|
Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру кезіндегі қауіпсіздік ережелері
|
Дата | 29.04.2020 | өлшемі | 13,63 Kb. | | #65170 |
| Байланысты: Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру
Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру кезіндегі қауіпсіздік ережелері
-
Дене шынықтыру және спортпен шұғылданған кезде табаны резина аяқ киім қию керек.
-
Қысқа қашықтықтарда тек қана өз жолымен жүгіру қажет. Жүгіріп келе жатып кілт тоқтауға болмайды.
-
Ойлы-қырлы жерлерде кездескен кедергілерден (тас, құлаған ағаш, бұта, төмпешік т.б.) аспай-саспай өтуді есте сақтаған жөн.
-
Жүгіру, секіру, лақтыру алаңдарын көлденең кесіп өтуге рұқсат етілмейді.
-
Тырма мен күректі сабақ өтетін жерде қалдыруға болмайды. Тырма, күректі т.б. жабдықтардың үшкір жағын (жүзін) қаратып қоюға болмайды.
-
Спорт құралдарын (граната, диск, найза т.б) лақтырғанда, лақтыру бағытында адамның болмауын қарап, бақылап алу қажет.
-
Ұзындыққа , биіктікке секірер алдында шұңқырдағы құмды майдалап, қопсытып алу керек.
-
Лақтырушының оң жағында тұруға, құралдарды рұқсатсыз алуға болмайды.
-
Лақтырған ядроны қағып алуға болмайды және ядроны лақтырар кезде жерге түсіріп алудан сақтану керек.
-
Жауын-шашында күндері лақтыратын құрал-жабдықтарды мұқият сүртіп, құрғатқаннан кейін пайдалану керек.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|