Жаңа заман жаршысы-жаңартылған оқу бағдарламасы



Дата09.10.2023
өлшемі14,89 Kb.
#184244
түріБағдарламасы
Байланысты:
Балнура,статья


Жаңа заман жаршысы-жаңартылған оқу бағдарламасы
Бүгінгі таңда еліміздің білім беру саласы жаңа бағытқа бет бұра бастады.Дамудың даңғыл жолына түскен мемлекеттермен терезесі тең болатындай, бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу үшін жаңартылған оқу бағдарламасы ауадай қажет. Әлемдік деңгейдегі білім беру кеңістігіне ену мақсатында мемлекетіміз оқытудың озық дәстүрлері мен стандарттарын саралай отырып,білім берудің жаңа стратегиялық бағытына қадам басты. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі М.Дулатұлы «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт оқуда. Теңдікке жетсек те, жұртымызды сақатасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та білімнің арқасында қол жеткіземіз» деген. Нарықтық экономиканың белең алған заманында әлемнің алпауыт мемлкеттеріне ілесу үшін білім беру ұйымдарындағы дәстүрлі оқыту бағдарламасын жаңғырту, жаңа жолға бағыттау-білім беру саласының басты талабына айналып отыр. Жас ұрпақты жаңа заман талабына сай біліммен қаруландыру-ұстаздар қауымының негізгі міндеті болып саналады. Сондықтан да мектептерді жаңартылған оқу бағдарламасына көшіру жаһандану қоғамында жаппай қолға алынып жатыр. Бойына ұлттық және жалпы адамзаттық құндылқтарды дарыта білген жеке тұлғаның қалыптасуы мен зияткерлік дамуына қолайлы жағдай жасау-жаңартылған оқу бағдарламасының еншісіне тиесілі.
Жаңартылған оқу бағдарламасының басты мақсаты-пән бойынша оқу бағдарламасын жаңарту. Ал, жаңартылған білім беру мазмұнының маңызы-оқушыларды жеке, жұптық, топтық жұмыс жасауға, сыни тұрғыдан ойлауға, өз беттерінше зерттеу жұмыстарын жүргізуге баулып, олардың көшбасшылық қабілеттерінің шыңдалуына мүмкіндік беру. Еліміздегі білім беру процесіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы заманауи тенденциялар негізінде құрылған. Осы орайда білім саласында жаңаша қөзқарастар қалыптасып, білім беру парадигмасы біршама өзгеріске ұшырады. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Дамыған, бәсекеге қабілетті мемлекет болу үшін, біз жоғары білімді ұлт болуымыз керек» деп атап көрсеткеніндей, ұстаздар қауымы өскелең ұрпақтың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында жұмыла жұмыс жасаулары қажет. Осы тұста, белгілі орыс педагогі К.Д.Ушинскийдің «Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда, оның мұғалімдігі де жойылады» деген пікірін алға тартсақ болады. Жаңартылған оқу бағдарламасы мұғалімдерге қазіргі заманғы заманғы оқыту әдістерін жеті модульмен ұсынады:
1.Оқыту мен білім берудегі жаңа тәсілдер
2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
3.Оқыту үшін бағалау және оқу үшін бағалау
4.Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану
5.Талантты және дарынды балаларды оқыту
6.Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып оқыту
7.Оқуды басқару және көшбасшылық
Жаңартылған оқу бағдарламасының негізгі ерекшелігі –оқытудың спиральді қағидатпен берілуі. Спиральді қағидаттың сипаты-қарапайымнан күрделіге өту процесі. Яғни, оқушылар кез келген тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап өтеді. Әрбір қайталаған сайын оның күрделілігі арта түсіп, жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланыста болады.
Білім беру саласындаға өзекті мәселелердің бірі-оқу жетістігін бағалау. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында критериалды бағалау жүйесі енгізілді. Критериалды бағалау дегеніміз-оқытудың мақсаты мен мазмұнына негізделген, алдын-ала берілген белігілі бір критерийлер арқылы бағалау. Критериалды бағалау жүйесінде өзін-өзі бағалауға жете мән беріледі. Критериалды бағалаудың қалыптастырушы және жиынтық деп аталатын екі түрі бар. Қалыптастырушы бағалау-оқушыларға күнделікті білімдерін жақсарту туралы кері байланыс орнату мақсатында үздіксіз жүргізіледі. Жиынтық бағалау-оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру деңгейін балл түрінде бағалау.
Қорыта айтқанда, жаңартылған оқу бағдарамасының мақсаты-оқушылардың функионалды сауаттылығын арттыру. Оқушыларды мектепте алған білімін күнделікті өмірде пайдалана білуге үйрету. Айтылған міндеттер ұстаздарға үлкен жауапкершілікті жүктейді. Жаңа заманда қоғамның барлық саласында табысты болуы үшін оқушылардың бойына қажетті дағдыларды дарыту жолында мұғалімдер тынымсыз еңбектенуі керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша өз мамандығын шексіз сүйетін, шәкірт үшін ұстаз ғұмырын құдіретті санайтын, өз ісінің нағыз білгір мамандары ғана қызмет қыла алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет