Байланысты: Цитология және гистология оқу құралы 2017 - лаб. сабақ
Ядро шырыны ядроның iшкi ортасын түзеді, оны
кариоплазма
немесе кариолимфа деп атайды. Онда интерфазалық ядроның ядрошығы
мен хромосомалар орналасады. Жарық және электрондық микроскоппен
кӛрінбейді. Ядро шырынының мӛлшері әртүрлі болып келеді. Бір
ядроларда кариоплазма аз (тимустың лимфоциттерінің ядроларында т.
б.), екіншілері кариолимфаға бай болады. Ядро шырынының тұтқырлығы
цитоплазманың негізгі затының тұтқырлығындай. Ядро шырынында
белоктар мен РНҚ және нуклеин кышқылдарының синтезіне қатысатын
ферменттер мен липидтер болады. Мұнда ядроға тән ферменттер кӛп.
Олардың ішінде АТФ түзуге қатысатын гликолиз ферменттері маңызды
рӛл аткарады. Ядрода (кариоплазмада) фосфорлық алмасу ферменттері,
50
бос нуклеотидтерді синтездеу мен ыдыратуға қатысатын ферменттер
тобы, АТФ-азаның ерекше орыны бар.