Құжаттарндыру



бет2/5
Дата07.02.2023
өлшемі224,4 Kb.
#167761
түріЛекция
1   2   3   4   5
Байланысты:
лекция 6
T R, форма тест

2. Құжаттардың жіктелуі

Құжаттар мақсаты бойынша үкімдік, атқарушы (растаушы), бухгалтерлік толтырылған және аралас болып бөлінеді.

  • Үкімдік болып шаруашылық әрекетерді орындауға аналған бұйрық, үкімдерден тұратын құжаттар табылады. Олар әрекетті жүргізуге рұқсат береді, бірақ олардың орындалуын растамайды. Мысалы, бұйрықтар, сенім хаттар, жұмыс нарыдтары, есеп айырысу шотынан ақша қаражаттарын алуға чектер, жабдықтаушыға есеп айырысу шотынан ақша сомаларын аударуға төлем тапсырмасы және т.б. Үкімдік құжаттарға құжаттарда көрсетілген әрекеттерді орындауға жарлық беруге құқықтары бар кәсіпорын қызметкерлері қол қояды.
  • Атқарушы (растаушы) құжаттар тек әрекеттердің орындалу фактісін растайды, бухгалтерік жазбаларды растайды және материалдық және ақша қаражаттарын алу, беру және шығындау туралы куәландырады. Мысалы, орындалған шығындарды, материалды жауапты тұлғалардың есебін, сатылған өнімдерге шот-фактуралар, кіріс және шығыс кассалық ордерлерін растайтын негізгі құралдарды қабылдау-беру актілері, түбіртектер, шоттар және т.б.
  • Бухгалтерлік толтырылған құжаттар шаруашылық әрекеттерін жазуға басқадай құжаттар болмаған жағдайда немесе бухгалтерлік есепте үкімдік және растаушы құжаттарды дайындау мақсатында қызметкерлермен жасалады. Мысалы, жалпы өндірістік және жалпы шаруашылық шығындарды тарату ведомостары, амортизациялық аударымдарды есептеу және тарату ведомостары, жинақтау ведомостары, өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы, нормативті өзіндік құннан ауытқуларды есептеу, бухгалтериямен құрылатын әр түрлі анықтамалар мен есеп айырысу түрлері және т.б.
  • Аралас құжаттар бір уақытта үкімдік және растаушы, үкімдік және бухгалтерлік толтырылған құжаттар қызметтерін атқарады. Мысалы, шығыс кассалық ордерінің бірінші бөлігінде ақшаны беру туралы үкім бар, ал екінші бөлігінде ақшаны алушы мен кассирдің қолдарымен расталынған ақшаны беру ресімделеді; материалдық құндылықтарды босату накладнойы қоймадан цехқа материалдарды босату үкімінен, сонымен қатар нақты бергендігін ресімдеуден тұрады және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет