Жеке тұлғаға және оның эстетикалық талғамының қалыптасуына қолөнердің әсері



бет3/3
Дата15.09.2017
өлшемі450,27 Kb.
#33912
1   2   3

Шоқан Уалиханұлы халық творчествосын, мәдениетін, салт – дәстүрін, киім үлгілерін, тұрмыстық құралдарын зертеп, өнердің міндеті халық өмірін реалистік тұрғыда көрсету деп білді. Сондықтан біздің суретшілеріміз де, архитекторларымыз да халықтың қолөнерін өз еңбектерінің басты арқауы етіп алды. Оны қазіргі кезді көп қабатты үйлер мен ғимараттардың қабырғаларында салынған әшекейлері, ыдыстар мен тұтыну бұйымдарында безендірілген өю өрнектері растайды. Сол секілді киіз басу мен кілем тоқу жөнінде ғасырлар бойы келе жатқан халық дәстүрін бейнелейтін айшықтар да басым келеді. Қорытындысында қазіргі кездегі қазақтың бейнелеу, мүсін, кескіндеме өнерлері жастарға эстетикалық тәрбие берудің бірден – бір таптырмас құралына айналып отыр.

«Әр халықтың мәдениетіне терең үңілу арқылы ғана сол халықтың таным деңгейінің тереңдігін тануға болады – дейді Тұрсынбек Кәкішұлы. Қазақ халқы ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің мұрагері, - дей келе ол, сол дәстүрді дамытушы, жаоғастырушы. Осыған орай халқымыздың этномәдени болмысы материалдық мәдениетімен де анықталады» - деген пікірін айтады. Олай болса, қазақ халқы қолөнерді қолдддағы бар материалға сүйеніп жасады. Ал, материал халықтың шаруашылығына, кәсібіне байланысты өндірілді. Қазақ халқы көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан ел болғандықтвн, киім – кешек, үй бұйымдарын, ер – тұрман әбзелдерін жасау үшін тері, былғары өндіретін болған. Ағаш, асыл тастар табиғаттан алынып өңделеді. Осы айтылған материалдардың негізінде үй жихаздарын, ыдыс – аяқтарын, құрал саймандарын, ер – тұрмандарын өрнектеп, нақыштап, түрлі түске енгізіп, безендіріп, әшекейлеп отырған.

Көне заманнан келе жатқан қазақ қолөнері өз халқының дәстүрлі көркемдік мұрасын сақтап қалып, әр дәуірде өзінің өшпес ізін қалдырып, әлеуметтік – көркмдік жағынан дәуір тынысын қалт жібермей өз әсерін де тигізіп отырған. Тұрмысқа қажетті қолөнер бұйымдары көшіп – қонуға ыңғайлы, қолданыс орнына сәйкес сыртқы формасын тауып, әр шебердің талғамына, ой өрісіне тән ою - өрнекпен нақышталып отырған. Алдымен бұйымның мықтылығы, өнімділігі қарастырылған десек те, олардың бояуы, әсемдігі жағынан табиғи үндестік байқалады. Халық шеберлері сонымен бірге материалдың табиғи қасиетіне де зер салып, оны өңдеуде техникалық тәсілінің барынша тиімді және күделікті тұрмысқа ең қолайлы жақтарын қарастырып әсемдік, әлемдік дүниесіне де көңіл ауцдарып отырған.(Әбенбаев168 – 169)

«Ел іші - өнер кеніші» - демекші, өнер ісін көркейтетін көптеген шеберлер тобы: алтын, күміс соғушы (зергер), қолашы (қола қуюшы), темір (ұста), қарнаушы, бәдізші (мүсінші), сәулетшілер болған. Бұл шеберлер, әсіресе металл балқытумен, мүсін жасаумен, үй салумен көбірек айналысты. Осы кездегі өнердің өркендегі дамуымен байланысты әсемдікке бой ұру белең алып, сұлулыққа деген талғам артып, өнер түрлері көбейгені байқалады.(әбілова 27 28)

Қазақстан аумағында әр кезеңде жасалған қолөнер бұйымдарының бүгінде мынадай дәстүрлі түрлері бар:


  1. Ағаштан бұйымдар жасау.

  2. Жүннен бұйымдар жасау.

  3. Арқан – жіп есу.

  4. Киіз басу.

  5. Киізден бұйымдар жасау.

  6. Кілем тоқу.

  7. Теріден бұйымдар жасау.

  8. Сүйектен, тұяқтан және мүйізден бұйымдар жасау.

  9. Металдан бұйымдар жасау.

  10. Зергерлік

  11. Тастан, қыштан бұйымдар жасау.

  12. Ши тоқу.

  13. Ер – тұрман жасау.

  14. Кесте тігу.

  15. Киім тігу.

  16. Аяқ киім тігу.

  17. Сабын жасау.

  18. Бояу жасау.

Ағаштан жасалған бұйым түрлеріне:

  1. Киіз үй сүйегі.

  2. Киіз үй жихаздары.

  3. Ыдыс – аяқтар.

  4. Сазгерлік аспаптар.

  5. Мал шаруашылығында қолданылатын құрал – жабдықтар.

  6. Егіншілікте қолданылатын құрал – жабдықтар.

  7. Аң аулауда қолданылатын құрал – жабдықтар.

8. Тұрмыста қолданылатын құрал – жабдықтар.

  1. Ойын жабдықтары.

  2. Бесік (Қоспақов З. Сыр тартсақ тарихынан әншіліктің. – а:ғылым, 1996. 168 – 4)

Шикі зат сапасы – төзімді де әдемі бұйым кепілі екендігі бәрімізге мәлім. Осы орайда, қазақ қолөнерінде пайдаланылған негізгі шикізаттың бірі және ең бастысы – жүн болды. Сондықтан әрі әсем, әрі сапалы да мықты бұйым шығу үшін алғашқы шикізат ретінде жүннің сапасы ерекше орын алады. Өйткені жүннің тұрмыстық қажеттілікпен бірге адам денсаулығына да пайдалы әсері бар.

Жүннен жасалатын бұйымдарға: арқандар, жіптер, киіз үй жабдықтары, киім – кешектер, мал әбзелдері, төсеніштер, шаруашылық бұйымдарын жатқызады.(Қоспақов 13)

Күні бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпай келген сондай дәстүрлі қолөнер үлгілерінің бірі – киіз басу.

«Киіз басу өнері адамзат өмірінде сонау көне заманнан бері белгілі. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде Алтай жерінде Пазырық қорғанынан табылған киізден жасалған бұйымдар осының айқын дәлелі.

...Киіз үйдің сыртқы формасы сол қола дәуірдегі тас үйлерден алынып, жылдан жылға практикалық жағынан күрделеніп байытыла келе біздің уақытқа дейін жеткен.

...Оюланып киіз басу өнерімен басқа халықтардың да айналысқаны белгілі. Бірақ туысқан халықтарда жекелеп кездесетін киізді оюлау әдісінің тәсілдері Қазақстан аумағының барлық аудандарында кездеседі. Сондықтан да оюлап киіз басу өнері қазақ халқының еншісіне тиген қолөнері деп атауға әбден хақымыз бар.

...Халық өмірімен бірге жасасып, біте қайнаған қазақтың киіз басу өнері әлі өз маңызын жойған жоқ. әдемі ойылған өрнекті текемет пен армақтар ауыл және қала уйлерінің интерьеріне ерекше сән беріп, жандандырып, үй тұрмысында төзімділігімен және көркемдігімен жоғары бағалануда» (жүннен жасалатын бұйымдар.17 – 18)

Ою күнделікті тұрмыста үй жиһаздарын – текемет, сырмақ, көрпеше, сандық, кебеже, жүкаяқ беттерін, сондай – ақ киім – кешектерді, қабырғаларды т. б. заттарды безендіруде қолданылады. Онда өрнек элементтерінің ырғағы қайталанып, симметриялы орналасады.

Киіз басу ісімен қазақ халқы өте ертеден таныс. Ғасырлар бойы көшпелі өмірге ыңғайлы тұрмыстық бұйымдардың бірқатарын киізден жасап келгендіктен киіз басу тнхнологиясын әбден меңгерген. Қазіргі заманғы киіз басу процестері де соған ұқсас, тек бұрын қолмен атқарылған жұмыстар бүгінгі күні механикаландырылған.

1.3 ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТАЛҒАМЫН ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ.


Өнердің барлық түрі өзіне тән бейнелі тілі, тәсілдерімен әсемдік әлемін ашып көрсете отырып, адам сезіміне әсер ететіні мәлім.

Қолданбалы өнерге тән ерекшеліктер – айналадағы ортамен өнермен, еңбекпен тығыз болуы. Қолданбалы өнердің әлеуметтік – тәрбиелік рөлі тек оның туындыларының өзіндік көркемдік, эстетикалық құндылығымен ғана бағаланбайды, сонымен қатар адамдардың өз заманына сай талғамын білдіруден, өткендігі мәдениетпен, ұлттық дәстүрлермен сабақтастығынан көрінеді.

Қазақ халқы сонау ерте заманнан – ақ күнделікті еңбек қызметінде өзінің қолданбалы өнерін дамытып отырды. Көркемдік талғам мен талапқа сәйкес олардың, отбасының, жеке бастың, тұрмыстық және рухани қажеттерін қанағаттандыру, айырбас сауда жасау үшін ең қажетті заттарды дайындады. Жүн, тері, сүйек пен мүйіз, яғни мал шаруашылығы өнімдері, ағаш, металл, қолданбалы өнер туындыларын жасайтын материалдар қызметін атқарды. Міне осының бәрін жасайтын көріп, көңіліне тоқып өскен бала бірте – бірте бұл өнердің қыр – сырын меңгеріп, өз бетімен өмір жолын бастағанға шейін айтарлықтай тәжірибе жинақтайды.(Ұзақбаева С. А. Тамыры терең тәрбие. – Алматы: Білім 1995 ж. 123 – 227 бб)

Жас ұрпақтың рухани – эстетикалық дамуын қамтамазыз ету, негізінен, көркемөнер түрлері арқылы (әдебиет, музыка, бейнелеу, қолөнер және т. б.) білім мен тәрбие беру жүйесінде жүзеге асырылады. Қандай болсын өнер түрі қоршаған шындық болмысының құбылыстарын бейнелейтін, өзіне тән көркемдік құралдары арқылы баланың санасына әсер ете отырып, оның сұлулық туралы алғашқы түсінігін, қоршаған өмір шындығына эмоциялық қатынастарының қалыптасуын сапалы дәрежеге жеткізетін танымдық мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Жеке тұлғаның эстетикалық, рухани дамуына, дүниетанымдық көзқарасының жарасымды қалыптасуына көркем өнердің зор ықпалы туралы теориялық мағлұматтар, сонау ерте дәуір ойшылдарының (Аристотель, Платон) философиялық, эстетикалық ой – пікірінен, қайта өрлеу дәуіріндегі - өнерді, нақтылы шындықты түсінуге, тануға жетелейтін ғылым дәрежесіне көтерген (Леонардо, Альберто, Дюрер, т. б.) өнер алыптарының трактаттарынан, өнердің әлеуметтік қызметін айқындай отырып, оның саяси – адамгершілік сипатын ашып көрсеткен француз ағартушыларының (Вольтер, Дидро, Руссо) эстетикалық еңбектерінен және бұдан кейінгілердің (Кант, Гегель) философиялық, эстетикалық тұжырымдарынан бастау алады.

Бұл саладағы ой – пікірлердің әрі қарай дамуына Н. А. Добралюбов, В. Г. Белинский, Н. Г. Чернышевский, К. Д. Ушинский сияқты орыс демократ жазушаларының қосқан үлесі мол болды. Әсіресе В. Г. Белинскийдің жеке тұлғаның сезімталдығын, қиял өрісін дамытудағы өнер туындыларының белсенді әсері мен ықпалы туралы тұжырымдады және оның өнерге тәрбиелеудің ерте жастан басталуын қажет деп санауы – жалпы эстетикалық тәрбие теориясы үшін бағалы пікір.

А. В. Луначарский сөзімен айтқанда, өнерайналасындағыларға сезімдік жағынан әсер етеді. «Ол өткенді, болашақты түсінуге, сүюге, оны тез сезінуге мәжбүр етеді, сондықтан, егер біз бұл үшін өзімізге лайықты болып табылатын элементтерді көне өнерден таңдап ала отырып, оны пайдалана алсақ, онда біздің идеяларымыз, принциптеріміз, көзқарасымыз көрініс табатын және орасан зор тәрбиелік маңызы бар өз өнерімізді дамытуды қалауға тиіспіз» - деп атап көрсеткен. (Луначарский А. В. О народном образовании – М.: АПН ССФСР, 1958. 559 бб)

Қазақтың көркем – эстетикалық дәстүрлер үлгісін жас ұрпақ тәрбиесінде тиімді педагогикалық құрал ретінде пайдалану мәселелерін Е. Асылханов, Қ. Әмірғазин, Б. Әлмұхамбетов, М. Болатпаев, Ж. Балкенов, Б. Б. Байжігітов, Қ. Болатпаев, Е. Ералин, Е. Сағындықов, О. Сатқанов, С. А. Ұзақбаева сияқты педагог ғалымдардың арнайы, зерттеу жұмыстарында қарастырылады.

Жас жеткіншектерде өнер арқылы көркемдік білім, эстетикалық тәрбие беру жүйесінің халық педогогикасының үлгілерімен ұштастығы, сабақтастығы туралы ғылыми зерттеу жұмыстарының тұжырымдық негіздерін С. А. Ұзақбаеваның «Тамыры терең тәрбие», «Өміршең өнер өрісі», «Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрлері» атты еңбектерінен көруге болады. Халық мұрасын пайдалануда балаларға сәндік қолданбалы өнер арқылы эстетикалық тәрбие бер мәселесі жан жақты қарастырылған.

Ұзақпаева өзінің «Тамыры терең тәрбие» атты кітабында балалар мен жастарға эстетикалық тәрбие берудің мүмкіндіктерін қарастыра келіп, халықтық педагогиканың тамаша идеялары мен дәстүрін сақтап, ұрпақтан – ұрпаққа жеткізуде халықтың ауызекі шығармашылығы мен қолданбалы өнері айырықша рөл атқарады деді. Ол «қолөнер арқылы тұлғаның адамгершілік қасиеттерін /қайырымдылық, мейірімділік, инабаттылық, бауырмалдық, туыстық, достық, жолдастық сезім, туған жерге, елге сүйіспеншілігін, ұлттық намыс, ата – баба дәуіріне сыйласты көзқарас, ұлттық өнерді құрметеу, сақтау т.б./, психалогиялық – эмоциялық қасиеттерін /болмыстығы, қуанышы, сүйіспеншілік сезімінен қабылдау, байыптау, елестеу, еске сақтау, ойлау т. б./ өнердегі / табиғаттағы әдемілікті, сұлулықты талғаммен, жылы сезіммен қабылдау, ләззат алу, әсерлену, эстетикалық тұрғада баға беру т. б./, қалыптастырады. Олардың маңыздылығы бүгінгі күнде тіпті артып отыр» - деп тұжырымдайды.


Жас ұрпаққа көркемөнердің қыры мен сырын, бейнелілік тілін меңгерту және олардың өнер саласындағы шығармашылық іс - әрекеттерін дамыту арқылы халқымыздың көркемдік мәдени бай мұрасын игерту, туған халқының өнеріндегі парасатты дәстүріне деген эстетикалық көзқарасын қалыптастыру, қазіргі кездегі балабақшадан бастап орта мектеп, білім беру жүйесінің барлық саласындағы имандылық – эстетикалық тәрбиенің негізгі де басты міндеттерінің бірі болып табылады.

Адамдардың сыртқы тұла болмысынан, олардың өзара қатынасынан, тілінен, жасаған өнер туындылары мен тұрмыстық бұйымдарынан, киім үлгілерінен әр халықтың өзіндік ұлттық ерекшеліктері, дүниетанымын, эстетикалық талғам сапасын, көркемдік мәдени даму жолдарын, салт – дәстүр үлгілерін, жас ұрпақ тәрбиелеу ісіндегі халықтық тәжірибеде белгілерін көрсетуге болады.

Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары сан – алуан. Әр өнер жанрларының адам, сезіміне, санасына, ой - өрісіне ықпал жасайтын өзінік бейнелік тілі, жасалу құралдары бар. Жеке тұлғаның жалпы дамуына, көркемдік талғамының қалыптасуына үлкен мүмкіндік беретін бейнелеу өнерінің бір түрі – қолөнері.

Жан – жақты өнер иесі, сегіз қырлы бір сырлы жазушы Ж. Аймаутов педагогика ғылымында тыңнан жол салған тұңғыш «Психология»/1926/ «Жан жүйесі және өнер таңдау» /1926/ атты еңбектердің авторы болды. Ол адам баласының мәдениет тарихынан өнердің көрнекті орын алып келгенін, өнерсіз қоғамның дамуы, рухани байлықтың молаюы мүмкін емес екендігіне тоқталып, ұлт мектептерінде әуелі кескін өнері мен әуез өнерін яғни, сурет салу, ән – күй өнерін үйретуге негіз салу керектігін, әрбір баланың өнерге деген ынтасын қозғап, өнерпаздық қабілетін тәрбиелеудің қажеттігін баса айтады. (Аймауытов Ж. Шығармалары. – Алматы. Жазушы. , 1989 – 269. 15 бб)

Балалар мен жастарды қолөнердің белгілі бір саласына үйрету туралы идеялар қазақ халқының ауызекі шығармаларында ерекше орын алған. Мысалы, «Ақылды қыз», «Жігіт пен өнерлі қыз» ертегілерінде тегін, кесте өнерін жетік меңгерген қыздар, олардың ісмерлігі, жасаған заттары жайлы әңгімеленеді. Қыздардың қолынан шыққан заттар өзінің нәөіктілігі, көркем өнерлілігі, бояуының жарасымды үйлесімділігімен көзге түседі, халық арасында өте жоғары бағаланаты да сондықтан.

мысалы, «Ермек» деген ертегіде Ермек деген кісінің өз қызын білгілі шеберге тігін ісіне үйренуге бергені туралы айтылса, оның жіп мата сатып алып, өрнек, кесте, киім тігіп үйренгені, еңбектің нәтижесінде үлкен шеберлікке жеткені, тіпті оның шеберлігіне тең келетін адамның болмағаны туралы айтылады.

Ал «ақылды етікші» ертегісінде етікшінің тіккен етігінің әдемілігі, өзінің ақылдылығы, еңбекқорлығы суреттелсе, «Өнеге» ертегісінде ханның әдемі әшекейлі кілемдер тоқи білу оның тіпті өлімнен аман қалуына себепші болды.

Қазақ халықтық халық педагогикасында білімді, қолөнер саласын жетік меңгерген, эстетикалық талғамы жоғары, «өнеріне қарай - өрнегі» байқалып тұратын шеберадамды «бармағынан бал тамған» деп жоғары бағалаған. Оларды халық өздерінің ұл мен қыздарына үлгі - өнеге етіп отырған. Мұндай жетістікке адам тек қолөнер кәсібінің құпиясын, қыр – сырын меңгергенде ғана жететінін де санаға сіңіріп отырған.(Ұзақпаева )

«Қазіргі заманымыз - өнердің өзегі. Осыған орай адам өнердіәдеміліктің заңы бойынша жасайды», - деген Маркс қағидасынан туатын басты міндет – адамды жан – жақты, жарасымды етіп жетілдіру жаңа адамның, ертеңгі жаңа қоғамның ізгілікті мұратын орнықтыру болып табылады.

Қоғамдағы халықтық мәдениет саласындағы қажеттіктері артқан сайын, өнердің адам баласына тәрбиелік қызметі артып отырады. Ондағы өнердің басты мақсаты - әдемілікті адам өміріне баянды ету.

«Өнерді үйрен, үйрен де жирен», - деп Абай айтқандай, «Қашаннан қалыптасқан халық ұғымы бойынша өнер ақылдың, дарынның белгісі болып табылған».

«Өнер – бәлім бар жұрттар

Тастан сарай салғызады.

Айшылық алыс жерлерден,

Көзіңді ашып – жұмғанша,

Жылдам хабар алғызады.

Жаңа өспірім остарым,

Қатарың кетті – ау алысқа – ай,

Ұмтылыңыз қалыспай!

Біз надан боп өсірдік

Иектегі сақалды,

«Өнер – жігіт көркі» деп

Ескермедік мақалды…

Біз болмасақ, сіз барсыз,

Үміт еткен достарым;

Сіздерге бердім батамды!»… - деген ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің өсиет өлеңдері мен

«Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ;

Наданның көзін қойып, көңіл ашпақ.

Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,

Думан – сауық ойда жоқ әуел бастан – ақ»,- деген ұлы ағартушы Абайдың жыр жолдары өнердің құдіретін бізге өнеге өнердің құдіретін бізге өнеге ретінде ұстанып, өз отандастарын, соның ішінде жастарды тәрбиелеуді мақсат тұтқандарын ерекше бағалаймыз. Олардың бұл өсиеттері бізге бүгінде баға детпес рухани эстетикалық құндвлық болып табылады.

Жалпы халықтық көркемөнер саласындағы парасатты мәдени дәстүрлері қоғамның және жеке тұлғаның рухани эстетикалық дамуына сонымен бірге, қазіргі заманғы кәсіби өнер саласында тиімді пайдалану мәселелері бұрынғы одақ көлемінде жүктелген көптеген арнайы ғылыми зерттеулердің мазмұнына арқау болып келеді /А. Асанов, К. Н. Долгов, Б. Р.Казыханова, т.б)

Өнердің барлық түрі өзіне тән бейнелі тілі, тәсілдерімен әсемдік әлемін ашып көрсете отырып, адам сезіміне әсер ететіні мәлім. Қолданбалы өнерге тән ерекшеліктер – айналадағы ортамен, өмірмен, еңбекпен тығыз болуы. Қолданбалы өнердің әлеуметтік - тәрбиелік рөлі тек оның туындыларының өзіндік көркемдік, эстетикалық құндылығымен ғана бағаланбайды, сонымен қатар адамдардың өз заманына сай талғамын білдіруінен өткендігі мәдениетпен, ұлттық дәстүрмен сабақтастығынан көрінеді» - деп өнердің мәні мен маңызына тоқталады. (Ұзақбаева С. А. Тамыры терең тәрбие. Алматы:Білім – 1995, 227 – 123)

ҚОРЫТЫНДЫ

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


Қазіргі кезде жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру ісіндегі оқулықтар сын тұрғысынан талданып, бұл мәселені педагогикалық, психологиялық үрдісін халқымыздың ұлттық табиғатына, тәлім тәрбиелік дәстүріне, өнері мен мәдени мұрасына негіздеу жұмыстары қолға алынды.

Мысалы: «қазақ мактептері мен мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде имандылық эстетикалық тәрбие берудің кешенді бағдарламасы» /1990/ сияқты қолданбалы өнер сабақтарында балаларға ұлттық өнер туындыларының мазмұны арқыла халық мәдениетінің бай мұрасын игеруді көздеген құжаттар дүниеге келді және бұлар басшылыққа алынып отыр. (қазақ мектептері мен мектепке дейінгі балалар мекемелерінде имандылық эстетикалық тәрбие берудің кешенді бағдарламасы. – Алматы. – 1990 – 52 – 52б)

М. Мұқановтың психологиялық зерттеулерінде «Эстетикалық талғамды тәрбиелеу баланың ең кіші жасынан басталуы қажет, қазіргі тәжірибеге қарағанда көркемөнерге талғампаздықты тәрбиелеу неғұрлым баланың баланың кіші жасынан басталса, соғұрлым оның сезімталдығы жоғары дәрежеде қалыптасатын болады. Себебі, нәрсенің әдемілігі, соның ішінде көркемөнер істерінің әсемдігі баланың табиғатына жақын келеді. Мұны И. И. Павлов сөзімен айтқанда, көркемөнер ісінің қорытындылары, мысалы: музыка, картина т. б. баланың бірінші сигналы системасына әсер етіп, оның өмірінде ұмытылмайтын әсер қалдырады. Соның нәтижесінде бала жас кезінен – ақ әсерленгіш, әр нәрсені есіне сақтағыш келеді» - деп тұжырым жасаған. (Мұқанов М. М Педагогикалық психология очеріктері. Алматы. 1962. 221 – 54б)

Ежелгі дәуірден – ақ адам баласы үшін ғылым мен өнердің қажеттілігі тең дәрежедебірін – бірі толықтырып отырған. Ғылым дүниені тануға, білуге қызымет етсе, өнер айналаны ортамен үйлесімді өмір сүрудің тамаша қасиеттеріне баулаған. Адам айналаны, бүкіл дүнйені, оның әсемдігін тану арқылы, өзін тауып, өз рухани дүниесін көркейткен. Сол себепті өнрде адам бойында қайырымдылық, адалдық, отан сүйгіштік сияқтысан алуан асылқасиеттер сезімін қалыптастырып тәрбиелемек. Сөйтіп, өнерадамның жанын, оның рухани байлығын арттырып, ойын тазартып, мақсатына жетелейді, яғни ббиік тұлғаны қалыптастырады.

Көркемөнер мен шығармашылыққа анағұрлым жақынырақ келетіні – педагогика, психология, тарих, әлеуметтану, этнография және т. б. ғылымдар. / Дюрер А. Дневники, письма, трактаты т 1. Москва: Искуство 1657, 86 – 89/

А. Н. Лук өз еңбегінде адамның шығармашылық дамыту мен қалыптастыру, ең алдымен ол шығармашылық ойлауға байланысты дейді. /Лук А. Н. Психология творчества. Москва: Наука, 1928. 284 – 23 б/. Ол шығармашылық қабілеттердің белгілері ретінде:

Нерв жүйесін (ақпаратты) код арқылы жіберу;

Тасымалдай білу;

Ақылдың икемділігі, ойдың тереңдігі;

Іс - әрекетті бағалауды айтады.

Сондай – ақ, ғылым шығармашылық іс - әрекетті қалыптастыру, дамыту үшін қажетті ахуалдың болуы керектігін және қорқыныш жалқайлық. өзін өзі бағалау сияқты психологиялық кедергілерден тұратын қарама – қайшылықтармен күресу қажет екенін айтады.



Өнердің адамға әсер ету күші, көбіне, адамның оны қаншалықты терең сезініп, түсіне алатындығына байланысты. Мұндай қабілетті қалыптастыру - өнердің тәрбиелік мүмкіндіктерін толықтай пайдаланудың міндетті шарты. А. К. Василевский: «Өнерге деген қажеттілік адамның ішкі рухани мұқтаждықтарының бір бөлігі ғана, бұл бүгінгіге байланыста және және ол адамға тікелей әсер етеді» - деп жазды.





Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет