«Жеке даму биологиясы» пәнінің зертханалық сабақтарының Әдістемелік нұСҚауы семей



бет1/9
Дата06.07.2018
өлшемі4,88 Mb.
#48127
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ГОСУДАРСТВЕННЫЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ ШАКАРИМА ГОРОДА СЕМЕЙ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

Документ СМК 3 уровня



№ 1 басылым

Редакция №1



01.09.2016 ж.

от 01.09.2016г.

Ф Р 042-1.02-2015-01

Зертханалық сабақтардың әдістемелік нұсқауы Методические указания к лабораторным занятиям

Факультет – Аграрлық/Аграрный

Кафедра – «Мал шаруашылығы және аңшылықтану»,

«Животноводство и охотоведение»


5В060700 – «Биология»

мамандығы оқушыларына арналған



«Жеке даму биологиясы» пәнінің зертханалық сабақтарының

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ



Семей

2016

Алғысөз
1 ӘЗІРЛЕГЕН

Құрастырушы: Тоқаев З.Қ. _____________

«28» 08. 2016 ж.
Әдістемелік нұсқау 5В060700 – «Биология» мамандығының барлық оқу түрлері оқушыларына зертханаалық сабақтар жүргізуіне арналған.

2 ТАЛҚЫЛАНҒАН

Әдістемелік нұсқау «Мал шаруашылығы және аңшылықтану» кафедрасының отырысында

Хаттама «29» 08 2016 жыл, № 1.


Кафедра меңгерушісі ______________ Нұржанова К.Х
Әдістемелік нұсқау оқу үдерісінде қолдануға аграрлық факультеттің оқу-әдістемелік бюросы отырысында ұсынылған

Хаттама «01» 09. 2016 жыл, № 1.


Төрайымы ______________ Тлеубаева А.В.


Мазмұны

1

Кіріспе




2

Негізгі бөлімі (зертханалық сабақтар мазмұны). Глоссарий




2.1

Кіріспе

Жеке даму биологиясы пәнi, оның биология ғылымы жүйесіндегі орны, басқа пәндермен байланысы, қысқаша даму тарихы. Пәннің негізгі тұжырымдары. Преформизм. Эпигенез. Онтогенез кезеңдері. Бакалавр дайындаудағы маңызы, бағыттары.






2.2

Аталық жыныс жүйесі. Ен.

Бейтарап сатыдағы жыныс бездері, жыныс жолы ұрықтық дамуда қалай қаланатынын, оның негізін білу. Жыныс тұрқының айырмашылығы қалай басталатынын меңгеру. Еннің гистологиялық құрылысын зерделеу. Еркек малдың өсіп-өну ағзаларын анықтап, оның құрамындағы ұлпаларды ажырата алу






2.3

Аналық жыныс жүйесі. Жұмыртқалық.

Ұрғашы малдар өсіп-өну ағзаларының құрылысын микроскопта анықтап, жұмыртқалық, ондағы түрлі көпіршіктер құрылымының ерекшеліктерін және сары тін, бітеуөзек құрылыстарын байқап, меңгеру






2.4

Сперматогенез.

Жыныс жасушаларына тән даму ерекшеліктерін меңгеру. Гаметогенез морфологиясын және биологиялық маңызын зерделеу






2.5

Овогенез.

Жыныс жасушаларына тән даму ерекшеліктерін меңгеру. Овогенез морфологиясын және биологиялық маңызын зерделеу






2.6

Аталық жыныс жасушасының құрылысы. Сперматозоид.

Микроскопта аталық жыныс жасушасын, оның құрылым құрамбөліктерін анықтай білу. Жыныс жасушасының дене жасушасынан негізгі айырмашылықтарын түсіну. Олардың құрылысы мен дамуына тән ерекшеліктерін ұғып алу.






2.7

Аналық жыныс жасушасының құрылысы. Жұмыртқаклетка.

Микроскопта аналық жыныс жасушасын, оның құрылым құрамбөліктерін анықтай білу. Жыныс жасушаның дене жасушасынан негізгі айырмашылықтарын түсіну. Олардың құрылысы мен дамуына тән ерекшеліктерін ұғып алу






2.8

Ұрықтану және ооплазмалық сегрегация.

Гаметалардың қашықтықтан және жанасуының өзара іс-қимыл жасауы. Сперматозоидтың жұмыртқаклеткасы ішінде болуы. Ұрықтанғаннан кейінгі жұмыртқаклеткасы құрамбөліктерінің ауысуы. Ооплазмалық сегрегация. Партеногенез, андрогенез. Ұрықтануда және партеногенезде жыныс хромосомасын анықтау






2.9

Бөлшектену.

Оның морфологиясы мен биологиялық маңызын анықтау. Бөлшектенудің синхронды, асинхронды кезеңдері, аймақтық ұйымдасуы. Бөлшектенудегі бластомералардың нақтылануы. Бластула түрлері. Жұмыртқаклеткасында қоректік сарыуыз құрамына, даму жағдайларына орай зиготаның бөлшектену ерекшеліктерін меңгеру.






2.10

Гаструляция.

Төменгі омыртқалылардың (ланцетник, амфибия, балық) гаструла түзілуін салыстыру. Жоғарғы омыртқалылардың (құс, қағанақты сүтқоректілер) гаструла түзілуі. Гаструла түзілуінің тәсілдері өтуін түсіндіру. Гаструла сатысындағы ұрықты анықтау, ондағы ұрық жапырақшаларын, оның туындыларын ажырату. Оның мәнін, тәсілдерін меңгеру. Білікті ағзалардың қалыптасуы.

Уақытша ағзалардың кімдерде, қалай пайда болуын түсініп, оны баяндай алу





2.11

Ланцетниктің дамуы.

Бөлшектену және гаструла түзілуінің ерекшеліктерін, бластуланың құрылуын және гаструланың қалыптасуын зерделеу






2.12

Қосмекенділердің дамуы.

Олардағы сарыуыздың мөлшеріне, әрі онда балаңқұрт сатысы болатындықтан эмбриогенездің күрделенуін және ерекшеліктерін түсіну






2.13

Құстардың дамуы.

Құс ұрығының даму сатыларын білу, жұмыртқаклеткасының құрылысына орай, олардың ерекшеліктерін түсіну. Құс іштөлі қабықтарының қалай қалыптасатынын меңгеру, олардың қандай қызмет атқаратынын ұғып алу






2.14

Сүтқоректілердің дамуы.

Сүтқоректілер ұрығының даму сатыларын, оның ерекшеліктерін баяндай білу. Гаструла түзілуінде ұрықты анықтау, ондағы ұрық жапырақшаларын, оның туындыларын ажырату. Ұрықтың білікті ағзалар бастамаларын, олардың пайда болуын, қалыптасуын түсіндіру. Мезодерманың нақтылануын зерттеу, оның туындыларын препаратта анықтауды білу






2.15

Сүтқоректілердің ұрықтан тыс ағзалары (іштөлі қабықтары).

Сүтқоректілердің іштөлі қабықтары қалай құрылатынын, олардың қандай қызмет атқаратынын ұғып алу. Қағанақ дегеніміз не екенін ұғу






3

Ұсынылатын әдебиеттер














1 Кіріспе.

Жеке даму биологиясы – өте прогрессивті дамудағы биологиялық пән, организмдердің жеке дамуындағы (онтогенез) заңдылықтарды зерттейтін ғылым. Ол кейінгі 10 жылдан аса уақытта эмбриологиялық тәжірибе жетістіктерінің, молекулярлық биология, генетика, цитология негіздерінен қалыптасты. Оның мақсаты тән дамудағы макро және микроморфологиялық, физиологиялық, биохимиялық, молекулярлық, генетикалық процестерді, ондағы жануарлар, өсімдіктер дамуы сатыларындағы факторлар мен механизмдерді басқаратын үдерістерді-процесс зерттеу болып келеді. Молекулярлық биологияның жылдам дамуы биологиялық пәндердің басын қосып, даму үдерісіндегі өте нәзік молекулярлық эмбрио – цито – генетикалық дәрежелердегі механизмдерді түсінуге жеткізіп, тірі организмдер осылардың нәтижесінде пайда болғанын түсіндіруге жақын. Мұндай зертеулер қазір жан-жақты, кең өріс алуда. Сондықтан бұл пәннің мақсаты өте күрделі, себебі ол көптеген пән салаларындағы тәжірибе – зерттеу нәтижелерін сұрыптап, талдағаннан кейін ғана тұжырымдалады.

Жеке даму биологиясы (эмбриология -еmbrуоn - ұрық, lоgоs - iлiм) – жануарлар организмнiң пайда болып (ұрықтанғанынан туғанына - тiрi туатындарда); жұмыртқаны жарып шығып (жұмыртқадан тұқым өрбiтушiлерге) өлгенге дейiнгi ұрықтық даму заңдылықтарын зерттейтін биологиялық, әрі құрылысын, тiршiлiк әрекетiн және iс-тәжiрибе мүддесiне сай, даму бағытына ықпал жасау мүмкiндiктері туралы ғылым.



Л.В.Белоусов (1980) жеке даму биологиясын (эмбриология) жануардың жеке дамуындағы пiшiн қалыптасу (морфогенез), жасушалық жетiлу және өсу ғылымы деп анықтады. Жеке даму биологиясы (эмбриология, өсу ғылымы) екіге бөлінеді. Жалпы эмбриология қалыпты ұрық даму кезеңдерiн, даму заңдылығын, тәжірибеге қажет дерттану себептерiн, аталық, жұмыртқаклеткалары дамуын, ұрықтану үдерісiн, ұрық алды кезеңiн-прогенездi зерделейдi. Арнайы эмбриология ағзаларды, олар түзетiн жүйелер дамуын, сүтқоректiлер ұрық дамуы соңғы кезеңiн, туу әрекетiн, алғашқы аптадағы постнаталдық тiршiлiктi зерттейдi.

Пән басқа пәндермен (омыртқасыз, омыртқалылардың зоологиясы, цитология және гистология, биохимия, адам және жануарлар физиологиясы, адам, молекулярлы және экологиялық биология, микробиология және вирусология, анатомия, генетика және басқа) бірге маңызды орын алып, биология ілімі мен практикасының негізін құрып, тән дамуындағы макро-, микроморфологиялық, физиологиялық, биохимиялық, молекулалық, генетикалық үдерістерді, ондағы жануарлардың даму сатыларындағы факторлар мен механизмдерді басқаратын үдерістерді зерттейді. Келешек маман-бакалавр жұмысында микроскоппен жұмыс істеу, қарапайым препараттарды жасау, микропрепараттар және муляждар бойынша негізгі онтогенез кезеңдерін анықтау, берілген курс бағдарламасының талаптарына сәйкес жобаларды, суреттерді, микрофотоларды ажыратуды білуі керек.

Пәннің мақсаты - студенттер жеке даму биологиясы заңдылықтарының қазіргі деңгейіндегі білімді алдыру, жануарлар әлеміндегі әр өкілдерінің түр ерекшеліктерін, олардың тіршілік жағдайлары, көбею және постнатальды даму проблемаларын, қазіргі гаметалар морфологиясы мен физиологиясы, ұрықтық дамудың негізгі сатылары жағдайын, жаңа жетістіктерін түсіну, әрі әдістерін игеріп және саналы түрде қабылдау үшін биологиялық ойлау әдептерін дамыту. Тіршілік құбылысындағы түрлі деңгейдегі жүйелер құрылымы, қызметінің (жасушалар, ұлпалар, ағзалар, ағзалар жүйелері, организм) мәнін айқындау; заттардың алмасу үдерістерін, сыртқы ортамен қарым-қатынасын, дамуын және шығу тегін білу; қазіргі биологияның ілімдік, қолданбалы аспектілерін әзірлеуге айтарлықтай үлес қосу. Цито-, гистологиялық әдістерді (цито-, гистохимия, авторадиография, биометрия, математикалық жоба, ЭЕМ, арнайы автоматикалық құралдар) қолдану биотехнологияның, тек инженериясының, ұрықтарды ауыстырып отырғызудың іс-тәжірибе есептерін шешуге мүмкіндік береді. Ол көбею жетістіктерін практикада қолдануға жол ашуда. Сөйтіп, студенттердің жануар организміндегі толық даму жүйесін және оны қамтамасыз ететін механизмдерді қалыптастыру.

Пәнді зерделеудің негізгі міндеттері: даму үдерісі білімін нақты жүйелі және өзара байланысты қалыптастыруға қажет негізгі терминдер, түсініктер мен әдістерді игеру; қазіргі биологияның ілімдік, қолданбалы аспектілерін әзірлеуге айтарлықтай үлес қосу; тіршілік құбылысындағы түрлі деңгейдегі жүйелер құрылымы, қызметінің (жасушалар, ұлпалар, ағзалар, ағзалар жүйелері, организм) мәнін айқындау; заттардың алмасу үдерістерін, сыртқы ортамен қарым-қатынасын, дамуын және шығу тегін білу; цито-, гистологиялық әдістерді (цито-, гистохимия, авторадиография, биометрия, математикалық жоба, ЭЕМ, арнайы автоматикалық құралдар) қолдану биотехнологияның, тек инженериясының, ұрықтарды ауыстырып отырғызудың іс-тәжірибе есептерін шешу; көбею жетістіктерін практикада қолдану; ұрық дамуын микрофототүсірілімде не бейневидеотүсірілімде көзбен көріп бақылау; тірілей бақылау әдісі, әсіресе ұрықты тіршіліктік бояғыштармен таңбалау көмегімен ұрық материалы ауысуын (морфогенетикалық қозғалысы) бақылау, гистохимиялық әдіс, радиобелсенді изотоптар, ұрық дамуындағы белгіленген антиденелерді флуоресцин мен таңбалау; тәжірибелік әдіс негізінде ұрықтың әр бөлімін алып тастау және ауыстырып салу. XX ғасырдың 50-ші жылдарынан бастап, айтарлықтай мәнді биохимиялық әдіс алуда; қазіргі кездегі ауыстырып қондыру, ұлпаларды себінділерде өсіру, бағаналық жасушаларды қолдану, денеден тыс-экстракорпоральды ұрықтандыру әдістерін жүргізуді үйрену.

Пәнді оқыту нәтижесінде студент мына құзыреттілікке жетуі керек: жыныс жасушаларының даму, құрылым, қызмет ерекшеліктерін және салыстырмалы аспекте омыртқалылардың пренатальді онтогенез жалпы заңдылықтарын; онтогенездің бастапқы негізгі сатыларының сипаттамасын; жануарлар әлеміндегі әр кластың салыстырмалы ұрықтық дамуын; ұрық жапырақшалары туындыларының дамуын; даму үдерісінің молекулярлық-генетикалық механизмдерін білуі; микротом, микроскоптың әр түрімен жұмыс істеу, тұрақты және уақытша гистологиялық препараттарды, микроскоптың окуляр көрсеткішін дайындап, оны “оқуды”, микро-, электрондыфотобейнелерді айқындай білу, ғылыми тәжірибе сызбасын құрып, оны өткізу, талдау дағдысына ие болуы; онтогенез үдерісінде, дамудың ұрықтық кезеңінде жасушалар, ұлпалар, жаңа организм ағзалары, жалпы жануарлар ұрығының дамып, өсуін меңгеруі; гистологиялық, эмбриологиялық препараттарды, муляждар бейнесін салуды, онтогенез кезеңдерін, жобалар, суреттер, микрофотоларды ажыратуды және пәннен алған білім мен дағдыларды басқа пәндерді оқығанда қолдануды істей білуі; жануарлар организміндегі онтогенез кезеңдерін түр, тұқым, жас аспектінде, олардың айырмашылықтарын, мекендейтін сыртқы ортамен өзара байланысын, шығу тегін, дамуын, микроскопиялық, субмикроскопиялық құрылысын анықтап, түсінуі; ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу, қысқаша жазбаны (конспект) жазу, зерттеу журналын, библиографиялық істі жүргізу, организм ұлпаларының шығу тегін, орналасқан жерін, құрылысын, қызметін, жіктелуін, әрі қазіргі зерттеу әдістерінің (электронды, люминесцентті, сандық гистохимия, басқа) қысқаша жазбасын жазу дағдысы бар болуы; оқушыларда диалектикалық материалдық көзқарас қалыптастыруы; осы пәннен алған білімін оқытушылық қызметінде, техникалық оқыту құралдарын пайдалануы;
2. Негізгі бөлім (зертханалық сабақтар мазмұны).

Глоссарий (студент оқу жылы бойы білетін, зерттейтін негізгі терминдер, анықтамалар):

Агамия – жыныссыздық; некесіздік.

Акросома – ұрық қандауыры, аталық жасуша басы алдыңғы бөлігін қоршайтын тығыз түйіршік, еріту ферментін сақтайтын құрылым, сыртқы, ішкі жарғақшасы болады.

Аллантоис – ұрықтың артқы ішегінен дамитын, колбаса тәрізді өсінді, рептилий, құс, сүтқоректілердің ұрықтық тамырлар қабығы. Рептилий мен құста ұрықтың тыныс алуын қамтамасыз етеді және олардың қуығы болып келеді.

Амнион – сулы қабық, жоғарғы сатыдағы жануарлардың (амниоталардың) ішкі ұрықтық қабығы, іші сұйыққа толы қуысты шектейді, оның ішінде ұрық орналасады.

Амниоттар – жоғарғы сатыдағы омыртқалылар (жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер, оның ішінде адам), құрлықта дамуға бейімделген; олардың ұрықтары анамний ұрықтарынан ерекше амнион қабығы және ерекше ағза аллантоисы болады.

Анабиоз – организм өмірін уақытша тоқтату.

Андрогенез - организмдердің көбею түрі, ұрық дамуында аталық ядро қатысады, ал аналық ядро қатыспайды.

Анимальді полюс–сарыуыздан бос цитоплазма сақтайтын жұмыртқаның аймағы.

Биология – тірі табиғаттың шығуын, өсіп-өнуін, дамуын, жануарлардың өмір сүруін, өсімдіктер организмін әр жақтан қамти зерттейтін ғылымдар жинағы.

Биотехнология – пайдалы жануарлар санын, олардың сапалы қасиеттерін арттыратын ғылымның жаңа бағыты; адамға қажетті өнімдер, материалдарды биологиялық объектілер мен процестері көмегімен біле тұра өндіру.

Бластодерма – бластоцистаның бір қабат жасушалары (бластула қабырғасы), кейін одан ұрық жапырақшалары құрылады.

Бластомера – зигота бөлшектенуінде құрылатын жасуша. Бластомералар өспейді, бөлшектену сатысында ұрық көлемі жұмырқаклеткасының көлеміне тең келеді.

Бластопор – гаструла сатысының ұрық денесіндегі тесік (алғашқы ауыз). Оның қатысуымен бластоцель қоршаған ортамен өзара байланыста болады.

Бластоцель – бластула сатысының ұрық денесіндегі қуысы (алғашқы қуыс).

Бластоциста – ұрықтанған аналық жасушаның бөлшектенуінде моруладан кейінгі сүтқоректілердің ұрықтық дамуының сатысы.

Бластула – зигота бөлшектенуі нәтижесінде пайда болған көпжасушалы жануарлардың бір қабатты ұрығы немесе анамниоттығ шар тәрізді, сұйықтыққа толы ұрықтық құрылым.

Вегетативті полюс – сарыуыз шоғырланған жұмыртқаклеткасының аймағы.

Гаметогенез – жыныстық гаметалар дамуы.

Гаметалар – ата-анадан тұқымқуалаушылық ақпарат беруді қамтамасыз ететін жыныс жасушалары (жұмыртқаклетка, сперматозоид).

Гастроцель – гаструла сатысындағы ұрықтың алғашқы ас қорыту қуысы.

Гаструла – ұрық дамуының сатысы, жоғарғы сатыдағы жануарлардың гаструла түзілу кезеңінде 3 ұрық жапырақшалары салынады, гастроцелі болуымен сипатталады.

Гаструляция – екі не үш ұрық жапырақшаларының құрылу үдерісі.

Гиногенез - организмнің көбею түрі, онда сперматозоид жұмыртқаклеткасының дамуын ынталандырады, бірақ оның ядросы жұмыртқаклеткасы ядросымен қосылмайды.

Гистогенез – ұлпалардың, органогенез – ағзалардың дамуы.

Гомеостаз – ішкі ортаның химиялық құрамы мен физика-химиялық қасиетінің тұрақтылығын көрсетеді.

Гонадалар – жыныс жүйесінің ағзалары (ен, жұмыртқалық), онда жыныс жасушаларының дамуы өтеді.

Гоноциттер алғашқы жыныс жасушалары.

Дегенерация – (азғындау, қайтадан түзілу) жүйке талшығының үзілген жерінен ұшына қараған бөлігі тозып, ақыры жойылуы.

Деляминация – құстың гаструла түзу тәсілі, онда ұрықтық материалы эктодерма мен энтодермаға жіктеліп, қосплантинкаланады.

Дерматом – сомиттың дорзальды бөлімі, терінің дәнекер ұлпасы бөлігі дамиды.

Детерминация – жасушаның нақтылануы алдындағы организмнің дамуы сатыларындағы бөлімаралық сапалық айырмашылықтардың пайда болуы.

Дискобластула – құстардың ұрықтық даму сатысы, онда дискі сарыуызында ұрықтың түрі керіліп жатқандай болады.

Дифференцировка – дарақ дамуында біркелкі жасушалар мен ұлпалар арасында айырмашылықтардың пайда болуы, олар арнайы жасушалар, ұлпалар, ағзалар қалыптасуына жеткізеді.

Дробление – ұрықтанған аналық жасушаның (зигота) митоз жолымен бөлінуі.

Зигота – қос нәсілді организм, ұрықтану нәтижесінде-сперматозоид пен жұмыртқаклетка қосылуы, ұрықтың бір жасушалық сатысы.

Иммиграция – гаструла түзу тәсілі, онда бластула қабырғасының жеке жасушалары оның қуысына ауысады.

Имплантация – адам мен жоғарғы сатыдағы жануарлар ұрығының жатырдың кілегейлі қабығына енуі.

Инвагинация – гаструла түзу тәсілі, онда бластуланың вегетативті бөлімі бластоцелге кірігіп, толтырады.

Индукция – дамудағы ұрықтың бөлім араларында өзара іс-қимыл жасау жүреді де, үдерістің бір бөлімі - индуктор, ол екіншісімен жанасып, оның дамуын анықтайды.

Кортикальді реакция – жұмыртқаның ұрықтануға беретін беткі реакциясы.

Мезенхима – 4 ұрық жапырақшасы, дәнекер ұлпа, одан ұрықтық даму басында ішкі орта ұлпалары, не дәнекер, не тіректі-қоректік және тегіс, жүректік бұлшық ет ұлпалары дамиды.

Мезодерма – ортаңғы ұрық жапырақшасы, гаструла сатысында эктодерма мен энтодерма арасында орналасады.

Микрометр (мкм) – 10-6 метрге тең ұзындық өлшемі; ескі атауы микрон. Нанометр (нм) – 10-9 метрге тең үлес өлшемі.

Миотом – сомит бөлімі, одан көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасы дамиды.

Моноспермия – жұмыртқаклеткасына жалғыз аталық жыныс жасушасының енуі.

Морула – бөлшектенуде құрылатын ұрықтық даму сатысы (бластулаға тең).

Невропор – хордалы ұрықтың түтікті жүйке жүйесіндегі тесік.

Нейрула – ұрықтық дамудың соңғы сатысы, ол жүйке тақшашасы мен білікті ағзалар (нейруляция кезеңіндегі хордалылар ұрығы) салынуымен сипатталады.

Овуляция – аналық жыныс жасушасының аналық безден дене қуысына шығу үдерісі. Онда фолликула (Граафов көпіршігі) жарылып, гонадотропты гормондар әсерінен I деңгейлі овоциттің құрсақ қуысына шығады, осы кезде II деңгейлі овоцит пайда болады.

Онтогенез – өсімдік немесе жануар аналық жасушасының ұрықтанғанынан организмнiң өлгенiне дейiнгi даму жолын, организмнiң жеке дамуы. Ол 2 кезеңге бөлінеді.

Партеногенез – бұзылмаған көбею, организмнің жыныстық көбеюінің бір түрі, онда аналық жыныс жасушасы (жынысклеткасы) ұрықтанусыз дамиды.

Плацента (қағанақ) – сүтқоректілер ағзасы (шу), ол бір жағынан ана мен ұрықты байланыстырып, хорион бүрлерінен тұрады және екіншіден, жатырдың кілегейлі қабығынан тұрады. Ол арқылы ұрық оттегі, қоректік заттарды алады да, диоксид пен ыдыраған өнімдерді ананың қан тамырлары жүйесіне бөледі.

Полиспермия – жұмыртқаклеткасына ұрықтануда бірнеше аталық жыныс жасушасының енуі.

Полиэмбриония – бір зиготадан бірнеше ұрықтың (егіздер) дамуы.

Преформизм - организмнің жыныс жасушаларында құрылым материалдары болатыны, ол ұрық дамуын болжайтыны туралы ілім.

Провизорные – организм дамуының ұрықтық және балаңқұрт сатыларына тән бейімделу ағзалары, олар ұрықта жоқ ішкі ағзалар жүйесін ауыстырады және ұрықтық даму мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Регенерация – жойылған не бүлінген организм ағзалары мен ұлпалардың, әрі бүкіл организмнің өз бөлімдерінен қайтадан қалпына келуі.

Резорбция – сорылу, сіңу, сүзілу.

Синкарион – ұрықтану сатысы, аталық, аналық пронуклеустердің қосылуы өтеді.

Склеротом – сомит бөлімі, оның мезенхимасынан тіректі ұлпалар дамиды.

Сомиттер – мезодерма бастапқы сегменттері, нақтылану сатысында пайда болады.

Сперматогенез – аталық жыныс жасушаларының (сперматозоидтар) дамуы.

Спланхнотом – мезодерманың вентральді бөлімі, олар целома төсенішіне, басқа құрылымдарды жаңартады.

Трансплантация (ауыстырып салу) – бір организмде (ауто-), немесе бір түрдегі организмнен екіншісіне (гомо-), немесе басқа түрге (гетеро-), тіпті әртүрдегіге (ксено-) ауыстырып салған ұлпалар мен ағзалардың келешекте үйлесіп кетуі Жануарлар мен адамның тері ұлпасын, сүйектерді, көз қасаң қабығын, басқаларды қайтадан қалпына келтіруде, оны ынталандыруда және ақауды ауыстырғанда қолданылады.

Трофобласт – сүтқоректілер бластоциста қабырғасы, жатырдың кілегейлі қабығын бұзады. Ол ұрықтың жатырға батуына (имплантация) қажет, әрі хорионға айналады.

Филогенез – организмнің тарихи даму үдерісі.

Филэмбриогенез – организмдердің біртіндеп тарихи дамуында, ата-тек ұрықтық даму жолдары өзгереді де, ол ұрпаққа беріледі. Бұл өзгерістер өтетін сатылар бірнешеге ажырайды: анаболия-түзілістік үдеріс (жануарлар ағзаларының біртіндеп тарихи өзгерісі форма қалыптасуы соңында қоымша жаңа сатылар қатысуымен өтеді), архалаксис (ерте басталған ұрықтық ауытқуға орай, ағзаның дамуы басынан бастап, жаңа жолмен өтеді), девиация (ағза дамуының өзгерісі оның қалыптасуының ортаңғы сатысында өтеді де, ағза құрылымының ауытқуы ересек организмде байқалады).

Хорда – мезодерма жасушаларының ұзына бойдағы тәжі, олар омыртқалылар ұрығының ішкі қаңқасын құрады.

Хорион – трофобласт пен ұрықтан тыс мезодермадан пайда болатын сүтқоректілер ұрығының сыртқы қабығы. Хорионның екінші бүрінің жатырдың кілегейлі қабығына енуі есебінен ана организмі мен ұрықтың байланысы іске асады.

Целом – жануар денесінің екінші қуысы. Мезодерма салына бастағанда пайда болады да, құрсақ, көкірек, жүрек жаны қуыстарына айналады.

Цитодиагностика – организмнің (қанның) жылжымалы, әрі өз еркімен ұлпалардан бөлінген (іріңнің) немесе қолдан ажыратылған (сүйек миын зерделегенде) жасушаларын зерделейтін микроскопиялық әдіс. Оталау үстелінде шұғыл гистологиялық диагностика жүргізу жиі кездеседі.

Эктодерма – сыртқы, энтодерма – ішкі ұрық жапырақшасы. Гаструла сатысында салынып, қалыптасады.

Эмбриогенез – жұмыртқа жасушасының ұрықтанғанынан туғанға дейінгі мерзімі немесе ұрықтық даму.

Эпигенез - организмнің ұрықтан дамуы ілімі, ұрықта ағзалар өзгеруі ұғымы.
2 Зертханалық сабақтар тақырыптары:

Cтудент зертханалық сабаққа дейін ұсынылған тақырыпты дәрістен, оқу құралынан әдебиеттерден оқып, дайындалып келгені дұрыс. Сонда ғана әр препараттан нені, қалай іздеп табу, оның суретін салып алу еш қиындық келтірмейді. Бұл дағдыға айналса, келешек маманға өте қажет жұмыс істеу дағдысын дамытады, препаратты «оқи» алады.

Сондықтан өтетін тақырып бойынша зерттелетін және әдістеме тапсырмаларына байланысты орындайтын зерзат-объект ерекшеліктерін мұқият зерттеп, әрі оларда бейнеленген сызба, кесте, фотосуреттерді қарап, біліп алуы шарт.

Зертханалық сабақта атқарылатын жұмыстар ұсынымдары.

Cтудент зертханалық сабақта көбінесе микропрепарат не микрофотосуреттерді оқытушының бақылауымен зерттейді. Ол үшін студенттің зертханалық сабаққа арналған дәптері (альбом), қарындашы, қаламы, өшіргіші болуы керек. Препараттағы зерзатты зерделегенде, оны алдымен кіші ұлғайтқышта солдан оңға, жоғарыдан төмен толық қарап шығып, әдістемеде белгіленген бөлшектерді көріп, жақсы боялған, жұқа кесінділерін белгілеп, тұжырымдап, әбден түсініп алу керек. Тек осыдан кейін ғана үлкен ұлғайтқышқа көшіп, күмәнданған жерді қарап, толық түсініп, дәптерге бейнелерін салып алып, белгілерін қою керек. Көргеннен алған әсер есте қалады. Суретті салып алу студентке сабақ мақсатын меңгеруге, зерзаттың құрылысын, қызметін, күйін, тіпті жануарлар түрін білуге, ажыратуға мүмкіндік береді. Әр суреттің арнайы белгісі, препарат аты, алынған жануар түрі, препаратты өңдеу тәсілі және қандай ұлғайтқышта зерттеліп, салынғаны жазылуы қажет.

Оқытушы зертханалық жұмысты орындағанын бағалау үшін, әр кезде студенттің сабақ тақырыбын меңгергенін, микроскоппен жұмыс істеу ережесін, дағдысын, бейнедегі ерекше құрылым зерзатын жылдам таба алуын ескереді. Онымен бірге дәптерге салған сурет сапасы, белгілерінің дұрыс қойылғаны, ресімделгені де бағаланады. Дәптер семестрде 2 рет тексеріледі де, аралық бақылау баллын қоярда ескреіледі.

Дәптерге салынатын суреттерге және ресімдеуге қойылатын талаптар:

1. Суреттер сатылымындағы беті сызылмаған ақ қағаз болуы керек. Бірінші бетінде студенттің аты-жөні, пән атауы, уақыты, күні жазылуы қажет. Дәптер бірнеше пәндерге арналмағаны жөн.

2. Барлық суреттер қарындашпен орындалуы шарт, белгілері қаламмен қойылады.

3. Сурет арнайы бетті ұзына бойында екіге бөлініп, оң жақ жартысына белгілеулер (әр суретке жеке) көрсетілуі, сол жағында бейне (сурет) салынғаны жөн.

4. Суреттер беттің тек бір жағында болуы керек, әрі онда бір тақырып, ал симаса 2-ші бетті пайдалануға болады. Бетте 2-3 сурет салынады.

5. Беттің жоғарғы бөлімінде (ортасында) сабақ такырыбы жазылады. Әр суреттің зерзаты, препарат атауы жазылуы шарт.



Суреттерді бағалағанда мыналар ескеріледі: 1. Зерзаттың әр бөлімі түрлерінің дұрыс салынуы, бір-біріне дұрыс орналасуы. 2. Бір суреттегі бөлімдер арасындағы көлемі, сайма-сайлық не үйлесімі. Бір бетте әр суреттер әр ауқымда (масштаб) орындалуы мүмкін. 3. Зерзаттың әр бөлімінің құрылымдары (қоңыр, ақшыл, түіршікті, мөлдір, басқа) дұрыс суреттелуі. 4. Суреттің дұрыс жазылуы және белгіленуі. 5. Суреттердің ұқыпты орындалуы, әрі жеке бөлшектерінің үлкен үқыптылықпен өңделгені.

Зертханалық сабақтар нәтижесінде студент препаратта жыныс жасушаларын, ұрықтық және басқа құрылымдарды ажыратып, олардың ерекшеліктерін білуге міндетті. Зертханалық сабақтарды студент өтпесе, емтиханға жіберілмейді. Себепті жағдайлармен оған қатыспай, үлгере алмаса, оны өтей алуға құқықты.


1 тақырып: Аталық жыныс жүйесі. Ен. (1 сағат).

Сабақ мақсаты:

  1. Бейтарап сатыдағы жыныс бездері мен жыныс жолы ұрықтық дамуда қалай қаланатынын, оның негізін білу.

  2. Жыныс тұрқының айырмашылығы қалай басталатынын меңгеру.

  3. Еннің гистологиялық құрылысын зерделеу.

  4. Еркек малдардың өсіп-өну ағзаларын анықтап, оның құрамындағы ұлпаларды ажырата алу.

Зертханалық сабақтарды өткізуге қажет материалдар мен жабдықтар: микроскоптар, гистологиялық препараттар, әдістемелік нұсқаулар.

1 тапсырма. Кестеде сперматогенездің қай фазасына мына жасушалар сай келетінін белгілеу қажет.

Жасушалар

Көбею

Өсу

Пісу

Қалыптасу

Сперматозоид













Сперматогоний













Бірінші ретті сперматоцит













Екінші ретті сперматоцит













2 тапсырма. Мына кестені дәптерге жазып алып, онда өсіп-өну ағзаларының дамуындағы бейтарап сатыға, жыныс диморфизмінің білінуіне тән белгілерді қажетті бағанға + немесе – қою қажет.

Белгілер

+

-

Бастама бүйректің ортаңғы бетінде сір қабығы қалыңдайды, онда гоноциттер жиналады







Жыныс безі бастамаларына гоноциттер, ұрықтық эпителийлер терең батады, онда жасушалар тәжі құралады







Жыныс безі бастамаларына гоноциттер, ұрықтық эпителийлер терең батады, онда жұмыртқасы бар шар түзіледі.







Вольф денешігінің бөлігі жыныс жолына айналады







Жыныс жолының қалыптасу көзі тек мюллеров өзегі болады







Жыныс жолының қалыптасу көзі вольф өзегі болады







Бақылау сұрақтары: 1). Ұрықтың иректi өзекшесiнiң қабырғалары құрамын ата. 2) Лейдиг жасушасының құрылысы, ол қандай гормон бөледi? 3) Ен қосалқысындағы барлық өзекшелердi атап, әкетүшi өзекшелерден тiк өзекшелер қандай белгiлерiмен ерекшелелетiнiн түсiндiр. 4) Көлденең кесiндiдегi ен сағағын қандай белгiлерiне қарап, препаратта анықтауға болады? 5) Еркек малдардың барлық қосымша бездерiн атап, олардың маңызын сипатта. 6) Еннiң құрылысы қандай? 7) Үрпi құрылысын түсiндiр.
2 тақырып: Аналық жыныс жүйесі. Жұмыртқалық (1 сағат).

Сабақ мақсаты:

1. Жұмыртқалықтың микроскопиялық құрылысын зерттеу.



2. Ұрғашы малдар өсіп-өну ағзаларының құрылысын микроскопта анықтап, жұмыртқалық, ондағы түрлі көпіршіктер құрылымының ерекшеліктерін және сары тін, бітеуөзек құрылыстарын байқап, меңгеру.

Зертханалық сабақтарды өткізуге қажет материалдар мен жабдықтар: микроскоптар, гистологиялық препараттар, әдістемелік нұсқаулар.

1 тапсырма. Дәптерге мына кестені салып алып, жұмыртқалық және басқа ағзалар құрылымдарының ұрықтық даму көзіне “+” белгісін қою керек.

Жасушалар, ағзалар

Ұрықтық эпителий

Парамезо нефр.өзек

Мезен хима

Гоно бласт

Зәр жыныс қойнауы

Жұмыртқалықтағы овоциттер
















Жұмыртқалықтағы фолликулалық эпителий
















Жұмыртқалықтағы аралық жасушалар
















Жұмыртқаклетка жолы
















Жатыр
















Қынап
















2 тапсырма. Мысық жұмыртқалығы препаратын қарап, оны дәптерге салып, мыналарды белгілеу керек: 1-жамылғы эпителий, 2-ақ қабық, 3-қыртысты зат (фолликулалар аймағы), 4-алғашқы, 5-екінші және 6-үшінші (граафов көпіршігі) фолликулалар: а) жұмыртқа дамитын төмпешік, б) түйіршікті аймақ, в) шыны тәрізді қабық, г) ішкі және д) сыртқы қаптамалар, 7-сары тін, 8-бітеуөзек, 9-милық зат (тамырлы аймақ), 10-строма.

Бақылау сұрақтары: 1). Жұмыртқалық неден дамиды? 2) Аналық без үлпершегiнiң қыртысты затын не құрады? 3) Қандай белгiлерiне қарап екiншi фолликуланы алғашқыдан ажыратуға болады? 4) Граафов көпiршiгі қабырғасының құрылысын ата. 5) Сары тін қалай және қашан дамиды? 6) Бітеуөзек (атрезия денешiгi) дегенiмiз не? 7) Аналық без қыртысты затын неге фолликулалы, жұмсақ затын – тамырлы аймақ деп атайды? 8) Аналық жасушалар дамуында қандай сатылардан өтеді? 9) Овуляция дегеніміз не?
3 тақырып: (1 сағат). Сперматогенез.

Сабақ мақсаты:

1. Гаметогенез (сперматогенез) кезеңдерін және онымен байланысты жасушаішілік үдерістерді білу.

2. Сперматогенездегі морфологиялық өзгерістерді (сперматогонии, 1-ші, 2-ші ретті сперматоциттер, сперматидтер, сперматозоидтар) зерттеу.

3. Сперматозоид дамуындағы мейоз кезеңінде өтетін үдерісті түсіндіре алуды білу.

4. Жыныс жасушаларына тән даму ерекшеліктерін меңгеру. Гаметогенез морфологиясын және биологиялық маңызын зерделеу.

Зертханалық сабақтарды өткізуге қажет материалдар мен жабдықтар: микроскоптар, гистологиялық препараттар: мысық еніндегі сперматогенез; кестелер және диапозитивтер: сперматогенез кестесі.

Жұмыс бағыты: Онтогенездегі бастапқы жыныс жасушаларының пайда болуын білу. Жыныс жасушаларының мейозын зерттеу. Сперматогенез сатыларының жүйелігін зерделеп, онда өтетін үдерістермен танысу.

1 тапсырма. Кестеден сперматогенез сызбасын салып алып, оның кезеңдерін белгіліп, әр кезеңіндегі жасушаларды атау қажет. Сызбада белгіленген жасушалар атауын есте сақтап, препаратта оларды көру керек.

2 тапсырма. «Жыныс жасушаларының мейозы» кестесінен сперматогенездегі пісудің бірінші бөлінуін және екінші эквациондық бөлінуін, әрі овогенездегі мейозды салып алу қажет. Жыныс жасушалары мейозының I профаза кезеңдерін белгілеу керек.

3 тапсырма. «Егеуқұйрық ен өзегі қабарғасының эпителийі учаскесі» және «Сперматозоид сперматидасының нақтылануы-дифференцировка» кестелерін зерделеп, өзгеру бөлінуі алдындағы А және В типтегі сперматогонийлерді, сперматоциттерді, сперматидтерді тауып алу керек. Сперматогенез барысындағы жасушалар өзгерістерін салып алыңыз. Сперматидтерге сипаттама беріңіз.

Бақылау сұрақтары: 1). Гоноциттер (гонобластар) қайда пайда болады, олар қайда және қалай көшедi? 2) Мейоз дегеніміз не? Ол қай кезде, қай жерде өтеді? 3) Сперматогенез сатыларын ата, оның жетiлу (пiсу) дәуiрiнiң биологиялық мәнi неде екенiн түсiндiр. 4) Қандай жасушаларда хромосомалардың диплоидты жиынтығы, ал қандайында гаплоидты жиынтығы болады? 5) Сперматогенез қайда өтедi?

Жаттығу тестлері

Төменде көрсетілген әр сұрақ жауабының төрт нұсқасы бар, оның біреуі немесе бірден бірнешеуі дұрыс болуы мүмкін. Таңдаңыз:

А – егерде 1, 2 және 3 сұрақтар дұрыс болса

Б – егерде 1 және 3 сұрақтар дұрыс болса

В – егерде 2 және 4 сұрақтар дұрыс болса

Г - егерде 4 сұрақ дұрыс болса

Д - егерде 1, 2, 3 және 4 сұрақтар дұрыс болса

Сперматогенез:

(1) алғашқы жыныс жасушаларының сперматогонийге нақтылануы жыныстық жетілу басталысымен басталады

(2) сперматогоний сперматозоидқа нақтылануы 120 күнге созылады

(3) пісу сатысында аяқталады

(4) қызу шамасы бұзылып, еннің ұмаға түспеуінде жабылып қалады

Сперматозоидтардың қалыптасу сатысы:

(1) сперматогонийлер арасындағы цитоплазмалық көпір үзіледі

(2) цитоплазма қалдықтары макрофагтармен жібіріленеді

(3) акросома Гольджи кешені қатысуымен құрылады

(4) аксонема актин және миозин жіпшелерінен қалыптасады

Эстрогендер бөлетін жасушаларды көрсетіңіз:

(1) нгипоталамустың ейросекреттіктері

(2) theca interna

(3) аденогипофиздің гонадотроптылары

(4) фолликулярлылар
4 тақырып: Овогенез (1 сағат).

Сабақ мақсаты:

1. Аналық жыныс жасушаларының дамуын зерделеу.

2. Овогенез кезеңдерін, онымен байланысты жасушаішілік үдерістерді, яғни морфологиясын және биологиялық маңызын зерделеп білу.

3. Сперматозоид және дене жасушаларымен салыстырып, овогенезге тән ерекшеліктерін меңгеру.



Зертханалық сабақтарды өткізуге қажет материалдар мен жабдықтар: микроскоптар, гистологиялық препараттар: егеуқұйрық жұмыртқалығындағы овогенез; кестелер және диапозитивтер: овогенез сызбасы.

Жұмыс бағыты: Овогенез сатыларының жүйелігін зерделеп, онда өтетін үдерістермен танысу.

1 тапсырма. Сабақ мақсатын, әдістемелік нұсқаудың тапсырмаларын зерделеп, овогенездің сперматогенезден айырмашылығын меңгеру.



Жұмыртқалық бейнесі. 1 - мезоварий, 2 - жұмыртқалық эпителийі, 3 - бірінші фолликул, 4- қосқабатты фолликул, 5 - фолликула қуысының құрылу бастамасы, 6 – үдеріс ортасындағы ыдырама (атрезиялық) фолликул, 7 – толық жетілген фолликул, 8 - атрезиялық фолликул, 9 - жетілген фолликул, 10 - ооцит, 11- сұйықтықпен толған фолликула, 12 - бүлінген фолликул, 13 – екінші дәрежелі овоцит, 14 – дамудағы сары тін, 15 – дәнекер ұлпа, 16 - лютеин жасушалары, 17 – ұйыған қан фибрині, 18 – ұйыған қан, 19 – жұмыртқалықтың дәнекер ұлпасы, 20 – толық қалыптасқан сары тін, 21 - жұмыртқалықтың ақшыл денешігі, 22 – қан тамырлары.

2 тапсырма. Овогенез бен сперматогенез сызбаларын салыстырып, олардың айырмашылығын айқындау керек. Айырмашылықтарын келесі кестенің қажетті бағанына “+” белгісін қойып, көрсету қажет.

Сперматогенез және овогенез айырмашылықтары

№ реті

Белгілері

Сперма-тогенез

Овогенез

1

Дамуда 4 саты болады







2

Дамуда қалыптасу сатысы жоқ







3

Бастапқы ұрықтан 4 жетілген жыныс жасушалары пайда болады







4

Бастапқы ұрықтан тек 1 жетілген жыныс жасушасы, 3 өзгеру денешіктері түзіледі







5

Көбею сатысы туғанға дейін жүреді







6

Көбею сатысы туғаннан кейінде жүреді







7

Өсу сатысында шағын, ұлғая өсу фазалары болады







8

Пісу сатысы көбінесе ұрық безінен тыс өтеді







9

Мейоз соңында диплоидты хромосомалар гаплоидты түріне ауысады









Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет