«Желтоқсан желі ызғарлы»



Дата17.06.2018
өлшемі41,29 Kb.
#42578
«Желтоқсан желі ызғарлы»

Мақсаты: оқушыларға 1986 жылғы Желтоқсандағы қанды оқиғаның болу себептерін және тәуелсіздіктің қадір қасиетін түсіндіру.

Дамытушылық: тіл байлығын дамыту, сахнада өзін қалай ұстау мәдениетін үйрету, логикалық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілік: Отан Ананы құрметтеуге, ұлтжанды болуға, тәуелсіздік үшін күрескен батырларды әрдайым есте сақтауға тәрбиелеу.

Түрі: сахналық және ресми бейімдері.

Көрнекіліктер: желтоқсан қаһармандарының суреттері,интерактивті тақтаға жазылған слайдттар т.б

Барысы:

Қазақстан әнұраны орындалады.



Жүргізуші:

Армысыздар ұстаздар мен оқушылар! Бүкіл қазақ елінде тойлап жатқан тәуелсіздік күніне арналған «Желтоқсан желі ызғарлы» деген тәрбие сағатына қош келдіңіздер.

Желтоқсан айы... Желтоқсан, қараша мен сол бір екі ай...

Кешегі дүркіреп өткен 1986 жыл қазақ үшін желтоқсан атауы және бір қыстың атауы еді. «Желтоқсан» десе ақ әрбір қазақтың көкірегінде небір көріністер қоздап қоя беретін болған.

Желтоқсан оқиғасы әркімнің жадында , тарихи ғасыр жылнамасында мәңгілік жазылып қалды. Өйткені ол дүниені дүр сілкіндірді. Еркіндікпен теңдікті талап еткен ел ұлдарының, жас жігіттер мен қыздардың бас көтеруі еді.

Жас арудың жанарында Желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында Желтоқсан.

Қаралы өмір қайыстырған халқымның,

Қара тұман қабағында Желтоқсан.
Жауыздықты жасқаған да Желтоқсан,

Жаңа ғұмыр бастаған да Желтоқсан.

Жазықсыздың көз жасына жуынып,

Абақтыға тастаған да Желтоқсан.



  1. «Мен Қазақпын» Ж. Молдағалиев



Жүргізуші: Тәуелсіздік Қазақстанға оңай келген жоқ. Бұл жолда қазақ халқы алапат шығындарға ұшырады, сан мыңдаған боздақтар қаза тапты, аштан қырылды, зиялы қауымын жоғалтты. Бірақ түптің түбінде аңсаған арманға қол жетті.

  1. «86 жыл Желтоқсанның аязды бір күндері»

Көрініс: Қайрат жеңгесімен

Жүргізуші:

Жеңгесі:

Қайрат :

3. «Ұмытпаймын Желтоқсанның құрбандарын»

4. «Желтоқсан» Сырым Әуезханов

Көрініс: Қайраттың түрмеге отыруы.

Жүргізуші:

Рольдерде: Жайлыбек, Біржан, Шалхар, Жансұлтан.

5. «Лаула,лаула Желтоқсанның отқа жаққан алауы» М. Шаханов.


  1. Күй:

  2. «Тәуелсіздік» Ханбибі Есенқарақызы

Экранға назар аударайық: «Желтоқсан желі ызғарлы»


Иә, осынау тәуелсіздіктің бастауы, арқауы болған желтоқсан оқиғасы барша қазақстандықтың жүрегінде мәңгілікке орын алып, қазақ жұртының өшпес тарихына айналып қалары сөзсіз. Біздің мақтанышымыз елі үшін, жері үшін жанын пида еткен асыл азаматтарымыз желтоқсан құрбандары. Олар да ел жадында мәңгі сақталмақ. Ұрпағы ұлы елдің ешқашан шаңырағы шайқалмақ емес. Тәуелсіздік таңы арайлап атып, егемендігіміз еңселі бола берсін.

Мухтар Шахановтың сөзімен аяқтаймыз.

Хор: Әнұран орындалады.

Көрініс:


Жүргізуші: Дауылға желтоқсанның желі айналды,

Ашуға мінді алатау кәрі айбарлы.

Күтпеген іс ақыры не болды деп,

Күллі әлем Алматыға қарай қалды.

Кез емес жаугершілік «аттан» атты,

Алаңның шеруі емес салтанатты.

Қытымыр қыстың басы сол бір айда,

Желтоқсан желі әлемді жай қаратты.



Түрме іші, қолында қағазы бар Қайрат отыр.

Қинала отырып «Түрме жыры» өлеңін оқып шығады. Содан кейін қатты шаршап, былай дейді:

Уһ, әбден шаршадым -ау, жүйке тамырым жұқарды ғой! Қайран бостандық!!!

Жалалы боп, қатты батты жаныма,

Жазалаушы қағаз алдым қолыма.

Жігіттер -ай, айтып айтпай не керек,

Жазған екен маңдайыма сорыма.

Біріншіден , мен сағындым анамды,

Екіншіден , бұл құдайға не қылдым?

Бостандықта еркін жүрген жан едім,

Енді міне, абақтыға жабылдым.

Кезекші: Заключенный Рыскулбеков на допрос.

Тергеуші: айыпкер Рысқұлбеков, сен Мир мен Сәтбаев көшелерінде жасақшыларды көрдің бе?

Қайрат: егер ол көшеге бармасам оларды қайдан көремін?

Тергеуші: Савицкийді сен өлтірдің бе?

Қайрат: жоқ, өлтірген жоқпын?

Тергеуші: сенің ұрып жатқаныңды біреу көріпті ғой.

Қайрат: олай болса мені сол адаммен беттестір, бұл өтірік жала.

Тергеуші: Ах, ты,декабрист несчастый. Я тебя покажу өтірікті! Жала дейді еще! Ей, Рысқұлбеков, сен, «Савицкийді өлтірдім деп мойныңа ала сал, сонда сенің жазаң жеңілденеді. Егер, сен Савицийді өлтіргеніңді мойындасаң, әкеңе тиіспейміз. Әйтпесе әкеңді де....

Қайрат: Жолдас тергеуші, бұл жала ғой! Өлтірмеген адамды өлтірдім деп қалай мойындаймын, адам түгіл тышқанды да өлтіріп көрген емеспін.

Тергеуші: Заключенный Рыскулбеков, сен ақымақ болма, «Савицкийді өлтірдім» деп мойында. Бұл- бір. Сен әкеңнен 4 мың сом алып, мына менің алақаныма сал, бұл -екі. Түсіндің бе, мақұлық?

Қайрат: жолдас тергеуші! Ауылда әзер күнін көріп отырған ата анамды ақша деп қинағым келмейді және не үшін ақша төлеуім керек? Не үшін? Ешқандай қылмысым жоқ.

Тергеуші: Әкетіңдер, құртыңдар, атыңдар!

Қайрат: Тоқта! Айтар сөзім бар.

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным ар,

Бозторғайдай жаным бар,

Алам десең алыңдар.

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

«Ерке тоқты құрбандық»,

Атам десең атыңдар.


Мен не етермін, не етермін.

Мен келмеске кетермін.

Көрмеген қош бол, таңдарым,

Көре алмай мен өтермін.

Қош аман бол, артымда

Ағайын туған, азамат!

Артымда қалған ата анам,

Ел жұртым , саған аманат!



Екі милиционер бірі алдында, бірі артында Қайратты алып кетіп, 20 секундтан кейін мылтық дауысы естіледі. Мылтық дауысынан соң іле шала музыка ойналып тұрады:

Жүргізуші:

Кінәлі ме, ақын Қайрат ер Қайрат?

Ауа жетпей атып шыққан алаңға.

Қылқындырған қиянатқа көнбеді ол,

Тапталғысы келмеді оның табанға.

Әсте естен шығармайды жыр мұны,

Айтады ылғи домбыраның күмбірі.

Аты аталса күрсіндірер жылатып,

Желтоқсандық күрсінірер жылатып,

Желтоқсандық азамат пен құрбаны.

Жатыр бүгін Мойынқұмның бауырында,

Қара өлеңнің ерте солған бір гүлі.

Иә, ізгілік атаулыдан күдер үзіп, ең соңғы үміті, бар сенімі күйренген, рухани езілген балаң жігіт Қайрат:

Жел кірді көлеңкемде жиырма бірде,

Айдады ерікке қоймай сол несібе.



Желпілдеп, желідім екен несібе?

Түседі адасқаным енді есіме – деп қатты торыққан, қайсар рухты қазақ жігіті орысша қазақшаға судай, жігерлі, отты жігіт еді. Өкінішке орай, 1988 жылы 21 мамырда Семей түрмесінде Қайрат Рысқұлбеков таңертең өмірден өтті. Қанаты қайырылып, жарық күнмен мәңгі қоштасты. Есіл ер көзі тірісінде шындыққа жете алмай, қапыда жер жастанды.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет