Жетпісбай бекболатұЛЫ


 Баспасөз қызметі маманына қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет22/86
Дата25.01.2022
өлшемі0,95 Mb.
#114026
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   86
Байланысты:
ПособиеПрессСлужба2019 Бекболатулы

2.3.  Баспасөз қызметі маманына қойылатын талаптар
 
Баспасөз  қызметінде  жоғары  оқу  орындарын  «қоғаммен  байланыс»  және 
«журналистика» мамандықтары бойынша бітірген түлектер жұмыс істеуге тиіс. 
Біздің елімізде «журналистика» мамандығы бойынша білім беру тарихы жарты 
ғасырдан  асса,  «қоғаммен  байланыс»  бойынша  кадр  даярлау  енді  ғана  қолға 
алынуда.  Міне,  сондықтан  да  мемлекеттік  мекемелердің,  қоғамдық 
ұйымдардың, 
коммерциялық 
құрылымдардың 
қоғаммен 
байланыс 
қызметтерінде  негізінен  алғанда  журналистер,  ішінара  филологтар  мен 
экономистер, саясаттанушылар жұмыс істеуде. 
 
Баспасөз  қызметтерінің  жұмыс  ауқымы    тек  бұқаралық  ақпарат 
құралдарымен байланыс жасаумен ғана шектелмейді. Сондай-ақ олар ұйымның 
жағымды  имиджін  қалыптастыру,  қоғаммен  тұрақты  қарым-қатынастарды 


жолға  қою  мәселелерімен  де  айналысады.  Сондықтан  да  баспасөз  қызметтері 
мамандарының  білім  деңгейіне  қойылатын  талаптар  да  жоғары.  Болашақ 
баспасөз  хатшылары  мен  қоғаммен  байланыс  жөніндегі  кеңесшілер  жалпы 
гуманитарлық  және  әлеуметтік-экономикалық,  жалпы  математикалық  және 
жаратылыстану пәндерін игерулері керек.
 
Жоғары  оқу  орнында  оқу  барысында  студенттер  қайсыбір  фирма,  ұйым, 
саяси партия және олардың лидерлері туралы пікір қалыптастыру ғылымы мен 
өнерін меңгеруге тиіс. Бұл үшін олар юриспруденция, журналистика, қоғаммен 
байланыс,  саясаттану,  әлеуметтану,  риторика,  экономика,  маркетинг, 
менеджмент,  жарнама  саласында  арнайы  білім  алып,  тиісті  кәсіпорындармен, 
ұйымдармен  және  мекемелермен,  олардың  басшыларымен,  сондай-ақ  «өз» 
жұртшылығымен  арадағы  коммуникацияны  жолға  қойып,  қолдап  отыруға 
дағдыланулары  тиіс.  Сондай-ақ  олар  мақсатты  бағытталған  шынайы  да 
толымды ақпарат негізінде үйлесімді де оң қарым-қатынас орнатуды көздейтін 
жұмыс  ұйымдастыруға  үйренулері  керек.  Міне,  сондықтан  да  баспасөз 
қызметтерінің  мамандарына  қойылатын  талаптар  ауқымда  да  жоғары  болып 
табылады.  Әдетте,  бұл  талаптардың  қатарында  жалпыгуманитарлық  жақсы 
даярлықты,  кәсіптік  технология  ерекшеліктерін  білуді,  ой-қиял  кеңдігін, 
кісілермен  жақсы  қарым-қатынас  жасай  білуді,  иландыра  алу  қабілетін, 
ұйымдастырушылық  қасиет  пен  әзіл-қалжыңды  түсіне  білуді,  жазу  қабілетін 
және басқаларды атайды. 
 
Дамыған  елдердегі  қоғаммен  байланыс  бойынша  білім  беру  стандарттары 
мамандардың мәтінмен жұмыс істеу негіздерін меңгеріп, шетел тілдерін, түрлі 
бұқаралық ақпарат құралдары технологияларын игерумен қатар менеджментті, 
экономиканы,  әлеуметтануды,  PR  теориясын,  психологияны,  статистиканы 
және  басқа  пәндерді  жақсы  білуді  талап  етеді.  Қазақстан  Республикасының 
жоғары  және  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  беру  мамандықтарының 
сыныптамасына-классификаторына  сәйкес  051400  «Қоғаммен  байланыс» 
мамандығы 
бойынша 
бакалавриат 
пен 
магистратурада, 
сондай-ақ  
докторантурада білім алуға болады. 
 
Жоғары  оқу  орнын  осы  мамандық  бойынша  аяқтаған  мамандар  мына 
төмендегі  салалар  бойынша  ұсыныстар  жасауға  және  ғылыми  зерттеулер 
жүргізуге қабілетті болулары тиіс:
 
Ішкі саяси және халықаралық өмір құбылыстары мен үдерістері;
 
Ұлтаралық, этносаралық және халықаралық қарым-қатынастар;
 
Қаланың,  облыстың,  аймақтың  және  еліміздің,  сондай-ақ  қазіргі  әлемнің 
әлеуметтік-экономикалық проблемалары;
 
Жалпыпланеталық,  жалпыхалықтық,  аймақтық  және  жергілікті  ақпараттық 
ағындар;
 
Ғылыми және мәдени ынтымақтастық;
 
Ішкі және сыртқы саясатты ақпараттық қамтамасыз ету;
 
Ел ішінде және шетелдерде қоғамдық пікір қалыптастыру;
 
Бірыңғай  халықаралық  экономикалық,  экологиялық,  мәдени  және 
ақпараттық кеңістік құру;
 
Жаһандану процестері;
 


Қарусызданумен, қауіпсіз дүние құрумен қатысты процестер.
 
Ресейлік  ғалым  М.А.Шишкина  баспасөз  қызметтерінің  мамандарына 
қойылатын негізгі талаптарды былайша тұжырымдайды:
 
Бұқаралық  ақпарат  нарығы  және  оның  құрылымы,  басқару  принциптері, 
мазмұндық  бағыттылығы,  типтік  және  түр  сипаттамалары,  баспа,  теле  және 
радиоөндірісі технологиясы, басылымдар мен бағдарламалар рейтингі, бағалық 
жарнама саясаты туралы білімі болуы;
 
 Бастапқы 
ақпаратты  жинау  мен  өңдеу,  оны  заметка,  сұхбат, 
корреспонденция,  мақала,  репортаж,  хроника  мен  есеп  сияқты  кең  таралған 
жанрларда жазып шығу тәрізді қажетті журналистік машықтары болуы қажет. 
Журналистік  қызмет  жеке  техникалық  құралдармен:  диктофонмен, 
фотокамерамен,  компьютермен  және  басқалармен  жақсы  таныс  болуды 
көздейді.
 
 PR  субъектісінің  салалық  ерекшелігі,  яғни  баспасөз  қызметінің  жұмыс 
өрістері  мен  мазмұны  жөнінде  кең  хабардар  болуы,  кәсіби  бағыттағы  БАҚ-
салалық 
немесе 
мамандандырылған 
басылымдарды, 
телерадиобағдарламаларды,  қажетті  тақырып  аясында  қалам  тартып  жүрген  
журналистерді жақсы білуі қажет.
 
М.А.Шишкина 
сөйтіп, 
баспасөз 
қызметінің 
мамандарына 
кәсіби 
журналистерге қойылуға тиісті талаптарды алға тартады.
 
Қоғаммен  байланыс  саласындағы  көптеген  еңбектердің  авторы  В.Г. 
Королько баспасөзбен байланыс мамандары қоғамдық өмірдің түрлі салаларын 
игеруге қатысты біліктілік талаптарына сай келу тиіс деп есептейді.
 
Мәселен,  жоспарлау  саласында  қоғаммен  байланыс  (баспасөз  қызметі) 
бөлімшесінің  жұмысына  қатысты  жалпы  мәселелер  бойынша  басшылыққа 
кеңес  беріп,  ішкі  және  сыртқы  жұртшылық  топтарын  ұйым  басшылығының 
саясаты жөнінде хабардар еткен жөн. Басқару саласында жоғары басшылықтың 
басқарушылық шешімдерін ұйымның ішкі құрылымдары арасында насихаттау, 
ақпарат  жинау  және  паблик  рилейшнзге  арналған  бюджетті  бөлу  міндеті 
қойылады.  Ал,  жарнама  саласында  қоғамдық  пікірді  зерттеу,  акционерлер, 
лоббистер  үшін  әдістемелік  және  ақпараттық  материалдар  әзірлеу, 
аналитикалық жұмыста түрлі жанжалдар мен келіспеушіліктердің алдын алып, 
тенденцияларды  ой  елегінен  өткізу,  экономикалық  салада  бәсекелестермен, 
дилерлермен  және  дистрибьютерлермен  байланыс  жасап,  олардың  өнімдерін 
жарнамалау  және  нарыққа  шығару  қажет.  Коммуникация  саласында  жарнама 
мен  паблиситиді  қолдана  отырып,  қоғаммен  бұқаралық  ақпарат  құралдары 
және басқа арналар арқылы қарым-қатынас орнату талап етіледі. 
 
  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  білім  стандартына  сәйкес 
баспасөз  қызметтерінде,  басқа  да  салаларда  істейтін  «Қоғаммен  байланыс» 
мамандары: 
 
Біріккен  Ұлттар  Ұйымының,  ЮНЕСКО-ның,  Еуропадағы  қауіпсіздік 
және  ынтымақтастық  ұйымының  және  басқа  халықаралық  ұйымдардың 
халықаралық  ақпарат  саласындағы  қызметті  реттейтін  аса  маңызды 
халықаралық-құқықтық 
құжаттарын, 
ақпараттық 
саясатқа 
қатысты 
қазақстандық нормативтік-құқықтық құжаттарды білуге
 


Қазіргі  заманғы  бұқаралық  коммуникация  практикасын,  оның  түрлері 
мен формаларын білуге;
 
Кәсіптік  қызмет  өрісі  ретінде  қоғаммен  байланыстың  даму  және  пайда 
болу тарихын білуге;
 
Бұқаралық 
ақпарат 
құралдарымен, 
ақпараттық, 
жарнамалық, 
консалтингтік  агенттіктермен,  қоғаммен  байланыс  жөніндегі  агенттіктермен, 
баспалармен, 
мүдделі 
фирмалармен, 
мемлекеттік 
және 
қоғамдық 
құрылымдармен,  партиялармен  және  қозғалыстармен    тұрақты  байланыстар 
орната білуге;
 
Баспасөз  орталығын,  баспасөз  қызметін,  баспасөз  бөлімін,  қоғаммен 
байланыс  бөлімін,  қоғамдық  байланыстар  орталығын    ұйымдастыру  және 
басқару машықтарын игеруге; 
 
Маңызды  деректерге  ие  тұлғалармен,  ақпарат  көздерімен  қарым-
қатынастар орната білуге;
 
Қақтығыстану  (конфликтология)  және әлеуметтік  психология  негіздерін 
білуге және дағдарысты жағдайларда жұмыс істеу машықтарын игеруге
 
Аудиторияны ұдайы зерттеп отыруға, оның көңіл-күйін ескеруге;
 
Жарнамалық,  насихаттық,  ақпараттық  науқандарды  жоспарлай  және 
ұйымдастыра  алуға,  әлеуметтік  және  саяси  маркетинг  машықтарын  игеруге, 
протоколдық-іскерлік шараларды ұйымдастыра білуге;
 
Қоғамдық  пікірге  сұрау  салу  әдістемесі  мен  техникасын  пайдалана 
білуге;
 
Шешендік өнерді, көпшілік алдында сөйлеу әдістері мен тәсілдерін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   86




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет