Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы


-бап. Жазбаша өтiнiшке, бейнеөтінішке және бейнеконференцбайланысқа қойылатын талаптар



бет6/17
Дата13.07.2020
өлшемі25,32 Kb.
#75156
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Жеке жане занды тулга

6-бап. Жазбаша өтiнiшке, бейнеөтінішке және бейнеконференцбайланысқа қойылатын талаптар


      Ескерту. 6-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 419-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).


      1. Өтiнiш құзыретiне өтiнiште қойылған мәселелердi шешу кiретiн субъектiге немесе лауазымды тұлғаға жiберiлуге тиiс.


      2. Жеке тұлғаның өтiнiшiнде – оның тегi, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесiнiң аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның өтiнiшiнде оның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетiледi. Өтiнiшке жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі қол қоюға тиiс.


      Шағым жасалған кезде iс-әрекетiне шағым жасалып отырған субъектiнiң атауы немесе лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегi және аты-жөнi, өтiнiш жасау себептерi мен талаптары көрсетiледi.


      3. Субъектiге тiкелей жазбаша не бейнеөтініш арқылы өтiнiш жасаған арыз берушiге тiркелген күнi мен уақыты, өтiнiштi қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон берiледi.


      4. Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдар басшыларына және олардың орынбасарларына бейнеконференцбайланыс немесе бейнеөтініш арқылы жүгіну тәртібін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.



      Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.05.2018 № 155-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет