Жүктілікке және баланың туылу процесін ұйымдастыруға деген қатынас әр мәдениетте түрліше болғанымен, әрбір дені сау адам баласының дүниеге келуі бір биологиялық тәртіпке бағынады


Баланың ересек адамдармен қарым-қатынас жасауындағы жеке дара ситуациялық ерекшеліктер



бет15/26
Дата09.12.2021
өлшемі123,61 Kb.
#78603
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26
Байланысты:
гинекология (1)
Лабораторная работа Йодометрическое определение меди в растворе медного купороса, Лабораторная работа Йодометрическое определение меди в растворе медного купороса, 32 сабақ.Рационал сандарды координаталық түзудіңкөмегімен қосу, 7 лекция
Баланың ересек адамдармен қарым-қатынас жасауындағы жеке дара ситуациялық ерекшеліктер. 6 айға дейінгі баланың қарым-қатынас жасауын эмоционалды деп атауға болады. 2 айдан бастап бала үлкендермен актив түрде байланысқа түсе бастайды. Бұл қатынастардың 4 түрлі критерийлерін атап көрсетуге болады:

1. Ересек адамның сөзіне тікелей қарау. Бұл белгіні баланың қарым-қатынасқа толық түрде дайын екендігін айқындайды деп қарасчтыруға негіз болады.

2. Ересек адамның күлімсірегеніне жауап қайтару. Бұл белгі эмоционалдық сезімнен туындайды.

3. Қимыл-қозғалыс жасау, инициативті күлкі. Бала өзін көрсету арқылы үлкендердің назарын өзінде ұстап тұруға тырысады.

4. Байланыс жасаушы адамға жауап.

Жоғарыда айтылған критерийлердің жүзеге асуы қандай мазмұнда жүріп отырады?

         Алғашқы жартыжылдықта адам мен бала арасындағы байланыс негізсіз болады. Мысалы, бала анасын жылы сезіммен, қуанышпен қабылдйды. Ана баладан ештеме талап етпейді, ана тек оның бар болуына ғана қуанады. С.Л. Рубинштейннің пікірі бойынша, бұл да ана мен бала арасындағы махаббат сезімі. Ол теория бойынша «тіршілікте бар болу, өмір сүрудің өзі» сені жақсы көруші адам үшін үлкен қуаныш. Мұндай кезде бала анасына өте бауырмал келеді, оған толық түрде тәуелді болады. Қарым-қатынастың бұл түрі экспрессивті-мимикалы қатынас деп аталады. С.Ю. Мещерякова және

А.И. Сорокинаның зерттеулері бойынша бұл кезде бала үлкен адамдардың оған жасаған оң және теріс әрекеттерін ажырата алмайды. Байланысқа түсуші адамның интонациясына бала жақсы жауап қайтарады. Тіпті, ол дөрекі немесе ұрсып қарым-қатынасқа түсіп жатса да. Бұл кезеңдегі басты керекті шарт – коммуникативтілік. Осы жағдайда балаға үлкен адамдармен қарым-қатынас өте қажет. Тіпті, оның әлеуметтік, атрибутивтік-заттық және т.б. маңыздылығын игерген жағдайда да.

         Дәл сол тұлғалық белгілер оны қатынасқа түсіп, әрекет жасауға итермелейді. Осылайша, баланың қарым-қатынасқа түсудегі ең маңызды формасы ситуативті-тұлғалық деп аталады. Мұнда ересек адамның балаға деген оң көңілі, экспрессивті-мимикалық қатынас және тұлғааралық қатынас маңызды рөл атқарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет