Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология


Гистологияның электронды микроскоптық кезеңі 1950 жылдан



Pdf көрінісі
бет7/240
Дата08.02.2022
өлшемі6 Mb.
#122639
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   240
Байланысты:
Цитология және гистология оқу құралы 2017 - лаб. сабақ

Гистологияның электронды микроскоптық кезеңі 1950 жылдан 
басталады.
Гистологияның ілгері дамуына неміс ғалымдары Е. Руска, М. 
Кнолль, Б. Боррненің электронды микроскопты 1928-1931 жылдары
ашулары мен оны гистологиялық зерттеулерде 50-ші жылдардың басында 
қолдануы әсерін тигізді. Жасушаның құрылысы қысқа мерзімнің ішінде 
ультрақұрылымдық деңгейде зерттелді. А. Родин пероксисомаларды 1954 
жылы ашты. Екі ірі ғылыми жаңалықтың ашылуымен 1955 ж. 
сипатталады: Г. Паладе рибосомалар мен эндоплазмалық торды, К. де 
Дюв лизосомаларды ашты. 60-шы жылдардың басында сол кезеңге дейін 
белгісіз болған органеллалардың барлығы анықталды. Жарықтық 
микроскоптың деңгейінде белгілі болған органеллалардың нәзік 
құрылымы белгілі болды. Электронды гистохимия мен электронды 
ауторадиография әдістері 60-80 жылдары дами бастады. Барлық 
жасушалардың, тіндердің және мүшелердің электрондымикроскопиялық 
сипаттамасы осы кездерде аяқталады. Ультрқұрылымдарды үлкейтіп 
кӛрсететін сканерлік электрондық микроскоптар гистологиялық 
зерттеулерге енгізіледі. 



Электронды микроскоптың енуімен қатар жарықтық микроскоптың 
әдістері гистологиялық зерттеулерде жетілдіру жалғасты. Флуоресцентті 
бояулармен ұлпалар мен жасушаларда анықтайтын заттарды таңбалауға
негізделген иммуноцитохимиялық және иммуногистохимиялық әдістер 
ашылды. Әртүрлі типке жататын жасушаларды, гормон және әртүрлі 
биологиялық белсенді заттарды бӛлуші, жасушалық рецепторларды, 
секреторлық және биосинтетикалық процестерді бұл әдістермен дәлірек 
ажыратуға болады. Иммуноцитохимиялық және гистохимия принциптер 
кейінірек электронды микроскопта да қолданылды. Сонымен қатар, 
таңбаланған антиденешіктер ретінде коллоидты алтын мен ферритинді 
қолдана бастады. Жарықтық және электрондық авторадиография әдістері 
рецепторлардың орналасуын, жасушалардың бӛліну заңдылықтарын, 
жасушалардағы макромолекулалардың синтезі мен секрециясы туралы 
деректерді алу үшін кеңінен қолданыла бастады. Бұл әдістер 
морфофункционалдық, синтетикалық болғандықтан, гистологияның даму 
барысындағы үшінші кезеңді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   240




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет