрсеткіштердің барлығы көптеген жағдайлармен байланысты, мысалы,жер бетінің тегістігі, өсетін өсімдіктер құрамы мен қалыңдығы.

Орман және фауна


Ормандарды мекендейтін хайуандар түрлерініңбірлестігі, орман фаунасын құрастырады. Орман хайуандарға қорек және баспана береді. Ол жерде олар ұялар салады, індер қазады, дәндер мен жемістерді, бұталарды, жапырақтарды, шөптерді, жәндіктерді және басқа хайуандарды жейді. Орман топтануы күрделене және түршелене келе азық көбейеді, баспана берік болып орман фаунасыда әр түрленеді. Күрделі фауналық кешендер қалыптасады, олар орманның әр түрлі бөлігіне орайластырылады: топыраққа, төсенішке, шөптерге, бұталарға, ағаштарға.
Құстар мен аңдар бір – бірімен, өсімдіктермен, топырақпен, бедермен, климатпен тығыз қарым – қатынаста. Олар орманның құрамдық бөлігі. Мына құстар – тоқылдақ, қайшыауыз торғай, саңырау құр, қарабауыр, құр және сүт қоректілер – ақ тиін, алатышқан, бұлғын, аю орманның тұрғылықты мекендеушілері және оның сыртында өмір сүре алмайды. Орманда басқа да көптеген құстар мен аңдар бар, олар басқа алқаптарда таралған, бірақта ол жерге әрқашан келеді. Олар түлкі, қасқыр, ақкіс, көк қарға, сасықкөкек.
Орманды – далалы жердегі ормандарда болатындар сусар, борсық, орқоян құстардан – құтан, қаратаған, шәуқарға, қараторғай.
Орман фаунасының түрлік құрамына адам іс - әрекеті зор әсер етеді, ол орманды жалпы және талдап кесу, орман жерлерін жырту, құнды жануарлар мен құстарды жою. Ақ тиін, сусар және басқа жануарлар тегіс жоқ болып кетеді. Олардың орнына ашық жерлерді сүйетіндер келеді: бозторғай, қаратамақ торғай, бөдене, құр, көртышқандар, көптеген тышқандар.
Орман аймағының көптеген көлемін қаулап, фаунаның түрлік және сандық құрамын күрт өзгертетін, орман өрттері. Ол өртттер орманды, көптеген аңдар мен құстарды жойып жібереді, сондықтан орман өсімдіктері мен әсіресе жануарлар әлемі қалпына ұзақ уақыт келмейді.
Хайуанаттардың тиімді мағнасы көп салалы, ең маңыздысы дәндер мен жемістерді таратуда. Жануарлар оларды шәшіп өнуіне мүмкіндік береді. Аңдар мен құстардың ас қорытатын органдарынан өтіп өнгіштігін жоғарылатады және алыс жерлерге жайылады. Мысалы, барқылдық торғай жеміс өсімдіктерінің 30 түрінің дәндерін таратады. Тышқандар, ала тышқандар дәндер мен жемістердің қорларын жасағанда қалдықтары қолайлы жағдайларға түскенде өніп жаңа өсімдікке бастау береді. Сондықтан, өртенген, кесілген, зиянкестермен орман жойылған жерлерде орманды келтіруде құстар мен аңдардың мағнасы зор.
Көптеген жәндіктер орман ағаштары мен бұталары тозаңдануға әсер етеді. Жыртқыш және омыртқасыз жәндіктер, жәндіктер жегіш құстар, кейбір сүт қоректілер зиянды жәндіктерді жеп сандарын азайтады.
Жануарлар орманға белгілі зиян келтіреді, өйткені табиғи көбеюі дәндердің өнімділігі төмендеумен байланысты. Олар бағалы ағаш тұқымдарының дәндері мен жемістерін жейді. Дәндер мен жемістерді тышқандар мен сұртышқандар да белсенді жояды. Бір тышқан тәулігіне 1400 дәнге дейін жейді.
Сүт қоректілер қылқан және жапырақты жас өсімдіктерді қатты зақымдайды. Тышқандар және әсіресе сұртышқандар қардың астындағы жас ағаш өсімдіктерінің вегетативтік бөліктерімен қоректенеді. Олар өздігінен өсетін және жас өскіндерді 25% дейін жояды.Оларды сонымен қатар қояндар, бұландар, еліктер, бұғылар қабығын кеміріп және жұқа бұталарын тістеп зақым келтіреді.Әсіресе көп зақымдауларды бұландар жасайды.
Фауна шөп. мүк және қына өсімдіктеріне, орман төсенішіне әсер етеді. Ормандық тұяқты аңдар мен кеміргіштер азық ретінде шөптерді, мүктерді, қыналарды, саңырауқұлақтарды, жидектерді қолданады. Қарабауыр, құр, ақ құрлар көптеген жидектерді жиді. Сондықтан хайуандар жер бетіндегі өсімдіктердің түрлік құрамына әсер етеді.Көптеген орман құстары жәндік қоректі сондықтан орманның санитарлық жағдайын жақсартады. Зиянды жәндіктердің жұлдызқұрттары және құрттарымен азықтанатын мына құстар – көктеке, көкек, сары шымшық, сары торғайлар өте пайдалы.
Жәндіктер орманның ажыратылмайтын бөлігі. Олар топырақтағы заттар айналымын жеделдетеді, топырақ қалыптасу процесіне белсенді қатысады, ағаштар мен бұталарды тозаңдатады, көптеген аңдар мен құстардың азығы болады, зияды жәндіктерді жояды ж.т.б. Сонымен қатар жәндіктер орман және ауыл шаруашылығына орасан зор зиян келтіреді, паразиттер және жануарлар мен адамдарға аурулар жұқтырады ж.т.б.
Орман аңдары мен құстары аңшылық шаруашылығының құнды объектісі болып есптеледі.

Орманның қорғаушы қаситтері


Іс жүзінде орманның барлығында қорғаушы қаситтер бар. Олар органикалық заттардың көбеюіне қатысады, ауаны от тегімен толықтырады, судың ағуын реттейді, климат пен ауа – райына әсер етеді, су көздері мен топырақты қорғайды. Сондықтан, орманды табиғи және қолдан жасалған деп арнайы бөледі, олардың мелиоративтік және қоршаған ортаны қалыптастыру мағынасы зор. Орманның бұл қаситтерін әр түрлі объектілерді қорғауға қолданады, біріншіден қолайсыз табиғи және антропогендік әсерлерден ауыл шаруашылық жерлерін. Ормандардың қорғаушы – мелиоративтік, яғни әлеуметтік, экологиялық және экономикалық мағынасы, кейбір жағдайларда шаруашылық, яғни ағаш алу, құндылығын асып түседі. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Орман кодексіне сәйкес біздің Республикамызда орманды былай топтастырады: орман су күзету, егіс – топырақ қорғау, гендік, санитарлық – гигиеналық, сауықтыру.Су күзету ормандары өзендер мен басқа суайдындарын батпақтанудан және жағалары бұзылудан қорғайды.Бұл ормандар сужиналатын аймақтардың микроклиматы мен гидрологиялық тәртібін жақсартады, суларды ластанудан сақтайды, өзендердің суға толы болуын қамтамасыз етеді, суды жер бетімен ағып кетуді азайтады, балықтардың уылдырық шашуын жақсартады ж.т.б.
Егіс – топырақ қорғау ормадары, негізінде, эрозияға қарсы орман екпе ағаштары. Олар топырақ қорғайтын суыртпақ, ықтырма, орман алқабы ретінде топырақты шәйуден, ұшудан сақтау үшін жасалады. Әр түрлі табиғи аймақтарда қолдан жасалған екпе ағаштар жергілікті гидрологиялық және климаттық жағдайларды жақсартып ауыл шаруашылық егістіктерін қуаңшылықтан, аңызақтардан және шаңды дауылдардан сақтайды. Нәтижесінде ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін жоғарылатады.
Санитарлық – гигиеналық және сауықтыру ормандары құрамына қалалық отырғылар, ірі тұрғын кешендері мен өндіріс өнеркәсіптерінің аймағындағы жасыл алқаптар ормандары, курорттық ормандар ж.т.б. кіреді. Ол ормандар объектілерді қолайсыз желдерден, қармен тозаң басудан, шудан қорғайды. Олар ауаны озон және фитонцидтермен байытады, оны газдар мен шаңнан тазартады, халықтың денсалығын жақсартып, дем алу орны болады. Курорттарды санитарлық күзету аймағындағы ормандық алқаптар, табиғи емдеу ландшафттарын ластанудан сақтайды, сонымен қатар халықтың емделіп және дем алуына қолайлы микроклиматтық жағдайлар жасайды.
Генндік ормандардың негізгі мәселесі жақсы тұқымдық қасиеттері бар ағаштарды сақтап болашақ ұрпақтарда жалғастыру.
Студенттердің өзіндік жұмысында қарастыратын сұрақтары
1.Орман тұқым ісінде қолданылатын шикізат.
2.Үй жануарларына азық ретінде қолданылатын түрлердің дәндері.
3.Климатиптер қалыптасу жағдайлары.
4.Партенокарпия – биологиялық процесс және оны іс-жүзінде қолдану.
5.Апомикс– биологиялық процесс және оны іс-жүзінде қолдану.
6.Партеноспремия - биологиялық процесс және оны іс-жүзінде қолдану.
7.Тұқым қалыптасудың биологиялық ерекшеліктері.
8.»Географиялық дақылдарды» қалыптастыру ерекшеліктері.
9.Ағаш түрлерін селекциялық сұрыптау.
10.Ормандық тұқым плантацияларында қылқан жапырақтыларды ұластыруының негізгі әдісі.
11.Селекциялық сұрыпталған дәндерді алу ерекшеліктері.
12.Сексеулдің дәндерін жинау уақыты мен ерекшеліктері.

Вопросы рассматриваемые студентами при самостоятельной работе.


1.Основное лесосеменное сырье.


2.Семена вида используемого в качестве корма домашним животным.
3.Условия формирования климатипов.
4.Партенокарпия – биологический процесс и его использование на практике.
5.Апомикс - биологический процесс и его использование на практике.
6.Партеноспермия - биологический процесс и его использование на практике.
7.Особенности формирования «географических культур».
8.Селекционный отбор древесных видов.
9.Биологические особенности формирования семян.
10.Основной метод прививки хвойных на лесосеменных плантациях.
11.Отборные семена в селекционном отношении.
12.Время и особенности сбора семян саксаула.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет