Жылдары азамат соғысы кезіндегі Кеңес одағының ішкі саясатының аты



бет15/15
Дата25.12.2021
өлшемі84,86 Kb.
#105052
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Тарих 3-семинар
С Ж та ырыптары ж не дістемелік н с аулар №1 С Ж. 3 апта. 25 б
4-сұрақ

Қоғамдық саяси өмірі: қуғын-сүргін.
Азамат соғысынан кейінгі қиыншылықтар Қазақстанның едәуір бөлігін қамтыған 20-жж. ашаршылдықтың, 1921ж. астық салығын жүргізуге наразы шаруалардың Кеңес үкіметіне қарсы қарулы көтерілісі салдарынан онан сайын қиындата түсті. Бұл көтерілістер Орал, Бөкей аудандарын, Семей, Ақмола губернелерін, Маңғыстау түбегін қамтыды. Кеңеске қарсы қозғалысқа қазақтардың және көшіп келген шаруалардың белгілі бөлігі тартылды. Қозғалысқа неғұрлым тән ұрандар: «коммунистерсіз Кеңестер үшін», «Ерікті еңбек және ерікті сауда үшін» болды.

Кеңеске қарсы қарулы отрядтардың қимылы жаңа экономикалық саясатты жүргізуге, жер-жердегі партия ұйымдарының, кеңес және шаруашылық органдарының қызметіне кедергі жасады. Қалалардың, ауылдар мен деревняларды еңбекке жарамды адамдары кеңеске қарсы қарулы көтерілістерді басу үшін айрықша отрядтардың (ЧОН) қатарына тартылды.

Азық-түлік салғыртын тоқтатқаннан кейін ғана 1921 ж. ақырына — 1922ж. басына қарай кеңеске қарсы қарулы көтеріліс бірте-бірте тоқтады.

1921ж қаңтар-ақпанда Қазақ АКСР 6509 ауылдық, селолық, поселкелік және 933 болыстық Кеңестерінің сайлау науқанын еңбекшілер қалың бұқарасының қоғамдық-саяси белсенділігін көтеру үшін пайдаланды.

Өлкенің қоғамдық-саяси өмірінде Қазақстан облыстық бірінші партия конференциясы (1921ж маусым) көрнекті орын алды. Ол экономиканың аса маңызды мәселесімен бірге қоғамдық - саяси өмірдің мына проблемаларын талқылады: ұлт мәселесі, партия және кеңес құрылысының кезектегі міндеттері және басқалар.

1921 жылы қазанда өткен Кеңестердің Бүкіл Қазақстандық екінші съезі ауылдагы кеңес құрылысын екпінді міндет деп белгіледі. Съезд бекіткен сайлау тәртібі туралы жаңа ережеде қазақ халқы тұрмысының ерекшеліктері есепке алынды. Мәселен, халықтың сирек қоныстануына, көшпелі тұрмыс салтына байланыста оның едәуір бөлігінде еңбекшілердің Кеңестерге жіберетін өкілдерінің саны арттырылды: енді кеңестер кемінде 150 адам тұратын ауылдарда құрылатын, 50 тұрғыннан бір депутат сайланатын болды.

Шаруалардың бұқаралық ұйымдары жергілікті, ең алдымен ауылдық-селолық кеңестермен тығыз бірлесіп жұмыс істеді. Олардың бірлескен қызметі негізгі үш: таптық, ұлттық және қазақ шаруасының тұрмысы мен санасындағы патриархалдық-рулық қалдықтарды бірте-бірте жоюға байланысты қарама-қайшылықты жеңу бағытында дами түсті.

Шаруалардың бұқаралық ұйымдары жерді және суды пайдаланудағы отаршылдықтар қалдықтарын жоюға бағытталған шараларды: 20-ж басында Жетісу мен Сырдария облысында жер-су реформасын іске асыруға, қазақ тұрғындарын Орал губерниясынде Орал өзенінің сол жағасындағы жерге және Семей губерниясынде Ертіс өзенінің бойындағы он шақырымдық өңірге орналастыру шараларын жүзеге асыруға белсене атсалысты. Олар ауылда егістік және шабындық жерлерді қайта бөлу жөнінде 1926-1927 жж, ірі бай-феодалдың мал-мүлкін тәркілеп жер аудару жөнінде 1928 жыл үлкен рөль атқарды.

Қазақстанның 20жж қоғамдық-саяси өмірінің қайғылы ерекшелігі мынада болды: осы кезден бастап сталинизмнің идеологиялық аппараты халықтардың тарихи зердесін жоюға, бұл зерденің иелері ұлттық интелегенцияның көрнекті өкілдерін қыруға бағытталған кең көлемді шаралар жүргізе бастады.

20жж ақырында жағдайды ушықтыру мен күдікшілдік жаппай сипат алды. 1928 жылдың ақырында «буржуазия ұлтшылдар» деп аталғандардың-бұрынғы Алашорда қайраткерлерінің ішінен 44 адам жалған айып тағылып, қамауға алынды. Олардың ішінде А. Байт9рсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, X. Ғаббасов және тағы басқалар бар еді.



20жж аяғы мен ЗОжж басында КСРО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы дағдарыс шиеленісе түскен сайын Кеңеске қарсы зиянкес элементтер мен астыртын ұйымдарды іздеу кең өрістей берді. Орталыққа ұқсату үшін Қазақстанда ұлтшылдық бағыттағы жауларды іздеу басталды. Шахталар мен кәсіпорындарда кездейсоқ авариялар болса, колхоздар мен совхоздарда мал өлсе, өрт және табиғи апаттар болса-халық жауларына және кеңеске қарсы деген бүлікші ұйымдар жөнінде қолдан жасалған қылмысты іс қозғалды. Осы іс бойынша 20-дан астам адам жауапқа тартылды. 1933 жылы Қызылорда облысының Қармақшы ауданында «байшыл-ұлтшыл контрреволюциялық «Жайлас» ұйымы әшкереленіп, жойылды. Бұл іс бойынша 55 адам қылмыстық жауапқа тартылып, оның 12-і атуға бұйырылды.

Сөйтіп, 20-жж соңы мен 30-жж тоталитарлық жүйе қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласында бекіді. Олар күшпен ұжымдастыру мен 1937-1938 жж саяси жазалау дәуірінің қайғылы оқиғаларымен ұштасып жатты. Өлкедегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, Қазақстанға Одақтас республика дәрежесін беру, мәдени құрылыстағы, халық ағарту ісіндегі және ғылымдағы табыстар тоталитарлық жүйенің қатаң идеологиялық қыспағында өтті. Міне осының бәрі Қазақстанның КСРО құрамында болашақ даму жолын айқындап берді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет