Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі



бет8/16
Дата07.02.2022
өлшемі60,68 Kb.
#94186
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Байланысты:
кустар
дип

Қыстай шығатын құстар


Қыстай шығатын құстар жыл бойы бір аймақта тіршілік етіп, көбейеді. Ешқайда жылыстамайды. Ондай құстарга қарғалар, торғайлар, сауысқандар, шымшықтар жатады. Құстарға қыста қолдан қорек беріп қамқорлық жасауды үмытпаңдар! Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) ІІ отрядқа жататын 56 құс түрлері тіркелген. Қызғылт және бұйра бірқазан Каспий, Арал, Балқаш, Алакөл, Зайсан, Марқакөл суларында кездеседі. Қара дегелең сары және кіші құтан, қалбағай, қарабай кеңінен таралған. Ақ дегелек (жыл құсы) Қазақстанның оңтүстік өңірінде ғана (Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында) таралған. Қазақстанда сирек кездесетін құстың бірі - қоқиқаз («қызылқаз» деп те атайды). Аяғы, мойны ерекше ұзын. Тұмсығы имек болады. Топтанып тіршілік етеді. Каспий жағалауында, Шалқар теңізінде, Теңіз көлдерінде кездеседі. Қорғалжын қорығын «қоқиқаздар мекені» деп атайды. Ол дүниежүзілік мәні бар батпақты-су айдындарына жатады. Қараша қаз, қу тір жық қаз, сұңқылдақ және кіші аққу, мәрмәр, шүрегей үйректер де Қызыл кітапқа тіркелген. Бүлардың ішінде халық аққуды ерекше киелі құс санайды. Ол туралы аңыздар, әндер, күйлер кеңінен таралған. Аққу пәктіктің, сүлулықтың, адалдықтың белгісі деп есептеледі. Оның қоразы — «саһар», балапаны — «көгілдір» деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет