Жас ұрпақ ТӘрбиесі-ұлт болашағЫ, ел ертеңІ «Қостанай қаласының мектеп-бақша гимназия»



Дата07.02.2022
өлшемі22,87 Kb.
#87439
Байланысты:
жас ұрпақ тәрбиесі ел ертеңі ұлт болашағы баяндама
ұстаздық ұлы қызмет баяндама

ЖАС ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ-ҰЛТ БОЛАШАҒЫ, ЕЛ ЕРТЕҢІ

«Қостанай қаласының мектеп-бақша гимназия» мекемесі


Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Молдагулова Ш.И.

Адамгершілік-рухани тәрбиенің маңыздылығы


Адамгершілікке тәрбиелеу құралы-еңбек пен ата-ана үлгісі.
Ыбырай Алтынсарин.

Бала тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын, ойшылдары мен зиялыларын толассыз толғанысқа, үздіксіз ізденіске түсіргені күмән туғызбайды. Қазақстандық қоғамға, бүгінгі күні жұмыс берушілерге білікті, өнегелі, жігерлі, өмірлік белсенді ұстанымы бар, үздік сапалы, алғыр ойлы, халықаралық ынтымақтастыққа дайын жастар қажет.
Бала қамын ойлаған бабаларымыздың айтқандарынан түйгеніміз - қай қоғамның болсын көтерген мәселесі – бала жанына ізгілік дәнін егу. Себебі бала - өмірдің жалғасы, мәні мен сәні. Сондықтан да халық баланы көңілдің гүлі, көздің нұры деп ұққан.
Кезінде ұрпақ тәрбиесі, ел тағдыры жөнінде елеулі еңбектер жазып, аталық ақыл айтқан ғалым – профессор. Б. Кенжебаев: «Бала – біздің болашағымыз. Болашағына немқұрайлы қараған халықтан ештеңе күтуге болмас еді» деп бекер айтпаған болу керек. Қазақта «Ұяда не көрсе ұшқанда соны ілер» - деген мәтел бар.Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата да қыран болу керек»- деп отбасы тәрбиесіне ерекше тоқталған.
Себебі отбасы бала үшін - алтын бесік. Бала тәрбиесі мен барлық адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы негізінен отбасында жүзеге асады. Олай болса балаға өз шаңырағында, өз табалдырығында дұрыс тәрбие берілуі - тәрбиенің ең басты шарты. Ата мен әженің, әке мен шешенің балаға беретін үлгісінің құдіреттілігін мойындап, өз ұлтының ертеңін елжірей ойлап, ұлттық тәрбие тағлымын байыптай да, батыл айтқан батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының «... Кейде менің өнеге алған, тәлім үйренген, дәріс оқыған ұстаздарымды еске түсіріп, ойға бататыным бар. Сондай шырын шақтарда ең алдымен ата - аналарымның бейнесі елестейді. Өйткені өзімнің әжемдей, әке - шешем мен ауылдың ақсақалдарындай өсиет айдынына жүздіре алған ешкім жоқ» деп балалық шағын тебірене еске алуы тегін емес.
Баланың тәлім – тәрбиесіне ерекше мән берген халқымыз «баланы жастан»деп мәтелдеген. Өмірдің базарын бала деп білген халқымыз «Жаста берген тәрбие жас қайыңды игендей.»- демей ме? Иә, қазақ халқында сонау ежелгі заманнан бері өзіндік тәрбие мектебі, қалыптасқан дәстүрі болған.
Алтын бесік – отбасы болса, алтын ұя – мектеп. Екеуі де қасиетті, әрі қастерлі. Өйткені отбасы адамды дүниеге әкеліп, қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп жатса, мектеп ақылы мен білімі толысқан, жан – жақты жетілген, өз бетімен өмір сүруге бейім, толыққанды адам етіп тәрбиелеп шығарады. Бұл екі ортаның да мақсат – мүддесі ортақ, міндеті - біреу. Демек қасиетті жерде жұмыс істеудің өзі бізге үлкен жауапкершілік жүктейді.
Ол тәрбиешіден өте сезімталдықты, балаға деген шексіз сүйіспеншілікті талап етеді. Тұңғыш ағартушы педагог Ы. Алтынсарин «Күнәнің ең үлкені - бала жанының нәзік пернелерін дұрыс сезе алмайтындарда»деп бала тәрбиесіндегі басты тұлға ұстаздарды өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарауға шақырған. Балаға тән азығы – тамақ қандай қажет болса, жан азығы - жылулық, сүйіспеншілік сондай қажет. Ал оның қажетін қанағаттандырмай түпкі мақсат ешқашан орындалмайды.
Әр кәсіптің өз жемісі бар. Біздің жемісіміз – алдымыздағы шәкірттер. Олар – біздің бүкіл ұстаздық өміріміздің гүлі, мәні мен сәні десек артық айтпағандық болар. Қазақта «Ана мейірі мен ұстаз мейірі егіз»деген тамаша мәтел бар. Халық айтса қалт айтпайды. Мейірімін ана мейірімен теңестірген ұстаздың бойында қандай қасиеттер болу керек.
Ұлы жазушы, әрі ғұлама М. Әуезовтың «Ел болам десең, бесігіңді түзе»деген нақылы еліміздің ертеңі - жас ұрпағыңды жақсылап өсір деген сөз. Жас ұрпақ тәрбиесі - ұлт болашағы, ел ертеңі. «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болады» деп А. Байтұрсынов айтқандай мемлекетіміз де ұрпақ тәрбиесіне барынша назар аударып келеді. Себебі бала - еліміздің ертеңі, тірегі мен тілегі. Еліміздің - ажары мен базары.
Мектеп жеке тұлғаның рухани жан дүниесі мен адамгершілік қасиетінің қалыптасуына жүйелі жолға қойылған тәрбие беру негізінде қол жеткізеді. «Отан- от басынан басталады» дейді халық даналығы.
Демек, бала тәрбиесі- Отан мен ел мүддесі. Бүгінгі өскелең ұрпақ қағаламдастыру дәуірінде өз халқының төл мәдениеті, тілі мен салт- дәстүрін әр оқушының бойына сіңіре отырып, отан сүйгіштікке баулу қазіргі тәрбие жүйесінің өзекті мәселесі.
Оқу үрдісінде бала бойында рухани адамгершілік, құнды қасиеттерді ұялатуға бағытталған жұмыстарды одан әрі жетілдіру қажет, яғни тұлға сапаларын ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымен байыту арқылы жақсылыққа, сүйіспеншілікке баулу керек. Адамзаттың құндылықтарды ұрпақ бойына дарытып, білім беру ұйымдарынан бастау алған рухани-адамгершілік тәрбиесін қоғамның барлық саласында енгізілген Егемен еліміздің ертеңі айқын, болашағы жарқын болары сөзсіз. Адамгершілік құндылығы бай адам ең алдымен әділ, шыншыл, мейірімді, кешірімшіл, қанағатшыл, ақылды болады. Ұрпақтан- ұрпаққа мирас болып келе жатқан салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар, тариха-әдеби мұралар арқылы жас ұрпақтың жеке басының қасиетін дамыту мүмкіндіктеріне барынша көңіл бөліп, ұстаз білім мен білігін тәрбие үрдісінде балалардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруды дұрыс ұйымдастыру керек. Ата-аналарды оқу –тәрбие үрдісіне қатыстыру, олармен тығыз байланыс жасау мәселесі негізгі орын алуға тиіс.
Сондықтан алға қойған мақсатым мен міндетім –әрбір тұлғаның ерекшелігін айқындау және дамыту.Тұлғаның ерекшілігін дамыту, ізгі ірі қарым-қатынасқа дағдыландыру басты міндет. Жеке тұлғаның ғылыми дүниетанымының қалыптасуының, адамгершілік қасиеттерінің, еңбекке деген сүйіспеншілігінің жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу. Білім беру ісін адамгершілік тәрбиемен ұштастыра білу өте күрделі де жауапты мәселе. Ол педагогикалық шеберлікті, біліктілікті, білімділікті талап етеді. Ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген асыл сөздің кестесімен сәби жүрегін тербеп, ой санасын игі адамгершілікке жетелеген. Тәрбие үрдісінде түрлі өзгерістер болып отырады. Баланың организмі бүкіл өмірінде әр түрлі дене және психикалық өзгерістер арқылы дамиды. Оларға организмнің өсіп-жетілуі, ақыл ойының дамуы, мінез-құлқының қалыптасуы жатады.
Рухани адамгершілік білім беруде баланы тек жақсылыққа қайырымдылыққа, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата – ананың да болашағы зор болмақ. «Еліміздің – күші патшада, сәбидің күші жылауында», - демекші, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз – адамгершілігімізде болуы керек.
Біздің жастар елімізді, жерімізді, тілімізді бүкіл әлемге паш етсін десек, жаңа заманға лайық етіп тәрбиелейік. Біз тәрбиелеген ұрпақ тәрбиелі де, тәртіпті, ақылды да өнегелі, рухани адамгершілігі мол Қазақстанның беделді азаматы болады деп сенемін.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Н.Назарбаев «Қазақстан-2030» бағдарламасы
2.Танымдық қызығуды белсендіру «Қазақстан мектебі»№6,2003 жыл
3.Бала тәрбиесі №2,2006 жыл
4.Бастауыш мектепте оқыту №4,2006 жыл
5.Тәрбие жетекшісі Орынбор
6. «Өзіндік таным»№2,2007 жыл
7.Бастауыш мектеп. №6 2003 жыл. №4 2009 жыл.
8.Қазақстан мектебі. №9 2010 жыл.
9.Қазақстан мектебі. №8 2010 жыл.
10.Ә.Марғұланның ғылыми және трихи – мәдени мұрасы мен қазіргі заман Республикалық Марғұлан оқулары материалдарының жиыны. 2010 жыл.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет