Үйірме – сыныптан тыс жұмыстың негізгі формасы



бет1/6
Дата08.02.2022
өлшемі59,84 Kb.
#121086
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
уйирме сабагы
уйирме сабагы, уйирме сабагы, уйирме сабагы

Үйірме – сыныптан тыс жұмыстың негізгі формасы

Үйіpмe – cыныптaн тыc жұмыcтың нeгізгі фopмacы.


Жүйелі түрде жүргізілген сыныптан тыс оқушылардың қабілетін дамытуға және олардың физика мен техниканың белгілі бір саласына деген ерекше ықыласын қалыптастыруға әсер етеді. Әлбетте физикалық және физика – техникалық үйірмелерде осындай жұмыстар іске асырылады.
Үйірме сабақтарын ұйымдастыру. Мұғалім алдымен оқушыларды зерттеп, олардың ішінен физика мен техникаға қызығушыларын бөліп алуы керек. Мұғалімнің оқушыларды алдын ала жақсы білуі, оған олардың өз ынтасы мен қабілетіне сәйкес үйірме таңдауына көмектесуге, сонан соң үйірме мүшелеріне тапсырмаларды дұрыс бөліп беруіне мүмкіндік береді.
Әр үйірме мүшелерінің саны 12-15 –тен артық болмауы тиіс.
Үйірме жұмысының жоспары мен мазмұны мектеп оқушыларының ынтасымен,жеке басының иерекшелігі мен жас ерекшелігіне қарай құру керек.Бірақ ұйірме жұмысының жалпы бағытын мұғалім алдын ала өзі анықтайды.Оны таңдап алу мұғалімнің көздеген мақсаты мен дайындық дәрежесіне, оқушылардың тілегіне, мектеп талабына,физика кабинетінің жабдықталу жағдайына, материалдың бар-жоғына және бірқатар басқа да факторларға байланысты.Мысалы, мұғалім физика кабинетін жабдықтау жөнінде жалпы мәселе қойып, осының негізінде бұл жұмысқа қатынасқысы келген оқушылардың үйірме құруына болады.
Үйірме мүшесіне берілетін тапсырма әрі оның шамасы жететіндей, әрі жеткілікті дәрежеде күрделі болуы керек. Аса терең ойлану мен творчествоны қажет ететін тапсырманы орындағанда ғана оқушы моральдық қанағаттанушылық алатын және оған пайдалы болатыны ескерілуі қажет. Сондықтан әр тапсырма олар үшін жаңа, сапа жағынан олардың жұмысына өсу сәтысы болуы тиіс.
Үйірме жұмысының жемісті болуы олардың жұмысын ұйымдастыру, бақылау және есепке алып отыруға да байланысты болады.Сондықтан әр жұмыстың түбегейлі аяқтап, нәтижесін үйірме отырысында жан-жақты талқылап және арнаулы журналға тіркеп отыруы керек.Жылына бір-екі рет істелген жұмыстардың есепті көрмесін өткізіп отырған жөн.
1-кесте

№№

Үйірме тақырыптары

Сабақ түрі

Орындалу мерзімі (апта)

11

Физикалық приборлар дайындау және конструкциялау

лабараториялық

2 сағат

2

Қызықты тәжірибелер

лабараториялық

2 сағат

4
3

Физика ғалымдары өміріне саяхат

презентация

1 сағат

4

Физиканың басқа ғылымдармен байланысы

презентация

1 сағат

Негізінде теория мен практиканың тығыз байланысы орын алатын үйірмелер оқушыларға үлкен пайда береді.Тек осы жағдайда ғана үйірме жұмысы оқушылардың ынта-ықыласын дамытып, шындай алады.Эксперименттік бағыттағы үйірмелер үшін теория мен практиканың байланысы іске асыру шаралары жетекшінің әңгімесі мен лекциясы, үйірме мүшелердің баяндамалары мен рефараттары болып табылады.Әрбір үйірме мүшесі жылына кемінде бір хабар немесе шағын баяндама дайындағаны жөн.Үйірме сабағында газет, журналдардан ғылым мен техника жетістіктері туралы қызықты да маңызды мақалалар мен үйірме мүшелеріне таныстырып отыруы пайдалы.


Теория бағыттағы үйірмелерде теория мен практиканың байланысы баяндамаға қоса өрнекті құралдар демонстрациялау ,эксперименттік есептер шығару, экскурсиялар ұйымдастыру арқылы іске асырылады.
Егер оқушы өз білімін қандайда болмасын бір қоғамдық пайдалы істі шешуге қолдана алса, онда оның физикаға және творчестволық жұмысқа қызғуы ерекше артады.Осыны ескере отырып, кейбір мұғалімдер үйірме жұмысын өндіріспен тікелей байланыстыра ұйымдастырады. Мектепті радиоландыруы мен телефондандыруы, кабинет үшін приборлар жасау оқушылардан физиканы білумен творчестволық ойлануды талап етеді.
Жаңадан қатынасушылар үшін физика үйірмесі . Бұл үйірменің мақсаты-оқушыларды физика пәніне деген сүйіспеншілікке баулу, жеке оқушылардың ынтасы мен қабілеттін анықтау, ең қажетті икемділік , шеберлік беру.
Жыл бойы оқушылар дәнекерлеуді , ағаш ,резеңке және шыныдан жасалған бұйымдарды желімдеуді, нәрселердің бетіне бояу және лак жүргізуде үйрену керек. Олар шыны түтіктерді ию, созу және дәнекерлеуде,әйнекті кесіп, тесуде үйреніп және қағазбен ,картопмен жұмыс істеуді кейбір шеберліктерге ие болуы керек.
Осы дағдылардың барлығын оқушылар, мүмкіндігінше қоғамдық пайдалы сипаттағы нақты тапсырмаларды орындау процесінде алады.
Тек негізгі практикалық шеберлікке үйреніп қана қойып, оқушылар эксперименттік үйірмедегі болашақ жұмыстарына қажетті, оларға таныс емес физикалық құбылыстар мен оның практикалық қолданылуы туралы ұғым алып, жаңа физикалық приборлармен танысып, қызықты есептер шығарады және оқу кинофильимдерін көреді.
Жаңадан қатынасушылар үйірмесі жұмысының қажетті шартты-жұмыс формасының әр түрлілігі, шұғылдану элементін пайдалану, сондай-ақ теория мен практиканың тиімді ұштасуы болып табылады.
Жаңадан қатысушылар үшін үйірме әдетте физикадан сыныптан тыс оқудан тәжірибесі жоқ оқушылардан құралады. Олар үшін мерзімі бір жылға созылады. Осы уақыттың ішінде оқушылардың ынта-ықыласы, қызығушылығы анықталады да, ал келесі жылы олар арнаулы немесе жалпы физикалық үйірмелерге өтеді. Бұл үйірменің жұмысы программадағы негізгі тақырыптарды терең оқып үйрену мақсатында болғаны жөн.

1-сурет Үйірме жұмыстары




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет