Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы мен педагогикалық сипаттамасы


Дененің оң мен солын ажыратуда тежелу, кеш латерализация және оның бұзылысы (солақайлық т.б.) байқалады



бет3/5
Дата25.04.2022
өлшемі1,22 Mb.
#140849
1   2   3   4   5
Байланысты:
СТЖД 14 апта слайд
Malicious programs, физика есептер, Асильбек С ЕП-20-15К, 7. «Methodology of Decision of Tasks on Chemistry», 7. Методика решения задач по химии, Сабақ тақырыбы «Металдардың жалпы сипаттамасы»-emirsaba.org, Қысқа мерзімді жоспар Эстафеталық ойындар
Дененің оң мен солын ажыратуда тежелу, кеш латерализация және оның бұзылысы (солақайлық т.б.) байқалады.

Солақайлық пен дислексияның арасын сәйкестендіру түзу емес, күрделі, кезектілі. Көп жағдайда әсіресе солақайларды оңмен жазуды үйретуде, балаларда кеңістіктік түсініктерінің қалыптаспауының қиындықтары, оң және сол жақтарын шатастыру байқалады. Қалыпта оң және солды ажырату алты жаста қалыптасады. Кеңістіктік түсініктерінің жеткілікті қалыптасуы баламен әріпті ажырату мен менгерудегі алғы шарт болып табылады

Солақайларда оқудың бұзылуысыз, латеральды дискоординацияның орнын басатын эволюция үдерісінде механизмдер пайда болады, дислексиясы бар солақайларда бұл орын басу жүйелері баяу, кеш ұйымдастырылады. Сонымен, солақайлықтың өзі емес, үйретілген солақайларда кеңістіктік түсініктерінің қалыптаспағандығы салдарынан, оқудың бұзылысы байқалады.
 
Дислексия және ауызша сөйлеу тілінің бұзылысы
Дислексиясы бар балаларда дыбыс айтуда бұзылыс, сөз қорының кедейлігі, сөзді қолданудағы нақтылықсыз байқалады. Олар өзінің сөйлеу тілін дұрыс әсерлей, безендіре алмайды, күрделі сөйлемнен бас тартып, қысқа сөйлемдермен шектеледі, байланыстырып сөйлеу тілінде бұзылыстар кездеседі.
Сөйлеу тіл бұзылысының жиілігін белгілей келе көптеген авторлар ауызша сөйлеу тілі мен оқудың бұзылысы тұтас этиопатогенетикалық фактордың нәтижесі деп қарастырады (Б. Хальгерн, С. Борель-Мезонни, Р. Е. Левина, Л. Ф. Спирова).
Балаларда сөйлеу тілінің фонетикалық-фонематикалық жағының жетілмегендігінде оқуды меңгерудің алғашқы кезеңдерінде сөйлеу тіл түсініктері мен жалпылауда нақтылықсыздықтар байқалады. Ол сөздің дыбыстық талдануын меңгеруін қиындатады (Р. Е. Левина, Г. А. Каше, Н. А. Никашина, Л. Ф. Спирова). Әріптің кейбіреуін меңгермеу графикалық белгіленуді ұстап қалудың әлсіздігінен емес, дыбыстарды жалпылай алмаудың салдарынан болады. Егер әріп жалпыланған дыбыс пен (фонемамен) сәйкестенбесе, онда оның меңгерілуі механикалық сипатта болады.
Балалар нақты қабылдап және дұрыс айта алатын дыбыстар әріптерге оңай сәйкестендіріледі. Егер балалар естуі бойынша дыбыстарды қиындықпен ажыратса, оларды қатемен немесе алмастырып айтса, онда берілген дыбыс туралы жалпыланған түсінік нақтылықсыз сипатта болады, әріпті қабылдау қиынға түседі. Бұл жағдайда әріпті менгермеу фонематикалық қабылдау дамуының жеткіліксіз деңгейімен шартталған.
Мұндай балаларда дыбыстарды буындарға біріктіру үрдісінің қиындығы басым. Біріккен оқуды меңгеру үшін бала әріпті тек белгілі бір дыбыспен сәйкестендіру, оны басқалардан ажырату керек. Онымен бірге, әріптің жалпыланған дыбысталуы туралы түсінігі болуы тиіс. Буындарды біріктіріп айтуда мағыналық ойлану көмектеседі. Дыбыстарды буындарға біріктіру – оларды ауызша сөйлеу тілінде дыбысталатындай етіп айту. Егер балаларда сөздің дыбыстық-әріптік құрамы туралы нақты түсінігі болмаса, дыбыстың буындық бейнелердің жалпылануының қалыптасуы қиындықпен жүреді.
Сөйлеу тілінің лексикалық-грамматикалық жағының құрылымы бұзылған болса, балада алдын ала ойлап табу қабілеті болмайды немесе кері әсер беріп көптеген қатеге ұшыратады.
Бұл онымен бірге сөздің морфологиялық құрылымын балалар жеткіліксіз меңгергендігін көрсетеді, сондықтан оқу үрдісі кезінде дұрыс мағыналық ойлап табудың орнына, сөздің морфологиялық құрылымы мен грамматикалық маңызын қабылдаудағы қиындыққа байланысты аграмматизм пайда болады.
Сөз қорының шектелуі және грамматикалық жалпылаудың жеткіліксіз дамуы оқығанды түсінудің қиындығына соқтырады.
Дислексия механизмдері ретінде фонематикалық қабылдаудың (фонемді ажырату), фонематикалық талдау мен жалпылау, сөйлеу тілінің лексикалық-грамматикалық құрлымының қалыптаспағандығын қарастыруға болады. Дислексия негізінде тілдік жалпылаудың (фонематикалық, морфологиялық, синтаксистік) жетілмегендігінен пайда болады.
Оқудың бұзылуының психолингвистикалық аспектіде дислексия оқу үрдісінің түрлі операцияларының (көріп қабылдаудың және әріпті ажыратудың, фонемді талдаудың, дыбыстың буынға бірігудің, буындардың сөзге, сөздің сөйлемге синтезделуінің, мағынамен сәйкестенудің) бұзылысы ретінде қарастырылады.
Дислексияның механизмдері
-сенсомоторлы операциялардың қалыптаспағандығы (әріптің көріп-кеңістікті талдануы және сөзде олардың сәйкестенуі);
-тілдік операциялардың дыбыс, буын, сөздермен және мәтіндегі сөйлемдердің операцияларының (фонематикалық, морфологиялық, синтаксистік деңгейдің) қалыптаспағандығы;
-семантикалық операциялардың бұзылысы (мағынамен сәйкестендіру).
Дислексияның жіктелімі
Фонематикалық дислексияны фонематикалық жүйесінің негізгі функцияларының қалыптаспағандығын есепке ала отырып екі түрге бөлуге болады.
Бірінші түрі – фонематикалық қабылдаудың дамымауымен байланысты оқудың бұзылысы (фонемді ажырату), ол әріпті меңгерудегі қиындықта және акустикалық және артикуляторлы ұқсас дыбыстарды алмастырумен (б-п, д-т, с-ш, ж-ш т.б) белгіленеді.
Екінші түрі – фонематикалық талдау функцияларының дамымауымен байланысты оқудың бұзылысы. Бұл түрде оқу кезінде қателердің келесі топтары байқалады: әріптеп оқу, сөздің дыбыстық-буындық құрамының бұзылыстары.
Семантикалық дислексия оқылған сөздерді, сөйлемді, мәтінді техникалық дұрыс оқыған жағдайда оқығанын түсінуінің бұзылуымен сипатталады, яғни оқу үрдісінде сөздер, сөйлем, мәтін бұзылысқа ұшырамайды. Бұндай бұзылыстар буындық оқуда білінеді. Сөзді буындап оқығаннан кейін балалар сәйкес суретті көрсете алмайды, жақсы таныс сөздің мағынасымен байланысты сұраққа жауап бере алмайды. Оқылған сөйлемдерді түсінудің бұзылысы синтетикалық оқу кезінде (сөзді тұтас оқу) байқалуы мүмкін.
Аграмматикалық дислексия сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымының, морфологиялық және синтаксистік жалпылауының дамымауымен белгіленеді. Дислексияның бұл түрінде көбіне жалғауларды, уақыттық түрлерді дұрыс қолданбауы байқалады.
Аграмматикалық дислексия көбіне оқу дағдысының қалыптасуының синтетикалық қадамында түрлі патогенездегі сөйлеу тілі жүйелі дамымаған балаларда байқалады.

Мнестикалық дислексия барлық әріптерді меңгерудің қиындығымен, олардың ажыратылмаған алмастыруларымен сипатталады. Балалар белгілі бір кезектілікте 3-5 дыбысты немесе сөздің қатарын айта алмайды, санын азайтады, дыбыстарды, сөздерді тастап кетеді. Дыбыстық-әріптік белгіленуін меңгеру кезінде, әсіресе әріпті айқын көру бейнесі мен есту айтуының бейнесінің арасындағы бірлестіктің бұзылысы айқын байқалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет