Жер туралы ғылымдар • антропогендік әсер • адамдар және көміртек айналымы 1 1-бөлім: Көміртегі айналымы



Pdf көрінісі
бет6/25
Дата08.02.2022
өлшемі1,84 Mb.
#117622
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
kktwig-adamdar-zhne-kmirtek-aynalymy (1)

2-бөлім: Көміртегінің қалдық ізі
Көміртегінің қалдық ізі – адам әрекеттерінің нәтижесінде шығарылатын парниктік газдардың (көмірқышқыл 
газын қоса алғанда) мөлшері және оның қоршаған ортаға әсерінің өлшемі. Ол жеке тұлға, ұйым, іс-шара, не 
өнім үшін есептелінеді. Жанармаймен көлік жүргізу сияқты тура әсерлер және өндірісі кезінде қазбалы отындар 
пайдаланылған өнімдерді қолдану секілді жанама әсерлер де көміртегінің қалдық ізіне өз әсерін тигізеді.
Көміртегінің қалдық ізі мен байлық арасында күшті корреляция бар. Жалпы алғанда, экономикасы жақсы дамыған 
елдердің азаматтарының көміртегілік қалдық іздері экономикасы нашар дамығандарға қарағанда жоғары болады.
Көміртегінің қалдық ізі әдетте, көміртегінің жан басына шаққанда шығатын метрлік тоннасы (немесе оның 
эквиваленті) арқылы өлшенеді. Үлкен көміртегі іздері жан басына шаққанда жылына 30 тоннадан асып кетеді, ал 
ең азы жан басына шаққанда жылына 0,1 тоннадан аз болады. Таяу шығыстағы мұнайға бай елдердің көміртегілік 
қалдық ізі көп, жан басына шаққанда жылына 30 тонна шамасында болады. Еуропа елдерінің көпшілігінің 
көміртегілік қалдық ізі жан басына шаққанда жылына 5-10 тонна аралығында.
• Көміртегінің қалдық ізі дегеніміз не?
• Көміртегінің қалдық іздері әр жерде әртүрлі ме?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет