Жарыс жағдайындағы спортшының Әрекеті мен мінез-қҦЛҚын басқарудың психологиясы қ.І. Адамбеков



Pdf көрінісі
бет61/95
Дата25.04.2020
өлшемі1,7 Mb.
#64702
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   95
Байланысты:
Nshfk 3 34 2012

Патронажды бағыт. «Патронатты тәрбиелеу» деген термин 1943 жылы Ресейде қабылданған, ол 
баланы келісім шарт негізінде ата-ана – тәрбиеші қарауына ата-ана құқығының жартылай сақталуын 
кӛздеп береді. Бұл іс-әрекетте біріншіден, балалар үйінің басшысы тәрбиеленушілердің қорғаушысы 
болып табылады және баланың құқығын заң және әкімшілік орындарда қорғайды; екіншіден, балалар 
үйі отбасына тәрбиеленуге берілген тәрбиеленушілерге патронат болады;  үшіншіден, балалар  үйіне 
берілген  балалар  санының  жылдан-жылға  кӛбейіп  бара  жатқандығы,  бала  мен  отбасы  арасындағы 
қарым-қатынасты сақтау мен түзетуге міндеттейді.  
Н.В. Смеховичтің (1999 ж.) зерттеулерінде балалар үйінде тәрбиеленушілерді зерттеу жұмысының 
тұжырымдамасының  негізгі  идеясы  «отбасылық  салтты»  ұсынады.  Оның  тұжырымдамасының 
маңыздылығы: 
 
Тәрбиешілерді қосып отбасында ӛмір сүріп жатқандай шағын балалар тобын құру
 
Тіршілік әрекеті жағдайында отбасылық қатынасты бейнелейтін мәдени кеңістікті қалыптастыру; 
 
«Отбасы» ішінде қарым-қатынас тәсілдерін дамыту негізінде сенім, достық, қуаныш, сүйіспен-
шілік,  салауатты  ӛмір  салтын  құруда,  сабаққа  дайындалуда,  жалпы  еңбекте  бір-біріне  ӛзара  қолдау 
кӛрсету; 
 
Педагог-психологтармен,  тәрбиеленушілермен  топтық-«отбасылық»,  жеке  және  ұжымдық 
ынтымақ қалпын пайдалану; 
Автор  тұжырымдамасы  балалар  үйінде  тәрбиеленушілерді  тәрбиелеу  жүйесінің  негізіне  шағын 


Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Начальная школа и физическая культура», № 3 (34), 2012 г. 
 
66 
әлеуметтік  топ  ретінде  «екінші  отбасы»  түсінігін  құрайды,  яғни  қарым-қатынастың  авторитарлық 
(ата-ананың)  және  демократиялық  «отбасы»  мүшелерінің  адамгершілік  ӛзара  қатынасын,  бір-біріне 
қолдау кӛрсету және тұрмыстық ынтымақтастықпен байланыстырады. Бұдан интернат  типтес меке-
мелердегі  тәрбиешілердің  санын  арттыру  мәселесі  туындайды  және  отбасылық  жағына  бағытталу 
қажеттігі пайда болады. 
Жоғарыда  атап  ӛткен  жетім  балалар  мекемелерінде  жүргізілетін  әлеуметтік  жұмыс  мазмұнының 
жаңа жолдарын, әдіс-тәсілдерін табуда кӛптеген ғылыми-теориялық, практикалық тәжірибелер кезде-
седі.  Бала  үшін  отбасынан  алатын  орнын  түгелдей  толықтыру  мүмкін  емес,  дегенмен  де  баланың 
үлкендермен психологиялық тұрғыдан қарым-қатынас жасауға мүмкіндік тудыратын ортаны дамыту-
ға  болады.  Сол  дамытушы  ортаны  педагогикалық-оңалту  жұмыстарын  жүргізу  арқылы  жүзеге  асы-
рауымызға болады. «Жетім кӛрсең жебей жүр» дейді халық. 
Әрқашан  «бір  жетімнің  басынан  сипасаң,  қырық  періштесі  күліп  тұрады»  деуден  жалықпайтын 
жандарда кӛптің қасы. Ендеше тәуелсіз елдің жас ӛріндері ӛз болашағымыз ӛз қолымызда... ойлана-
йық жас достар..! 
 
1. Бала құқығы туралы БҰҰ Конвенциясы,1989. 
2. Халитова І.Р. Әлеуметтік педагогика. – Алматы: Білім, 2008. 
3. Лисина М.И. Пути влияния семьи и детского учреждения на становления личности дошкольника. – М., 1997. 
4. Мухина В.С. Лишенные родительского попечительства. – М.: Прос., 1991. 
5. Ахтаева Н.С., Әбдіғаппарова А.І., Бекбаева З.Н. Әлеуметтік психология. – Алматы, 2006. 
6. Мухамедрахимов Р.Ж. Мать и младенец: психологическое взаимодействие. – СПб.: Изд-во СПбГУ, 1999. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   95




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет