Ж. О. Жылбаев Бас редактордың орынбасары



Pdf көрінісі
бет9/35
Дата08.02.2022
өлшемі4,3 Mb.
#119337
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35
Байланысты:
stud.kz-30550
7. Оқушыларды мадақтау әдісі. 
Өзіндік өлшем жасау үшін сабақ-
тың соңында 3-4 минут қалдыру. Бір 
минут ішінде дауыстап оқу, санау 
және күнделікке жазу (күнделікті).
Оқу – күрделі психофизиология-
лық процесс. Бұл әрекетте көру, 
сөйлеу, тыңдау анализаторлар қаты-
сады. Б.Г. Ананьев бұл процетің 
негізінде «күрделі механизм анали-
заторларының өзара әрекеті мен екі 
сигнал жүйесінің уақытша байланысы 
жатыр»деп жазған. 
Оқудың алғашқы кезеңі – оқу 
технологиясын 
қалыптастыру 
кезеңінде 
психолог 
Б.Д. 
Эльконин 
«графикалық 
модель 
негізінде 
сөздердің 
дыбыстық 


18
формаларын жаңғырту үдерісі» деп 
сипаттады. Бұл дегеніміз, оқушы 
әріпті көріп, әріпті саралап, бұл 
қандай әріп екенін анықтауы қажет. 
Егер оқушы екінші әріпті тану 
кезінде бірінші әріпті ұмытпаса, онда 
ол буынды анықтап айта алады. 
Осындай кезеңді бала ұзақ өтеді. 
Оқудың күрделі үдерісінде үш 
негізгі кезеңді ажыратуға болады: 
1. Берілген сөздердің қабылдануы. 
Оқи білу дегеніміз – ол, біріншіден 
әріптермен таңбаланған сөздерді 
болжай білу. Бала әріптерді көріп, 
оларды айта бастаса, не болмаса 
әріптер, әріптердің түркесуі арқылы 
нақты бір сөзді еске түсіре алса, оқу 
осы кезеңнен басталады. 
Әріптерді бір нақты сөздің симво-
лы ретінде ұғыну кезінде баланың 
көруі ғана емес, сонымен қатар есте 
сақтауы, елестетуі, қиялы, ақылы да 
қатысады. Сөздерді оқығанда тек 
қана әріптерді текшелейміз, бір не 
болмаса бірнеше әріпті тану арқылы 
тұтас бір сөзді болжаймыз. 
2. Оқылған сөздер арқылы 
мазмұнды түсіну. Әр оқылған сөз 
біздің санамызға әртүрлі өзгерістер 
әкеледі, осының нәтижесінде сөздің 
мағынасы түсінікті болады. Кей кезде 
біздің санамызда нақты, айқын образ 
пайда болады, кейде – сезім, ынта не 
болмаса логикалық процесс, үшінші-
ден – осыда және алдыңғы, төртінші-
ден – ешқандай сезім мен образ, тек 
қана сөздің жай қайталауы не болма-
са осыған байланысты басқа сөз. 
3. Оқуды бағалау. Кітапты тек 
оқып қана қоймай, оның мазмұнына 
сыни қарау үнемі байқала бермейтіні 
белгілі. 
Қажеттілік оқудың мотивациясын 
туғызады. Оқуды үйреніп жатқан 
балада, ең біріншіден, оқуға ынтасы 
пайда болады. Бұл қызығушылықты 
оятады. Алғашқы оқуды меңгеріп, 
оқушы оқудың мотивін ауыстырады: 
оны сөздің артында қандай мағына 
бар екені қызықтырады. Оқу бары-
сында білім алушының мотиві күр-
деленеді, ол бір фактіні, құбылысты
анықтау үшін оқиды; кейде бұдан да 
қиын қажеттілік туындайды, мысалы, 
кейіпкерді бағалау үшін әрекет 
мотивін түсіну; ғылыми мәтіндерде 
негізгі ойды анықтау және т.б.
Оқу ауызекі тілмен де байланысты. 
Ауызекі тілдің көмегімен мәнерлеп 
оқудың құралдары, сонымен қатар 
мәтіннің мазмұнын жеткізу және 
оқушылардың арасында қарым-
қатынас орнату үшін ауызекі тілі де 
пайдаланылады. 
Оқушылардың мәтінді ұғынуы 
тәжірибелі дауыстап оқып берушінің 
ұғынуына жетпейді және бірқатар 
ерекшеліктері бар. Оған тән: 
– фрагменттік, мәтінді ұғынудағы 
біртұтастықтың болмауы;
– абстрактілі және жалпыламалы 
ұғынудың төмендігі;
– өмір тәжірибесімен байланыс- 
тығы; 
– баланың практикалық әре-
кетімен байланысы;
– айқын эмоционалдық және ба-
лалық пәктік, адалдығы; 
– сөйлеу формасына емес, сөйлеу- 
дің мазмұнына қызығушылықтың ба-
сым болуы; 
– сөйлеу мәнерлігін толық және 
дұрыс түсінбеуі; 
– қабылдаудың репродуктивті
(елестету) деңгейінің басым болуы. 
Оқуды оқу дағдысы ретінде 
қалыптастыру өте маңызды. Сонымен 
қатар оқушылардың тану әрекетінің
ерекшелігін есепке алу да маңызды. 
6-7 жасар оқушылардың логикалық
ойлау қабілеті әлі дамымаған, 
бірақ ол көрнекті-әрекеттік сипатта 
болады, сондықтан әртүрлі зат-
тармен 
практикалық 
әрекеттер 
жасауға бағытталған. Содан кейін 
ойлау көрнекті-образды сипатқа 
айналып, 
логикалық 
абстракты 


19
ойлауға ауысады. Оқушылардың 
тану әрекетінің қадамдары оқыту 
сипатына әсер етеді. 
Әйгілі психолог Т.Г. Егоров 
«Балаларды оқуға үйрету психоло-
гикалық очерктері» атты еңбегінде 
оқуды әрекет ретінде қарастырады: 
әріптік таңбаларды ұғыну, таңба-
ланған әріптерді дыбыстау (айту)
және оқығанын түсіну. Оқуды жаңа 
ғана үйреніп отырған оқушыда 
аталған әрекеттер рет-ретімен өтеді. 
Бірақ оқу тәжірибесі жинақталғаннан 
кейін бұл компоненттер синтезде-
леді. Т.Г. Егоров: «Түсіну үдерісі мен 
оқу дағдысы арасындағы синтез
икемделген сайын оқу жетіле 
бастайды, сондықтан оның мәнерлеп 
оқуы мен анық оқуы артады. Оқу 
машығын зерттеушілердің пайым-
дауынша ұғыну мен дыбыстау 
механизмі оқыған нәрсені түсінуге 
кедергі болмайды. Оқу орындалу 
үшін барлық үш әрекет бір мезгілде 
жасалынуы керек. 
Әдістемелік ғылымда оқу дағды-
сын қалыптастырудың үш кезеңі 
анықталған: талдамалық, жинақтау 
және автоматтандыру кезеңдері. 
Талдамалық кезеңде оқу процесі 
үш кезеңі де мәнерлеп оқып бе-
рушінің әрекетінде «бөлінеді» және
оқушыдан нақты бір операцияларды 
жасауды талап етеді: дауысты әріпті 
көруді, оның қосылатын буынмен 
ара қатынасын белгілеу, көрген әрбір 
графикалық буынды дыбыстау, яғни 
асықпай оқып, сөзді тану, мағынасын 
ажырату. Буындап оқу баланың оқу-
дың алғашқы кезеңі – талдамалық ке-
зеңде екенін көрсетеді. Талдамалық 
кезең сауаттылықты қалыптастыру-
ға сәйкес келеді деп санайды. Бірақ 
әр мұғалім әрбір оқушының жалпы 
оқу қарқыны өзіндік болатынын 
және оқу дағдысын қалыптастыруда 
да ерекшеліктері болатынын білуі 
тиіс. 
Жинақтау кезеңінде оқудың үш 
компоненті де синтезделеді, яғни
сезіну, дыбыстау және оқығанды 
түсіну бір мезгілде болады. Бұл 
мезгілде бала сөздерді тұтас оқи бас-
тайды. Алайда, баланың мәнерлеп 
оқуында интонацияның болуы осы 
кезеңге көшудің негізгі белгісі болып 
табылады. Бала мәтіннің кейбір бір-
ліктерін түсініп қана қоймай, оқылған 
мәтін мазмұнының біртұтас ара 
қатынасын белгілейтіні маңызды. 
Егер мәнерлеп оқып беруші жадында 
оқылған мәтіннің мазмұнын сақтай 
алса, сонда ғана интонация пайда 
болады. Бұл бастауыш мектепте оқу-
дың екінші жылында пайда болады. 
Автоматтандыру 
кезеңі 
оқу 
техникасы 
автоматтандырылған 
жағдайда сипатталады. Мәнерлеп 
оқып берушінің зияткерлік мүмкін-
дігі оқылған мәтіннің мазмұнын 
ажыратуға бағытталған және оның 
формасына: шығарманың идея-
сына, оның композициясына, көр-
кем әдебиет құралына және т.б.,
автоматтандыру кезеңі баланың 
іштей оқу қызығушылығының ар-
туымен сипатталады. Оқушылардың 
өздігінен оқылған мәтіннен алған 
тікелей эмоционалды реакциясы - 
автоматтандырылған оқудың негізгі 
белгісі болып саналады, оқушылар 
мұғалімдердің қосымша сұрақтарын-
сыз оқудан алған әсерімен бөліскісі 
келеді және оқығанын талдауға 
қызығушылықтары артады. 
Егер сыныпта мұғалім нақтылан-
ған оқу тәртібін орнатса, бала бас-
тауыш мектеп аясында талдамалы 
кезеңнен автоматтандыру кезеңіне 
дейін жетеді. Олар: 
1) оқудағы жаттығулар күнделікті 
болуы тиіс; 
2) мәтіннің әдеби ерекшелікте- 
рімен және балалардың психология- 
лық ерекшеліктерін есепке ала оты-
рып, мәтіндерді оқуға іріктеу қажет;


20
3) қате оқуды болдырмау үшін, 
мұғалім жүйелі жұмыс жасау қажет;
4) мұғалім оқу кезінде оқушылар 
жіберген қателіктермен жұмыс жүр-
гізу мақсатында жүйелі жұмыс түр-
лерін қолдануы тиіс; 
5) өздігінен іштей оқуды ұйымда-
стыру қажет, ол бірнеше кезеңнен 
тұрады: іштей оқу, оқудың дауыс-
сыз артикуляциясы, «дауыссыз оқу»
(іштей оқудың негізінде), өздігінен 
іштей оқу. 
Оқуға және жазуға үйретудің 
алғашқы қадамдарында, әріптік-
дыбыстық талдамасында, дыбыстау 
әрекеті өте маңызды. Оқудың 
алғашқы жылдары іштей оқуға көп 
мән бермеген жөн. Бірақ 3-сыныптан 
бастап жеке, өте баяу, іштей оқуға 
үйретуге болады. Бұл ақпарат 
көру анализаторына бейімделген, 
сондықтан ол басқа әдістеме арқылы 
үйретіледі. 
Сонымен, бірінші, екінші, үшінші 
кезеңде баланың оқу дағдысының 
қалыптасуы 
өзінің 
дербес 
қарқынын-да өтеді және үш-төрт 
жылға жалғасады. Бірінші кезеңде 
әріптің әр элементі қадағаланады. 
Кейбір оқушылардың ата-аналары 
«әріптерді біледі, бірақ оқығысы 
келмейді» дейді. Оқығысы келмейді, 
өйткені оқи алмайды. Тек тоғыз-он 
жасқа қарай әрекеттерді ерікті реттеу 
механизмдері қалыптасады, зейін 
ұйымдастырылады. 
Оқудың толық дағдысын меңгеру 
оқушылар үшін мектептің барлық 
пәндерінен табысты жетістіктерге 
жетудің маңызды шарты болып 
табылады; сонымен қатар, оқу – 
сабақтан тыс уақытта да ақпарат 
алудың негізгі тәсілдерінің бірі, білім 
алушыларға жан-жақты әсер етудің 
бірден бір жолы деген қорытынды 
жасауға болады. Іс-әрекеттің негізгі 
түрі ретінде, оқу оқушылардың ақыл-
ой, эстетикалық және сөйлеу дағ-
дыларының дамуы үшін неғұрлым 
үлкен мүмкіндіктер жасайды. Оқу 
дағдысын дамытуға және жетілдіруге 
байланысты жұмыс жүйелі және 
мақсатқа бағытталған болуы тиіс. 
Төменгі 
сынып 
оқушыларының 
бойында оқудың сапалы дағдысын 
қалыптастыру бастауыш мектептің 
негізгі міндеттерінің бірі болып 
табылады. Осылайша, оқу процесі 
бір-бірімен тығыз байланысты – 
көру және дыбыстық-есту-сөйлеу 
қозғалыстарды қамтитын екі жақты 
мағыналық және техникалық меха-
низмнен 
құрастырылады. 
Бұл 
процес бірыңғай болғанымен, оны 
құрастыратын жақтарының пайда 
болуы және қалыптасуы әртүрлі 
жүреді, бастауыштан жоғарыға дейін 
бірқатар сатылардан өтеді. 
Оқу түрлері 
Көзбен көру арқылы қабылданған 
ақпараттың мәнін түсіну, мағыналық 
байланысын ашу, ақпаратты түсіну 
– оқу мақсатының құралы және 
нәтижесі болып табылады. Мектеп-
тегі оқу немесе жаттығу оқылымы, 
көптеген 
өлшемдері 
бойынша 
жетілген оқудан айырмашылығы 
болғанымен, онымен көптеген ортақ 
көрсеткіштері де болады. Жетілген 
оқуда да, мектептегі оқуда да оқудың 
бірдей түрлері жүзеге асырылады.
Бұрынғы жылдардың әдістемелік 
әдебиеттерінде оқуды оқу жағдайы-
на (сыныпта және үйде); қиындығына 
қарай (қиындығы бар және жоқ оқу); 
дайындалған және дайындалмаған 
оқу түрлеріне ажырату туралы шешім 
қабылданған болатын. Аталған оқу 
түрлерін ажырату оқу коммуника-
тивтік іс-әрекет түрі ретінде қарас-
тырылмаған кезеңде болды, бұл 
кезеңде тілдік материалды қабылдау 
алдыңғы қатарға қойылды, ал 
оқығанын түсіну келесі орында 
болды. Бұдан кейін оқу материалдың 
мағынасына ену құралы ретінде 


21
қарастырылатын болды. Бұл кезеңде 
оқу түрлерін ажырату барысында 
графикалық мәтінді түсіну үдерісін 
психологиялық зерттеу басты орын-
да болды. Осылайша психологтер, 
тілді еркін меңгеру және оқу бары-
сында мәтіннің мағынасын түсіну 
жүзеге асырылатыны көрсетті. Егер 
қиындықтар туындайтын болса, 
онда оқушы талдауға (сөйлемдерді, 
сөздерді, формаларды) кіріседі. 
Әдістеменің дамуының заманауи 
кезеңінде білім берудің кез келген 
моделін құрастырудың негізіне оқы-
тудың іс-әрекеттік тәсілі қабылда-
нады, оқу түрлерінің типтерін оқушы 
іс-әрекетінің сипатына байланысты 
құрастыру қабылданған. Оқушы 
іс-әрекетінің сипаты оқу мақсаты 
мен күтілетін нәтижеге байланысты 
өзгереді. Осылайша оқу түрлерін 
оқытудың нысандары ретінде анық-
тау барысында оқушының шешуі 
тиіс коммуникативтік міндеттеріне 
сүйену қажет, себебі олар оқу 
түрлерінің негізгі критерийлері бо-
лып табылады. 
Сондықтан оқу әрекеті нәтижесі-
нің сапалық сипаттамасының (түсіну 
толықтығы, нақтылық дәрежесі мен 
тереңдігі) оқу мақсатына тікелей 
байланысты болатынын түсіну өте 
маңызды. 
Сонымен, оқу түрлерін іріктеу 
барысында арақатынас орнатудың 
үш факторын: оқу мақсатын, оның 
әрекеттік сипатын анықтаудағы 
орнын және түсіну толықтығы, 
нақтылық дәрежесі мен тереңдігі 
мақсатқа байланысты болатынын 
бөліп көрсету қажет. 
Оқу барысындағы коммуникатив-
тік мақсатқа және алынған ақпарат-
ты пайдалану сипатына байланыста 
оқудың келесі: таныстырма, зерт-
теушілік, қарап шығушылық және 
ізденушілік 
түрлерін 
ажыратуға 
болады. Олардың әрқайсысы үшін 
өзіндік мақсаттар және мәтінді түсіну 
деңгейіне сәйкес сипаттар тән.
Ересек адам және оқушы тұрғы-
сынан оқудың екі түрін қарастырып 
көрейік. 
Таныстырма оқуы деп ақпаратпен 
таныстыру, мәтіннің мазмұны және 
мағынасы туралы жалпы түсінік 
қалыптастыру, неғұрлым маңызды 
ақпаратты анықтау мақсатында 
оқылатын оқуды айтады. Ересек 
оқушы үшін – бұл мәтіннің ақпаратын 
бұдан әрі қолдануды алдын ала 
болжамай оқуды қарастыратын оқу 
түрі. Ақпарат мәлімдеме түрінде 
қабылданады. Егер оқушы оны 
есіне сақтаса, бұл еріксіз қабылдау 
болып табылады. Мысалы, әдеби 
шығармаларды өзі үшін, демалу үшін 
оқиды. Оқудың бұл түрі көптеген 
жағдайда арнайы әдебиетпен жұмыс 
істеу барысында пайдаланылады. 
Нақты кітап немесе мақала оны 
қызықтыратын салаға немесе проб-
лемаға қатысты болса, дауыстап 
оқитын бала оның мазмұнымен 
танысады. Оқушы оқуды көңіл көтеру 
үшін қолдануға қарағанда, оны 
қызықтыратын мәселе бойынша не 
айтылғанын білуге тырысады, алайда 
мәселе бойынша толық және нақты 
ақпарат алуды көздемейді. Аталған 
жағдайдағы оқу: «жаңа» – «таныс», 
«қызық» – «қызық емес», «түсінікті» – 
«түсініксіз» деген арнайы бағалармен 
бағаланады. Оқушы оқығанын толық 
және нақты түсінбейді, себебі оған 
бұл қажет емес, бағалаудың бұндай 
түрін бөліп көрсету үшін жалпы 
мазмұнын, дәлелдемелерді түсіну 
жеткілікті. 
Мәтіннің 
мазмұнына 
ену дәрежесіне қарай таныстырма 
оқуы негізгі мағынаны түсініп оқуы 
болып табылады. Мәтінді түсіну 
дәрежесі 
тәжірибелі 
оқушының 
өзінде де көптеген факторларға 
байланысты болады, мысалы: мәтін 
мазмұнының 
тілдік 
аспектісінің 


22
қиындығына, оқу кезіндегі дауыстап 
оқушының жағдайына, оның нақты 
пән саласындағы білгірлігіне, көңіл 
аудару факторларына. Мектептегі 
оқытуда, тіпті оқудың аяқталу сәтінде 
де оқудың бұл түрінде тәжірибелі 
оқушымен елеулі айырмашылығы 
болады. 
Оқу басталардың алдында мақсат 
қойылады: мәтіннің бөлшектерін 
назарға алмай, оқып шығу және 
негізгі мазмұнды түсіну. 
Нақты идеяны түсінуге кедергі 
жасамайтын таныс емес сөздерді 
«айналып 
өту» 
нұсқаулығына 
қарамастан, мектептегі оқу баяу 
қарқынмен жүреді, бұл жағдайда 
керісінше тәжірибелі оқушы таныс 
емес бірліктер кездескен жағдайда 
оның мағынасын түсіну үшін қайта 
оқып, оның мағынасын түсінуге 
тырысып ойланады. Сондықтан білім 
алушыларды оқу стратегияларына 
бағыттаудан 
басқа, 
таныстыру 
оқылымына қатысты мәтіннің кейбір 
күрделі – лексикалық, әлеуметтік-
мәдени, тағы басқа бөлімдерін алып 
тастау қарастырылады. Оқытудың 
таныстырма 
оқудың 
келесі 
ерекшелігі: жетілген оқуға қарағанда 
мектептегі 
оқу 
мәтінді 
оқып 
шығумен ғана шектелмейді. Бұдан 
кейінгі жұмыс түсінуді бақылаумен 
байланысты 
болады. 
Мәтіннің 
маңызды ақпаратын түсіну дәрежесін 
анықтауға бағытталған сөйлесім 
жаттығулары, бақылау жаттығулары 
ретінде жүреді. Білім алушылардың 
бойында ақпаратқа деген тұлғалық 
көзқарасты қалыптастыру, комму-
никативтік жаттығулардағы мәтіннің 
мазмұнындағы маңызды сәттерді 
талқылау, таныстыру оқылымын 
аяқтау жұмысының маңызды кезеңі 
болып табылады. 
Оқудың келесі түрі – зерттеушілік 
оқу – мәтіннің барлық ақпаратын 
дұрыс 
түсінуді 
қарастырады. 
Сондықтан да оны оқылатынды 
толық түсініп оқуы деп те атайды. 
Мәтінді оқитын адам нақты және 
толық ақпарат алуды көздейтіндіктен, 
өзінің алдына мақсат қояды. Егер бұл 
ақпарат қызықты немесе адамның 
кәсіби 
қызметінде 
байланысты 
маңыздылыққа ие болатын болса, 
ол негізінен танымдық мақсатта 
қолданылуы 
мүмкін. 
Мәтін 
мазмұнындағының бәрі түсінікті 
болғанда, бұндай оқу процесі 
барысында оны сыни тұрғыдан 
түсіну, талдау және оқушы адамның 
бұл саладан меңгерген мағлұматтары 
мен білімін саналы салыстыруы 
жүзеге асырылады. Сонымен қатар, 
нақты ақпаратты меңгеруі тиіс екен-
дігін түсінетін оқушы, оны есінде 
сақтау туралы өзіне саналы түрде 
немесе түсінбестен нұсқау береді, 
ал ол ақпаратты вербальды код 
түрінде қабылдағандықтан, ол сөздік 
айтылым түрінде де есте сақталады.
Зерттеушілік оқу мәтіннің жеке-
леген бөлімдерін қайталап оқумен, 
кідірулермен, ойлаумен, мәтінді 
толық қайта айтумен, ал кейбір 
жағдайда оқылғанның негізіндегі 
пікірталаспен қоса жүреді. Негізінен 
оқып отырған адамның кәсіби 
қызметі үшін маңызды ақпарат, ой-
өрісін кеңейтуге, өзінің танымдық 
қызығушылығын арттыруға арнал-
ған мәтін егжей-тегжейлі оқылады. 
Зерттеушілік оқу баяу ырғақпен, 
тілдік барлық фактілерге назар 
аударуды көңіл аударумен, мәтіннің 
ақпаратын болашақта пайдалануды 
мақсат етумен сипатталады.
Мектептегі 
зерттеушілік 
оқу 
жақсы 
дайындалған 
оқушының 
арнайы таңдалып алынған оқудан 
ерекшеленеді. Зерттеушілік оқу үшін 
материалды таңдаудың қажеттілігі, 
біріншіден, 
білім 
алушылардың 
білімділік 
деңгейімен 
(сөздік 
қор және грамматика көлемінің 


23
шектеулілігімен) 
шартталады. 
Екіншіден, 
зерттеушілік 
оқуға 
арналған мәтіндер, тек оқуға үйрету 
үшін ғана емес, сонымен бірге 
қатар жүретін міндеттерді шешу 
үшін де іріктеліп алынады, мысалы: 
лексикалық және грамматикалық 
жаңа материалды меңгеру үшін, 
мәтін ақпараты негізінде сөйлесім 
әрекетінің басқа түрлерін дамыту 
үшін және тағы басқалар. 
Оқу тәжірибесінде іздеушілік оқу 
және қарап шығушылық оқу түрлері 
де бөліп көрсетіледі. Көпшілік 
жағдайда оларды теңестіргенмен, 
бұл екі түрдің әрқайсысының өзіне 
тән ерекшеліктері бар. 
Іздеушілік оқу – қажетті ақпаратты 
іздеу мақсатындағы оқу, ал оның 
нәтижесі – оқылатын мәтіннің 
мазмұнынан таңдалып, іріктеліп 
алынған ақпаратты түсіну дегенді 
білдіреді. Аталған оқу түрінің көзі 
ретінде функционалды мәтіндерді 
айтуға 
болады 
(хабарландыру, 
жарнама, нұсқаулық, бір жерге 
шақыру, 
анықтамалық 
ереже 
және тағы басқалар). Жетілген, 
тәжірибесі бар оқушы мәтіндерінің 
түрінде өзі оқитын тілге, мәдени 
қоғамдастығына тән егжей-тегжейлі 
ақпарат болады, нақты күтілетін 
ақпарат алуға арналған механизм 
іске қосылады, мысалы: темір жол 
билетінде – поездың нөмері, жүретін 
уақыты; теледидар бағдарламасында 
– көркем фильмнің басталу уақыты, 
атауы және т.б. 
Жетілген оқуға қарағанда мұғалім 
мектеп жағдайында ақпаратты іздеу 
туралы 
нақты 
коммуникативтік 
мақсат қояды. Мектептегі оқуда 
мәтіннің ақпаратын бұдан әрі қолдану 
мәселесінде де бірқатар ерекшеліктер 
байқалады. Функционалдық мәтін 
материалы негізіндегі іздеушілік оқу 
басқа әрекет түрлерінде сөйлесім 
дағдыларын дамытуға арналған 
дайындық кезеңі болып табылады. 
Алынған ақпаратты мәтінге сәйкес 
сөйлеу немесе жазу үшін (мысалы, 
визитка) 
қолдануға 
болады. 
Мектептегі 
оқытуда 
түпнұсқаға 
сәйкес фукционалдық мәтіндерде 
лексикамен және грамматикамен 
жұмыс істеу пайдалы. 
Іздеушілік оқуға үйрету фукцио-
налдық мәтіндерді пайдаланумен 
шектеліп қоймайды. Басқа жанрдағы 
– 
түсіндірме, 
ғылыми-көпшілік, 
публицистік мәтіндерді қолдануға да 
болады. Сонымен бірге, іздеушілік оқу 
оқылатын мәтіннің мазмұнын толық 
түсінуге бағытталған жаттығулар 
жүйесінің компоненті ретінде де 
қосылады. Білім алушының алдына 
мәтіннен қажетті ақпаратты (уа-
қытты, жалқы есімді, тақырыптық 
лексиканы және басқаларды) табу 
мақсаты қойылады. Іздеушілік оқу 
процесінде білім алушы мәтіннің 
құрылымы мен мазмұнында бағыт 
таба алады, сөздікті қолданбастан 
берілген ақпараттың бөлігін түсінеді. 
Мәтіндік ақпаратты толық түсіну ең 
жылдам және тиімді – өз бетінше – 
тәсілі арқылы жүзеге асады.
Ізденушілік оқудың қарап шығу-
шылық оқудан айырмашылығын 
көрсетейік. Оқудың бұл түрлерінің 
механизмінде айтарлықтай айырма-
шылық 
жоқ. 
Айырмашылықтар 
негізінен іздеу нысанына байла-
нысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет