Жұмыс бағдарламасы 5В050200 «Саясаттану»


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



бет2/2
Дата27.02.2020
өлшемі217,5 Kb.
#58668
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Әлеуметтану және саясаттану кафедрасы

«Саяси ілімдер тарихы» пәнінен

5В050200 «Саясаттану» мамандығының

студенттеріне арналған




ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Павлодар


Кегль 14, буквы строчные, кроме первой прописной



Мамандықтың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының және типтық бағдарламаның негізінде әзірленген жұмыс оқу бағдарламасының бекіту парағы







Нысан

ПМУ ҰС 7.18.3/31



БЕКІТЕМІН

ОЖ проректоры

________Пфейфер Н.Э.

«__» _________ 2012ж.


Құрастырушы: с. ғ.к., доцент _____________ Елмұратов Ғ.Ж.


Әлеуметтану және саясаттану кафедрасы
ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

«Саяси ілімдер тарихы» пәні бойынша

5В050200 «Саясаттану» мамандығы студенттеріне арналған оқу түрі жалпы орта білім негізіндегі күндізгі

Жұмыс бағдарламасы 5В050200 «Саясаттану» мамандығының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының және типтық бағдарламаның негізінде әзірленген

С.Торайғыров атындағы ПМУ-ның Ғылыми кеңес отырысында бекітілді «___»_______2012 ж. №__ хаттама
Кафедраның жиналысында ұсынылған «___»_______2012 ж.

№__ хаттама

Кафедра меңгерушісі ______________ Иренов Ғ.Н. «___»__________2012 ж.
Тарих және құқық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесі жиналысында бекітілді

«___» _________ 2012 ж. хаттама № __


ОӘК төрағасы ___________ Батталов К.К. «___» _________ 2012ж.
КЕЛІСІЛГЕН

Тарих және құқық

факультетінің деканы _____________ Ақышев А.А. «___» _________ 2012ж.
ОӘБ БЕКІТІЛДІ

ӘҚж/еЖБ бастығы _____________ Варакута А.А. «___» _______ 2012ж.


Университеттің оқу әдістемелік кенесімен «___»_______2012ж. №__ хаттама

1.Пәннің мақсаты

Тарихтағы саяси пікірдің негізгі идеяларын ашу; саясаттанушы –студенттің өткен дәуірлер мен қазіргі заманның саяси ғылыми-философиялық жүйелерін салыстыра отырып,өзіндік баға бере білуін, саяси және тарихтық сана-сезімін, теориялық ой-өрісін қалыптастыру.



Пәннің міндеттері

Студенттердің адамзат өркениетінің тарихында кездесетін негізгі саяси идеяларын жете түсінулері үшін, пәнді толық түрде қарастыра отырып, курстың мазмұнын, саясаттанушының кәсіби қызметі үшін оның қандай маңызы бар екенін үйрету.

Берілген пәнді зерделеп оқу нәтижесінде студенттердің төмендегідей түсініктері болуы керек:


  • әр түрлі елдердің әр кездегі тарихи дәуірлерінің ойшылдарының саяси көзқарастарының дамуы туралы;

  • тарихи дәуірлердің әрбір кезеңдеріндегі әр түрлі саяси тұжырымдамалары бойынша саяси көзқарастарының ерекшеліктері мен жалпы ережелері туралы;

Білуі тиіс:

- әр елдердегі саяси ой-өрістің (туылуы) пайда болуы мен дамуының негізгі сатыларын;

- қазіргі заманның ғылыми жүйелерін туралы біртұтас түсінігі саяси болуы тиіс.

Іскерлігі:


  • әр түрлі кластар мен әлеуметтік топтардың мүддесін білдіретін саяси идеяны талдау;

- саяси жүйеге байланысты саяси идеялардың пайда болуын бақылап отыру.

2 Пререквизиттері

Берілген пәнді меңгеру үшін келесі пәндерді зерделеп оқу кезіндегі алған білімі, іскерлігі және дағдылары қажет:

философия

құқық негіздері

теориялық саясаттану.
3. Постреквизиттері

Пәнді зерделеп оқу кезіндегі алған білімі, іскерлігі мен дағдылары келесі пәндерді меңгеру үшін қажет:

халықаралық қатынастар теориясы

әлемдік саясат және халықаралық қатынастар.




4. Пәннің мазмұны

4.1 Пәннің тақырыптық жоспары


№ п/п

Тақырыптың атауы

Сабақ түрлері бойынша байланыс (контактілік) сағаттар саны

Дәріс

Практикалық (сем)

лабораторлық

студиялық

жекеше

СӨЖ

1


Кіріспе

2

1

-

-

-

6

2

Ежелгі Шығыстың саяси ілімдері.

2

1

-

-

-

6

3

Ежелгі Грециядағы саяси ілімдер.


2

1

-

-

-

6

4

Ежелгі Римдегі саяси ілімдер.



2

1

-

-

-

6

5

Ортағасырлықтың саяси ілімдері

2

1

-

-

-

6

6

Қайта өркендеу және Реформация дәуірінің саяси ілімдері.

2

1

-

-

-

6

7

Киевтік және Мәскеулік Русьтегі саяси ілімдер.


2

1

-

-

-

6

8

Жаңа заманның саяси ілімдері


2

1

-

-

-

6

9

XVIII ғ. Ұлы буржуазиялық революция алды және кезеңіндегі саяси ілімдер



2

1

-

-

-

6

10

АҚШ-тағы тәуелсіздік алу үшін күрес алды және кезеңіндегі саяси ілімдер

2

1

-

-

-

6

11

XIX ғ. Ресейдегі саяси ілімдер

2

1

-

-

-

6

12

Ең жаңа заманның саяси ілімдері

2

1

-

-

-

6

13

XIX-XX ғ. Қаза қстандағы саяси ілімдер.

2

1

-

-

-

6

14

Либерализм мен консерватизмнің әлеуметтік-саяси идеялары. Социал-демократияның доктринасы

2

1

-

-

-

6

15

Жаңа батыстық әлеуметтік-саяси идеялар және болашақ тұжырымдамасы

2

1

-

-

-

6




Барлығы

30

15

-

-

-

90



4.2. Пән тақырыптарының мазмұны
4.2.1. Дәрістер мазмұны
1 Тақырып.

Кіріспе.

Әлеуметтік–саяси ілімі тарихы ғылымының пәні. Курстың әдістемесі, кезеңдерге бөлінуі және құрылымы.

2 Тақырып. Ежелгі Шығыстың саяси ілімдері.

Ежелгі Шығыстың саяси ілімдері. Ежелгі әлемнің саяси ілімдері, жалпы сипаттамасы. Ежелгі Шығыстың саяси ғылымының ерекшелігі.

Ежелгі Үндістанның саяси ілімдері. Кластық-сословиялық қоғамның ерекшеліктері. Әлеуметтік-саяси көзқарастардың негізгі бағытының сипаттамасы.

Ежелгі Қытайдағы саяси ілімдер. Даосизм, конфуциандық, легистер және заңды қолдаушылар. Қытайдағы дәстүрлік және қазіргі замандылық

Жапониядағы саяси көзқарастар. Ежелгі үнділер мен қытайлардың идеялық көзқарастарының жапондықтардың саяси ой-өрісіне ықпал етуі. Саяси құрылым мен әлеуметтік-саяси көзқарастардың ерекшеліктері.

3 Тақырып. Ежелгі Грециядағы саяси ілімдер.

Ежелгі Грециядағы саяси ілімдер. Тарихи-географиялық жағдайлар, олардың ежелгі шығыстық ерекшеліктерінен айырмашылығы. Ежелгі гректердің саяси ой-өрісі дамуының негізгі сатылары. Ерте грециялық саяси көзқарастар. Гомердің «Илиадасы» мен «Одиссеясы», Гесиодтың «Теогониясы».

Ежелгі Грецияда әлеуметтік-саяси көзқарастардың гүлденуі. Софистер, мемлекет пен қоғам туралы Сократтың пікірі.

Платонның «Мемлекет» атты кітабындағы идеалдық құрылымының жобасы. «Саясаткер» диалогындағы мемлекет пен құқық қатынастары туралы Платонның пікірі, Платонның «Заңдар» кітабында мемлекет формаларын бөлу.

Аристотельдің саяси көзқарастарының жүйесі. «Этика/Әдеп» пен «Саясаттың» өзара байланыстары, саясаттың міндеттері. Мемлекет және оның түрлері, құқық пен заңдар туралы түсінік.

4 Тақырып. Ежелгі Римдегі саяси ілімдер. Алғашқы эллинизм.

Жаңа жағдайдағы ежелгі грек классикасының әлеуметтік-саяси көзқарастарының өзге қалыпқа енуі (өзгеруі) – трансформациясы. Полибий мемлекет түрлерінің бөлінуі, олардың алмасуы туралы. Мемлекеттің аралас түрлерінің түсінігі.

Кейінгі эллинизм. Ежелгі Римдегі саяси ілімдер. М.Т. Цицеронның еңбектеріндегі республика туралы түсініктер. Рим құқығының саяси ілімдерге ықпал етуі.

5 Тақырып. Орта ғасырдағы саяси ілімдер.

Византиялық саяси ой- өрістер.Христиандардың саяси идеялары. Шіркеу мен мемлекет, екі биліктің мәселелері.

Ортағасырлық еуропалық саяси ой-өрістердің негізгі мәселелері. Ф. Аквинский және М. Падуанский.

Ортағасырдағы араб-исламдық Шығыстың әлеуметтік-саяси көзқарастары, әл-Фараби, Ибн-Рушд, Ибн-Халдун.

6 Тақырып. Қайта өркендеу және Реформация дәуірінің саяси ілімдері.

Қайта өркендеу дәуірінің әлеуметтік саяси ілімдері. Ренессанс дәуірінің ертедегі әлеуметтік-саяси идеялары. Н. Макиавеллидің саяси және мемлекет туралы ілімдері. Реформация кезеңіндегі ілімдердің саяси идеялары. Мартин Лютер, Томас Мюндер, Жан Кальвин. Жаңа заманның саяси іліміне религияның әсер етуі.

7 Тақырып.Киевтік және Мәскеулік Русьтегі саяси ілімдер.

Киевтік Русьтің саяси көзқарастары. «Слово о законе и Благодати». «повесть временных лет».Владимир Мономахтың саяси бағдарламасы. Мәскеулік Русьтің саяси көзқарастары. «Москва – Үшінші Рим» атты саяси тұжырымдама. IV Иванның (Грозный) және А. Курскийдің саяси көзқарастары.

8 Тақырып. Жаңа заманның саяси ілімдері.



Саяси ой-өріс тарихындағы утопиялық идеялар. Евгемер, Ямбул, Т. Мор, Т. Кампанелла, А. Сен- Симон, Ш. Фурье, Р.Оуэн. Қазіргі заманның саяси ой- өрістерінің утопиялық идеялары.

Ерте буржуазиялық революция кезеңіндегі саяси идеялар. Г. Гроцкий, Б. Спиноза (Голландия), Т. Гоббс, Дж. Локк (Ағылшын).

XVII – XVIII ғасырлардағы неміс және италиялық Ағартушылықтың әлеуметтік-саяси ілімдері. С. Пуфендорф, Х. Тамазец, Х.Вольф (Германия), Ч. Беккариа (Италия). Неміс классикалық философиясының саяси ілімдері. И. Кант, И.Г. Фихте, Г.В. Гегель.

XVII – XVIII ғасырлардағы Ресей саяси ілімдері. С.Плоцкийдің ағартушылық абсолютизм идеологиясы. И.Т.Посошковтың әлеуметтік-саяси бағдарламасы. В.И. Татищевтің, С.Е. Десницкийдің саяси доктринасы. М.Н. Щербатов іліміндегі шектелген монархияның моделі. Ф.П. Козельскийдің теңестірілген утопиялық идеалы. А.Н. Радищевтің республикалық саяси көзқарастары.

9 Тақырып.Франциядағы саяси көзқарастар.

XVIII ғасырдағы Ұлы буржуазиялық революцияның қарсаңында және кезеңіндегі Франциядағы саяси ілімдер. М.А. Вольтер, Ш. Л. Монтескье, Ж. Ж. Руссо. XVIII ғасырдағы француз революциясының кезеңіндегі саяси ой- өрістердің негізгі бағыттары.

10 Тақырып. АҚШ-ғы саяси ілімдер.

АҚШ-тың тәуелсіздігі үшін болған күрес кезеңіндегі саяси құқықтық ілімдер. Т. Пейн, Т. Джефферсон, А. Гамильтон.

11 Тақырып XIX ғасырдағы Ресейдегі саяси ілімдер.

XIX ғасырдағы Ресейдегі саяси ілімдер. Декабристер. Славянофилдар,батыстықтар, ағартушылар, либералдық және революциялық халықшылдық.

XIX ғасырдағы Ресей халықтарының саяси көзқарастары, Т. Салтыпганов – Қырғызстан.

12 Тақырып. Қазіргі заманның саяси ілімдері.

Ресейдегі XX ғасырдағы саяси көзқарастар. Эсерлер (В.Чернов), социал- демократтар (В. Ленин), революциялық радикализм (Л. Троцкий). «Веховтар», «Сменовеховтар» жәнек еуразиялықтардың әлеуметтік-саяси идеялары.

13 Тақырып. Қазақстандағы саяси ой- өрістер.

XIX - XX ғасырлардағы Қазақстандағы саяси ой-өрістер. Ш. Уалиханов, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, А. Бөкейханов.

Либерализмнің әлеуметтік-саяси идеялары. Дж. Локк, А. Смит, И. Бентам – Англия. Кейінірек, ағылшындар – Д.С. Милль, Г. Спенсер. XX ғасырда – Д. Кейнс. Б. Констан., А де Товиль – Франция, И. Кант., В. Гумбольдт – Германия, Т. Джефферсон, Д. Медисон - США. Австриялық-америкалық экономист – Д.К. Гэлбрейт, америкалық саясаткер – Р. Даль.

14.Тақырып. Либерализм мен консерватизмнің әлеуметтік-саяси идеялары.

Э.Берк – Англия,Ж. Де Ламенне, Ж.А. де Гобино - Франция, Б.Дизраэли – Англия, Х.Кортес – Испания, О.фон Бисмарк – Германия, Г. Моска – ХХ ғ. Италия, К.Шмитт, М.Хайдеггер – неміс, Д.Белл, С.М.Липсет - америкалық.

Социал-демократтардың саяси доктриналары. Социалистік және коммунистік теориялар. К. Маркс, Ф. Энгельс, Ф. Лассаль, Э. Бернштейн, К. Каутский.

15 Тақырып. Жаңа батыстық әлеуметтік-саяси және болашақ тұжырымдамасы.

Жаңа батыстық әлеуметтік-саяси және болашақ тұжырымдамасы. Постиндустриалдық, ақпараттық қоғам тұжырымдамасы. Әлеуметтік мемлекет тұжырымдамасы. Әлемдік тәртіптің тұжырымдамасы, халық-аралық тәртіптің тұжырымдамасы. «Саяси ілімдер тарихы» курсының қорытындысы.

4.3. Семинарлық сабақтардың тізімдемесі және мазмұны
1. Тақырып. Кіріспе.

1. Саяси ілім тарихының пәні және әдісі.

2. Пәннің методологиялық мәселелері.

2 Тақырып. Ежелгі Шығыстың саяси ілімдері.

1.Ежелгі Қытайдағы саяси ілімдер. Даосизм, конфуциандық, легистер және заңды қолдаушылар. Қытайдағы дәстүрлік және қазіргі замандылық

2.Жапониядағы саяси көзқарастар. Ежелгі үнділер мен қытайлардың идеялық көзқарастарының жапондықтардың саяси ой-өрісіне ықпал етуі. Саяси құрылым мен әлеуметтік-саяси көзқарастардың ерекшеліктері.

3 Тақырып. Ежелгі Грециядағы саяси ілімдер.

1. Платонның «Мемлекет» атты кітабындағы идеалдық құрылымының жобасы. «Саясаткер» диалогындағы мемлекет пен құқық қатынастары туралы Платонның пікірі, Платонның «Заңдар» кітабында мемлекет формаларын бөлу.

2. Аристотельдің саяси көзқарастарының жүйесі. «Этика/Әдеп» пен «Саясаттың» өзара байланыстары, саясаттың міндеттері. Мемлекет және оның түрлері, құқық пен заңдар туралы түсінік.

4 Тақырып. Ежелгі Римдегі саяси ілімдер.

1.Жаңа жағдайдағы ертедегі гректер классикасының әлеуметтік – саяси көзқарастарының өзге қалыпқа енуі (өзгеруі) – трансформация. Полибий мемлекет түрлерінің сыныпталуы, олардың алмасуы туралы. Мемлекеттің аралас түрлерінің түсінігі.

2.Рим құқығының саяси ілімдерге ықпал етуі.

5 Тақырып. Ежелгі ортағасырдағы саяси ілімдер.

1. Ортағасырдағы саяси ой-өрістің негізгі белгілері.

2. Шіркеу мен мемлекет, екі биліктің мәселелері.

3. Мұсылмандық құқықтық ой-өрістің қалыптасуы.Мұсылмандық теория бойынша мемлекет пен саясаттың мәселелері.

6 Тақырып. Қайта өркендеу және Реформация дәуірінің саяси ілімдері.

1. И. Макиавелли, Реформацияның саяси идеялары.

2. Жаңа заманның саяси ілімдеріне діннің ықпал етуі.

7 Тақырып. Киевтік және Мәскеулік Русьтегі саяси ілімдер.

1. Владимир Мономахтын саяси бағдарламасы.

2. IV Иван (Грозный) мен А. Курбскийдің саяси көзқарастары.

8 Тақырып. Жаңа заманның саяси ілімдері.

1. Утопиялық әлеуметтік-саяси идеялардың даму сатылары.

2. Монтескьенің саяси көзқарасы және оның заңдардың рухы туралы еңбегі.

3. XVII – XVIII ғасырлардағы Ресей саяси ілімдері. С.Плоцкийдің ағартушылық абсолютизм идеологиясы. И.Т.Посошковтың әлеуметтік-саяси бағдарламасы. В.И. Татищевтің, С.Е. Десницкийдің саяси доктринасы. М.Н. Щербатов іліміндегі шектелген монархияның моделі. Ф.П. Козельскийдің теңестірілген утопиялық идеалы. А.Н. Радищевтің республикалық саяси көзқарастары.

9 Тақырып. XVIIIғасырдағы Ұлы буржуазиялық революцияның қарсаңында және кезеңіндегі Франциядағы саяси ілімдер.

1. Жаңа заманғы Францияның саяси ілімдері.

2. Вольтер, Монтескье, Руссолардың саяси көзқарастары. Якобиндердің көзқарастары. Франциялық социализмнің идеологиясы.

10 Тақырып. АҚШ-тағы тәуелсіздік үшін күрес кезіңдегі саяси ілімдер.

1. АҚШ-тағы саяси ой-өрістердің дамуы.

2. Б. Франклин, Дж. Маршалл, В. Вольсонның саяси көзқарастары.

11 Тақырып. XIX ғасыр кезеңінің Ресейдегі саяси ілімдер.

1. Реформаторлық идеялар. И. Карамзиннің саяси идеялары. П. Пестель мен И. Муравьевтің бағдарламалары.

2. Ресейдің саяси ой-өрісі тарихындағы батысшылдық және славянофилдық.(славяншылдықты жақтаушы ұлттық ағым).

12 Тақырып. Ең жаңа заманның саяси ілімдері.

1. Жаңа заманғы Германиядағы саяси ілімдер.

2. «Веховтер» мен «Сменовеховтердің», еуразиялықтардың әлеуметтік-саяси идеялары.

13 Тақырып. XIX-XX ғасырлардағы Қазақстандағы саяси ой-өрістер.

1. XIX - XX ғасырлардағы Қазақстандағы саяси көзқарастар.

2. А.Бөкейхановтың саяси көзқарастары.

14 Тақырып. Либерализм мен консерватизмнің әлеуметтік-саяси идеялары. Социал-демократтардың саяси доктринасы.

1. Либерализм, социализм идеологтарының саяси көзқарастары. О. Конт және оның көзқарастары.

2.Австроамерикандық экономист-философ Ф. Фон Хайек. Америкалық экономист Д.К. Гэлбрейт. Америкалық саясаттанушы Р. Даль.

3. Марксизмнің деректер көзі және құрама бөлімдері. Социалистік революция және пролетариат диктатурасы

15 Тақырып. Жаңа батыстың әлеуметтік-саяси идеялары және болашақ тұжырымдамасы.

1. Әлеуметтік мемлекеттің тұжырымдамасы.

2. Қазіргі заманның саяси ой-өрісіндегі болашақ тұжырымдамасы.


4.4. Студенттердің өздік жұмысының мазмұны
4.4.1. СӨЖ түрлерінің тізімі. (оқу формасы – күндізгі)




СӨЖ түрі

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Сағат көлемі

1

Дәріс сабақтарына дайындық

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

15

2

Семинар сабақтарына дайындық, үй тапсырмасын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

15

3

Курстык жұмысқа дайындық

Курстык жұмыс

Курстык жұмысты қорғау. Хаттама.

30

3

Аудиторлық сабақтар мазмұнына кірмеген материалды меңгеру

Конспект

Ауызша жауап

26

4

Бақылау шараларына дайындық



АБ 1

АБ 2


4



Барлығы





90


4.4.2. Студенттердің өздерінің оқып үйренулеріне арналған тақырыптардың тізімі
Кіріспе

  1. Саяси ілімдер тарихының пәні. Пәннің методологиялық мәселелері.

Саяси – құқықтық идеологияның даму заңдылықтары.

Ұсынылатын әдебиет [5,6], 8-18 бет.

2) Ежелгі Шығыстың саяси ілімдері, Ежелгі Египет пен Месопотамиядағы саяси идеялардың пайда болуы. Ежелгі Үндістандағы саяси ой-өрістер. Ежелгі Қытайдағы саяси ой-өрістер. Ежелгі әлемдегі саяси ой-өрістің ерекшеліктері.

Ұсынылатын әдебиет [ 2 ] 140-141 бет.

3) Ежелгі Грецияның саяси ілімдері. Пифагордың саяси көзқарастары. Гомердің саяси көзқарастары. Демокриттің саяси көзқарастары. Платтонның саяси көзқарастары. Аристотельдің саяси көзқарастары. Ежелгі грек ойшылдары көзқарастарының сипаттамасы.

Ұсынылатын әдебиет [ 2 ] 23-27 бет.

4) Ежелгі Римнің саяси ілімдері. Цицеронның мемлекет және құқық туралы ілімі. Аристократическая трактовка классификации форм государственного правления на правильные и неправильные. Мемлекеттік басқару формаларының дұрыс және дұрыс емес деген түрлеріне бөлудің аристократиялық түсінігі. Сенека, Лукреций кар. Ежелгі Рим ойшылдар көзқарастарының сипаттамасы.

Ұсынылатын әдебиет [2] 76-86 бет.

5) Ортағасырлық күпірлер (діннен безгендік). М . Падаунскийдің саяси көзқарастары. Ф. Аквинский іліміндегі мемлекет туралы түсінік. Ортағасырлардағы саяси ой-өрістің негізгі мәселелері. Саясаттың христиандық идеалы. «Екі патшалық» туралы ілімдер.

Ұсынылатын әдебиет [3] 72-86 бет.

6) Қайта өркендеу дәуірі мен Реформацияның саяси ілімдері. Қайта өркендеу дәуірі мен Реформацияның идеологиясы. Т. Мюнцер мен Ж. Кальвиннің ғылымға саясат туралы енгізген үлесі. М. Лютер және оның көзқарасы. Макиавеллидің адам туралы және саясаттың адамгершілік негіздері туралы ілімі.

Ұсынылатын әдебиет [3] 62-79 бет.

7) Киевтік және Мәскеулік Русьтегі саяси ілімдер. И.Грозныйдың саяси ілімі. Киевтік және Мәскеулік Русьтегі саяси ілімдер «повесть временных лет» - «Уақыт жылдарының повесі»

Ұсынылатын әдебиет [7] 32-44 бет.

8) Ең жаңа заманның саяси ілімдері. Утопиялық және әлеуметтік саяси идеялардың даму сатылары. А. Радищевтің «Петербургтен Москваға саяхаты» атты кітабының саяси идеялары. Т.Мор және Т.Кампанелланың утопиялық идеяларының ерекшеліктері мен жалпы сипаттамасы. :

Ұсынылатын әдебиет [8] 56-69 бет.

9) Франциядағы XVIII ғ. Ұлы буржуазиялық революцияның қарсаңы мен кезеңіндегі саяси ілімдер. Француз либерализмінің мәні. Франциялық социализмнің саяси идеологиясы. Монтескьенің саяси ілімі. Ж.Ж. Руссоның тұжырымдамасы: «Саяси организмді халық пен ел басшысы арасындағы нақты келісім ретінде құру».

Ұсынылатын әдебиет [8] 95-110 бет.

10) АҚШ-ның тәуелсіздігі үшін күрес кезінде болған саяси ілімдер.

XVIII-XIX ғасырдағы АҚШ-тағы әлеуметтік-саяси идеялар. АҚШ-тағы саяси ілімдердің жалпы сипаттамасы. А.Гамильтонның саяси идеялары және олардың АҚШ-ның Тәуелсіздік декларациясы мен Конституциясындағы көрінісі. В.Вильсонның көзқарастарындағы саясат мәселелері.

Ұсынылатын әдебиет [10] 146-163 бет.

11) ХІХ ғасырдағы Ресейдегі саяси ілімдер. Реформаторлар. Радикалдар. Либералдар. Консерваторлар. П. Пестельдің саяси көзқарастары. И. Муравьевтің саяси көзқарастары. И.А. Чаадаевтың саяси идеялары. ХІХ ғ. Ресейдегі позициялардың бөлінуі. Батысшылдар мен славянофилдердің негізгі қызметтері.

Ұсынылатын әдебиет [8] 76-86 бет.

12) Жаңа заманның саяси ілімдері. Мемлекеттің марксистік түсінігінің теориялық дереккөздері. Мемлекеттің класстық сипаты. В.И.Лениннің марксизмді дамытуға қосқан үлесі. И.И.Бухариннің саяси ілімдері. Мемлекеттің қалыптасу кезіндегі социалистік революцияның рөлі.

Ұсынылатын әдебиет [10] 80-107 бет.

13) ХІХ-ХХ ғғ. Қазақстандағы саяси ой-өрістер. Қазақстандағы саяси ой-өрістердің қалыптасуы. Қазақ Хандығындағы саяси ой-өрістер. Жеті жарғы заңдары. Қазақстандағы саяси ой-өрістер тарихындағы адам құқығының мәселелері. Абайдың қара сөздері.

Ұсынылатын әдебиет [6] 29-46 бет.

14) Либерализм мен консерватизмнің әлеуметтік-саяси идеялары. Социал-демократтардың саяси доктриналары. Либерализм: Франция- Б.Констан, А. де Токвиль, Германия – И.Кант, В.Гумбольдт. АҚШ – Т.Джефферсон, Д.Медисон. Консерватизмнің әлеуметтік-саяси идеялары. ХХ ғ.: Италия – Г.Моска. Нем. – К.Шмитт, М.Хайдеггер, амер.- Д.Белл, С.М.Липсет.

15) Батыстық жаңа әлеуметтік-саяси идеялар және болашақтың тұжырымдамасы.

Ежелгі заманнан осы уақытқа дейінгі негізін қалаушы саяси тұжырымдамалар. Әлемдік және халыкаралық тәртіптегі тұжырымдамалар. Элитаның, бюрократияның және технопартияның теориясы. Прагматикалық позитивизм. Қазіргі заманғы саяси теориялар. Ғылымның қайнар көздері, дәстүрлер, новациялар.

Ұсынылатын әдебиет [9] 212-246 бет.
4.4.3 Курстық жұмыстардың тақырыбы
1. Тақырып. Конфуций іліміндегі басқарудың түрі.

2. Тақырып. Ежелгі Үндістандағы саяси ой-өрістер.

3. Тақырып. Платонның идеалдық мемлекетіндегі жауынгерлер мен философтардың өмірлерін ұйымдастыру.

4. Тақырып. Аристотельдің саяси іліміндегі «дұрыс», «дұрыс емес» басқару түрлері.

5. Тақырып. Цицеронның мемлекет және құқық туралы ілімі.

6. Тақырып. Ф. Аквинский іліміндегі мемлекет туралы түсінік.

7 Тақырып. А. Августиннің саяси ілімі.

8 Тақырып. Марселий Подуанскийдің мемлекет пен заңдар туралы ілімі.

9 Тақырып. Макиавеллидің адам туралы және саясаттың адамгершілік негіздері туралы ілімі.

10 Тақырып. Реформацияның саяси идеялары.

11 Тақырып. Ж. Боденнің мемлекеттің егемендігі туралы теориясы.

12 Тақырып. Т. Мордың коммунистік утопиясы.

13 Тақырып. Т.Кампанелланың коммунистік утопиясы.

14 Тақырып. Гуго де Гроцияның саяси доктринасы.

15 Тақырып. Т. Гоббстың саяси-құқықтық ілімі.

16 Тақырып. Дж. Локк биліктің бөлінуі туралы.

17 Тақырып. XVII-XVIII ғасырдағы неміс Ағартуының құқықтық идеялары.

18 Тақырып. Саяси ілімдердің тарихындағы қоғамдық келісім тұжырымдамасы

19 Тақырып. XIX ғасырдағы Қазақстандағы саяси ой-өрістер.

20 Тақырып. Саяси ой-өрістердің тарихындағы адам құқығының мәселелері.

21 Тақырып. Канттің әлеуметтік-саяси ілімі: «Мәңгілік әлем туралы трактат».

22 Тақырып. Қазіргі саяси ой-өрістердің болашақ тұжырымдамасы.

23 Тақырып. Монтескьенің биліктің бөлінуі туралы идеяларының жалпы сипаттамасы.

24 Тақырып. Руссоның халықтық тәуелсіздік теориясы.

25 Тақырып. АҚШ-тағы тәуелсіздік үшін күрес кезеңіндегі саяси ілімдердің жалпы сипаттамасы.

26 Тақырып. А.Н. Радищевтің республикалық саяси идеалы.

27 Тақырып. М.М. Спиранскийдің саяси идеялары.

28 Тақырып. Большевизмнің саяси идеологиясы.

29 Тақырып. Құқықтың социалистік теориясы.

30 Тақырып. Л. Петражицкийдің құқықтың психологиялық теориясы.



Әдебиет тізімі

Негізгі

1) Саяси ілімдер тарихы. Ежелгі әлем. М.,Ғылым. 2010.

2) Саяси ілімдер тарихы. Орта ғасыр және Қайта жанғырту. М., Ғылым. 2009.

3) Саяси ілімдер тарихы ХVІІ –ХVІІІ ғ.ғ. М.,Ғылым. 2009.



  1. Саяси ілімдер тарихы. О.Э.Лейста. М.: «Зерцало», 2009.

5) Саяси ілімдер тарихы. В.С. Нерсесянца. М.: «Норма», 2010.

Қосымша

6) Аристотель. Саясат. Шығармалар.Т.4.М.,2008.



7) Макиавелли Н. Патша. М.: «Планета», 2008.

  1. Монтескье Ш.Л. Заң ұстанымдары. Шығармалар.М., 2010.

  2. Мор Т. Утопия. Ғылым. 2009.

  3. Платон. Мемлекет. Ғылым. Шығармалар 3 том. М., Мысль.2008.



Мамандықтың жұмыс оқу бағдарламасынан көшірме





Нысан

ПМУ ҰС 7.18.3/29




Оқу жоспарының жұмыс көшірмесі

5В050200 «Саясаттану» мамандық бойынша

Пәннің атауы: «Саяси ілімдер тарихы»


Оқыту формасы

Пәннің көлемі

Семестр бойынша бақылау формасы

Семестр

Семестр бойынша студенттердің жұмыс көлемі

кредиттер

академиялық сағат

кредиттер

Аудиториялық сабақтар

(ак.сағат)



СӨЖ

(ак. сағат)



барлығы

ауд

СӨЖ

емтихан.

сынақ

КП

КЖ

барлығы

дәрістер

тәж.

лаб

барлығы

СӨЖ

күндізгі ЖОБ

3

135

45

90

3

-

-


3

3 3 135 30 15 90 22,5


Кафедра меңгеруші _____________ Г.Н. Иренов «___»__________201 ж.
Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет