Құжат атауы


HTML тілінің атқаратын қызметі



бет30/37
Дата13.05.2020
өлшемі1,25 Mb.
#67746
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   37
Байланысты:
Aytbenowa-A-A-WEB-dizayn-negizderi-converted
rya 21, rya 40, 1863823, Проверьте себя. Тест, 7 HTML, КАНАТ ДИПЛом нов, Маржан дипл, Задан-1-9 казМК, Задан-1-9 казМК, 13-15 апталарына тапсырма, 1.3. РОЛИ МЕН ОРНЫ2, Логика есеп, Логика есеп, жиын тест


HTML тілінің атқаратын қызметі.


Web-парақтары экранда ықшам түрде безендіріліп көрсетілгенмен, HTML тілі мәтіндерді пішімдеп көрсететін тілге жатпайды. Өйткені әрбір тұтынушы әр түрлі компьютерлерді пайданалады. Сол себепті жаңа ғана зауыттан шыққан бір компьютердің Windows жүйесінде жұмыс істей алатын браузері бар болса, екінші бір тұтынушы компьютері тек MS DOS жүйесінде жұмыс істейтін ескі браузерді пайдалануы мүмкін. Бұл екеуінің көрсету мүмкіндіктері әр түрлі болғандықтан, бір файл екеуіне екі түрлі болып көрсетіледі. Ал, үшінші компьютердегі Web-парақтарының мәтіндері зағиптарға арналған Браиль қаріптері арқылы берілсе, оның нәтижесі тіпті басқаша болады.

Құжаттарды әрбір тұтынушының әр түрлі құрылғыларда және әр онда HTML түрлі браузер программалармен көретіндіктерін ескерсек, HTML тілін мәтіндерді пішімдеу (форматтау) тәсілдерін жазуға арналған тіл деп айтуға болмайды. Ол Интернеттегі мәтін бөліктерінің атқаратын қызметін анықтап, соларды әрбір тұтынушыға бейімдеп жеткізе алатын құжатты функционалды түрде белгілейтін тіл болып табылады.

Мысалы, егер мәтін тақырыбын бейнелеу керек болса, коды оны тақырып ретінде көрсетуге тырысады. Тақырыптың белгілеу коды алынған соң, оны браузер-программа өз мүмкіндігін пайдаланып, оны үлкейтіп ірі әріптерімен жазуы ықтимал немесе тек экран жолдарының ортасына жылжытып қана көрсетуіне де болады. Ал егер бұл құжат мәтіні дыбыс синтезаторы арқылы берілетін болса, онда тақырып қаттырақ шығатын дауыс арқылы айтылып, одан соң аздап үзіліс жасалуы дамүмкін.

HTML тілінде мәтінді пішімдеу тәсілдерінің де бар екенін айтып кету керек, бірақ жалпы тұрғыдан алғанда құжаттың мазмұны мен оны безендіріп көрсету жолдарының айырмашылығы сақталып отырады. Мысалы, HTML тілінің соңғы [4.0] нұсқасында мәтінді пішімдеу командаларын пайдалану ұсынылмаған.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   37




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет