Жалпы астрономия


Тірек көзінің координаттарының Күннің гравитациялық өрісіндегі өзгеруі туралы түсінік



бет42/100
Дата07.02.2022
өлшемі9,3 Mb.
#92056
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   100
Байланысты:
POSOBIE PO ASTRONOMII
New Microsoft PowerPoint Presentation, New Microsoft PowerPoint Presentation, Избасарқызы Айда фиас 327 курстык жумыс, Избасарқызы Айда фиас 327 курстык жумыс, Избасарқызы Айда фиас 327 курстык жумыс, powerpointbase.com-902, mu, Күнтізбелік сабақ жоспары (2), Күнтізбелік сабақ жоспары (2)

1.12.11. Тірек көзінің координаттарының Күннің гравитациялық өрісіндегі өзгеруі туралы түсінік


Фотон массасы жоғары дененің гравитациялық өрісін өткенде оның фотонның координаттық жылдамдығы өзгереді. Фотон қозғалысының траекториясы қисаяды. Фотон жылдмадығының траектория бойымен өзгеруі кеңістіктің екі нүктесі арасындағы қашықтықты өту уақытының ньютондық теориясымен салыстырғандағы өзгеруіне, яғни сигналдың қосымша гравитациялық кідіруіне әкеледі. Демек, бұл эффект уақыттық интервалдарды өлшеу кезінде маңызды болады.


Фотон траекториясының қисаюы бақылаушы көздің ақиқат емес, көрінетін координаттарын өлшейтініне әкеледі, өйткені көздің орналасуы фотонның бақылау нүктесіндегі траекториясына жанама вектормен анықталады. Гравитациялық линзалар болып табылатын денелердің кеңістіктегі тірек көздерге қатысты қозғалысы салдарынан болатын гравитациялық өрістің уақыттың өзгеруі көздердің көрінетін кескіндерінің қозғалысына әкеледі. Сондықтан позициялық бақылаулардың редукциясын жасаған кезде бұл ығысуларды еске алу қажет.
1.12.12. Оптикалық бақылауларды редукциялау

Аспан санақ жүйесі координаттары аспан сферасындағы жүйенің негізгі нүктелер мен шеңберлерін бекітетін таңдап алынған жұлдызардың (немесе радиокөздердің) тізімімен жүзеге асырылуы мүмкін. Тірек жұлдыздар тізімі іргелі каталог деп, ал аспан жүйесі іргелі жұлдыздық жүйе деп аталады. Тірек жұлдыздардың координаттары (тік шарықтау мен еңкеюі) бірнеше себептен өзгереді. Біз жұлдыздардың орналасуы меншікті қозғалысынан, аберрация, параллакстық ығысу, рефракция себебінен қалай өзгеретінін қарастырдық. Сондай-ақ біз аспан экваторының қозғалысына, демек жұлдыздар координаталарын өзгеруіне де әкелетін прецессия мен нутацияны қарастырдық. Бұл себептерден санақ жүйесінің негізгі шеңберлерін бекіту үшін жұлдыздар координаттары белгіленген дәуірді анықтау, санақ жүйесінің басын көрсету және аспан экваторы мен көктемгі күн мен түннің теңелу нүктесінің орналасуын анықтау керек.


Жоғарыда айтылғандай, экватор мен күн мен түннің теңелуі нутация ескерілуіне не ескерілмеуіне байланысты ақиқат немесе орташа деп аталанады. Стандарт дәуір ретінде қазір J2000.0 дәуірі белгіленген.
Жұлдыздың орташа орны деп оның бақыланған күндегі орташа экваторға және күн мен түннің теңелуіне қатыстырылған (қатысты анықталған) барицентрлік санақ жүйесіндегі координаттарын атайық. Жұлдыздың орташа координаттары прецессия мен меншікті қозғалысы салдарынан өзгереді, орташа координаттарының анықтамасы бойынша басқа эффекттер шығарып тасталған (ескерілген).
Жұлдыздың көрінетін орны деп бақылау күні үшін белгілінген ақиқат экватор мен күннің және түннің теңелуіне қатыстырылған геоцентрлік санақ жүйесіндегі жұлдыздың координаттары аталады. Орташа орыннан көрінетін орынға түрлендіру нутацияны, жылдық аберрацияны және параллакстық ығысуды еске алуды кіргізеді. Жұлдыздың көрінетін кординаттары бақыланатын координаттарынан рефракция мен тәуіліктік аберрацияны еске алатын түзетумен айыралады.
Каталогтарда жұлдыздардың стандарт дәуірі үшін анықталған жұлдыздардың орташа орындары келтіріледі. Демек, орташа орындардан орташа стандартты орындарға ауысу үшін прецессия мен меншікті қозғалысты еске алуға керек. HIPPARCOS каталогында жұлдыздар координаттары J1991.25 дәуірге келтірілген, ал HIPPARCOS жүйенің экваторы J2000.0 экваторымен беттеседі. Демек, жұлдыздың координаттарын стандарт дәуірге түрлендіру үшін тек меншікті қозғалысты еске алу керек.
Егер жұлдыз, немесе планетаның өлшенген координаттарын стандарт дәуірдің экваторы мен күннің және түннің теңелуіне түрлендіру керек болса, онда оптикалық астрометриялық бақылауларды өңдеудің классикалық әдісі мынадай болады

  1. Бақыланған зениттік қашықтықтардан рефракцияға түзетулер алынады да, атмосферасы жоқ Жер бетіндегі нүкте үшін аспан денелерінің тік шарықтаулары мен еңкеюлері анықталады.

  2. Тәуіліктік аберрациямен байланысты түзетулерді еске алып, айналмайтын Жерге қатысты координаттары табылады.

  3. Тәуіліктік параллаксты еске алу санақ басын Жер центріне тасымалдауға әкеледі. Аспан денесінің геоцентрлік орналасуы, жоғарыда айтылғандай, көрінетін орны деп аталады.

  4. Жылдық аберрацияны (жақын денелер үшін – планеталық аберрацияны) еске алу координатар басын барицентрге тасымалдауға әкеледі. Жасалынған редукция нәтижесінде аспан денелерінің координаттары бақылау күндегі ақиқат экватор мен күннің және түннің теңелуіне қатысты барицентрлік санақ жүйесінде анықталады.

  5. Нутацияны еске алу арқылы бақылау күндегі орташа экватор мен күннің және түннің теңелуіне қатысты координаттар анықталады.

  6. Координаттарды прецессия мен меншікті қозғалысқа түзетіп, стандарт дәуірдің орташа экваторы мен күннің және түннің теңелуіне қатысты координаттарды аламыз. Бұл координаттар жүйесіндегі аспан денелерінің орналасуы стандарт орташа орын болып табылады.

Толығырақ редукция процедурасы арнайы курстарда қарастырылады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   100




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет