Жай сµйлемніњ ‰йірлі м‰шелері


-лекция. Тақырыбы:Сөз тіркесі



бет6/85
Дата26.03.2022
өлшемі0,74 Mb.
#136885
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
Байланысты:
Лекция тезисі 2
Абдил Аида, Презентация (4), Намуратова Сетара, Намуратова С
2-лекция. Тақырыбы:Сөз тіркесі
Жоспар:
1.Сөз тіркесі. Сөз тіркесінің зерттелу жайы, оған тән белгілер
2.Сөздердің тіркесу тәсілдері мен байланысуы туралы көзқарастар

Синтаксистің зерттеу нысанына сөз тіркесі мен сөйлем жатады. Сөз тіркесі - сөйлем жасаудың негізгі материалы, негізгі синтаксистік тұлғалардың бірі. Сөздің, сөз тіркесінің табиғи жұмсалу айналасы, өмір сүру жағдайы болады. Бұлардың өмір сүру қызметі сөйлем ішінде жүзеге асады. Сондықтан сөз тіркесі сөз бен сөйлемнің арақатынасынан шығатын басты синтаксистік единицаның бірі деп есептеледі. Сөз тіркесі екі сөздік форманың арасындағы синтаксистік қатынасты білдіреді. Бұл оның жеке сөзден құрылымдық ерекшелігін көрсетеді. Ал қызметі жағынан алғанда ол сөзбен бірдей: екеуі де атауыштық қызмет атқарады. Бірақ сөз заттың, құбылыстың, сапаның атауы болса, сөз тіркесі сондай номинативті атаулардан құралған синтаксистік топ. Демек, айырмашылығы- сөз тіркесі заттар мен құбылыстардың сапа, белгілерімен қоса алғандағы кең де нақтырақ түрдегі атауын білдіреді. Мысалы: алма- қызыл алма, піскен алма; жапырақ - қайыңның жапырағы, еменнің жапырағы. Қимыл-күйді де оның қосымша жағдайларымен (мекенімен,мезгілімен, объектісімен) ашып, дәлдеп атап көрсетеді: үйге келу, бүгін келу, поезбен келу.


Сөз тіркесінің сөйлемнен айырмашылығын көрсететін белгілері де бар. Ол - пікірді, ойды білдіретін коммуникативтік тұлға емес, сондықтан онда предикативтік мағына, интонациялық аяқталғандық болмайды. Сонда лексика - грамматикалық мағыналары айқын сөздердің біріне-бірі сабақтаса бағынып барып жасалған синтаксистік тобы ғана сөз тіркесі деп есептелінеді. Өзара тіркескен сөздердің синтаксистік тобын сөз тіркесі деп тану үшін, ең алдымен, оның мынадай белгілерін білу шарт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет