Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттар қызметінің үлгілік қағидасы



бет1/3
Дата05.02.2022
өлшемі114,78 Kb.
#26058
  1   2   3

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 18 маусымдағы
№ 229 бұйрығына
3-қосымша


Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға
арналған мектеп-интернаттар қызметінің үлгілік қағидасы


1. Жалпы ережелер

1. Осы Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттар қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Конституциясына, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарына, «Неке және отбасы (ерлі-зайыптылық) туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысына (бұдан әрі - Үлгілік қағида) сәйкес әзірленді және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттар қызметінің (бұдан әрі - мектеп-интернат) тәртібін белгілейді.


2. Мектеп-интернат заңды тұлға болып табылады, оның оқшауланған мүлкі, өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ банкте шоты болады және тәрбие бағдарламасын тәрбиеленушілердің психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың денсаулығын сақтау, құқықтары мен мүдделерін қорғау талаптарына сәйкес әзірлейді.
3. Мектеп-интернат нақты міндеттер мен балаларды ұстау, оқыту және тәрбиелеу, қызмет режимі ерекшеліктеріне қойылатын талаптарға қарай мектеп жасындағы балалар үшін құрылады.
4. Мектеп-интернаттың міндеттері:
1) мемлекеттiк көмек пен қолдауды қажет ететiн балаларға жататын орын бере отырып өмip сүру, оқыту және тәрбиелеу үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз ету арқылы білім беру бағдарламаларын игеруге жағдай жасау;
2) тұлғаның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершілiк және салауатты өмiр сүру салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, дара тұлғаны дамыту үшiн жағдайларды жасау арқылы зияткерлікті байыту;
3) азаматтық пен елжандылыққа, өз еліне - Қазақстан Республикасына сүйiспеншiлiкке, мемлекеттiк рәмiздердi құрметтеуге, халық дәстүрлерiн қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көрiнiстерге төзбеуге тәрбиелеу;
4) Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмiрiне қатысу қажеттiлiгiн, жеке адамның өз құқықтары мен мiндеттерiне саналы көзқарасын қалыптастыру;
5) әлемдiк және отандық мәдениеттiң жетiстiктерiне баурау, қазақ халқы мен басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрып дәстүрлерiн зерделеу, мемлекеттiк, орыс, шетел тiлдерiн білу;
6) оқытудың жаңа технологияларын енгiзу, бiлiм берудi ақпараттандыру;
7) тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды, медициналық психологиялық педагогикалық оңалтуды және әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ету;
8) жеке сараланған тәсілді жүзеге асыру, жеке даму бағдарламаларын әзірлеу;
9) тәрбиенушілерді қоғамда әлеуметтік қолдау көрсету, медициналық, әлеуметтік оңалту мен әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз ету.
5. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатының қызметі «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензиялауға жатады.
Мектеп-интернат мемлекеттік аттестациядан Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 59-бабына сәйкес өткізеді.
6. Мектеп-интернат өз жарғысын «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» Қазақстан Республикасы Кодексінің, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының, «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499, «Мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемені коспағанда, мемлекеттік мекеменің үлгі жарғысын (ережесін) және Мемлекеттік кәсіпорынның үлгі жарғысын бекіту туралы» 2011 жылғы 9 тамыздағы № 919 Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының және осы қағиданың негізінде әзірлейді.



Каталог: sites -> default -> files -> upload -> files
files -> «Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> Мектепке дейінгі педагогика
files -> Диплом (аттестат) выдается при наличии следующих документов
files -> Работа с родителями и проектно – исследовательская деятельность
files -> Утверждены в ученой степени кандидата наук и в ученом звании доцента следующие соискатели
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Азаматтық білім берудің ғылыми-ақпарат орталығы
files -> Омарова Шолпан Сембаевна №69 мектеп-гимназиясының мектеп психологы және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Тақырыбы: «Жаным толған жақсылық»
files -> Маңғыстау облысының «Балаларға көктем шуағын сыйла» қайырымдылық акциясының қорытынды мәліметі
files -> Қазақстан республикасы
files -> Адамгершілік-рухани білім беру және тәрбиелеу жөнінде халықаралық тәжірибе


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет