Жеке микробиология


Патогенез  және  клиника  ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет41/89
Дата11.06.2020
өлшемі1,53 Mb.
#73013
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   89
Байланысты:
Жашкенова А.Н. ЖЕКЕ МИКРОБИОЛОГИЯ (1)
Жашкенова А.Н. ЖЕКЕ МИКРОБИОЛОГИЯ (1)
Патогенез  және  клиника  ерекшеліктері .  Дифтерияға  барлық  адамдар 

сезімтал.  Қоздырғыш  зақымдалған  тері  немесе  мүшелердің  кілегей  қабықшалар  арқылы 

енеді.  Сондықтан,  процесс  қай  жерде  дамиды,  сол  орында  жұтқыншақ,  мұрын,  көмей, 

құлақ,  көз,  жыныс-тық  мүшелер  және  тері  дифтериясы  анықталған.  Аралас  түрлері  де 

кездеседі,  мысалы,  жұтқыншақ  және  тері  дифтериясы,  т.б.  Инкуба-циялық  кезе”  -  2-10 

тәулік.  Клиникасы  айқын  көрінетін  дифтерияда  қоздырғыш  енген  орынында  кілегей 

қабықшада фибринозды қабыну дамиды. Қоздырғыш бөлген токсин алдымен эпителиалді 

клеткаларды зақымдайды, әрі – жақын орналасқан қан тамырларын зақымдайды, оларды” 

өткізгіштігін  жоғарлатады.  Тамырлар  ішінен  сыртқа  шыққан  фибриноген  ұйып,  кілегей 

қабықшада ақшыл-сүр түсті қабықшаға айналады, жақын орналасқан ұлпалармен бірігеді, 

оларды  тартып  алғанда  қан  ағады.  Қан  тамырлары  зақымдануы  жергілікті  ісік  пайда 

болуына әкеледі. Е” қауіптісі, жұтқыншақ дифтериясы – дифтериялық круп дамуы көмей 

мен  дауыс  шығару  байланыстарды”  кілегей  қабығын  ісіндіреді,  нәтижесінде  науқас 

адамда  асфиксиядан  қайтыс  болуы  айқын,  50-60%.  Дифтерия  токсині  қанға  түскенде 

жалпы организмді уландырады. Е” алдымен жүрек-тамыр, симпато-адренал және шеткері 

жүйке  жүйелерін  зақымдайды.  Сонымен,  дифтерия  клиникасы  жергілікті  симптомдар 

сипаттамасы  қоздырғыштын  енген  орынымен байланысты  және  де  жалпы  симптомдары 

токсин  әсерімен  байланысты  –  негізгі  көріністері  –  адинамия,  әлсіздік,  тері  беті  бозару, 

қан қысымы төмендейді, миокардит, шеткері жүйкелерді” параличі және т.б. бұзылыстар 

байқалады. Вакцинация жасалған балаларда дифтерия женіл түрде өтеді және асқынулары 

болмайды. Серотерапия мен антибиотик қолданбаған кезде қайтыс болғандар саны  – 50-

60% болса, қазір –3-6%. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   89




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет