Жүйе дегеніміз не? Жүйе компоненттерін атап өт


АЖ динамикалық сипаттау. АЖ каноникалық түрде сипаттау



бет9/13
Дата20.04.2020
өлшемі33,08 Kb.
#63059
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
УИП

12.АЖ динамикалық сипаттау. АЖ каноникалық түрде сипаттау.

Кибернетикалық жүйе элементтері арасында байланысты ұйымдастыру осы жүйенің құрылым атауын алады. Жүйені тұрақты және айнымалы құрылыммен ерекшелейді. Құрылымның өзгеруі жалпы жағдайда барлық жүйені құрайтын элементтер жағдайынан және барлық жүйенің енгізілген сигналдарынан функция ретінде беріледі.

Демек, жүйенің функционалдау белгілерін сипаттау үш функциямен беріледі: жүйенің барлық элементтер жағдайының өзгеруін анықтайтын функциялар, олардың шығу сигналдарын беретін функциялар, жүйенің құрылымындағы өзгерістерді шақыратын функциялар. Егер осы барлық функциялар қарапайым (бірмәнді) функциялар болып табылса, жүйе детерминирделген деп аталады. Егер осы барлық функциялар немесе олардың бір бөлігі кездейсоқ функциялар болса, онда жүйе ықтималды немесе стохастикалық деп аталады. Егер жүйенің функционалдау белгілерін сипаттауға оның бастапқы жағдайын, яғни жүйенің бастапқы құрылымын және оның барлық элементтерінің бастапқы жағдайын қоссақ, кибернетикалық жүйенің толықтай сипаттамасын алуға болады.

Кибернетикалық жүйелерді жіктеу. Кибернетикалық жүйелер олардағы сигналдардың сипаты бойынша ерекшеленеді. Егер осы барлық сигналдар жүйенің барлық элементтерінің жағдайы сияқты үзіліссіз параметрлермен берілсе, онда жүйе үзіліссіз деп аталады. Осы барлық өлшемдердің дискреттілік жағдайында дискретті жүйе туралы айтады. Аралас немесе гибридті жүйелерде өлшемнің екі типімен жұмыс істеуге тура келеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет