Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



бет6/136
Дата07.02.2022
өлшемі0,88 Mb.
#96630
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   136
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат 2019-2020

Назар аударыңыздар!


Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім ұйымы қызмет көрсететін аймақта тұратын барлық балаларға қолжетімді болуды қамтамасыз ете отырып, 7 жастағы және ағымдағы жылы алты жасқа толатын барлық балаларды бірінші сыныпқа қабылдайды.
Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін, төмендегідей құжаттар қажет:
1) баланың ата-анасы немесе басқа да заң өкілдерінің өтініші;
2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3) денсаулық жағдайы туралы анықтама (форма 026/у-3);
4) 3х4 см көлеміндегі 2 дана фотосурет.
Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына баратын балалардың құжаттары ата-аналарынан немесе басқа да заң өкілдерінен ағымдағы жылдың 1 маусымынан 30 тамызына дейін қабылданады. Баланы бірінші сыныпқа қабылдау кезінде қосымша құжаттар сұралмайды.
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 10 мамырдағы № 254 қаулысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   136




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет