"жазушы" баспасы а л м а т ы — 1979 Каз 2


– Бұл сөзді ол Лагарпқа  1 айтқан»  –



Pdf көрінісі
бет6/76
Дата02.07.2022
өлшемі2,49 Mb.
#147249
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
Байланысты:
files dj46sg45


Бұл сөзді ол Лагарпқа 
1
айтқан» 

деп келтіреді А. С. Пушкин.
«Бюффон өз басымен
кетсін, ал мына біздің жазушылар не істейді 
екен? Бұлар да күнделік өмірде кездесетін күйкі заттардың өзін келте 
қайырып, өз атымен
атай салуды ұсқынсыз өрескел нәрсе көреді
сондықтан оған жан бітіріп әдемілеуге ұмтылады 

керексіз қосалқы 
қосымшаларды жамайды, жасық метафорларды төге жөнеледі. Сөйтіп 
«тәңертең»
 

дей салудың орнына «Алғаш шығып келе жатқан күннің 
арайлы таң шапағы көгілдір аспанның шығыс жағына жарық сәулесін 
түсіріп, зейнетке бөледі» 

демесе іші толады. Дүниеде жоқ соңы 
бірдеңені тауып алғандай арсалақтайтынын қайтерсің? Әлде мұнысы 
шұбалаңқы айтылғандықтан әдемі көріне ме екен?»
 

деп толғайды А. С. 
Пушкин.
Ал, енді журналистер туралы айтқан ойларын да келтіре кетелікші.
Баяғыда, 1829 жылы «Москва телеграфы» («Московский телеграф») 
атты журналдың редакторы Николай Полевой мен «Европа жаршысы» 
(«Вестник Европы») деген журналдың редакторы, профессор Михаил 
Трофимович
Каченовский екеуі айтысыпты. Әңгімені Николай Полевой 
бастапты. Ол өз журналында («Москва телеграфында») 1829 жылы 
«Бенигна» деген бүркеншік атпен (псевдоним) мақала жариялапты. 
Сонда: «Европа жаршысының» редакторы ылғи уәде берумен келеді, 
бірақ соның біреуін де ол орындаған жоқ». «Әдебиет заңын нығайтуға 
бұлай кірісу мақұл емес қой...» «Егер ол жасы үлкендігін сілет етсе, онда 
өзінің ешнәрсе білмейтінін мойнына алсын, оқып
-
үйренуге тырыссын, 
ежелгі келемеж дағдыларын тастап, қарапайым қылықпен іске кіріссін». 
«Зерттеп байқалықшы, «Европа жаршысының» редакторы осы күнге 
дейін не бітіріп тастады екен?» «Европа»
36 


жаршысының» редакторынан озып кеткен жасөспірімдер айыпты емес 
қой, өйткені бір орнында жиырма жылдан астам уақыт қозғалмай 
мелшиіп отырған редактордан жүріп бара жатқан жанның бәрі де озбай 
ма?» «Оның үстіне, мына кұрметті редактордың өзі грек тілін де мүлде 
нашар біледі
», 

деп жазыпты әлгі Бенигна. (Н. Полевойды айтып отыр. 

С. Т.).
Полевойдың осы сөзі қытығына тиіп, профессор Каченовский бұл 
мақаланы
бастыруға рұқсат еткен цензордың үстінен бірнеше арыз 
жазыпты. Соның бірінде: 24 январь күні 1829 жылы ол: «Мен –
статский 
советник, ординарный профессор және кавалер, Михаил Трофимұлы 
Каченовскиймін» деп қолын қойыпты.
Сол кездегі қауым екіге бөлінген, біреуі Каченовскийді, екіншісі 
Полевойды жақтаған, әңгіме насырға шауып барып тоқтаған. Уақиғаның 
нағыз қызу кезінде А. С. Пушкин мынадай эпиграмма жазған:
Обиженный журналами жестоко,
Зоил Пахом печалился глубоко,
Вот подал он на цензора донос,
Но цензор прав –
нам смех, Зоилу нос.
деген болатын. «Домалақ арыз» жазғыштарға жан
-
тәнімен қарсы А. С. 
Пушкин бұл уақиғадан да шет қала алмаған. Әлеуметтік маңызы бар 
мәселенің бәріне де осылай тойтарыс беріп отырған. Адалын айтқан 
адамды сүйетіндер кемде
-
кем табылады ғой.
Осы өлеңнен кейін Каченовский де Пушкинді қудалаған, өз 
журналының бетінде оны кекетіп
-
мұқатып әбден мазасын алған.
«Әдебиет шежіресінен» деген А. С. Пушкиннің осы мақаласы 1830 
жылы «Терістік гүлдерінде» («Северные цветы») жарық көрген. Ыза 
кернеген Каченовский енді ашына тиіскен, өз журналында ол мақала 
жариялаған, сонда: «Ұлы данышпандардың тағдыры қызық
-
ау! 
Полтавада

37


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет