Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11 сыныптары үшін «Химия» пәнінен жаңартылған мазмұндағы


Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11 - сыныптары үшін «Химия» пәнінен жаңартылған мазмұндағы



бет4/4
Дата12.01.2023
өлшемі0,49 Mb.
#165394
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
Оқу-бағдарламасы-10-11класс-химия
ТЖБ 11 сынып ЖМБ 1 токсан Биология
Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11 - сыныптары үшін «Химия» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша
ұзақ мерзімді жоспар



  1. 10-сынып

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

Тақырыбы/Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі мазмұны

Оқыту мақсаты



1 ‑ тоқсан

10.1
Атом құрылысы



Атом – күрделі бөлшек.
«Орташа салыстармалы атомдық массаны есептеу» тақырыбына есептер шығару

10.1.2.1- «нуклидтер» мен «нуклондар» ұғымының физикалық мәнін түсіндіру;
10.1.2.2- табиғи қоспадағы химиялық элемент изотоптарының орташа салыстырмалы атомдық массаларын есептеу;



Масс-спектрометр.
Көрсетілім №1 (анимация) «Масс‑ спектрометрдің жұмыс принципі»



10.1.2.3- масс‑спектрометрдің негізгі бөліктерін атау және олардың функциясын сипаттау;
10.1.2.4- қарапайым масс‑спектрді заттардың салыстырмалы атомдық және салыстырмалы молекулалық массасын анықтау үшін интерпретациялау;

Радиоактивтілік

10.1.2.5- радиоактивтіліктің табиғатын және радиоактивті изотоптарды қолдануды түсіндіру;
10.1.2.6- изотоптардың ядросы тұрақтылығын анықтау үшін химиялық элементтердің протон/нейтрон қисығын қолдану;
10.1.2.7- ядролық реакциялар теңдеулерін құрастыру;

Атом модельдері

10.1.2.8- атом моделінің эволюциясын түсіндіру;

Энергетикалық деңгейлер. Кванттық сандар және орбитальдар



10.1.3.1- квант сандарының мәні мен сипаттамасын атаау;
10.1.3.2- электрон орбитальдарын толтыру ережесін: минимальді энергия принципі, Паули принципі, Хунд ережесін қолдану;
10.1.3.3 s, p, d, f орбитальдарының пішінін ажырату;
10.1.3.4- алғашқы 36 химиялық элементтің электрондық конфигурациясын жазу;

10.1 Стехиометрия



Химияның негізгі стехиометриялық заңдары

10.1.1.1- химияның негізгі стехиометриялық заңдарының тұжырымдамасын, қолдану аясын атау: зат массасының сақталу заңы, көлем қатынастар заңы, Авогадро заңы;

Салыстырмалы атомдық және молекулалық масса

10.1.1.2- «салыстырмалы атомдық масса», «салыстырмалы молекулалық масса» және «молярлық масса» ұғымдарының физикалық мәнін түсіндіру;

Зат мөлшері. Стехиометриялық заңдар

10.1.1.3- зат мөлшері ұғымын және стехиометриялық заңдарды қолданып есептеулер жүргізу;

Реакция теңдеулері бойынша есептеулер. Практикалық жұмыс №1 «Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің проценттік шығымын есептеу».



10.2.2.1- қалыпты және стандартты жағдайда «молярлық концентрация», «молярлық көлем» ұғымдарын қолданып есептеулер жүргізу;
10.2.2.2- бастапқы заттардың белгiлi зат мөлшерлері (массалары, көлемдері, бөлшек сандары) бойынша реакцияға қатысқан заттардың бiреуi артық мөлшерде және құрамында белгілі үлесте қоспалары бар болған жағдайда реакция өнiмдерiнiң зат мөлшерлерін (массаларын, көлемдерін, бөлшек сандарын) есептеу;
10.2.2.3- теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімінің шығымын процентпен есептеу;

10.1
Химиялық байланыс



Ковалентті байланыс.
Ковалентті байланыс қасиеттері



10.1.4.1- донор-акцепторлы және алмасу механизмі бойынша ковалентті байланыстың түзілуін түсіндіру;
10.1.4.2- қос және үш еселі байланыстың түзілуін түсіндіру;
10.1.4.3- ковалентті байланыстың қасиеттерін сипаттау;

Гибридтену түрлері: sp, sp2, sp3.
Лабораториялық жұмыс №1
«Ковалентті байланысты заттардың (N2, О2, алмаз) моделін құрастыру»

10.1.4.4- гибридтелу түрінің әртүрлілігінің физикалық мәнін түсіндіру;
10.1.4.5- заттың құрылысы мен қасиеттерінің өзара байланысын түсіндіру;



Электртерістілік және байланыс полярлығы

10.1.4.6- атомдардың электртерістілік ұғымының физикалық мәнін түсіндіру және оның негізінде химиялық байланыстың түрін болжау;
10.1.4.7- ковалентті байланысты қосылыстар үшін «нүктелер мен айқыштар» диаграммасын құрастыру;

Иондық байланыс



10.1.4.8- иондық байланыстың қарама-қарсы зарядталған иондардың электростатикалық тартылуы нәтижесінде түзілетіндігін түсіну;
10.1.4.9- ионды байланысты қосылыстар үшін «нүктелер мен айқыштар» диаграммасын құрастыру;

Валентті электрон жұбы бұлттарының тебісу теориясы

10.1.4.10- молекулалардың және иондардың кеңістіктік пішінін жорамалдау үшін валентті электрон жұбы бұлттарының тебісу теориясын қолдану;

Металдық байланыс



10.1.4.11- металдық байланыстың табиғатын және оның металдардың физикалық қасиеттеріне әсерін түсіндіру;

Сутектік байланыс

10.1.4.12- сутекті байланыстың түзілу механизмін түсіндіру;

Кристалдық торлар.
Лабораториялық жұмыс №2 «Кристалл тор модельдерін құрастыру»

10.1.4.13- кристалл тор типтері және байланыс түрлері әртүрлі қосылыстардың қасиеттерін болжау;



Молекулааралық күштер

10.1.4.14- молекулааралық өзара әсерлесу табиғатын түсіндіру;

10.1 Периодтылық



Период және топ бойынша элементтер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары

10.2.1.1- химиялық элемент атомдарының физикалық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарының сипаттау: атом радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, электртерістілік және тотығу дәрежесі;

Период және топта қосылыстардың қышқылды – негіздік қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары.
Көрсетілім №2 «Оттекке қатысы бойынша 3-период элементтерінің химиялық белсенді қосылыстарын зерттеу».
Көрсетілім №3
«3-период элементтері оксидтерінің қасиеттерін, олардың ерітінділерінің рН – ын зерттеу арқылы зерделеу»

10.2.1.2- период және топ бойынша химиялық элементтердің оттекті және сутекті қосылыстарының қышқылдық – негіздік қасиеттерінің өзгеру заңдылығын түсіндіру;



Периодтар және топтарда қосылыстардың тотығу – тотықсыздану қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары



10.2.1.3- периодтар және топтарда бойынша химиялық элементтердің қосылыстарының тотығу - тотықсыздану қасиеттерінің өзгеру заңдылығын болжау;
10.2.1.4- периодтық кестеде орналасуы бойынша химиялық элементтердің және олардың қосылыстарының қасиеттерін болжау;

2‑тоқсан

10.2
Органикалық химияға кіріспе



Органикалық заттардың құрамы мен құрылысын көрсету әдістері.
Лабораториялық жұмыс №3 «Үш өлшемді құрылымдарды модельдеу»

10.4.2.1- органикалық химия - бұл көмірсутектер және олардың туындыларының химиясы деп түсіну;
10.4.2.2- көмірсутектердің эмпирикалық, молекулалық, құрылымдық және кеңістіктік формулаларын ажырату;
10.2.2.4- элементтердің белгілі массалық үлестері және олардың буларының салыстырмалы тығыздығы бойынша органикалық заттардың қарапайым және молекулалық формуласын табу;

Функционалдық топтар

10.4.2.3 -функционалдық топтар бойынша органикалық қосылыстардың негізгі кластарын ажырату;

Гомологтық қатар.
Алифатты қосылыстардың Теориялық және қолданбалы химияның халықаралық одағы номенклатурасы.
Лабораториялық жұмыс №4 «Гомологтық қатардағы органикалық заттар молекулаларының модельдерін құрастыру»

10.4.2.4 -гомологтық қатардың қалыптасуын және оның өкілдері қасиеттерінің ұқсастығын түсіндіру;
10.4.2.5 -қосылыстардың құрылымдық формуласын құру және оларды Теориялық және қолданбалы химияның халықаралық одағы номенклатурасы бойынша атау;



Изомерия түрлері.
Лабораториялық жұмыс №5 «Органикалық қосылыстар изомерлерінің молекулаларының модельдерін құрастыру»

10.4.2.6- изомерия түрлерін атау және изомерлер формулаларын құрастыру: құрылымдық, байланыстың орны бойынша, функционалдық топтар және классаралық изомерлер;



Алкандар. Алкандардың жану өнімдері.
Лабораториялық жұмыс №6 «Әр түрлі отын түрлерінің тиімділігін салыстыру».
«Жану өнімдері бойынша заттардың формулаларын анықтау» тақырыбына есептер шығару

10.4.2.7- әр түрлі алкандардың жану процесін зерттеу
және олардың отын ретінде қолдануын түсіндіру;
10.4.2.8- алкандардың жану өнімдерін және қоршаған ортаға экологиялық салдарын бағалау;
10.4.2.9- берілген жану өнімдері бойынша заттың молекулалық формуласын анықтау;



Алкандардың бос-радикалды орынбасу реакциясы механизмі.
Галогендеу



10.4.2.10- алкандардың галогендену реакциясы мысалында орынбасу реакциясының бос радикалды механизмін түсіндіру;
10.4.2.11- алкандардың галогендеу реакция теңдеулерін құру;

Мұнай, құрамы, өңдеу әдістері және мұнай өнімдері

10.4.2.12- мұнайды фракциялау процесін және фракциялардың қолдану аясын түсіндіру;
10.4.2.13- термиялық және катализдік крекинг процесін түсіндіру

10.2
Термодинамикаға кіріспе



Ішкі энергия және энтальпия.
Практикалық жұмыс
№ 2 «Экзо‑ және эндотермиялық реакциялар».
Практикалық жұмыс №3 «Бейтараптану реакциясының жылу эффектісін анықтау»

10.3.1.1- ішкі энергия және энтальпия өзгерістер жылу эффектісі болып табылатындығын түсіну;
10.3.1.2- химиялық реакциялар - байланыстардың үзілуі мен жаңа байланыстардың түзілу процесін қамтитындығын түсіну;
10.3.1.3- реакцияның энтальпия өзгерісін тәжірибе жүзінде анықтау және оны анықтамалық деректер негізінде есептеу;

Гесс заңы және оның салдары.
Есеп шығару
«Гесс заңы және оның салдарын қолдану»

10.3.1.4- Гесс заңының физикалық мәнін түсіндіру және оны химиялық реакцияның энтальпия өзгерісін есептеу үшін қолдана алу;

Энтропия

10.3.1.5- энтропияны жүйенің ретсіздік өлшемі ретінде түсіндіру және оны анықтамалық деректер арқылы есептеу;

Гиббстің бос энергиясы



10.3.1.6- Гиббстің бос энергия өзгерісін түсіндіру және анықтамалық деректер арқылы есептеу;
10.3.1.7- термодинамикалық мәндер бойынша реакцияның өздігінен жүру бағытын болжау;

10.2 Кинетика



Химиялық реакция жылдамдығы

10.3.2.1- гомогенді және гетерогенді реакциялар үшін жылдамдық өрнегін білу;
10.3.2.2- қарапайым реакциялардың орташа жылдамдығына есептеулер жүргізу;

Концентрацияның реакция жылдамдығына әсері.
Қысымның реакция жылдамдығына әсері.
Есеп шығару
«Әрекеттесуші массалар заңы».

10.3.2.3- реакциялар үшін әрекеттесуші массалар заңының қолданылатындығын түсіндіру;
10.3.2.4 -әрекеттесуші массалар заңы бойынша есептеулер жүргізу;
10.3.2.5- химиялық реакция жылдамдығына қысымның әсерін түсіндіру;



Температураның реакция жылдамдығына әсері.
Практикалық жұмыс №4 «Химиялық реакция жылдамдығына әр түрлі факторлардың әсерін зерттеу».
Есеп шығару
«Вант -Гофф ережесі»

10.3.2.6- химиялық реакция жылдамдығына температураның әсерін тәжірибе жүзінде зерделеу;
10.3.2.7 -химиялық реакция жылдамдығына концентрацияның әсерін тәжірибе жүзінде зерделеу;
10.3.2.8- Вант-Гофф ережесі бойынша есептеулер жүргізе алу;
10.3.2.9- химиялық реакция жылдамдығына температура әсерін түсіндіру үшін Максвелл-Больцман таралу қисығын және белсендіру энергиясын қолдана алу;
10.3.2.10- «белсендіру энергиясы» ұғымының физикалық мәнін түсіндіру;

Катализ.
Лабораториялық жұмыс №7 «Реакция жылдамдығына әр түрлі катализаторлар әсерінің тиімділігін зерттеу»

10.3.2.11- катализ процесінің мәнін түсіндіру;
10.3.2.12- гомогенді және гетерогенді катализді ажырату;
10.3.2.13- катализаторлардың әсер ету механизмін түсіндіру;
10.3.2.14 -сутек пероксидінің айырылу жылдамдығына әр түрлі катализаторлардың әсерін тәжірибе жүзінде зерделеу;

3 ‑ тоқсан

10.3
Химиялық тепе-теңдік



Химиялық тепе-теңдік
Лабораториялық жұмыс №8 «Динамикалық тепе – теңдік күйін зерттеу»

10.3.3.1- химиялық тепе – теңдіктің динамикалық сипатын түсіндіру;

Химиялық тепе- теңдікке әсер ететін факторлар. Ле-Шателье-Браун принципі.
Көрсетілім №4 «Әр түрлі факторларлардың динамикалық тепе – теңдік күйіне әсерін зерделеу»

10.3.3.2- химиялық тепе-теңдікке температура, концентрация және қысым өзгерісінің әсерін болжау;
10.3.3.3- не себепті катализатор тепе-теңдіктің тез орнауына әсер ететінін, бірақ ығысуына әсер етпейтіндігін түсіндіру;
10.3.3.4 -әр түрлі факторлардың тепе-теңдіктің ығысуына әсерін тәжірибе жүзінде зерттеу;



Тепе – теңдік константасы.
«Тепе –теңдік константасын мен тепе-теңдік күйдегі концентрацияларды табу» тақырыбына есептер шығару

10.3.3.5- берілген реакция үшін тепе-теңдік константасын жазу;
10.3.3.6- тепе – теңдік константасына әр түрлі факторлардың әсерін болжау;
10.3.3.7- тепе-теңдік константасына қатысты есептерді шығару;

Өнеркәсіптік процестердегі химиялық тепе-теңдік

10.3.3.8- Габер процесі мысалында химиялық өнеркәсіптегі өнімнің шығымын арттыруда химиялық тепе - теңдіктің ығысу ролін түсіндіру;

10.3
Алкендер



Құрамы, құрылымы және реакцияға түсу қабілеті.
Лабораториялық жұмыс № 9 «Байланыстың қанықпағандығына сапалық реакция»

10.4.2.14- "қанықпағандық" терминін және оның қосылыстың қасиеттеріне әсерін түсіндіру;
10.4.2.15- алкендердің қанықпағандығын тәжірибе жүзінде дәлелдеу;



Стереоизомерия (цис-транс немесе E-Z).
Лабораториялық жұмыс №10 «Бутен ‑1 және бутен – 2‑ нің кеңістіктегі молекула моделі арқылы цис – және транс‑ изомерияны оқып білу»

10.4.2.16 - цис- және транс- изомерлер формулаларының моделін құра білу және оны стереоизомерияның бір түрі ретінде түсіну;



Алкендердің қосылу реакциялары

10.4.2.17- электрофильді және нуклеофильді бөлшектерді ажырату;
10.4.2.18- алкендер үшін электрофильді қосылу реакциясы механизмін түсіндіру;
10.4.2.19- асимметриялы алкендерге қосылу реакциясының өнімдерін болжау;
10.4.2.20- қосылу реакциялары теңдеулерін құру: галогендеу, гидратациялау, гидрогалогендеу;

Полимеризация.
Көрсетілім №5
«Этиленнің полимерлену реакциясын модельдеу»

10.4.2.21- полимерлеу реакциясының физикалық мәнін түсіндіру;
10.4.2.22- химиялық реагенттерге қатысы бойынша пластиктердің салыстырмалы инерттілігін тәжірибе жүзінде дәлелдеу;
10.4.2.23- полиэтилен өндірісі процесінің схемасын құру;
10.4.2.24- полиалкендердің қолдану аймағын атау және олардың өнімдерін қайта өңдеудің маңыздылығын бағалау;

10.3
Тотығу – тотықсыздану реакциялары



Тотығу – тотықсыздану процесі

10.2.3.1- электронды баланс әдісімен тотығу‑ тотықсыздану реакциясы теңдеулерін құрастыру;
10.2.3.2- жартылай иондық реакция әдісімен тотығу – тотықсыздану реакция теңдеулерін құрастыру;

Электрохимиялық потенциалдар қатары

10.2.3.3- «стандартты электродтық потенциал» ұғымын сипаттау;

Гальваникалық элементтер. Практикалық жұмыс №5 «Металдардың электрохимиялық кернеу қатарын құрастыру»



10.2.3.4- сулы ерітіндідегі химиялық реакциялардың жүру мүмкіндігін болжау үшін стандартты электродтық потенциалдар кестесін қолдану;
10.2.3.5- гальваникалық элементті химиялық реакция энергиясын электр энергиясына айналдыратын құрылғы есебінде түсіну;
10.2.3.6- гальваникалық элементтің жұмыс принципін түсіндіру;
10.2.3.7- аккумуляторларды зарядтау және разрядтау процесін сипаттау;

Электролиз және Фарадей заңы.
Көрсетілім №6
«Тұз ерітінділерінің электролизі».
«Электролиз заңдары» тақырыбына есептер шығару

10.2.3.8- электролиз процесінің мәнін сипаттау;
10.2.3.9- электродтардағы электролиз өнімдерін болжау үшін эмпирикалық ережелерді қолдану;
10.2.3.10- электролизге сандық есептеулер жүргізу үшін Фарадей заңдарын қолдану;

10.3
Спирттер



Спирттердің жіктелуі және химиялық қасиетттері.
Лабораториялық жұмыс №11 «Біріншілік, екіншілік, үшіншілік спирттерге клий дихроматы әсерін зерттеу».
Лабораториялық жұмыс №12 «Спирттердің судағы ерігіштігі, жануы, бір атомды және көпатомды спирттерге сапалық реакциялар»

10.4.2.25- спирттерді функционалдық топтардың орналасуы және гидроксил тобының саны бойынша жіктеу;
10.4.2.26- молекуладағы атомдардың өзара әсері негізінде спирттердің химиялық қасиеттерін түсіндіру;
10.4.2.27- біратомды және көпатомды спиртттерге сапалық реакция жүргізу;



Этил спиртін өнеркәсіптік өндіру Практикалық жұмыс
№6 «Глюкозаны ашыту арқылы этил спиртін алу»

10.4.2.28- этанолды этиленді гидратациялау және глюкозаны ашыту арқылы алу реакциясының теңдеулерін құрастыру;
10.4.2.29- этанолды алу әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау;
10.4.2.30- спирттердің адам ағзасына уытты әсерін зерттеу;

4 -тоқсан

10.4А
Галогеналкандар



Галогеналкандарды алу

10.4.2.31- галогеналкандарды алу реакциясының радикалды механизімін түсіндіру;
10.4.2.32- галогеналкандардың әсеріне байланысты қоршаған ортада туындаған мәселелерді айқындау;

Галогендердің нуклеофильді орынбасу реакциялары



10.4.2.33 -нуклеофильді реагенттермен галогеналкандардың реакция теңдеулерін құрастыру;
10.4.2.34 -нуклеофильді орынбасу реакциясының механизмін түсіндіру;

Галогендердің элиминирлеу реакциялары

10.4.2.35- элиминирлеу реакциясының механизмін түсіндіру;

10.4 Аналитикалық әдістер



Заманауи зерттеулердегі аналитикалық әдістер

10.1.4.15 -инструменталды талдау әдістердің қолданылу аймақтарын атау;



Хроматография.
Лабораториялық жұмыс №13 «Қағаз хроматографиясы»

10.1.4.16 -қағаз хроматографиясы әдісімен заттарды бөлу принципін сипаттау және бөлінетін компоненттің сіңіру коэффициентін есептеу;

Масс-спектрометрия



10.1.4.17 -заттың молекулалық және құрылымдық формулаларын анықтау үшін қарапайым масс-спектрді талдау;

10.4
17 ‑топ элементтері



Галогендер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары

10.2.1.5 -топ бойынша галогендердің физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіру;

Галогендердің тотығу – тотықсыздану қасиетттері

10.2.1.6- галогендердің тотығу-тотықсыздану реакция теңдеулерін құрастыру;



Сулы ерітіндідегі галогенид иондарын анықтау. Практикалық жұмыс №7 «Галогендер қасиеттерін зерттеу және сулы ерітіндідегі галогенид иондарын анықтау»

10.2.1.7 -галогенид-иондарды тәжірибе жүзінде анықтауды жоспарлау және анықтау;



Галогендер және олардың қосылыстарының қолданылуы

10.2.1.8- хлордың суды залалсыздандыруда қолдануын түсіндіру және осы процестің артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау;
10.2.1.9 -галогендер және олардың қосылыстарының физиологиялық ролін анықтау;

10.4
2 (ІІ) - топ элементтері



2 (ІІ) - топ элементтерінің физикалық қасиеттері

10.2.1.10 2 -(ІІ) топ элементтерінің физикалық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіре алу;

2 (ІІ) -топ элементтерінің химиялық қасиетттері. Практикалық жұмыс №8 «2 (ІІ) - топ элементтері және оның қосылыстары қасиеттерін зерделеу»

10.2.1.11 2 -(ІІ) топ элементтерінің химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіре алу;
10.2.1.12 -сілтілік-жер металдардың маңызды қосылыстарының қолданылу аясын атау;



Практикалық жұмыс №9 «Эксперименттік есептер шығару»

10.2.1.13 2- (ІІ) топ металдарын сапалық анықтауды жоспарлау және оны тәжірибе жүзінде жасау;

Табиғи карбонаттар

10.2.1.14 -табиғаттағы карбонаттар айналымының схемасын құру және олардың қолданылу аймағын атау;

12)11-сынып



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

Тақырып/Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі мазмұны

Оқыту мақсаты



1-тоқсан

11.1A
14-топ элементтері



14 (ІV)топ элементтері қасиеттерінің өзгеруі

11.2.1.1 14 -(ІV) топ элементтерінің физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіру;

14(ІV) топ элементтері және олардың қосылыстарының химиялық қасиеттері.
Лабораториялық жұмыс №1 «Қорғасын, қалайы және олардың қосылыстарының химиялық қасиеттері»

11.2.1.2 14 -(ІV) элементтерінің және олардың қосылыстарының химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;
11.2.2.1 -параллель жүретін реакциялар теңдеулері бойынша есептер шығару;



Әр түрлі тотығу дәрежелерін көрсететін 14 (ІV) -топ элементтері оксидтерінің қасиеттері



11.2.1.3 14 -(ІV) топ элементтерінің +2 және +4 тотығу дәрежелі оксидтерінің қасиеттерін түсіндіру;
11.2.1.4 14- (ІV) топ элементтерінің сулы ерітіндідегі +2 және +4 тотығу дәрежелі қосылыстардың салыстырмалы тұрақтылығын болжау;

Жай заттардың табиғатта таралу түрлері және алыну әдістері



11.2.1.5 14 -(ІV) топ элементтерінің жай заттары және химиялық қосылыстарының алыну әдістерінің реакция теңдеулерін құру;
11.2.1.6 14 -(ІV) топ элементтерінің және оның қосылыстарының таралуы және қолданылуы туралы мәліметтерді талдай білу;

11.1 Азот және күкірт



Азот молекуласы құрылысының ерекшеліктері мен қасиеттері

11.2.1.7- азот молекуласының химиялық белсенділігінің төменділігін түсіндіру;



Аммиак және аммоний тұздары.
Лабораториялық жұмыс №2 «Аммоний ионына сапалық реакция»

11.2.1.8- аммоний ионындағы байланыстардың түзілу механизмін ажырату;
11.2.1.9- газ тәрізді аммиактың және оның сулы ерітіндісінің химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;

Аммиакты өнеркәсіпте алу

11.2.1.10 - аммиакты өнеркәсіпте өндірудің (Габер процесі) ғылыми принциптерін түсіндіру;

Азотты тыңайтқыштардың өнеркәсіптік алынуы

11.2.1.11- азот тыңайтқыштары өндірісі үдерісінің химизмін түсіндіру;

Азот оксидтері және нитраттарының қоршаған ортаға экологиялық әсері. Практикалық жұмыс №1 «Ауыз судағы және жемістердегі нитраттарды анықтау»

11.2.1.12 -азот оксидтерінің атмосфераға, нитраттардың топыраққа және су ресурстарына әсерін талдау;
11.2.1.13- азот қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін азайту мәселелерін шешудің жолдарын ұсыну;

Күкірттісутек және сульфидтер.
Лабораториялық жұмыс №3 «Сульфид - ионына сапалық реакция»

11.2.1.14- күкіртсутектің тотықсыздандырғыш қасиеттерін түсіндіру;
11.2.1.15- сульфид ‑ ионын тәжірибе жүзінде анықтау;

Күкірт диоксиді және қышқыл жаңбырлар.
Тағам өнеркәсібінде күкірт диоксидін қолдану.
Көрсетілім №1 «Күкірт және азот қышқылдарының тотықтырғыш қасиеттері»

11.2.1.16- атмосфераның күкірт диоксидімен ластану көздерін атау және қышқыл жаңбырдың түзілу мәселелерін сипаттау;
11.2.1.17- тағам өнеркәсібінде күкірт диоксиді қолданылу аймағын атау;
11.2.2.2- тізбектеле жүретін реакция теңдеулері бойынша есептер шығару;

Күкірт қышқылын алудың контакт әдісі

11.2.1.18 -күкірт қышқылын жанасу әдісімен алу процесін түсіндіру;
11.2.1.19 -күкірт қышқылын өнеркәсіптік өндірудің ғылыми принциптерін түсіндіре алу;
11.2.1.20- күкірт қышқылының қолданылу аймағын атау;
11.2.2.3 -олеумнің түзілуіне және сұйытылуына есептер шығару;

11.1
Қышқыл және негіз ерітінділері



Қышқыл‑негіздік теория

11.3.4.1- Аррениус, Льюис және Бренстед-Лоури теорияларын және олардың қолдану шектерін сипаттау;

Судың иондық көбейтіндісі.
Сутектік көрсеткіш
Лабораториялық жұмыс №4 «HCl және NaOH ерітінділерінің рН –ын анықтау»

11.3.4.2- судың иондық көбейтіндісін білу;
11.3.4.3- сутектік көрсеткішті -log[H+] ретінде түсіну және ерітіндінің рН‑ін концентрацияға [Н+] және кері түрлендіру;
11.3.4.4- күшті қышқыл және күшті негіздің pH‑ін есептеу;

Қышқыл және негіздер күші. Диссоциациялану дәрежесі. Оствальдтың сұйылу заңы

11.3.4.5 -әлсіз қышқылдар мен негіздердің сулы ерітіндіде диссоциациялануын түсіндіру;
11.3.4.6- әлсіз қышқылдар мен негіздердің диссоциациялану константасының өрнегін жаза алу және Оствальдтың сұйылту заңының қолданылуына есептер шығару;

Буферлі ерітінділер



11.3.4.7- буферлі ерітінділердің әсер ету принципін түсіндіру;
11.3.4.8- буферлі ерітінділердің қолдану аймағын атау;

Қышқылды -негіздік титрлеу.
Практикалық жұмыс №2 «Күшті негізді күшті қышқылмен титрлеу»

11.3.4.9- қышқыл-негіздік титрлеудің мәнін түсіну;
11.3.4.10- күшті негізді күшті қышқылмен титрлеуді жүргізу;
11.3.4.11- титрлеу нәтижесі бойынша есептеулер жүргізу;

11.1
Циклді қосылыстардың номенклатурасы және изомериясы



Ароматты және гетероциклді қосылыстар үшін
IUPAC номенклатурасы

11.4.2.1 Теориялық және қолданбалы химияның халықаралық одағы номенклатурасы бойынша циклді, ароматты және гетероциклді қосылыстарды атау;



Ассимметриялық көміртегі атомы.
Кеңістіктік изомерлер

11.4.2.2 -геометриялық изомерлердің (E-Z) құрылымдық формуласын құрастыру;
11.4.2.3 -қосылыстардағы ассимметриялық көміртегі атомын анықтау;
11.4.2.4 -хиральдік құбылысын түсіндіру;

Оптикалық изомерлер

11.4.2.5 -оптикалық изомерлердің құрылымдық формуласын құрастыру;
11.4.2.6- «оптикалық белсенділік», «энантиомер», «рацемат» ұғымдарын түсіндіру;

2-тоқсан

11.2 Карбонилді қосылыстар



Карбонильді қосылыстардың құрылысы және номенклатурасы

11.4.2.7- альдегидтер және кетондардың функциональды топтарының құрылысын білу;
11.4.2.8- альдегидтер және кетондардың құрылымдық формулаларынқұрастыру және оларды Теориялық және қолданбалы химияның халықаралық одағы бойынша атау;

Альдегидтер және кетондардың алынуы

11.4.2.9- альдегидтер және кетондарды алудың түрлі әдістерін түсіндіру;

Альдегидтер және кетондардың тотығу, нуклеофильді қосылу реакциялары.
Практикалық жұмыс №3 «Альдегидтерді алу және олардың қасиеттерін зерттеу»

11.4.2.10- альдегидтер және кетондарды тәжірибе жүзінде анықтау;
11.4.2.11- альдегидтер және кетондардың тотығу және тотықсыздану өнімдерінің реакция теңдеулерін құрастыру;
11.4.2.12- альдегидтер және кетондардың нуклеофильді қосылу реакциясына мысалдар келтіру;

Карбон қышқылдарының
қасиеттері.
Лабораториялық жұмыс №5 «Карбон қышқылының алынуы және қасиеттері»

11.4.2.13 -карбон қышқылдарының физикалық қасиеттерін және алыну жолдарын түсіндіру;
11.4.2.14- карбон қышқылдарының химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;

Этерификация
реакциясы.
Күрделі эфирлер және сабын.
Практикалық жұмыс №4 «Күрделі эфирлердің алынуы және қасиеттері»

11.4.2.15 -этерификация реакциясының механизмін сипаттау;
11.4.2.16 -карбон қышқылдары, күрделі эфирлер, сабын, синтетикалық жуғыш заттар және биодизельді отындардың қолданылу аймағын атау;

11.2B Ауыспалы металдар



Ауыспалы металдардың жалпы сипаттамасы.
Лабораториялық жұмыс №6 «Ауыспалы металдар тұздарының қасиеттері»

11.2.1.21 -Ti –Сu атомдарының электрондық құрылысына сүйене отырып, қандай металдар ауыспалы болатындығын түсіндіру;
11. 2.1.22 -ауыспалы элементтер айнымалы тотығу дәрежесін көрсететінін білу;
11.2.1.23- атомдар құрылысы негізінде ауыспалы металдардың физикалық және химиялық қасиеттерін түсіндіру;
11.2.2.4 -орынбасу реакциялары теңдеулері бойынша есептер шығару;

Кешенді қосылыстар.
Лабораториялық жұмыс №7 «Ауыспалы металдар кешенді иондарының қасиеттері»

11.2.1.24 -кешенді қосылыстар химиясының негізгі ұғымдарына анықтама беру;
11.2.1.25- ауыспалы металдардың кешен түзу реакцияларының оның шінде мыс (+2) кешендерінің, темір (+2, +3) кешендерінің сумен және аммиакпен құрастыру және олардың түсін білу;
11.2.1.26 - ауыспалы металдардың кешенді қосылыстарының химиялық қасиеттерін сипаттау;

Ауыспалы металдардың биологиялық ролі.



11.2.1.27- гемоглобин құрамында темір (+2) кешенінің болатынын түсіндіру және оттегін тасымалдаудағы оның ролін түсіну;
11.2.1.28- иіс газымен улану қалай жүретіндігін түсіндіру және алғашқы көмек көрсету әдісін сипаттау;
11.2.1.29- кейбір металдардың кешенді қосылыстары қатерлі ісіктің түзілуінің алдын алу үшін қолданылатындығын білу;

11.2
Ароматты қосылыстар қатары



Бензол молекуласының құрылысы.
Лабораториялық жұмыс №8 «Бензол және толуол молекуласының моделін құрастыру»

11.4.2.17- бензол молекуласының құрылымын түсіндіру;

Бензол және оның гомологтарын алу

11.4.2.18- бензол және оның гомологтарын алу реакцияларын құрастыру;

Бензол және оның гомологтарының химиялық қасиеттері.
Практикалық жұмыс №5 «Ароматты қосылыстарға тән реакциялар»

11.4.2.19- электрондардың делокализациясы тұрғысынан бензол молекуласындағы байланыстардың түзілу және үзілу энергиясын түсіндіру;
11.4.2.20- бензол және оның гомологтарына тән қосылу реакцияларының теңдеулерін құрастыру;
11.4.2.21- бензолды нитрлеу және галогендеу реакциясының механизмін түсіндіру;
11.4.2.22- органикалық қосылыстар синтезі үшін бензол реакциясының маңыздылығын түсіндіру;
11.4.2.23- толуол молекуласындағы атомдардың өзара әсерлесуін түсіндіру;

3-тоқсан

11.3
Аминдер және аминқышқылдар



Аминдердің жіктелуі және номенклатурасы.
Лабораториялық жұмыс №9 «Аммиак және аминдер молекуласының модельдерін құрастыру»

11.5.1.1- аминдердің жіктелуін және номенклатурасын атау;
11.5.1.2 -аммиак және аминдер құрылымын салыстыру;



Аминдердің физикалық, химиялық қасиеттері және алынуы.
Лабораториялық жұмыс №10 «Аминдер реакциясы және оларды аммиак қасиеттерімен салыстыру»

11.5.1.3- аминдердің физикалық қасиеттерін түсіндіру;
11.5.1.4- аммиак, аминдер және анилиннің негіздік қасиеттерін салыстыру;
11.5.1.5 - нитрилдерді тотықсыздандыру арқылы және галогеналкандардан нуклеофильді орынбасу реакциялары арқылы аминдердің түзілу механизмін сипаттау;
11.5.1.6- нитроқосылыстарды тотықсыздандырып анилин алу реакциясы теңдеуін құрастыру;

Аминқышқылдар: құрамы, құрылысы, биологиялық ролі
Лабораториялық жұмыс №11 «Аминқышқылы молекуласының модельдерін құрастыру және ассиметриялы көміртегі атомдарын анықтау»

11.5.1.7- аминқышқылдардың жүйелі және тривиальді аталуын атау;
11.5.1.8 -аминқышқылдардың құрамын, құрылысын сипаттау;
11.5.1.9- алмастырылатын және алмастырылмайтын аминқышқылдардың биологиялық ролін түсіндіру;

Аминқышқылдар қасиеттері.
Лабораториялық жұмыс №12 «Аминқышқылдар қасиеттері»

11.5.1.10 -аминқышқылдардың биполярлы иондар түзу қабілетін түсіндіру;
11.5.1.11- аминқышқылдардың екідайлылығын тәжірибе жүзінде дәлелдеу;

Пептидтік байланыс. Ақуыздың түзілуі



11.5.1.12- α-аминқышқылдардан ақуыздар алу кезінде пептидтік байланыстардың түзілуін түсіндіру;
11.5.1.13 -ақуыздар гидролизнің реакция
теңдеуін құрастыру;

11.3 Синтетикалық полимерлер



Жоғарымолекулалы қосылыстар химиясының негізгі ұғымдары

11.4.2.24- «мономер», «құрылымдық» «буын», «олигомер», «полимер», «полимерлену дәрежесі» негізгі ұғымдарын білу;

Полимерлену реакциясы
Лабораториялық жұмыс №13
«Полимерлену реакциясы»

11.4.2.25- полимерлену реакциясы теңдеулерін құрастыру;



Поликонденсация реакциялары: полиамидтер мен полиэфирлер

11.4.2.26- поликонденсация реакциясы теңдеулерін құру;
11.4.2.27 -поликонденсация реакциясы негізінде алынатын полимерлер гидролизденіп, биологиялық ыдырай алатынын түсіну;

Пластиктердің
қолданылуы және қоршаған ортаға әсері.
Практикалық жұмыс №6 «Пластмассаларды және талшықтарды тану»

11.4.2.28 -полиэтилен, полипропилен, полистирол, тефлон, поливинилхлорид, полиметилметакрилат, полиэфир, фенолформальдегид шайыры және олардың негізінде алынған пластмассалардың қасиеттерін, қолдану аймағын атау;
11.4.2.29 -пластмасса және талшықтарды тәжірибе жүзінде анықтау;
11.4.2.30 -қоршаған ортаға пластиктер өндірісінің және қолданысының әсерін талдау;
11.4.2.31 -полимерлерді утилизациялау процесін сипаттау;

11.3
Жаңа заттарды және материалдарды өндіру

Жаңа материалдар

11.4.2.32 -жаңа материалдарды жасаумен және өндірумен айналысатын ғылымдар саласын білу;

Физиологиялық белсенді табиғи және синтетикалық қосылыстар

11.4.2.33 -аспиринді, таксолды физиологиялық белсендігі жоғары табиғи және синтетикалық қосылыстардың өкілдері ретінде атау;
11.4.2.34 - физиологиялық белсенділік үшін хиральділік және молекулалық қабаттың маңыздылығын түсіндіру;

Дәрілік препараттарды синтездеу және өндіру

11.4.2.35 -синтетикалық дәрілік препарат үлгісі ретінде аспиринді алу процесін сипаттау;
11.4.2.36 -дәрілік заттарды өндіру проблемаларын тізімдеу;

Нанотехнология.
Нанобөлшектер және наношкала



11.4.2.37 -«нанохимия» және «нанотехнология» ұғымдарының физикалық мәнін түсіндіру;
11.4.2.38 -нанобөлшектерді синтездеу және зерттеу әдістерін сипаттау;
11.4.2.39 -нанобөлшектердің қолдану аймағын атау;

Нанокөміртекті бөлшектердің құрылымы

11.4.2.40 -наноматериалдардың ерекшеліктерін сипаттау;
11.4.2.41- көміртекті нанобөлшектер құрылымын сипаттау: фуллерен С60, графен, нанотүтік, наножіп, наноталшықтар;
11.4.2.42- кристалдарды өсіру және полимеризациялау жолымен наноматериалдардың алынуын сипаттау;

Полимерлер

11.4.2.43- жаңа полимерлер және композициялық материалдар өндірудің маңыздылығын түсіндіру;

Жаңа материалдардың практикалық мәні

11.4.2.44- адамзаттың әр түрлі бағыттағы іс‑әрекетін дамыту үшін жаңа материалдардың практикалық маңызын бағалау;

11.3
Металдар өндірісі



Металдар және құймаларды алу



11.2.3.1- металдарды алудың маңызды әдістерін талдау: гидрометаллургия, пирометаллургия, электрометаллургия және олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау;
11.2.3.2- ғылымда, техникада және тұрмыста қолданылатын маңызды құймалардың құрамын атау: шойын, болат, жез, қола, мельхиор, дюралюминий;
11.2.3.3- шойын және болатты алу әдістерін және қасиеттерін сипаттау;

Электролизді өнеркәсіпте қолдану.
Лабораториялық жұмыс №14 «Металл заттарын гальваникалық қаптау»

11.2.3.4- металдарды электролизбен алу әдісін түсіндіру;
11.2.3.5- гальваностегия, гальванопластика процестерін ажырату;
11.2.3.6- коррозиядан қорғау және декоративті мақсаттар үшін гальваникалық жабындарды қолдану принциптерін зерделеу;

Химиялық өндірістің ғылыми принциптері

11.2.3.7- химиялық өндірістің жалпы ғылыми принциптерін атау;
11.2.3.8 - екіншілік қайта өңдеудің қажеттілігін негіздеу;

Металл өндірісі кезіндегі қоршаған ортаны қорғау проблемалары

11.2.3.9 -металлургия өнеркәсібінің экологиялық
проблемаларын түсіндіру;

4-тоқсан

11.4
Тірі ағза химиясы


Көмірсулар: глюкоза, фруктоза, рибоза, дезоксирибоза, сахароза, крахмал және целлюлоза

11.5.1.14- глюкоза, фруктоза, рибоза, дезоксирибоза, сахароза, крахмал және целлюлозаның молекулаларының сызықты және циклді формасын құрастыру;



Құрылысы, қасиеттері және қолданылуы.
Практикалық жұмыс №7 «Альдегидоспирт ретінде глюкозаның химиялық қасиеттері. Крахмалға сапалық реакция»

11.5.1.15- глюкозаның функционалдық топтарын тәжірибе жүзінде анықтау;
11.5.1.16 -глюкозаның спирттік, сүт қышқылды, май қышқылды ашу реакцияларының теңдеулерін құрастыру;
11.5.1.17 -крахмалға сапалық реакция жүргізу;
11.5.1.18 -сахароза, крахмал, целлюлозаның гидролиз өнімдерін атау;
11.5.1.19 -крахмал және целлюлозаның құрылысын, қасиеттерін салыстыру;

Ақуыздар.
Ақуыз молекулаларының құрылымы

11.5.1.20 -өмір үшін ақуыздардың ролін сипаттау;
11.5.1.21 -ақуыздың бірінші, екінші, үшінші реттік құрылымдарын ажырату;
11.5.1.22 -ақуыздың әр түрлі құрылымдарының пішінін анықтайтын факторларды атау;
11.5.1.23 -ақуыз қасиеттерінің аминқышқылдардың сапалық және сандық құрамына тәуелділігін сипаттау;

Полипептидтер құрылымын анықтау.
Практикалық жұмыс №8 «Денатурация және ақуыздардың түсті реакциялары»



11.5.1.24 -гидролиз реакциясы бойынша берілген деректер негізінде полипептидтің құрамын анықтау;
11.5.1.25- ақуызға сапалық реакцияларды тәжірибе жүзінде жасау;
11.5.1.26 -ақуыздардың денатурациясы реакциясын тәжірибе жүзінде жасау;

Ферменттер ролі және қолданылуы

11.5.1.27 -«құлып және кілт» моделі тұрғысынан ферменттердің әрекетін және ферментативті катализ процесін түсіндіру;
11.5.1.28 -ингибирлі бәсекелестікті түсіндіру;

дезоксирибонуклеин қышқылының құрылымы.
Практикалық жұмыс №9 «Банан және пияздан ДНҚ бөліп алу».
Лаборатриялық жұмыс №15 «дезоксирибонуклеин қышқылының моделін жасау»

11.5.1.29- дезоксирибонуклеин қышқылының құрылымы моделін сипаттау;
11.5.1.30- дезоксирибонуклеин қышқылының молекуласындағы ақуыздың біріншілік құрылымын кодтау жүйесін түсіндіру;



Аденозинтрифосфат және энергия



11.5.1.31 - аденозинтрифосфат
гидролизі құрылымын және сызбасын құрастыру;

Биологиялық маңызды металдар

11.5.1.32- биологиялық маңызды металдар: темір, магний, кальций, калий, натрийдің ролін бағалау;

Қоршаған ортаның ауыр металдармен ластануы

11.5.1.33- қоршаған ортаның ауыр металдармен ластану көздерін атау;

Ауыр металдардың ақуызға әсері.
Лаборатриялық жұмыс № 16 «Қорғасын ацетатының ақуызға әсері»

11.5.1.34 -ауыр металдардың тірі ағзаға уытты әсерін түсіндіру;

11.4 Органикалық синтез



Органикалық қосылыстардағы
негізгі функционалдық топтар.
Лаборатриялық жұмыс №17 «Органикалық заттарға сапалық реакциялар»

11.4.2.45- сапалық реакциялар көмегімен функционалды топтарды анықтау;
11.4.2.46 -физикалық және химиялық сынақ көмегімен қосылыстарды анықтау
11.4.2.47- физикалық және химиялық қасиеттері бойынша заттарды анықтауға арналған есептер шығару;



Органикалық заттардың генетикалық байланысы. Практикалық жұмыс №10 «Тізбекті айналымдағы заттарды тану»
Практикалық жұмыс №11 «Экспериментальды есептер шығару»

11.4.2.48- органикалық қосылыстардың негізгі кластарының генетикалық байланысын сипаттау;
11.4.2.49- қарапайым органикалық синтезді жүргізе алу және түзілген өнімнің шығымын бағалау;
11.4.2.50- органикалық заттардың генетикалық байланысы негізінде өзгерістер тізбегін құрастыру;

11.4
«Жасыл химия»



«Жасыл химияның» 12 принципі.
Атмосфера, гидросфера, литосфераның ластануы

11.4.1.1 -«Жасыл химияның» 12 принципін атау және оны түсіндіру;
11.4.1.2 атмосфера, гидросфера және литосфераның ластану масштабын түсіндіру;

Жердің озон қабатының бұзылуы

11.4.1.3- озон қабатының бұзылу себептерін зерделеу;

Ғаламдық жылыну
Мини- жоба: «Қоршаған ортаны қорғау»

11.4.1.4 - «парникті эффектінің» әсерін болжау;
11.4.1.5- «парникті эффектінің» және озон қабатының бұзылу мәселелерін ажырату;
11.4.1.6 ғаламдық мәселелерді шешудің
жолдарын бағалау;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет