Жаңартылған мазмұндағы білім беру бағдарламасы



Дата25.05.2020
өлшемі29,18 Kb.
#71069
түріБілім беру бағдарламасы
Байланысты:
жаңартылған білім мазмұны бойынша географияны оқыту
жаңартылған білім мазмұны бойынша географияны оқыту, Сабақтас құрмалас сөйлем тест

1.2 Жаңартылған мазмұндағы білім беру бағдарламасы
Географияны оқытудың мақсаты табиғи, техногендік және әлеуметтік ортаны, сонымен қатар жергілікті деңгейден жаһандық деңгейге дейінгіадамдар мен қоршаған ортаарасындағы әрекеттесу үдерісін оқып үйренудеоқушылардың дағдыларын дамыту болып табылады. Батыселдерінде географияны оқып-үйретуді біржақты бағалау қиын. География элементтері басқаоқу пәндерінің мазмұнынан тұратын кіріктірілген курстардың құрамына кіреді (экология, экономика, геология). Ұлыбритания үкіметі бүкіл елге міндеттіоқу пәндерінің бірыңғай тізімін бекіткен жаңа ұлттық жоспарын іске қосты. Бұл тізімге 9 пән, оның ішінде география енді. Мектептің жоғары буынында элективті жүйе жұмысістейді, оқушылардың жартысы географияны тереңдетіп оқу үшін және бітіру емтиханын тапсыру үшін таңдайды. Англияның әдіскер-географтары екісебептіатап көрсетеді: 1. Оқытудың практикалық бағыттылығы, географияны оқып-үйренудегі зерттеу жұмыстарының маңызды рөлі. Мектептегі географияның мазмұнын ізгілендіру. Бұл екі бағыт аймақтық негізде зерттеуді қамтиды, ал білім берудіізгілендіру балалардың қажеттіліктерінесәйкес келеді және зияткерлік дамуы, адамгершілік тәрізді тұлғаның басқа да қырларына қатты әсер етеді. География сабағын дамытудың заманауи қағидалары оқытуды ұйымдастыру формаларының әртүрлілігімен тығыз байланысты: саяхаттар мен жорықтар, далалық практикалық жұмыстар, шағынқорықтардың экологиялық жолдарындағы жұмыс.Заманауи әдіс-тәсілдер әр түрліоқу пәндерінің екі-үш мұғаліміарқылы жүргізілетін пәнаралық сабақтарды қажет етеді. Оқыту тәсілдері, мысалы, зерттеулік, проблемалық баяндау және ұйымдастыру формаларының әртүрлілігі, әсіресе топтық, ұжымдық – оқушыларды тәрбиелеуде және дамытуда маңызды рөл атқарады. Батыселдеріндегі география сабағының кейбір ерекшеліктері географияны оқытудың мақсатын анықтайды, онда бірінші кезеңгеоқушыларды танымдық еркіндікке ынталандыру жатады, ал қабілеттікті дамытуға және практикалық дағдыны қалыптастыруға, білім жүйесін меңгеругеаз көңіл бөлінеді. Осыған сәйкес, мұғалімдер алдымен оқушылардың жеке танымдық – зияткерлік және практикалық іс-әрекетін ұйымдастыруға бағдар жасайды. Мұғалім ақпарат көзі болып табылатын «Оқытудың дидактикалық стилінде» мұғалімнің ақпарат көзі болатындығын негізінен жоғары буын өкілдерін бақылауға болады. Сондықтан, ортасынып сабақтарында жергілікті географияны оқып үйренуге байланысты оқушылардың топтық жұмыстары басымдыққа ие болады.Батыс педагогтардың пікірі бойынша, балалардың шынайы ситуацияларды сезінуіне, проблеманы онымен бетпе бет келген адамның көзімен көруге көмектесетін ойындар әр уақытта қолданылады. Қазақстандық және әлемдік білім беру жүйелерінің үздік дәстүрін үйлестіретін мектепте білім берудің инновациялық моделін қалыптастыру қазіргі заманғы білім берудің объективті қажеттілігі болып табылады. Осындай модельді жасау білім беру мазмұнын, оқыту әдістемелерін, оқу жетістіктерін бағалау қағидаттарын, қалыптасқан мектеп құрылымын, өзара қарым-қатынас жүйесін өзгертуді талап етеді. Кіріктірілген білім беру бағдарламасының ерекшелігі – құрылымы және мазмұны жағынан орта білімгеарналған үздік шетелдік куррикулумдарға сәйкес келуі. Бұл ретте бағдарлама құрамына мерзімді жоспарлардың (ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлар) кіретінін айта кеткен жөн: 36 – ұзақ мерзімді жоспар – бұл оқу бағдарламасының жалғасы, онда пәндік мазмұн нақтыланады; – орта мерзімді жоспар – бұл ұзақ мерзімді жоспармен қалай жұмысістейтінін егжей-тегжей сипаттайтын, оқу материалын сынып ішінде жәнесыныптар арасында байланыстырып көрсететін жұмыссызбасы; – қысқа мерзімді жоспар – бұл жекесабақ үлгісі. Назарбаев Зияткерлік мектептерінде география пәнін оқытуда жүйелікәрекеттік тәсілді жүзегеасыру – алдыңғы орынға қойылатын талап. Оқыту мақсаттары (сабақтың мақсаттары) оқушылардың әрекеттерінен көрінетін оқыту нәтижелеріарқылы тұжырымдалады (ол нені біледі, түсінеді, және т.б.). Оқыту мақсаттарына келесі талаптар қойылады: - деректерді, ұғымдарды және т.б. меңгеруге бағытталуы; - мақсаттардың операциялық тұрғыдан анықталуы; - мақсаттардың нақты болуы; - мақсатқа қол жеткендігін айқын анықтауға мүмкіндік беретіндей нақты тұжырымдалуы; - мақсаттар, мақсатқа жетуге қажетті міндеттердің толықтығын білдіруі тиіс; - мақсаттардың уақытшаайқындылыққа ие болуы (мерзімділік – белгілі бір академиялық мерзімгесай болу) . Қазақстанның жалпы білім беретін мектептерінде географияны оқытудың әдістемесі мен тәжірибесіаса назар аударатын мәселелерді көрсетті, олар: – оқытудың заманауи педагогикалық технологиялары және функционалдық сауаттылықты дамыту; – оқушылардың шығармашылық әрекетін дамыту; – география тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту; Ұсыныстар: географияны оқытудың сапасын көтеру бойынша жұмысты белсендендеру, сонымен қатар оқушылардың дайындық деңгейіне назар аудару; оқытудың заманауи әдіс-тәсілдерін енгізу, сыныптан тыс жұмысты, үйірме жұмысын, қолданбалы курс тақырыптарын түрлердіру; оқыту барысындаотандық және шетелдік оқу құралдарындаорыналатын терминологиялық айырмашылықтарды ескеру; педагог мамандардың біліктілігін арттыру жүйесінде мұғалімдердіоқытудың әдістемесін жетілдіру; «География» пәнінің оқу-әдістемелік және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жақсарту; географиялық білім беруде АКТ қолдануды белсендендіру; географ-ғалымдардың, мұғалімдердің, білім беру ұйымдарының, жаңашыл педагогтардың озық тәжірибесін тарату. Педагог мамандарды дайындау, олардың біліктілігін жетілдіру білім беруді жаңартуды қамтамасыз етудің негізгі шарттарының бірі болып табылады. 2014 жылдағы «Өрлеу» біліктіліктіарттыру орталығы жасаған Ұлттық баяндама мәліметтері көрсетіп отырғандай, соңғы жылдары Қазақстанның жалпы білім беру мектептерін мамандармен қамтамасыз етудің оң динамикасы байқалады: 2014 жылы жалпы білім беру мектептерінде мұғалімдер саны 294897 адамды құрады, бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 8527 адамғаартық. Бірақ, мамандардың жетіспеушілігі біздің республикамызда әлі деорын алып отыр. Жекелей алғанда, педагогикалық жоғары оқу орындарында география пәні бойынша 60 вакансияға 399 түлектен келеді, осыған байланысты, жалпы алғанда республика бойынша географ-мұғалімдердің жетіспеушілігі болмауы тиіс . Алайда, жалпы білім беру мектептеріндеоларға деген сұраныс әлі де өз күшінде қалуда. Бұл, өз кезегінде, жас мамандардың мұғалімдіктен гөрі басқа мамандықтарды қалайтынын көрсетеді.Білім беруді жетілдіру және инновациялық даму жағдайында мамандардың біліктілігін көтеру және қайта дайындау күрделі мәселе болып табылуда. Бұл міндет кәсіби құзырлылықты тереңдетуге және дамытуға бағытталған оқытудың жаңа технологиясына көшуді қамтамасыз етудің жолы арқылы жүзегеасуы мүмкін. Педагогикалық ұжымдарға әдістемелік көмек беру жәнеолардың кәсіби өсуін қамтамасыз ету«Өрлеу» Біліктіліктіарттырудың ұлттық орталығы («Өрлеу» БАҰОАҚ) және «НЗМ» АҚ «Педагогикалық шеберлік орталығы» арқылы жүзегеасырылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет