Жеңіл деңгей Қарым-қатынас түсінігін сипаттаңыз



бет5/9
Дата07.02.2022
өлшемі64,76 Kb.
#93507
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Психология 9 Мамитханова Г
5.Дең.Топырақтану, Документ (2), Канва бизнес-модель
Күрделі деңгей
1. Тұлғааралық, топаралық және ұлтаралық қарым-қатынас ерекшеліктері талдаңыз.
2. Тұлғааралық коммуникация, өзара әрекеттесу, тұлғааралық қабылдау түсініктерін талдаңыз.
3. Көшбасшылық және жетекшілік ұғымдарын салыстырыңыз.
Адамдар арасындағы қатынастардың қалыптасуы, әдетте, олардың бiрiн-бiрi қабылдай алуы, түсiнуi және бағалауына байланысты, яғни тiлдесу нәтижесiнде бiр адамның екiншiсiнiң образы жөнiнде топшылаған ой-пiкiрi. Екiншi адамның тұлғалық образын оның сырт пiшiнi мен психалогиясын және әрекет-қылығын байланыстыра, салыстырып тануға болады. Ал психалогиялық бейне әр адамның қажетсiнуiнен, қылық мотивтерiнен, мiнез бiтiстерiнен, әрқандай өмiрлiк жағдайлардағы көңiл-күй толғаныстары мен әрекеттерiнен көрiнедi. Бұлардың бәрi “Ат кiсiнеп, адам сөйлесiп” дегендей әңгiмелесу барысында назарға алынып, санада жiктелiп, бекидi де адамның жеке, нақты бағасын беру негiз болады.
Бөгде адамның бейнесiн қалыптастыру арқылы бiз оған болған қатынасымыздың сипатын айқындаймыз, оның даралық ерекшелiктерiн тануға мүмкiндiк аламыз. Адамды жөнiмен танып, дұрыс бағасын берiп, оның әрекет-қылығының мақсаттары мен түрткiлерiн айқындап, ол тарапынан болып қалар жаупты әрекеттердi күнi бұрын болжастыра, бiз бұлардың бәрiн өз қажеттiлiктерiмiз және мүдделерiмiзбен салыстырамыз, әңгiмелесудiң қолайлы жолдарын болжастырамыз, осы арқылы екi тарапқа да ортақ ниеттердi табумен тұлғалар арасындағы қызметтiк қатынастарға кiремiз. Сонымен, қызықтырған адамның мiнез бiтiстерiн бiлiп алып, ендi оған бағытталған өз әрекет-қылығымыздың формасы таңдастырамыз. Қайткенде де, бiз таңдаған әрекет-қылық түрi ол адамның даралық қасиеттерiне сәйкес болған жөн. Осының нәтижесiнде екi адам ортасында толық өзара түсiнiк, жайлы да берiк аралық қатынастар орнығады.
Адамның эмоционалдық жағдайын бағалай отырып, бiз оның нақты көңiл-күйiне сәйкес қарым-қатынасты дамытып, тереңдете түсуге мүмкiндiк аламыз және өзiмiздiң, оның және төңiрегiндегiлердiң мүдделерiне орай ол адамға тиiмдi психалогиялық ықпал етудiң жолдарын iздестiрiп, пайдаланамыз. Егер бiз қатысқан адамдардың әртүрлi тұмыстық жағдайлары әрекет-қылығын күнi бұрын болжастыра алсақ, оның мiнез-ылығын қажеттi бағытта басқаруға және онымен ұнамды адам аралық қатынастар алып баруға қосымша мүмкiндiктерге ие боламыз.
Бөгде адамның тұлғалық дәрежесi жөнiнде бiз оның дене құрылымы, психалогиялық және қылық-әрекеттiк белгiлерi бойынеша топшылаймыз. Бұл белгiлел адамның сырт көрiнiсiнен, киiмiнен, әрекет-қылығынан, сөзiнен, бет-әлпетi мен ым-ишарасынан байқалады. Адамның сырт көрiнiсi мен психалогиялық бейнесi арасында тiкелей де толық байланыс болғанымен, бұлардың екеуi қандай да өзара ықпалды қатыста. әрқандай адам жөнiндегi бiздiң бiрiншi пайымдауымыз осы сырт келбет пен сөз, қылық көрiнiсiнен туындайды. Ғылым ежелден-ақ адам мiнезi мен дене құрлысының өзара байланысты екенiн дәлелдеген. Дене бiтiмi ерекше бiтiске ие болған адамдар үш типке жатады: астеник, пикник, атлетикПикник типтес адамдар – көңiлдi, үйiршең, әңгiмешiл, әрқандай қиыншылыққа жасымайды; астеник адамдар – көбiне тұйық, оңашаланғанды ұнатады, ұдайы ойға шомып жүредi; ал атлетик – ұстамсыз, дүлей келедi.
Адамның iшкi жан дүниесi оның сөзi мен тiлiнен айқын көрiнедi. Қандай сөздер мен тiркестердi қолдануына қарап, сөз ырғағы мен әуенiн талдай отырып, сөйлеу процесiндегi тыныстары мен жеделдiгiне орай жеке адамның ерекшелiктерiн байқаймыз. Адамның сөйлау мәнерiнiң бiразы тума берiледi де, көбi оқу-тәрбие барысында пайда болады.
Кейбiр қатынастарға байланысты адамдардың психалогиялық бейнесi тұрақты келедi де, көбiне ауыспалы болады. Адамның сырт көрiнiсiне орай оның образы бiршам өзгерiссiз сақталады. Осыдан бiз адамды көпшiлiк iшiнде ажырата бiлемiз. Және бiр тұрақты сақталатын қасиеттер – адам мiнезi, қылық-әрекетi мен әдеттерi. Осылар бойынша санамызда жасалған образдар арқылы бiз көп заманнан ажырасқан адамдарымызды танимыз.
Кейде кездейсоқ ұшырасқан адамымыз көптен таныс сияқты болып көрiнедi. Ал тiлдесе келе, оныңәрекет-қылығына мән бере, тiптi басқа бiреу екенiне көз жеткiземiз. Кейде, керсiнше, алғашқыда танымасақ та, адамның мiнез бiтiстерiнен, әрекет- қылығынан бұрыннан бiзге таныс белгiлердi байқап, жақындасуға тырысамыз. Осыдан, бiздiң санымызда бекiген адам бейнесiнде үлкен рөл ойнайтын – мiнез бiтiстерi, екiншi орында – адамның сырт көрiнiстерi.
Уақыт ағымына берiлмей, ұзақ мерзiм сақталатын белгiлер – адамның қажетсiнуiлерi, әрекет-қылық мотивтерi мен қызығулары. Бұлар бойынша бiз адамды тануымыз мүмкiн, бiрақ бұл үшiн аталған белгiлер сол адамның сырт көрiнiсi мен мiнезiнен бiраз байқалуы тиiс.
Жоғарыда бөгде адамды тану, бiлу мүмкiндiгiн әңгiмеледiк, ал ендi адам өзiн-өзi сарапқа сала ала ма, жоқ па деген сұраққа жауап iзделiк. Бұған оң да, керi де жауап айту мүмкiн. Егер адам өзiн-өзi түк танымаса, онда оның қауым ортасындағы әрекет-қылықтары алдын ала өзiндiк болжастыруға келмей, тұрақсыз кейiпке енер едi. Сонымен бiрге, мұндай адамның қатынас қылығы мен iс-әрекеттерi ақыл оралымынан алшақ, төңiрегiндегiлердiң iсiмен сәйкестiк таппайды. Егер адам өз әрекетiн сырт көзбен бағалай алмаса, оның iс-қадамдары кейбiр жағдайларда оғаш көрiнедi. Егде адам бала сияқты былдырласа немесе бала жасына келмей үлкеннiң ұстамдығын танытса, төңiрегiндегiлер мұндайларды не жай күлкiге алады, не сайқы-мазаққа телидi.
Екiншi тараптан, егер адам өзi жөнiнде бәрiн бiле берсе, онда өмiрге деген қызығушылықтың да қажетi болмай қалары сөзсiз, себебi саналы адамның бар өмiрлiк болмысы осы өзiн тануға деген жоғары ынта-ықыластан нәр алады. Адамдың қалыпты өмiрi үшiн өзiн-өзi бiле алмастық та, аса көп бiлу де сиыспайтын құбылыстар.
Адам өзiнiң шындыққа келетiн сырт көрiнiсiнен басқа өзiнiң мiнез бiтiстерi жөнiнде де азды-көптi мәлiметке ие,бiрақ бұл мәлiметтер көбiне адамның өзi жөнiндегi ұнамды пайымдауларды қамтиды. Сонымен бiрге, адам өзiнiң кейбiр әлеуметтiк талапқа сай қажетсiнулерi мен әрекет-қылығының түрткiлерiн тануға бейiм. Ал өз саласының астарында жатқан немесе моральдық тыйымдарға байланысты санаға жат психалогиялық бiтiстерiн тiптi де бiлмейдi.
Адам өзi жөнiндегi шындықты басқалардың оның iс-әрекетiне болған қатынасынан байқауына болады. өз әрекеттерi мен сол әрекеттерге берген басқалар бағасын салыстыра, адам жанама түрде өзi қасиеттерi мен сапарларын болжастыруына болады.
Iс-әрекет нәтижеге жетсе, мақтау алып, не сәтсiздiкке ұшырап, сырттың жоғары немесе ұнамсыз бағасына кезiгумен әр жеке адам өзiнiң қабiлет деңгейiн сезедi. Өмiрде жетiскен iсiне қанағаттануын, болмаса қанағаттанбауынiшкi, ниеттегi психалогиялық бейнемен салыстыра алса, адам өз қажетсiнулерi мен мотивтерiнiң оң не терiс бағытын дұрыс та толық тани алады.
Есте ұстайтын жәйт, өз бағаңды қортындылауда толығымен басқалар пiкiрiне құлай түсуге болмайды. Себебi өзiңiз ұнамды қатынастағы адамдар сiздi асыра мақтауға дайын тұрса, қалай да жек көретiн адамдар сiзде бiрде-бiр ұнамды қасиет көре алмауы мүмкiн. Сонымен бiрге, әр адам өзiнiң афферент жағдайындағы әрекетiн тiптi де бiлмеуi мүмкiн, себебi мұндай сапалық басқарудан айырылған кезде, адам өзiне, басқалар реакциясына объектив баға берiп, әрекетiн байқастыру қабiлетiнен айырылады.
Адамның өзiн-өзi тануы төңiрегiндегiлердiң қабылдауы мен бағасына тығыз байланысты, кеңiрек айтар болсақ, барша адамдардың өзара түсiнуiне тәуелдi күнделiктi тұрмыстық қатынастар, тiлдесу негiзiнде адамың психалогиялық бейнесiн түзу үшiн келесi тәсiлдер қолданылады: бiтiс тану, алғашқы әсерлену, жаңалықты әсерлену, ықтималды болжай әсерлену, асыра сiлтей әсерлену, жеке адамның бiтiстердi бiрiктiре әсерленуi. (Р.С.Немов)
Адам образын жасаудың ең көп тараған тәсiлi – бұл бiтiс тану. Оның мәнi: адам төңiрегiндегiлердi өзiне тән қасиеттер мен сапалар тұрғысынан бағалайды, яғни өз мiнез бiтiстерiн екiншi бiреулерге таңады, оның қылық-әрекетiн түсiнгiсi келiп, өзiн сол адамның орнына қоя салады. Мұндай тәсiл бiр адамға бiткен мiнездi екiншi адамға таңа салуда да көрiнедi. Осылайынша, басқалардың мiнез, әрекет-қылық бiтiстерiн өзiмiздi қызықтырған адамға таңу арқылы да нақты тұлға жөнiнде бiр жөндi психалогиялық мәлiмет топталтыруымызға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет