Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11-сыныптары үшін "Физика" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы


-тарау. "Физика" пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



бет2/3
Дата07.02.2022
өлшемі94,02 Kb.
#89386
1   2   3
Байланысты:
21. Оқу бағдарламасы Физика 10-11 классы ЖМБ
Лекция, Лекция, док, 21. Оқу бағдарламасы Физика 10-11 классы ЖМБ
2-тарау. "Физика" пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
4."Физика" оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 10-сыныпта – аптасына 4 сағатты, оқу жылында 136 сағатты;
2) 11-сыныпта – аптасына 4 сағатты, оқу жылында 136 сағатты құрайды.
5. Оқу пәнінің мазмұны 10 бөлімді қамтиды:
1) механика;
2) жылу физикасы;
3) электр және магнетизм;
4) электромагниттік тербелістер;
5) электромагниттік толқындар;
6) оптика;
7) салыстырмалы теорияның элементтері;
8) кванттық физика;
9) нанотехнология және наноматериалдар;
10) космология.
6. "Механика" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) кинематика;
2) динамика;
3) статика;
4) сақталу заңдары;
5) сұйықтар мен газдардың механикасы.
7. "Жылу физикасы" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) молекулалы-кинетикалық теория негіздері;
2) газ заңдары;
3) термодинамика негіздері;
4) сұйық және қатты денелер.
8. "Электр және магнетизм" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) электростатика;
2) тұрақты ток;
3) әртүрлі ортадағы электр тогы;
4) магнит өрісі;
5) электромагниттік индукция.
9. "Электромагниттік тербелістер" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) механикалық тербелістер;
2) электромагниттік тербелістер;
3) айнымалы ток.
10. "Электромагниттік толқындар" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) толқындық қозғалыс;
2) электромагниттік толқындар.
11. "Оптика" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) толқындық оптика;
2) геометриялық оптика.
12. "Салыстырмалы теорияның элементтері" бөлімі "Салыстырмалы теорияның элементтері" бөлімшесінен тұрады.
13. "Кванттық физика" бөлімі келесі бөлімшесінен тұрады:
1) атомдық және кванттық физика;
2) атом ядросының физикасы.
14. "Нанотехнология және наноматериалдар" бөлімі "Нанотехнология және наноматериалдар" бөлімшесінен тұрады.
15. "Космология" бөлімі "Космология" бөлімшесінен тұрады.
16. Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны:
1) "Кинематика". Қазіргі замандағы физиканың рөлі. Физикалық өлшеулер; физикалық шамалардың қателіктері; өлшеулер нәтижесін өңдеу;
№1 Зертханалық жұмыс: көлбеу жазықтық бойымен қозғалатын дененің үдеуін анықтау;
Практикалық жұмыстар: сапалық және мәтінді есептер шығару.
2) Теңүдемелі қозғалыс кинематикасының негізгі теңдеулері мен ұғымдары; инвариантты және салыстырмалы физикалық шамалар; Галилейдің салыстырмалылық принципі; қисық сызықты қозғалыс кинематикасы; көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы;
№ 2 Зертханалық жұмыс: ұшу қашықтығының лақтыру бұрышына тәуелділігін зерттеу;
Практикалық жұмыстар: сапалық және мәтінді есептер шығару.
3) "Динамика". Күштер; күштерді қосу; Ньютон заңдары; бүкіл әлемдік тартылыс заңы; абсолют қатты дененің инерция моменті; импульс моменті; импульс моментінің сақталу заңы және оның кеңістік қасиеттерімен байланысы; айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі;
№ 3 Зертханалық жұмыс: көлбеу науамен сырғанайтын дененің қозғалысын оқып үйрену;
Практикалық жұмыстар: сапалық және мәтінді есептер шығару.
4) "Статика". Массалар центрі; тепе-теңдік түрлері.
№ 4 Зертханалық жұмыс: бір-біріне бұрыш жасай бағытталған күштерді қосу;
Практикалық жұмыстар: сапалық және мәтінді есептер шығару.
5) "Сақталу заңдары". Механикадағы импульс пен энергияның сақталу заңдары және олардың кеңістік пен уақыттың қасиеттерімен байланысы;
Практикалық жұмыстар: сапалық және мәтінді есептер шығару.
6) "Сұйықтар мен газдардың механикасы". Гидродинамика. Сұйықтар мен газдардың ламинарлық және турбуленнтік ағыстары; Үзіліссіздік теңдеуі. Бернулли теңдеуі. Көтергіш күш; Тұтқыр сұйықтың қозғалысы. Стокс формуласы. Денелерді қапталдай ағуы;
№5 Зертханалық жұмыс: тұтқыр сұйықта қозғалатын кішкентай шардың жылдамдығының оның радиусынан тәуелділігін зерттеу;
Практикалық жұмыстар: эксперименттік есептер шығару; нүктенің қозғалысын компьютерлік модельдеу.
7) "Газдардың молекулалық- кинетикалық теория негiздерi". Газдардың молекулалық кинетикалық теориясының негiзгi қағидалары және оның тәжiрибелiк дәлелдемелерi; термодинамикалық жүйелер және термодинамикалық параметрлер; тепе-теңдік және тепе-теңдік емес күйдегі термодинамикалық жүйе; температура - зат бөлшектерінің жылулық қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының өлшемі; идеал газ; газдардың молекулалық-кинетикалық теориясының негiзгi теңдеуi;
Практикалық жұмыстар: сапалық және мәтінді есептер шығару.
8) "Газ заңдары". Идеал газ күйінің теңдеуі; изопроцестер; изопроцесстер графиктері; Дальтон заңы;
Практикалық жұмыстар: сапалық және мәтінді есептер шығару; молекулалық физиканың заңын компьютерлік модельдеу.
9) "Термодинамика негiздерi". Идеал газдың ішкі энергиясы; термодинамикалық жұмыс; жылу мөлшері; жылусыйымдылық; термодинамиканың бiрiншi заңы; термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге қолдану; адиабаталық процесс, Пуассон теңдеуі; қайтымды және қайтымсыз процестер; энтропия; термодинамиканың екiншi заңы; айналмалы үдерістер және оның пайдалы әсер коэффициенті; Карно циклі;
Практикалық жұмыстар: сапалық және мәтінді есептер шығару.
10) "Сұйық және қатты денелер". Қаныққан және қанықпаған бу; ауаның ылғалдылығы; фазалық диаграммалар; үштік нүкте; заттың кризистiк күйi; сұйықтың беткi қабатының қасиеттерi; жұғу, қылтүтіктік құбылыстар; кристалл және аморф денелер; қатты денелердің механикалық қасиеттері;
Практикалық жұмыстар: сапалық және мәтінді есептер шығару.
11) "Электростатика". Электр заряды; зарядтың беттік және көлемдік тығыздығы; зарядтың сақталу заңы; Кулон заңы; электр өрісі; біртекті және біртекті емес электр өрісі; электр өрісінің кернеулігі; электр өрісінің суперпозиция принципі; электр өрісінің кернеулік векторының ағыны; Гаусс теоремасы; зарядтың орын ауыстыруы кезіндегі электр өрісінің жұмысы; потенциал; электр өрісінің потенциалдар айырымы; эквипотенциал беттер; біртекті электр өрісі үшін кернеулік пен потенциалдар айырымы арасындағы байланыс; электр өрісіндегі өткізгіштер мен диэлектриктер; электрсыйымдылығы; конденсаторлар; конденсаторларды жалғау; электр өрісінің энергиясы;
Практикалық жұмыстар: сапалық және мәтінді есептер шығару.
12) "Тұрақты ток". Электр тогы; тізбек бөлігіне арналған Ом заңы; өткізгіштерді аралас жалғау; ток көзінің элерктр қозғаушы күші мен ішкі кедергісі; толық тізбек үшін Ом заңы; Кирхгоф заңдары; электр тогының жұмысы мен қуаты; Джоуль –Ленц заңы; ток көзінің пайдалы әсер коэффициенті;
№6 Зертханалық жұмыс: өткізгіштерді аралас жалғауды оқып үйрену;
№7 Зертханалық жұмыс: ток көзінің элерктр қозғаушы күші мен ішкі кедергісін анықтау;
Практикалық жұмыстар: сапалық және мәтінді есептер шығару.
13) "Әртүрлі ортадағы электр тогы". Металдардағы электр тогы; асқын өткiзгiштiк; жартылай өткiзгiштердегi электр тогы; жартылайөткізгішті құралдар; электролит ерiтiндiлерiндегi және балқыламалардағы электр тогы; электролиз заңы; газдардағы электр тогы; вакуумдегi электр тогы; электронды-сәулелік түтікше;
№ 8 Зертханалық жұмыс: шамның қыл сымының, резистордың және жартылай өткізгішті диодтың вольт-амперлік сипаттамасы;
№ 9 Зертханалық жұмыс: Бір валентті ионның электр зарядын өлшеу;
Практикалық жұмыстар: сапалық және мәтінді есептер шығару.
14) "Магнит өрісі". Магнит өрісі; тогы бар өткізгіштің өзара әрекеттесуі, Ампер тәжірибелері; магнит индукция векторы; дөңгелек және шексіз түзу тогы бар өткізгіштердің индукциясы; бұрғы ережесі; Ампер күші, сол қолы ережесі; Лоренц күші; магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектердің қозғалысы; заттың магниттік қасиеттері; кюри температуры;
Практикалық жұмыстар: сапалық және мәтінді есептер шығару.
15) "Электромагниттiк индукция". Ампер күшінің жұмысы; магнит ағыны; электромагниттiк индукция құбылысы; электромагниттiк индукция заңы; Ленц ережесі; өздік индукция; индуктивтілік; магнит өрісінің энергиясы; электр қозғалтқыш және тұрақты токтың электр генераторы.
Практикалық жұмыстар: сапалық және мәтінді есептер шығару.
17. Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны:
1) "Механикалық тербелістер". Гармоникалық тербелістердің теңдеулері мен графиктері.
2) Электромагниттік тербелістер". Еркін және еріксіз электромагниттік тербелістер; механикалық тербелістер мен электромагниттік тербелістер арасындағы ұқсастық.
Практикалық жұмыстар: эксперименталдық және мазмұндық есептерді шығару; электромагниттік тербелістерді компьютерлік модельдеу; тербелмелі контурдың әртүрлі параметрлері үшін электрлік тербелістер кезіндегі кернеудің және ток күшінің, электр және магнит энергиясының уақытқа тәуелділігін компьютерлік модельдеу.
3) "Айнымалы ток". Айнымалы ток генераторы; еріксіз электромагниттік тербелістер; айнымалы ток; айнымалы ток тізбегінде активті және реактивті кедергі; активті және реактивті кедергілерден тұратын айнымалы токтың тізбектелген электр тізбегі үшін Ом заңы; айнымалы ток тізбегіндегі қуат; электр тізбегіндегі кернеу резонансы; Қазақстандағы және дүние жүзіндегі электр энергиясын өндіру және қолдану;
№ 1 Зертханалық жұмыс: трансформатор орамасындағы орам санын анықтау;
Практикалық жұмыстар: сапалық және мәтінді есептер шығару.
4) "Толқындық қозғалыс". Серпімді механикалық толқындар; бойлық және тұрғын толқындардың теңдеуі; механикалық толқындардың таралуы; механикалық толқындардың интерференциясы; Гюйгенс принципі; механикалық толқындардың дифракциясы;
№ 2 Зертханалық жұмыс: ауадағы дыбыс жылдамдығын анықтау.
5) "Электромагниттік толқындар". Электромагниттік толқындардың жұтылуы мен шығарылу; радиобайланыс; детекторлы радиоқабылдағыш; аналогты-сандық түрлендірулер; байланыс арналары; байланыс құралдары;
Практикалық жұмыстар: эксперименттік есептерді шығару; электромагниттiк толқындарды компьютерлік модельдеу және олардың қасиеттерін зерделеу.
6) "Толқындық оптика". Жарықтың электромагниттік табиғаты; жарықтың жылдамдығы; жарықтың дисперсиясы; жарықтың интерференциясы; жарықтың дифракциясы; дифракциялық торлар; жарықтың поляризациясы;
№ 3 Зертханалық жұмыс: дифракциялық тордың көмегімен жарықтың толқын ұзындығын анықтау;
№ 4 Зертханалық жұмыс: жарықтың интерференциясын, дифракциясын және поляризациясын бақылау;
Практикалық жұмыстар: эксперименталдық және мазмұндық есептерді шығару; компьютерлік модельдеу (жарықтың интерференциясы мен дифракциясы).
7) "Геометриялық оптика". Гюйгенс принципі; жарықтың шағылу заңы; жазық және сфералық айналар; жарықтың сыну заңы; толық ішкі шағылу; линзалар жүйесінде кескін салу; жұқа линза формуласы; оптикалық құралдар;
№ 5 Зертханалық жұмыс: шынының сыну көрсеткішін анықтау;
Практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару; ойыс айнаға түскен және шағылған стандартты сәулелердің жүрісі; жинағыш және шашыратқыш линзадағы негізгі сәулелердің жүрісі; көз бен фотоаппараттың оптикалық жүйелерін салыстыру.
8) "Салыстырмалы теорияның элементтері". Салыстырмалы теорияның постулаттары; Лоренц түрлендірулері; энергия; релятивистік динамикадағы импульс және масса; материалдық дене үшін энергия мен массаның байланыс заңы;
9) "Атомдық және кванттық физика". Сәулеленудің түрлері; спектрлер; спектрлік құралдар; спектрлік анализ; инфракызыл және ультракүлгін сәулелену; рентген сәулелері; жылулық сәулелену; Стефан –Больцман және Винн заңдары; ультракүлгін апаты; Планк формуласы; фотондар; фотоэффект; электромагниттік сәулелену шкаласы фотоэффектіні қолдану; жарық қысымы; жарықтың химиялық әсері; рентгендік сәулелену; жарықтың корпускулярлық-толқындық табиғатының біртұтастығы; альфа бөлшектің шашырауы бойынша Резерфорд тәжірибесі; Бор постулаттары; Франк және Герц тәжірибелері; сызықты емес оптика туралы түсінік; лазерлер; бөлшектің толқындық қасиеттері; Бор теориясының қиыншылығы; де Бройль толқындары;
№ 6 Зертханалық жұмыс: сәулеленудің тұтас және сызықтық спектрлерін бақылау;
Практикалық жұмыстар: эксперименттік және мазмұндық есептерді шығару; Майкельсон және Морли тәжірибесін компьютерлік моделдеу.
10) "Атом ядросның физикасы". Табиғи радиоактивтілік; радиоактивті ыдырау заңы; атомдық ядро; ядроның нуклондық моделі; изотоптар; ядродағы нуклондардың байланыс энергиясы; ядролық реакциялар; жасанды радиоактивтілік; ауыр ядролардық бөлінуі; тізбекті ядролық реакция; сындық масса; радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері; радиациядан қорғану; ядролық реактор; ядролық энергетика; термоядролық реакциялар;
№ 7 Зертханалық жұмыс: дайын сурет бойынша зарядталған бөлшектердің тректерін оқып үйрену;
11) "Нанотехнология және наноматериалдар". Нанотехнологияның негізгі жетістіктері, өзекті мәселелер және даму кезеңдері; наноматериалдар.
12) "Космология". Жұлдыздар әлемі; жұлдызға дейінгі қашықтық; айнымалы жұлдыздар; Күн-Жер байланыстары; жұлдыздардың планеталық жүйелері; Жер топтарындағы планеталар және гигант-планеталар; Күн жүйесіндегі кіші денелер; біздің Галактика; басқа Галактикалардың ашылуы; квазарлар; Үлкен жарылыс теориясы; қызыл ығысу және Галактикаға дейінгі қашықтықты анықтау; Әлемнің ұлғаюы; Әлемнің эволюциясының негізгі кезеңдері; әлемнің моделдері; өмір және Әлем туралы ойлар; адамзаттың космостық болашағы және космосты игеру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет