Жазылу жолдары



Pdf көрінісі
бет17/36
Дата16.10.2023
өлшемі23,11 Mb.
#185662
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36
Байланысты:
Эссе және оның жазылу жолдары
Диктант
Негізгі бөлім
Тезиске қатысты пікір 
Классикалық туындылар қай ұлттың болмасын өткенін бүгінімен 
байланыстырады.
Пікірге қатысты аргумент
І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы, Л.Толстойдың «Соғыс 
және бейбітшілік» романы, М.Митчелдің «Жел айдағандар» сияқты 
әр елдің тарихын жеткізген үлгілі әдебиет. Қазіргі уақытта бірнеше 
елде осы мәселе талқылануда. Мысалы, Шотландияның Tрун қала
-
сындағы «Marr» колледжінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, мұғалім
-
дердің желілік қоғамдастығының кеңесшісі Sally Law мұғалімдер бло
-
гында «Классикалық туындылар қазіргі уақытта сіздің сыныбыңыз 
үшін маңызды ма?» деген ой қозғайды. Бұл пікірлерге қауымдастыққа 
мүше мұғалімдер классикалық әдебиетсіз қазіргі заман әдебиетінің 
болашағы жоқ екенін, оқушыға қызықты болмағанымен, оның тарихи 
маңызы зор деген пікірлерін жазған.
Анализ
Пікірлерді оқи отырып, элемнің түкпіріндегі әдебиет мұғалімдері 
оқушыларға классикалық әдебиетті оқыту елінің тарихын білуі екен
-
дігін жеткізгіені мәлім болды. 
Абзацты қорытындылаушы сөйлем 
Ендеше, ұлт тарихын ХХІ ғасыр оқушылары да біліп, болашаққа 
жеткізуі үшін классикалық әдебиет оқытылуы керек.
Тезиске қатысты пікір 
Сонымен қоса, көркем тілінің, көркем оқиға арқылы өрілген 
салт-дәстүрлердің ұлттың ұлт болып қалуына ықпалы зор. 
Пікірге қатысты аргумент
Классикалық туындыларды оқымаса, М.Әуезовтың «Абай жолы» 
роман-эпопеясындағы 17000 – ға жуық жеке атау сөздерді қалай бі-
леді? Оған қоса, тіл мен салт-дәстүрді бір-бірінен айыру мүмкін емес.
Жеке атаулар біздің бай салт-дәстүрімізбен байланысты. Мы
-
салы, «Абай жолы» роман-эпопеясын оқи отырып, әлем қазақ


39
халқы, оның салт-дәстүрлері туралы білді. Ол туралы К.Федин, Б.Ма
-
тип өз сөздерінде қазақ елін тани түскендерін айтқан.
Анализ
Анализ жазылмай қалған.
Абзацты қорытындылаушы сөйлем
Тіл, дәстүр жалғастығы болғандықтан, классикалық әдебиет оқы
-
тылуы тиіс.
Тезиске қатысты пікір 
Алайда ғалымдардың біршама зерттеулеріне сүйенсек, оқырманға өз 
уақыты туралы оқу қызықты деген де пікір бар. 
Пікірге қатысты аргумент
Себебі өз уақытындағы оқиғалар таныс, тілі түсінікті, тақырыбы қы
-
зық. ХХІ ғасыр әдебиеті ел президенттерін де алаңдатқан. Н.Назар-
баев: «Қазақ халқын - Абайсыз, орыс халқын - Пушкинсіз, ағылшын
-
дарды - Шекспирсіз, француздарды Бальзаксыз елестету мүмкін емес» 
дей отырып, қазіргі жастарды тәуелсіздік жылдарындағы ұлттық әде
-
биетпен де тәрбиелеу керектігін айтқан. В.Путин «жас оқырмандар 
тек қана уақытпен сыналған классиканы оқып қана қоймай, өздеріне 
жаңа авторлармен, жаңа кейіпкерлермен таныс болғаны дұрыс» деген 
пікір білдірген. 
Анализ
Жоғарыдағы пікірлер адам өзі өмір сүріп отырған кезеңнен хабардар
-
болуы керек деген ой тастайды. 
Абзацты қорытындылаушы сөйлем
Яғни, қазіргі жастар классикалық туындылармен қатар өз заманын
-
дағы әдебиетпен де таныс болу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет