"жазушы" баспасы а л м а т ы — 1979 Каз 2



Pdf көрінісі
бет23/76
Дата02.07.2022
өлшемі2,49 Mb.
#147249
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   76
Байланысты:
files dj46sg45

1
 
Кора мен Плутон —
Әзәзіл мен ақырет құдайы.
 
 
2
 
Ф е д р Б а б р и й
Басни. СССР Ғылым академиясының баспасы, М., 
1962, 119-
бет.
гер кіріп келіпті де үмітсіз пішінін байқатып: «Мен сені алдап, 
шындықты жасыра алмаймын, ең ауыр нәрсе ажал ғой, соған дайындала 
бер, бір тәулік
-
ақ өмірің қалды»,

деп шығып кетіпті де қайта 
оралмапты. Ауру айығыпты, бірақ өзі әбден бозарып жүдеген екен, 
аяғын азар басып серуенге шығыпты.
Бір күні әлгі дәрігер
кезігіп: «Ой, амансың ба? Ақыреттегі өліктер 
қалай өмір сүріп жатыр?»

деп сұрапты.
Сонда науқас адам: «Кеусер суын ішкендер қам жеуді білмейді. Бірақ 
күні кеше Қора мен Плутонның өзі
1
дәрігерлерге қатты қаһарланып, 
ажалдыны өлтірмей кедергі жасайды дегенді желеу етіп, бәрінің атын 
атап, қара тізімдеріне кіргізіп жатыр екен. Біріншілердің қатарына сені 
де енгізбек болды, бірақ мен барып аяқтарына жығылып, сәжде еттім де, 
оны жұрт бекер өсектеп жүр, ол мүлде дәрігер емес, деп ант ішіп 
жалбарындым, сөйтіп өлімнен құтқарып алдым» –
депті Бабрий
2
(екінші 
ғасырда).
Мысалдардың бәрін келтіре берсек сөз таусылмайды. Көне Эзоп 
мысалдары жаңа дәуірде туған Ла Фонтен, Флориан, Геллерт, Рабнер, 
Майснер, Абай тағы басқаларда да ұшыраса береді. Мысалы, «Шегіртке 
(инелік) мен құмырсқа» Ла Фонтенде, Крыловта, Абайда бар, «Әкесі мен 
баласы» Флорианда да, Дмитриевте де бар; «Мырза мен бұлбұл» 
Флорианда да, Пушкинде де кездеседі, «Тоты» Флорианда да, А. 
Измаиловта да ұшырайды; «Қара торғай мен көкек» (скворец и 
кукушка») Геллертте де, Хемницерде де бар. Айта берсек ұшы
-
қиыры 
жоқ.
Кейбір мысалдар уақ мәтел болып тарайды. Эзоптың «Күншіл ит пен 
бұқа» атты мысалында «шөптің үстінде жатып алып ит өзі де жемейді, 
бұқаға да бермейді», ке

94
 


йінгі мезгілде Лопе де Вега жазған «Шөптің үстінде жатқан ит» дейтін 
пьесасы осыдан туған болар.
Ой
-
сананың ауысуы әр түрлі салада жүреді, ауыздан ауызға көшеді, 
жазба әдебиет арқылы тарайды. Әр ұлттың
тілінде жүрген жеке
-
жеке 
сөздерден талай
-
талай ойлардың ауысқанын табамыз.
Мысалы, қазақта «өзі бір отырған күрез ғой»

дейтін сөйлем бар. 
Осыны айтушы адам «күрездің» төркінін түсінбейді, тек отырған 
адамның паңдығын білдіреді. «Екеуіміздің Крез емес екенімізді, сенің 
үйің патша сарайы еместігін Кирсанов өте жақсы біледі»

дейді Н. С. 
Тургенев («Әкелер мен балалар» –
20 бетінде). «Бұл кісі туралы талай 
ертегілер айтылған дала крезі ғой» –
дейді Д. Н. Мамин
-
Сибиряк 
(«Астық» 2, 1). «Біз төсекке Крез боп жатамыз да, Ир болып 
түрегелеміз» дейді В. Г. Белинский. Н. С. Ашукин мен М. Г. Ашукина 
құрастырған «Қанатты сөздер» атты кітаптың 283 бетінде де Крездің 
аты, кім екендігі айтылды. Ендеше, ежелгі Лидия патшасы Крезді 
немесе Геродот тарихын сахарада көшіп жүрген ел білді деу қате болар 
еді. Сондықтан бұл «күрез» біздің елге екі жолмен келуі мүмкін. 
Біріншіден XIX ғасырдағы орыс әдебиетінен алынады немесе араб

фарсы, тәжік
-
өзбек тілінен келіп ауысуы да ойға сияды Бірақ біз 
көбінесе орыс әдебиетінен келгендігін қолдаймыз, өйткені осы «Күрез» 
деген сөзді оңтүстік қазақтары біле бермейді, бұл тек Орталық 
Қазақстанда ұшырайды.
«Жалған мен шындық» атты мысал Ромулда кездеседі. Татардың 
атақты ақыны Абдулла Тоқай Шекспирден аударады. Осы күні ауызша 
анекдот болып тарап кеткен.
Халық арасында дәнекер болып бірден
-
бірге ой ауысады, бұл түрлі 
арнада жүріп жатады. Ұзақ эпос
-
ертегілер сабақтасады, қысқа мысалдар 
көшіп
-
қонып жүреді. Жеке мақал
-
мәтелдер, тіпті дара сөздер де бір 
елден екінші елге келіп қонақтайды.
Қазақ халқының ең алғаш нәр алғаны шығыс мәдениеті, батыс 
жұртына –
орыс халқына кейінірек жақындап, қоян
-
қолтық ара

95 


ласқан сияқты. Араласудың тіліміздегі ізін кейінгі тарауда сөз етпекпіз. 
Онда араб
-
фарсы тілінің әсерін айта өтіп, орыс тіліне көшпекпіз.
Ауыс
-
түйістің күшті кезеңі XIX ғасырдың орта шені, оның артынша 
революциядан кейінгі дәуір қамтылады. Аударма әдебиетінің төл 
әдебиетке мол әсерін тигізгені де, мәдениетіміздің шеңбері де осы кезде 
күшейгені кеңінен сөз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   76




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет