Жылда қалыптасқан қағида Данияр Жігітбек Алматы, 2017 26


-қағида Ашуға бой алдырма: көп проблемадан құтыласың



Pdf көрінісі
бет20/27
Дата06.02.2022
өлшемі0,78 Mb.
#79156
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27
Байланысты:
26 жылда қалыптасқан 26 қағида

19-қағида
Ашуға бой алдырма: көп проблемадан құтыласың.


Ашуға бой алдырма: көп проблемадан құтыласың.
Ашуымды алғаш жеңген кезім, қателеспесем, 8-сыныпта оқып
жүргенде болды. Сол кезде эмоцияларыммен жұмыс істей
бастаған ем. Өтпелі кезең ғой. Күнделік жүргізетінмін. Күні бойы
жиналған ой-сезімдерімді кешке қағаз бетіне түсіріп отырдым.
Бір күні бір сыныптасым бүкіл сыныптың көзінше балағаттады,
абыройымды
айрандай
еткісі
келді.
Қыз
бала
болатын.
Жұдырықтаса да алмайсың. Ішім қыз-қыз қайнап, ашуымды
жұтып қоюға тырыстым. Өзім табиғатымнан дау-жанжалдан
бойымды аулақ ұстайтын адаммын ғой. Үндемедім.
Қарап
тұрсам, сол ситуациядан кейін менің абыройым көтерілмесе,
төмендемеді. "Кімде-кім ашуын шығармай, тежей алса, Алла
оған 'ғизза' (ұлықтық, абырой, мәртебе) береді" деген сөз рас
екен. Кейін ол жағдай ұмытылып, әлгі кісімен сәлеміміз түзу
болды. Сол кезде эмоциямды шығарып, ол адамды "орнына
қоюға" тырысқанымда жағдай қалай болар еді? Не де болса, бұл
мен үшін эмоционалдық тренажер болды. Сабырым артты. Ең
әуелі өзіме эмоцияны басқару мүмкін екенін және ол үшін белгілі
бір деңгейде күш салу керек екенін дәлелдедім. Одан кейін де
ашуландыратын жағдайлар болып тұрды. Бірақ салқынқандылық
сақтап жүрдім. Бұдан жаман болдым дей алмаймын. Дұшпаным
жоқ. Болмады да. Болмай-ақ та қойсын.
Пайғамбарымыз

"мықты адам біреуді күресте жеңген адам
емес, өзінің ашуын тежей алған адам" деп айтқан. Ашу - табиғи
нәрсе. Біреу тез ашуланады, біреудің ашуы жай келеді. Біздің
қолымыздан келетіні - соны тежей білу, дұрыс арнаға бұру.
Ашуды дұрыс басқара білсе, намыс түрінде көрініс табады,
шектен
шықса,
қатыгездікке
ұласып
кетуі
мүмкін.
Көп
проблеманың алдын алғыңыз келсе, ашуға бой алдырмаңыз.
39




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет